400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Салауатты өмір - денсаулық негізі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам өміріндегі ең маңызды құндылық - денсаулық.Әрбір адам өз денсаулығы үшін жауапты және денсаулығының мықты болу жолдарын білу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Салауатты өмір – денсаулық негізі.

Түзете-білімділік мақсаты:Денсаулықтың қадірін ұғындырып, салауатты өмір салтын насихаттау.

Түзете-дамытушылық мақсаты: Оқушылардың топтық жұмысты ұйымшылдықпен орындауға, өз ойын еркін, ашық жеткізе білуін, белсенділігін дамыту.

Түзете-тәрбиелік мақсаты:Жаман әдеттен бойларын аулақ салуын, аурудың алдын алуға, санитарлық –гигиеналық тазалықты сақтауға тәрбиелеу. 

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сұрақ – жауап, маркерлер, түрлі – түсті қағаздар.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.

Жемістерді таңдатып, бір – біріне жақсы тілектер айтып, «Көңіл – күй ағашына», ілдіру.

Ой қозғау. «Байлық» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Кластер құру.

Бірінші байлық – денсаулық” – деген ата - бабаларымыздан қалған сөзді есімізге салсақ, біздің ең үлкен байлығымыз денсаулық екенін ұғуымызға болады.

Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер? (өз ойларын қағаз бетіне түсіріп қорғайды) «Жеміс – жидектердің пайдасы»

Денсаулыққа зиян келтіретін қандай заттарды білесіңдер? Темекі шегу, маскүнемдік, нашақорлық.

Бұл заттар не себепті зиянды деп ойлайсыңдар? (оқушылардың ой – пікірін тыңдау)

Мәтінмен жұмыс.Темекі,арақ,есірткінің адам денсаулығына әсері туралы қосымша мәліметтерді оқып танысу. (өзара талқылау, постер қорғау)

Спиртті шімдіктер бастапқы кезде жүзім өсіретін елдерде басымырақ пайдаланылды. Алайда әртүрлі шикізаттардан өндірудің жаңа тәсілдері дамыған сайын олар бүкіл дүние жүзіне таралып, кеңінен қолданылатын болды. Ішімдік асқорыту жүйесіне, орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Шамамен тұрмыстағы созылмалы маскүнемдік кезінде кейбір ми жасушалары өледі. Соның салдарынан мидың жұмысы бұзылады, есте сақтау, ойлау процестеріне зиян келтіреді. Жүректі май басады, қандағы гемоглобин мөлшері төмендейді, организмдегі витаминдерді азайтады.Ішімдік бауырдың қызметін бұзады. Оның әсерінен цирроз ауруы пайда болады. Нашақорлық – есірткі заттарына тәуелділікке байланысты, ағзаның физикалық және психикалық қызметтерінің бұзылуына, аяғы өлімге әкеліп соғатын сырқат. Есірткі қолданатын жасөспірімдер мен жастар өзін - өзі қоғам мен Заңға қарсы қояды, олардың болашағы болмайды. Нашақорлыққа шалдыққан ауру адам өмірінің орташа ұзақтығы 2 - 3 жыл. Есірткілер қандай зиян әкеледі? Есірткілер зат алмасу процесіне еніп, ең бірінші серотин өндіріп шығаратын ми жасушаларын өлтіреді. Серотин мидың көңіл – күй өзгерісін қадағалайтын зат, бұл адамды пәсең және селқос қылдырады. Есірткілер оларды қолданушыларға ғана емес, сонымен қатар олардың жақындарына, жан – жағына және біртұтас қоғамға зиянын тигізеді. Нашақорлықтан туындайтын қиындықтар өте көп. Нашақорлар жиналып бір ғана инені қолданады. Соның салдарынан бір – біріне СПИД секілді екінші бір жазылмас дертті жұқтырады. Сонымен бірге нашақорлар әрдайым қылмыс жасауға бейім тұрады. Марихуана секілді есірткілердің буына масайраған жандар кісі өлтіруден де тайынбайды. Есірткіге үйрену қорқынышты, орны толмас қауіп, одан бір – ақ жолмен құтылуға болады. Ешқашан, тіпті бір рет те есірткі қолданып көрмеу!

Денсаулық – зор байлық. Денсаулық – адам өмірінің бағалы заты. Сондықтан, адам күнделікті өзін – өзі күту, дұрыс тамақтану, тыныға отырып қажетті дене жаттығуларын жасап, дене тұлғасының дұрыс жетілуін қадағалау қажет. Сонда ғана сұлу да сымбатты болып өсесіңдер.Сабағымызды қорыта келе

денсаулықтың қадірін ауырмай тұрып бағалай білейік.

Рефлексия. «Адам формасы» түрлі – түсті қағаздардан жасап, сабақтан алған әсерлерін, тілектері мен ұсыныстарын жазып, тақтаға апарып ілу.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
01.06.2022
431
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі