"Салауатты өмір салты" тақырыбындп эссе

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Салауатты өмір салты" тақырыбындп эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
студенттерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Салауатты өмір салты

БББ-01-18(9) тобының студенті Жаманакова Шолпан



Салауатты өмір салты — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Қазіргі мәліметтер бойынша денсаулық 53-55%- ға салауатты өмір салтына тәуелді болады екен. Бұдан салауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екендігі айқын.

Үлкен кісілер « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп бекер айтпаса керек, себебі дені сау адам – мемлекеттің ең басты капиталы. Соңғы кездері салауатты өмір салтына аса мән беріліп, бұл мәселе қолға алынып келеді. Өсіп келе жатқан ұрпақтың жадына жастайынан денсаулықтың қадірін білуді, өз денсаулықтарына үлкен жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруымыз керек.

Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы, өмірдегі баға жетпес құндылық, ең басты байлық. Адам өмірінде денсаулықтың орны бөлек, әрі ерекше. Байлығымыз асып – тасып жатқанымен, денсаулығымыз жоқ болса, байлықтың не керегі бар?

Ол денсаулықты бізге ешкім қайтарып бере алмайды. Сондықтан өз-өзімізге көмектесүіміз қажет деп ойлаймын

Салауатты өмір салтын ұстану, ол күнделікті тоқтамай жаттығұлар істеу емес. Мысалға, жай ғана қимылдауды алсақ. Қимылдау- өмірлік маңызды мүшелердің және мүшелер жүйесінің қызметін жақсартады, сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру организмнің өсу мен дамуына белсенді ықпал етеді, организмнің жұмысқа қабілеттігін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады. Ал біз аз қозғалатын болсақ организмдер нашарлайды. Салауатты өмір салтын сақтану дегенді тек қимыл қозғалыс немесе спортпен шұғылдану ғана деп түсіну- қате түсінік. Денсаулығымыз мықты болу үшін күнделікті күн тәртібіміз дұрыс ұйымдастырылуы тиіс.Ұйқымыз, тамақ ішуіміз уақтылы болуы керек. Ересек адам күніне қалыпты жағдайда 8 сағат ұйықтауы қажет. Тамақты аз-аздап және өз уақытымен ішу қажет. Тамақтың құрамы адам ағзасына қажетті витаминдерге және пайдалы элементтерге бай болыу тиіс.

Салауатты өмір- денсаулықты сақтау және нығайтудың негізі, жан-жақты дамыған тұлғаның қалыптасуына, оның рухани, дене дамуына әсер етеді.Салауатты өмір салтын сақтаудың тағы бір шарты – ол жағымсыз әдеттерден арылу, яғни ішімдік ішпеу, нашақорлыққа салынбай болып табылады. Ішімдік мидың қызметін бұзады. Адамның ойлау қабілеті нашарлап, мінез-құлқында үлкен өзгеріс байқалады, алкогольдық психоз пайда болады. Ішімдікті қолдану қандағы холестиринді көбейтіп, артериалды гипертензияға және миокард ауруына шалдықтырады.


Адамның дені сау болуы үшін жан дүниесі мен тәні таза болуы қажет. Тазалық – саулық негізі,саулық – байлық негізі демекші күнделікті жүргізілуі тиіс гигиена шараларын да ұмытпағанымыз жөн. Үсті – басымыз, киіміміз, үйіміз таза әрі жинақы болса, көңіл күйіміз де көтеріңкі, деніміз де са болады. Күнделікті гигиена шара Өз басым күнделікті спортпен айналысуды күн тәртібіме кірістіріп қойдым, таңертең бір мезгіл жүгіріп, кешке арнайы жаттығулар жасамақпын. Спортпен шұғылданудың арқасында денім сау, ал өзім шымыр боламын. Денсаулық баға жетпес құндылық болғандықтан, біз салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығымызды күтуіміз керек. Сонымен қатар, соңғы уақытта дұрыс тамақтану да өзекті болып отыр. Бұл да оң өзгеріс деп санаймын. Сонымен мен өз-өзіме денсаулығымды күтіп, спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтануға уәде бердім.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.03.2020
10710
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі