Шәкірт болашағы-білімде

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шәкірт болашағы-білімде

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңдағы өзгерістер қоғамның шығармашыл әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Сондай басым бағыттардың бірі- жеке тұлғаға бағытталған білім беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шәкірт болашағы-білімде

Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің “Қазақстан 2030”жолдауында: “оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет... ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп, қалыптастыруымыз керек” дегені мәлім. Тұңғыш Елбасының осы алға қойған зор міндеттерін іске асырушылар-әрине, жастар. Олай болса, сол жастарға саналы білім мен салауатты тәрбие беру қажет. Ол, мектеп пен ұстаздарға байланысты. Қазіргі таңдағы өзгерістер қоғамның шығармашыл әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Сондай басым бағыттардың бірі- жеке тұлғаға бағытталған білім беру.

«Бүгінгі заман білектілердің заманы емес, білімділердің заманы» деп бекер айтылмаса керек. Сапалы білім қай кезде болмасын жарқын болашақтың кепілі. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезов айтып кеткендей, қазіргі жастарымыздың озық ойлы маман болып қалыптасуына айрықша көңіл бөлуіміз қажет. Ол үшін түрлі деңгейдегі байқаулар тұрақты түрде өткізіліп тұруы тиіс. Осы ретте, ұрпақ тәрбиесіне немқұрайлы қарамайтын азаматтардың белсенділігі мен ұстаздарымыздың біліктілігінің арқасында біздің ұжым көптеген жетістіктерге қол жеткізіп жүр. Мектепте жас жеткіншектің қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі концерттік бағдарламалар, жарыс сабақтар ұйымдастырылып тұрады.

Бала тәрбиесімен айналысатын әрбір педагогтің алға қойған мақсат-міндеті мен педагогикалық ұстанымы болуы керек. Сондықтан біздің де ұстанымымыз-жүрек қалауымен таңдаған мамандығымызға жауапкершілікпен қарау. Ұстаз болу жай ғана мамандық емес. Ол-адам бағдарын жасаушы, келешек ұрпақтың сәулетшісі екені сөзсіз. Баламен ойнасаң дүние сырының кілті іздемей-ақ табылады, бала жүрегінен орын аласың. Баланың білімге деген құлшынысын арттырасың. Осындай бала жүрегіне жол тауып, еңбегімен еленіп жүрген Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта мектебінде тәжірибелі педагогтар қызмет атқаруда. Әлия Оспаноқызы «Мектеп басшысына ауадай қажет үш қасиет: ғылымды, педагогикалық шеберлікті, ұйымдастырушылық қабілетті ұштастыра білуі керек» деп В.Сухомлинский айтқан үш қасиет Әлия апайдың бойынан табылады. Өзі де басшылық қызметте «Ұжымға әділ талап қою, көпшілікті алаламай ұстау, ұжыммен санасып, пікірлесіп отыру» қағидасын берік ұстанатынын тұлға. Үнемі «Мектебіміздің тиімділігін арттыру үшін не істеуім керек?» деген сұраққа жауап іздеп, ізденісте жүреді. Алаш зиялысы Әлихан Бөкейханұлының «Ұлттың жоғын ұйықтап жүріп емес, ояу жүріп іздеу керек» деген өнегелі сөзі бар. Осы сөзді өмірлік ұстанымына балайтын Әлия Оспаноқызы ұстаз ең алдымен ұлт жанашыры болуы керек деп есептейді.

Қорыта келсем, егемен елдің бүгіні мен ертеңін өрге бастырар – бүгінгі өрендер, болашақ жас ұрпақ. Болашақтың тізгінін ұстайтын олардың атқарар әрекетінің түп тамыры бүгінгі күнмен тығыз байланысты. Белгілі жазушы Мұхтар Әуезовтің: «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы?» деген сөзі ешқашан ескірмесі анық. Сондықтан біз жастарға бағыт-бағдар беріп, оқытудың негізгі мақсаты – болашақ мамандығына байланысты әрбір балаға тереңірек білім беру, білімді өзгермелі өмір жағдайларына пайдалана білу дағдысын қалыптастыру. Өз кәсібін дұрыс таңдай білген жас ұрпақ оған әр уақытта шығармашылықпен, жауапкершілікпен қарайтыны сөзсіз. Адамның қабілеті мен бейімділігі белгілі бір кәсіп саласына сай қалыптасқанда ғана сапалы маман болатыны белгілі.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.00.2021
349
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі