Материалдар / Шәкәрім неге жастарды Абай өлеңі арқылы түзеткісі келді?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шәкәрім неге жастарды Абай өлеңі арқылы түзеткісі келді?

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ш.Құдайбердиев «Жастарға» өлеңінде жастарды неге Абай арқылы түзеткісі келді?

Қазақтың ұлы ақыны, жазушы, философ, аудармашы, композитор, композитор. Шәкәрім Құдайбердіұлының қазақ үшін, халқы үшінсіңірген еңбегі ұшан-теңіз.Шәкәрім арманы-халықтың арманы, Шәкәрім мұңы-халықтың мұңы. Ол ел бостандығын, халықтың тәуелсіздігін, өз елімізге, өз жерімізге еге болуды мұрат етті.Шәкәрімнің қазақ халқы үшін күйзелетіндігі «Жаастарға» деген өлеңінде көрініс береді:

Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық,

Қарауылдар мезгіл гой, тұр , қарарлық.

Жүз айтқанмен, өзгеніңбәрі надан,

Жалыналық Абайға, жүр, барарлық.

Шәкәрім Абайдың данышпандығын мойындап, білімділігіне бас иіп, оның елге айтар ақылы, сілтер жолы бар екндігін сезінеді.Шәкәрім Абайды туған әкесіндей жақсы көрді, ұстаз тұтты.Әдебиетші ғалым Т.Ибрагимовтың «Абайды тану үшін Шәкәрімнің шығармаларын зерттеу керек,»-деуі бекер емес қой.

Білімді сол кісіден ізденелік,

«Әдейі ізеп келдік сізге» делік.

Өмір зая болмастық өнер үйрет,

Ақылыңды аяма бізге делік,-

деп, жалғыз жастарды емес, барша қазақ халқын Абай үнініе құлақ түріге шақырады.Абай атамыз : «...Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де-ақымақтық,»-адамзатқа түзу жол нұсқайды. Абай арды, адалдықты, әділдікті, адамгершілікті насихаттаған.Адамзат дұшпаны арсыздық, айуандық, арамдық, надандық секілді қасиеттерден жирендірген. Абайдың қай өлеңін, қай қарасөзін оқысаң да адам баласын адалдыққа, білімге, ғылымға үндейді.Абай «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде:

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат , рақым, ойлап қой.

Бес асыл іс білсеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ

Бес дұшпаның сенсеңіз,-

деп, халықты еңбек етуге, талаптануға, қанағатты болуға, қайырымды болуға, тереңірек ойлануға үгіттейді.Сол секілді өсек айту, мақтану, еріншек болудан, ысырапшыл болудан сақтандырады.Шәкәрім «Жастарға» өлеңінде Абайдың кемеңгерлігін айта келіп:

Жарасымды мінезі жатқа алалық,

Жанға қас, жамандықтан сақтаналық.

Арсыз, ғайбат, өтірік, ынсапсыздық

Бұлардан бой тасалап ақталалық.

Арам айла үйрендік айла амандық,

Қулық пен өтірікті сайлап алдық.

Ынсап, рақым, ұяттан жүген ұстап,

Өзіміз ең түбінде қайда бардық,-

дейді. Жоғарыдағы өлең шумақтарынан Абай айтқан адамдық және айуандыққасиеттерді саралайды. Қазақтың бос еліру, мақтану,көреалмаушылық, аяқтан шалу, біреуді жер қылу, өсектеу, ашу секілді надандық қасиеттрінің бар екендігін айта келіп, олардан арылуға шақырады.Бұл жайлы сыншы академик Мұхамеджан Қаратаев былай дейді. «Шәкәрім 1879жылы жазған «Жастарға» деген бір ғана жүрекжарды өсиет жырын алсақ,мұның өзі тұрған бойы текжастарға емес,бүкіл қазақ атаулы ел-жұртқа бағышталған ұран, үндеу, өсиет программасы десе, ағаттық жоқ ,» дейді. Иә, Шәкәрім атамыздың аталмыш өлеңінің арқалаған жүгі салмақты екенін шәкірттік жүрегім сезіп отыр.Сол секілді әдебиетші ғалым Т.Ибрагимов ағамыз былай дейді: «Шәкәрім өлеңдерін оқып шықсаң, соның ішінен екінші Абайды табасың.Мысалы, оның «Жастарға», «Абай марқұм өткен соң, өзіме айтқан жырларым» деген өлеңдері бар.Сонда Абайдың кім екенін, ештеңесін қалдырмай ұзақ жырлайды.» Шәкәрім Абайдың сілтеген тура жолын мойындап,ащы шындықты бетке айтар турашылдығына бас иеді:

Жаны ашып, жақсы соқпақ тазалапты,

Жігерленсін, білсін деп табалапты.

Жоба көрмей, жүгенсіз кетпесін деп,

Қатты сөзбен қайырып қамалапты,-дейді.

Шәкәрімнің қай өлеңін, қай туындысын алсақ та,оны халқы үшін жазды. Шәкәрімнің мақсаты халқының оянуы, көзінің ашылуы,қатарға қосылуы,адал, әділ, ақылды да білімді ел болуы. Шәкәрімдей өте діндар, кемеңдер адамның айтқанынанұлағаталу-әрбір адамзаттың кісілік парызы деп ойлаймын.(450-сөз)



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!