Материалдар / Шәкәрім Құдайбердіұлы

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қазан 2018
1191
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлы. «Жастарға» өлеңі.Мақсаты: Білімділік: Шәкәрімнің шығармашылығын насихаттау, өлеңдері мен философиясына қызығушылық туғызып, түсініп қабылдауға жетелеу. Дамытушылық: Шәкәрім өлеңдерін талдай білуге машықтандыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Тәрбиелік: Шәкәрім өлеңдері арқылы оқушыларды еңбекқорлыққа, саналылыққа, адамгершілікке , білім алуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру сабағы.Сабақтың әдіс-тәсілдері: АТҚ, сатылай кешенді талдау, сұрақ-жауап, пікірлесу, талқылау, зерттеу, қорытындылау.Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайдтар, қосымша материалдар.Сабақтың құрылымы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі. 3. Жаңа тақырыпты меңгерту. 4. Бекіту. 5. Сабақты қорыту кезеңі. 6. Үйге тапсырма беру. 7. Бағалау.

Сабақ барысы.І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. 2. Сабақтың мақсат – міндеттерімен таныстыру. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Шәкерімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше. Қазақ әдебиетін жаңа белеске көтеріп, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңін түрлендіре түскен кемеңгер ақын Шәкәрім еді. Ақын ағасы Абайдан үлгі –өнеге алған Шәкәрімнің шығармаларында еліміздің адамзат тарихында алатын орны, әдет-ғұрпы, салт-санасы кең көрініс тапқан. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 1. «Ой қозғау». Шәкәрім кім?Шәкәрім туралы слайдтар.1-оқушы: Шәкәрім –ақын, прозаик, философ, аудармашы, тарихшы, журналист. Ол 1858 жылы 11 шілдеде дүниеге келген. Туған жері –Семей облысы, Шыңғыстау. Руы – Тобықты, әкесі- Құдайберді, атасы- Құнанбай, арғы атасы - Өскенбай, бабасы – Ырғызбай. Өз бетімен оқып, түрік, парсы, араб, орыс тілдерін жетік меңгерген. Ұнатқан ақындары мен ойшылдары- Хожа Хафиз, Физули, Фердоуси, Сағди, Қожа Ахмет Яссауи, Гете, Пушкин, Толстой.2-оқушы: Шәкәрім жақсы отбасында өсті. Ұлы Абай ұйытқы болған өнер-білім мектебінің шәкірті болып өсті. Ақын ағасы Абайдың ықпалымен 16-17 жасында Шәкәрім өлең жаза бастады. 3-оқушы: Жиырма жасқа толар-толмаста Шәкәрім ел басқару жұмысына араласады. Сайлауға қатысып, болыс болып сайланады. 1888 жылдан бастап шығармашылықпен айналысады. Ақын 40-тан кейінгі бүкіл саналы өмірін әдебиетке, тарихқа арнайды.4-оқушы: 1905-1906 жылдар аралығында Меккеге қажылыққа барады. Ол Түркияда, Францияда болған. Стамбул мен Париж кітапханаларында, мұражайларында жұмыс істеп, мағұлматтар жинаған. Шәкәрім Шығыс, Батыс философтарының еңбектерін оқып зерттеген.5- оқушы: 1931 жылы 2 қазанда аяулы ақын жазықсыз жалаға ұшырап, қаза болады. Тек 1988 жылы ақталып, халқымен қайта табысты.2. Б: 265-267 Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу. ІІІ. Жаңа сабақ. Мұғалімнің сөзі: Бүгін біз Шәкәрімнің «Жастарға» деген өлеңімен танысамыз. Бұл өлең қазақ жастарына арналған. Шәкәрім Абаймен қандас туыс қана емес, танымдық туыстығы мол адамдар. Осы өлеңінде қазақ жастарына ақыл беретін, білімді де күшті тұлға Абай деп таныған Шәкәрім жастарды Абайдан өнер-білім алуға шақырады. (Мұғалім үзіндіні оқып береді, оқушыларға оқытады.) :1топ: Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық, Арам айла, зорлықсыз мал табалық. Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік. Бір білімді данышпан жан табалық.

Ал, енді, олай болса, кімді алалық? Қазақта қай жақсы бар көз саларлық? Шын іздесек, табармыз шын ғалым, Күнде күйлей бермелік бозбалалық.

Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық! Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық! Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан, Жалыналық Абайға, жүр, баралық!

2 топ: Пұлы өтсе, үміті бар қуанбақтан, Еңбегім жанды ғой деп жұбанбақтан. Абай кетсе, осы елде кім қалады? Не табамыз наданнан сұранбақтан?

Қой, жігіттер, күн болады ойланарлық, Білім, әдет, ақылды ойға аларлық. Надандықтан еліріп босқа жүрсек, Мына заман көрсеттер бізге тарлық!

Өзің біліп, біреуге қылсаң жарлық, Асыл сол – ақыл, білім бойда барлық. Айла, өтірік, арсыздық, өнер емес, Мен де анаудай болсам деп таласарлық.

3 топ: Осыған қазақ бар ма жанасарлық, Ғылым, өнер, ақылмен санасарлық? Жұрт алмаса, ақылын біз алалық, Өзгедей надан емес адасарлық.

Бұл елде түк ақыл жоқ жарасарлық, Рақым қып бір-біріне қарасарлық. Өз Абайын өздері ұнатпайды, Шын надан осылар ғой біз қашарлық.

Мидағы ой-тамырға жол салалық, Жүрекке оймен сынап апаралық! Ақ жүректің ғадалат қылған ісін Қабылдауға қызығып, қозғалалық!... Қазір үш топқа бөлінеміз. Әр топқа осы өлеңнен үзінді дайындадым. Әр топ үзіндіні оқып, аударады, мазмұнын ашады, бір шумағына талдау жасайды, өз ойларын ортаға салады.ІV. Бекіту.1. Оқушылардың шығармашылық жұмысы.(2-3минут беріледі).2. Оқушылардың талдауы: 1 топ: Шәкәрімнің «Жастарға» деген өлеңі лирикалық жанрға жатады. Бұл арнау өлең. Жастарды жақсы жол табуға шақырады. Бұл жол жақсы өмір сыйлайтын жол болуы керек дейді. Жақсы жолға салатын шын ғалымды табайық деп ой салады. Жастардан ақылын аямайтын шын ғалым Абай деп біледі. Бұл шумақта Шәкәрім Абайдың шын ғалым екенін дәлелдейді. Бұл шумақта адамға жат қылық арамдық, айлақорлық, зұлымдық деп көрсетеді. Адамға тән жақсы қасиеттер данышпандық, білімділік дейді. 2 топ: Шәкәрім өзі өмір сүрген ортада надандардың көп екенін қынжыла отырып баяндайды. Жастарды алда білім, ақыл қажет болатын күн туады деп сендіреді. Сол уақытта надандарға орын жоқ дейді. Көп надандардың ішінде Абай жарық жұлдыз дей отырып Абайдан өнер-білім алайық деп шақырады. Адамгершілікке жатпайтын қасиеттер – надандық, өтірік, арсыздық дейді. Адамгершілікке жататын қасиеттер: әдептілік, ойлылық, білімділік, ақылдылық дейді. 3 топ : Абайды түсінбеген, ақылына көзі жетпеген қазақтар нағыз надандар дейді. Олардан бойымызды аулақ салайық дейді Шәкәрім. Надандар ақылмен санаспайды, бір-біріне рақымы жоқ, адамға қажетті қасиеттерді бойларынан таппайсың дейді. Сондықтан жүрегімізді кең ұстап, миымызды ойлата отырып, Абайдың адал ісін, ақылын қабылдайық деп жастарды өнер-білімге шақырады. 3. Мұғалімнің сөзі: Енді балалар «Сатылай кешенді талдау» технологиясын пайдалана отырып, өлеңді талдаймыз. Авторы: Ш. Құдайбердіұлы (1858-1931), ақын. Тақырыбы:Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге шақырады. Жанр түрі: поэзия. Идеясы: Надандықтан аулақ болып, адамгершілік қасиеттерді дәріптеу. Шумақ саны : 1т, 2т, 3т – 3 шумақ Тармақ саны: 1т, 2т, 3т – 12 тармақ. Бунақ саны: 1т, 2т, 3т – 2 бунақ Буын: -11 буынды. 2т -11,12буынды. 3т -11буынды. Түсіндірмелі сөздік: 1т күйлей - 2т пұл – ақша 3т ғадалат – әділдік. Өлеңнің түйіні: Болашақтың кілті –білімде, ал білім көзі Абай шығармаларында. Тәрбиелік мәні: Білім алуды, білімді болуды насихаттау. V. Қорытынды.1. Сұрақтар қою: А) Шәкәрім өлеңдерінің тақырыбы не? (білім, адамгершілік, өнер, махаббат, табиғат). Ә) «Жастарға» өлеңі жастарды қандай болуға шақырады? ( әділдікке, өнерге ұмтылуға, білім алуға) Б) Тағы қандай шығармаларын білесіңдер? ( Өлеңдері: «Насихат», «Жастық туралы», «Өмір», «Арман», «Адамдық борышың», «Мен кетемін, келеді» т.б. Поэмалары: «Қалқаман –Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Ләйлі-Мәжнүн» Философиялық шығармалары: «Үш анық», «Сөзбасы», «Жан немене?» Аудармалары: «Ақылшы торғай», «Қасқыр, түлкі, бөдене» т.б.) 2. Енді осы шығармаларының біреуін жатқа айтып берсек. «Адамдық борышың» Адамдық борышың, - Халқыңа еңбек қыл. Ақ жолдан айнымай Ар сақта, оны біл. Талаптан да білім мен өнер үйрен, Білімсіз, өнерсіз, болады ақыл тұл. Мақтанға салынба Мансаптың тағы үшін, Нәпсіңе билетпе Басыңның бағы үшін. Өміріңді сарп қыл өлгеніңше, Жоба тап, жол көрсет, Келешек қамы үшін. Қайтадан қайырылып Қауымға келмейсің, Барыңды, нәріңді Тірлікте бергейсің. Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң Шын бақыт – осыны ұқ, Мәңгілік өлмейсің!

3. Тест сұрақтарына жауап берейік: 1. Ш. Құдайбердіұлы қай жерде туған? А) Шыңғыстауда В) Семейде С) Жетісуда 2. Атасының аты кім? А) Құдайберді В) Абай С) Құнанбай 3. Шәкәрімнің неше жасында әкесі қайтыс болады? А) 5 В) 7 С) 10 4. Шәкәрімді кім ? А) ақын В) жазушы С) этнограф 5. Неше жасынан бастап өлең жаза бастайды? А) 16-17 В) 10-15 С) 20-25 6. Қай жылдары Меккеге барды? А) 1930-1931жж В) 1919-1920жж С) 1905-1906жж 7. Шәкәрім жазған поэманы тап; А) «Қалқаман-Мамыр» В) «Қыз Жібек» С) «Медғат-Қасым» 8. Философиялық шығармасын тап: А) « Боран» В) «Үш анық» С) «Өнер-білім бар жұрттар» 9. Шәкәрім өзін кімнің шәкіртімін деп санаған? А) Толстойдың В) Лермонтовтың С) Пушкиннің 10. Шәкәрім қандай тілдерді білген? А) орыс, парсы В) француз, латын С) поляк, өзбек VІ. Үйге тапсырма. Б: 265-267 Әр топ өз үзіндісін жаттап келеді.VІІ. Оқушылардың білімін бағалау.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ