Материалдар / Салауатты өмір - жарқын болашақтың кепілі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Салауатты өмір - жарқын болашақтың кепілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс іс-шара: Салауатты өмір - жарқын болашақтың кепілі. Денсаулық - адам өмірінде басты байлық
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қазан 2021
438
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныптан тыс жұмыс



Тақырыбы: Салауатты өмір –жарқын болашақтың кепілі

Мақсаты:

  • Спортқа деген қызығушылықтарын арттыру;

  • Салауатты өмір салтын насихаттау;

  • Өз денсаулықтарын күте білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Түрі: спорттық жарыс

Өткізілетін орын: спорт алаңы

Қажетті құралдары: Доп, эстафета таяқшалары, арқан, кедергілер.

Өтілу барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Сапқа тұрғызу.

ІІ.Негізгі бөлім

Қайырлы күн оқушылар! Салауатты өмір салты — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Үлкен кісілер « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп бекер айтпаса керек, себебі дені сау адам – мемлекеттің ең басты капиталы. «Денсаулық – зор байлық» деп атамыз қазақ бекер айтпаған болар. Әр адамның өмірінде денсаулықтың орны бөлек. Сондықтан денсаулығымызға көңіл бөліп, дұрыс сақтанғанымыз жөн. Деніміз сау болмаса, ауру меңдеп, қалжыратса, шалқыған байлықтан, ақшадан не пайда?! Осыдан біз ненің бірінші байлық екенін аңғарамыз.

Бүгінгі өткізгелі отырған «Салауатты өмір –жарқын болашақ » атты спорттық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Таза ауа, спорт болсын дәріміз,

Еңбек етіп келгенінше әліміз.

«Алға» — деген бір – ақ мақсат ұстанып,

Сайысқа аттанайық бәріміз! Олай болса, ортаға сайысқа түсетін «Сұңқар» тобын шақырамыз.

Спорттық ойынымыз 4 кезеңнен тұрады. «Сұңқар» тобы осы кезең бойынша жарысады:

1. «Өз тобың таныстыру»

2. «Эстафета»

3. Кедергілерден өту

4. Арқан тартыс

Шынықсаң шымыр боласың,

Сауығып айдай толасың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласың.

Жеңімпаз болу оңай ма,

Арман болған талайға

Болмасаң да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.

Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар! Бірінші кезең «Өз тобыңды таныстыр»



«Сұңқар» тобы

Топтың ұраны:

Сұңқардай қалықтаймыз,

Ізденуден жалықпаймыз!

Мұғалім:

Ойнайық, та ойлайық!

Қатардан артта қалмайық,

Белсенді болайық ортада,

Уақытты текке созбайық.

Олай болса, екінші кезеңімізге өтеміз.

2-кезең: «Эстафета»

Ойынның шарты: Топ мүшелері кезектесе кедергі арасымен кіші допты жерге түсірмей жүріп өту қажет. Тез әрі қатесіз орындаған топ жеңіске жетеді.

3-кезең: «Кедергілерден өту»

Ойынның шарты: Топ мүшелері обручтың көмегімен алдарында тұрған кедергілерден сүрінбей өтіп, әр кедергіден өткен соң жанына 1 топ мүшесін қосып отырулары қажет. Топ мүшелері толық бір жаққа өтілгеннен кейін ойын аяқталады, қандай топ бірінші болып бір жаққа өтеді, сол топ жеңеді.

4-кезең: «Арқан тартыс»

Ойынның шарты: Топ мүшелері теңдей бөлініп, шеңбердің дәл ортасында жиналады. Соңғы болып тұрған адам ортадағы сызықтан асып өтсе, сол топ жеңілетін болады.

Қорытынды бөлім

Құрметті, балалар!

Жиырма бірінші ғасырда,

Ашық аспан астында,

Денсаулықтарыңыз мықты болсын!

Жүздеріңіз қуанышқа толсын!

Бүгінгі «Салауатты өмір-жарқын болашақ» жарысын, осымен аяқтаймыз! Қатысқандарыңызға көп-көп рахмет! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!! Сау болыңыздар!



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!