400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Саламатты өмір салтын ұстанамын. Денсаулықты сақтау өз қолымызда.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы: Саламатты өмір салтын ұстанамын. Денсаулықты сақтау өз қолымызда. Мақсаттары, міндеттері: мәтін мазмұнындағы деректі ақпаратты толық анықтап, негізгі ойға өз көзқарасын білдіру және оны бағалау; -шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазу; Берілген суреттер жұмыс жасай отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтап, ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақтың тақырыбы: Саламатты өмір салтын ұстанамын. Денсаулықты сақтау өз қолымызда.

Мақсаттары, міндеттері: мәтін мазмұнындағы деректі ақпаратты толық анықтап, негізгі ойға өз көзқарасын білдіру және оны бағалау;

-шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазу;

Берілген суреттер жұмыс жасай отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтап, ашу.

4. Сабақтың барысы

Сабақтың басы

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Қызығушылықты ояту


  • Балалар, суреттен не көріп отырсыңдар?

(оқушылардың жауабы)

  • Дұрыс айтасыңдар!

  • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да осы суреттерге байланысты, сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?


Shape1 Shape2

ІІІ. Жаңа сабақ

Сабақтың ортасы (35минут)

Мәтінмен жұмыс https://youtu.be/UwOz66vV7wI

Оқылым кезі тапсырмасы

1-тапсырма. Мәтінді оқы. Тақырып қой. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңдар. «Денсаулық-зор байлық» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.

Адамға қараңыздаршы, қандай құдіретті! Ол Айға аяқ басты, жақында басқа ғаламшарларда да болады, табиғилықты жасанды өмір мен ой арқылы бақылай алады.

Ал, міне – басқа суреттер. Үлкен қаланың көшелерінен семіз, көздері ісінген, әзер демалып бара жатқан адамдарды көптеп кездестіреміз.

«Денсаулық туралы ойлау» атты кітабымда мен осыны айтпақшымын. Оқырманға денсаулық туралы бірнеше ұсыныс айтқым келеді:

1.Көптеген ауруларға табиғат та, қоғам да кінәлі емес, тек адамның өзі кінәлі. Ол көбінесе сарандықтан, кейде сансыздықтан ауырады.

2.Дәрігер сізді емдейді, ауруыңыздан айықтырады. Бірақ денсаулықты сақтау өз қолыңызда.

3.Барлық ұмтылыс алға қойған мақсат, уақыт, нәтиже арқылы анықталады. Сонымен бірге ол мінезге де байланысты. Бір өкініштісі – адам денсаулығын аурумен бетпе бет келгенде ғана ойлайды.

4. Денсаулықты нығайтудың төрт шарты бар: денеге физикалық күш түсіру; тамақ ішуде өзін шектеу; денесін шынықтыру; демала білу. Бақытты өмір сүру.

5. Күніне 20-30 минут дене шынықтырумен айналыссаңыз, денсаулығыңыз жақсарады.

6. Тамаққа шектеу қойыңыз. Сіздің салмағыңыз бойыңыздың мөлшерімен сәйкес келуі керек.

Дескриптор:

-Мәтінді оқиды

-Мазмұнына қарай ат қояды



ҚБ: «Жарайсың»

«Тамаша»

«Керемет жауап»

3-тапсырма: Жақша ішіндегі қажетті сөздерді дұрыс тұлғада қойып жаз.

  1. Үлкен (қала, дала, тау) көшелерінен семіз, көздері (көрмеу, ісіну, боялу) әзер демалып бара жатқан адамдарды көптеп кездестіреміз. 2. Саламатты (ғұмыр, дүние, өмір)сүру үшін еңбек ету де, (тиімсіз, орынды, қажетсіз) демалу да керек. 3. Адам өмірі қоршаған ортамен тығыз (байланысу, нығайту, сабақтасу).



Кері байланыс







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
22.06.2024
308
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12