400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шәкірт тәрбиелеуге менің қосқан үлесім

Материал туралы қысқаша түсінік
эссе мұғалімдердің аттестациясына жарамды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шәкірт тәрбиелеуге менің қосқан үлесім


Бала тәрбиесі-күрделі де, жауапты іс. Ол кез келген адамға жүктеле бермейді. Бала тәрбиесімен неғұрлым жауапты, адамгершілігі зор адамдар айналысқаны дұрыс. Олай болмайынша нағыз тәрбиенің берілуі мүмкін емес. Нағыз тәрбие-елжанды, адамгершілігі жоғары, жауапкершілігі мол жеке тұлға тәрбиелеу деген сөз. Адамға ең әуелі білім емес тәрбие керектігі туралы ғұлама Әл-Фараби «Тәрбиесіз берілген білім апат алып келеді»,-деп тұжырымдайды.

Бала болған соң оның балалығы болмай тұрмайды. Ал осы балалықпен жасаған шала істеріне дер кезінде түзету енгізіп, оларды жауапкершілікке, адалдыққа, азаматтыққа тәрбиелеу-баршамыздың басты міндетіміз. Ал осы міндетті мен қалай атқарудамын?

Оқушыларға тәрбие беру ісінде бүкіл педагогикалық ұжым, сынып жетекші, пән мұғалімдері, мектеп әкімшілігі түгелімен атсалысады. Сонымен қатар ата-ана бала тәрбиесіндегі ең бірінші жауапты тұлға болып қала бермек. Ал бұлардың барлығының жұмысын үйлестіруші ретінде пән мұғалім ретінде маған да артылар міндеттің ауқымы зор. Ал осы орайда сабақ үстінде оқушыға білім мен тәрбиені өзара бірлікте беруді басты орынға қоямын. Сондықтан ең әуелі ұстаз ретінде пән мұғалімі мен ата-ана арасындағы байланыстың тығыз әрі өзекті болуын қарастыру басты міндетім деп санаймын.

Ұстаздық еңбек жолымда алдымда сан алуан мінез иесі отырды. Олардың әрбірінің жүрегінен жол табу да оңай болған жоқ. Өткенге көз жіберсем, ұстаздық қызметім текке өтпепті. Талай шәкіртім түрлі додаларда топ жарып, намысты бермей жүр. Тек ол ғана емес, ең бастысы адамгершілігі мол арлы тұлға болып қалыптасқандығы жүрегіме қуаныш ұялатады. Әр оқушының жүрек сырын ұға біліп, оларды тұлға ретінде сыйлай білу арқылы тәрбиелеудемін. Бұл маған қанат бітіреді.

Адамдық борышың-

Халқыңа еңбек қыл,-

деп Шәкәрім ақын жырлағандай халыққа еңбек етудің бір жолы-ол менің бала тәрбиесіне қосқан үлесім. Өйткені мен бүгінгі оқушы арқылы болашақты тәрбиелеп жатырмын. Тәрбиелеу деген айтуға ғана оңай, ал іс барысында өте қиын да, нәзік әрі өткір мәселе. Сәл қателессең, бала сенімінен айырылып, тәрбиелеу ісінде мүлт кетесің. Сондықтан сөз соңында бала тәрбиесінде қырағы болуды ұсынамын.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
16 ұстаз жүктеп алған
16.05.2024
4000
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі