400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы жазушымызды үлгі тұту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Шәкәрімнің шығармашылық өмірінен кеңінен мәлімет беру,ғұмырнамалық дастанынан үзінділер оқыту арқылы таныту;

2.Дамытушылық: Өткен ғасырға үңілдіру. Оқушылардың Шәкәрім өмірі мен поэзиясы туралы ұғымын кеңейту. Көркем дүниеге құрметпен қарау арқылы дамытуға ойландыру.

3.Тәрбиелік: Шәкәрім шығармашылығы арқылы оқушыларды атамекенді сүюге, ардақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгерту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,топтау ,баяндау. Ой шақыру, проблемалар дамыта оқыту арқылы педагогикалық ынтымақтастық, оқушылардың шығармашылықтарын тапсырмалар арқылы ой толғау, қортынды жасап, іздену, ойын талдау – жинақтау әдістері.

сұрақ-жауап, түсіндіру,топтау ,баяндау, т.б

Сабақтың көрнекілігі: Шәкәрімнің портреті ,үнтаспа, интерактивтік тақта,слайд, оқулықтары.

Пәнаралық байланыс: тарих, орыс әдебиеті

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгендеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге «Абай кім?» танымдық сызбаны толтыруға берілген, соны тексеру.

б) Жаңа сабақ

1.Жаңа сабақтың тақырыбы мен өту барысын талқылау, мақсатымен таныстыру.

Кіріспе сөз.

2.Слайд арқылы Шәкәрімнің өмірбаянын әңгімелей отырып түсіндіру

Абай дәстүрін жалғастырушы қазақ халқының аса көрнекті ақыны, ойшыл ғалымы Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы 24 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келді. Әкесі Құдайберді Құнанбай баласы, ұлы ақын Абайдың ағасы, шешесі-Қаракесек руынан шыққан Алдаберген есімді кісінің қызы. Аты-Төлебике. Ол өзінің қолының ашықтығымен, көпшілдігімен, қайырымдылығымен, дастарқанының молдығымен елдің ықылас ілтипатына бөленіп, кейін келе Дәметкен атанып кеткен мейірімді жан болатын. Шәкәрімнің ерекше ақылдылығы басқа балалардан өзгешелігі 4-5 жасынан-ақ байқалады. Әкесі оны бес жасында өз ауылындағы молдаға арабша оқуға береді.

Абай, Сұлтанмахмұт, Сәкен, Ілиястар сияқты Шәкәрім де қазақ поэзиясының өркендеуіне үлес қосты. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы прозаның дамуына Шәкәрімнің прозалық туындылары «Түрік,қазақ,қырғыз һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық шартты трактаттары», «Бәйшешек бақшасы» әңгімелер топтамасы бар.

Шәкәрім өлең-жырларын ұшқырлай түсу үшін олардың көбіне ән жазған.




3.Жаңа сөздерге көңіл бөле отырып, меңгерту.

Белсене араласу – активно вмешиваться

Болмыс – быт

Тау бөктері – подножие горы

Жаратылыс – создание

Ғылым – білім сыры – тайна знаний и науки

Уағыздау – пропагандировать

Нәр алу – впитать

Көлемді шығарма – объемное произведение

Құдық – колодец

Нысана – цель

Халық игілігі – достояние народа


4.Слайдта берілген үнтаспаны тыңдата отырып білімдерін толықтырып, пысықтау.


5.Сұрақтар мен тапсырмаларды орындату

1.Шәкәрім қай жерде дүниеге келді? Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келді.

2.Шәкәрім шығармашылығының ерекшеліктері туралы не айтуға болады? дүниеге, табиғатқа, сан-салалы құбылыс-көріністерге, дінге деген көзқарастары анық көрініп отырады.

3Shape1 .Шәкәрім өлеңдерін тақырыбына байланысты топтастырыңдар:

Shape2 білім

Shape3 4.Шәкәрім ғылым

Shape4 Shape5 Shape6 өлеңдерінің еңбек

тақырыптары мәдениет

5.Философиялық тұрғыда қандай еңбектер жазды? «Үш анық», « Сөзбасы», «Қорытынды», «Жан немене?», «Ұждан-совесть» туындыларын жазған.

6.Эпикалық жанырда жазылған қандай дастандарын білеміз? «Қалқаман-Мамыр», «Еңілік-Кебек, «Ләйлі-Мәжнүн» дастандарын білеміз


6.Тірек – сызба арқылы ақынның шығармашылық қызметі мен ұстанған бағытын баяндау, оқушылармен пікір алысу.


Shape7 Мысалшы ақын нақыл сөзші

Shape8 аудармашыShape9 сазгер

дастан жазған


7.«Адамдық борышың» өлеңін оқушыларға мәнерлеп оқыта отырып мазмұнын, идеясын түсіндіру. Олардың ойларын тыңдау.

Әр адамзат осы өмірде өз орнын тауып, келешекте өз артынан із қалдырса, сол мәңгілік өлмейтін бақыт екенін айтады.

8.Оқулықпен жұмыс.

Шәкәрім мұрасының қомақты саласы –поэмалары. Ақынның «Еңлік –Кебек» (1891), «Қалқаман-Мамыр» (1888) дастандары қазақ елінің тұрмыс , тарихынан жазылған. «Ләйлі-Мәжнүн» дастаны нәзира дәстүрі негізінде,шығыс аңызы желісімен шығарылған. «Еңлік –Кебек» , «Қалқаман - Мамыр» дастандары -сүйіспеншілікті, адал махаббатты, таза сезімді жыр еткен шығармалар. Ел аузындағы махаббат аңыздарын ақын суреткерлік шеберлікпен жырлап, жеке бас трагедиясынан халық трагедиясын көтереді.


9.Хронологиялық таблицаны толтыру.

1858 - дүниеге келген жылы

1905-1906 - Меккеге барып, «қажы» атанған

1931 – қайтыс болған жылы


10.Сабақты бекіту: Мен бүгін сабақта


Shape14 Shape13 Shape12 Shape11 Shape10 НЕ


түсіндім көрдім білдім сезіндім түйдім


Үйге тапсырма: Ш. Құдайбердіұлының өмірбаянын оқып келу.

Шығармасынан бір үзіндіні жаттап келу.


Бағалау:Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.


Қоштасу: Сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар.







































«Шәкәрім Құдайбердіұлы» тақырыбы бойынша

қазақ әдебиетінен сабақ жоспары (10 сынып)













Солтүстік – Қазақстан

облысы, Жамбыл ауданының

Мирный орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті

пәндерінің мұғалімі

Оспанова Алтынай

Қалелқызы

байланыс телефоны:

8715-44-52-2-18

2013 жыл









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
562
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі