Материалдар / Салауатты тамақтану-ұлт саулығының негізі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Салауатты тамақтану-ұлт саулығының негізі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Тиімді тамақтануды, тамақтану мәдениетін ерте жастан қалыптастыру арқылы СӨС сақтау-мемлекеттік мәселесіне өздік үлес қосу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қазан 2021
628
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қалалық көпсалалы қазақ мектеп- гимназиясы» КММ



Ғылыми жоба





Тақырыбы: «Салауатты тамақтану-ұлт саулығының негізі»



Жоба авторы: Сүлейменқұл Диана



Сыныбы: 9 «Б»



Ғылыми жетекші: Сихимбаева Майгуль Оразхановна

География пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші



























Аягөз қаласы, 2020 жыл







Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы

«Қалалық көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясы» КММ



Сүлейменқұл Диана

9 класс



Тақырыбы: «Салауатты тамақтану-ұлт саулығының негізі»



Бағыты: Адам денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау







Жетекшісі: Сихимбаева Майгуль Оразхановна география пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші

Ғылыми кеңесші: Семей мемлекеттік медициналық академиясының аға оқытушысы

Катекеева Н.Д













Аягөз қаласы, 2020 жыл









Аннотация



Бағыты: Адам денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау

Тақырыбы:”Салауатты тамақтану-ұлт саулығының негізі”

Өзектілі: Қазіргі таңдағы салауатты өмір салтын сақтау тиімді тамақтану, яғни тамақты ағыл-тегіл ішу себебіндегі семіздік –бүгінгі кездегі шешуін табуды қажет ететін проблемалардың бірден-бірі. Қан аурулары, буын, бауыр, бүйрек ауруларының барлығын туындатушы фактор-аллименттік семіздік.

Мақсаты: Тиімді тамақтануды, тамақтану мәдениетін ерте жастан қалыптастыру арқылы СӨС сақтау- мемлекеттік мәселесіне өздік үлес қосу.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

Бірінші кезең: Қажетті мақалалар мен әдебиеттер ізделіп, олар жүйеленеді.

Екінші кезең: Аягөз қалалық көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясында арнайы пікірталас,

конференцияға қатысу.

Үшінші кезең: Жұмыс конференцияда оқылып, келесі аудандық конференцияға дайындық.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Тиімді тамақтану, тамақтану мәдениетін ерте жастан қалыптастыру арқылы СӨС сақтау керектігін дәлелдеп, нәтижелі болжам жасадым.

Практикалық маңызы: Келешек ұрпақ үшін мәселенің маңыздылығын тәжірибелік

зерттеулер арқылы пайымдау.

Менің ұсынысым:

1.Жасөспірімдік кезеңнен бастап тиімді тамақтану мәдениетін қалыптастыру мәселесін санаға енгізу.

2. Өз деңгейім негізінде жүргізілген зерттеу жұмысым бойынша дұрыс тамақтану әртүрлі ауруға қарсы күрес екендігін жеткізе білу.

3. Осы жұмыста айтылған ойлар конференцияда, тәрбие сағаттарында, сыныптан тыс іс-шараларда ұйымдастырылып айтылып отырса деймін.

4. «Біз тамақтану үшін өмір сүрмейміз, өмір сүру үшін тамақтанамыз» осы бір қанатты сөзбен дұрыс тамақтануды алға қою.











Мазмұны



1.Кіріспе...............................................................................................1

2.Негізгі бөлім.....................................................................................2

3.Практикалық бөлім.........................................................................3-9

4.Қорытынды бөлім...........................................................................10

5.Пайдаланылған әдебиеттер............................................................11















































Кіріспе

Адам өмір сүру процесінде үнемі жұмыс істейді. Ол үйлер мен зауыттар салады , станоктар мен машиналар басқарады, жер жыртып егін егеді, ғылыми еңбек жазады, басқа да пайдалы мыңдаған істерді атқарады. Тіпті тып-тыныш демалып бей-жай жатқанның өзінде адам өзі де аңғармай жұмыс істей береді, өйткені оның жүрегі соғып тұрады, тыныс алады, оның организмінің әрбір клеткасында зат алмасып жатады. Организмнің жұмыс істеуіне байланысты жұмсалған энергияның тамақтану мен тыныс алудың арасында ғана, яғни тамақ пен оттегін қабылдау және пайдалану арқылы ғана есесі толады. Адам организмі жұмыс істеп қана қоймайды, онда дененің клеткалары мен тканьдарының, сондай-ақ клетка ішіндегі әр түрлі компоненттердің құралу, жаңару процесі үздіксіз жүріп жатады. Бірақ клеткалар өліп, олардың орнына жаңалары пайда болады. [«Беседы о питании» 56 стр] Клеткалар өмір сүретін уақыттың ішінде оларда әдетте көптеген ішкі клеткалық кұрылымдар талай рет алмасады. «жөндеу» жұмыстарының бәрі үшін адам организміне «құрылыс материалы» керек, ал оны тамақтану арқылы ғана алуға болады. Атам қазақ айтқандай «Біз тамақтану үшін өмір сүрмейміз, өмір сүру үшін тамақтанамыз». Әрбір адам өмір сүру үшін, оның организмінде клеткалар жаңарып отыру үшін адам тамақтану керек .Сөйтіп-тамақтану организімге оның жұмсаған энергиясының орнын толтыру үшін, дененің клеткалары мен тканьдарының түзіліп, жаңаруы үшін және организм функцияларының атқарылуы үшін қажет болатын қоректік заттар түсуінің, қортылуының, сіңуінің және ассимиляциялануының күрделі процесі болып табылады. Дұрыс тамақтану дегеннің өзі не?

Шын мәнінде, мұның өзі тамақтанудың мынадай негізгі үш приципін сақтау:

1)Тамақпен келіп түсетін энергиямен адамның тіршілік ету кезінде жұмсайтын энергиясының тепе-теңдігі, басқаша айтқанда энергия теңдестігі.

2)Организм қажеттілігінің қоректік заттардың белгілі бір мөлшерде және арақатынасында қанағаттандырылуы.

3)Тамақтану режимінің сақталуы (тамақты белгілі бір уақытта ішу және әрбір тамақтанған кезде белгілі бір мөлшерде тамақ ішу).













1



Негізгі бөлім

Қазіргі жағдайларда тамақтану мәселесі бірқатар себептерге байланысты бірінші орынға шықты, атап айтсақ экологиялық ортаның бұзылуы, организмге қажет компоненттердің жеткіліксіз түсуі, дұрыс тамақтанбау, сапасы төмен азықтар және т.б. Ал соның нәтижесінде біздің денсаулығымыз бен күшіміз толық жойылады. Организмнің көбінесе ондағы пайда болатын және оған тамақпен, сумен, ауамен және дәрі-дәрмек заттарымен баратын зиянды заттарды шығаруды қамтамасыз етуге күші жеткіліксіз. Сау адам жейтін асына жиі зейінсіз қарайды. Ал ауырып, күнделікті жарнама беттерінен түспейтін ең жаңа препараттарды іздей бастайды, сонымен тамақ сияқты сенімді және тұрақты емдеу құралы туралы ұмытады. Ал Гиппократтың өзі былай деген: «Біздің барлық емдеу құралдарымыз азық-түлік заттары емдік заттар болуы керек». Зат алмасуының бұзылуының (семіру, қант диабеті және т.б) салдарынан пайда болатын аурулар жиі кездеседі. Осыған байланысты қазіргі таңда дұрыс тамақтану энергетикалық шығындарға және организмнің физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкес келу үшін тамақтану мәдениетін жоғарылату мәселесі өзекті бола бастады. Әрбір адамның азық-түлік заттарын дұрыс пайдалануы денсаулықты көп нығайтуға көмектеседі. Дұрыс тамақтану денсаулықтың және ұзақ өмір сүрудің басты факторы болып табылады. Адамның физикалық жағдайы, оның қалай және қандай көлемде тамақ жейтініне байланысты. Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты-дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға еренкше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді. Тамақтану барысында мына ережелерді сақтаған жөн: тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек, тамақты асықпай және мұқият шайнап жеу керек, тамақты жиі жіне аз мөлшерде қабылдаған жөн (күніне 5 рет), таңертеңгі асты мұқият ішу қажет. Егер ағза 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда ағзадағы қан азайып кетеді. Тамақтану адамның өмірлік қажеттілігі және денсаулық кепілі. Ас- адамның арқауы, ағза дене жүктемесінде ғана емес, тыныштық жағдайында да шығындайтын қуат көзі. Ас ішу біздің жасушаларымыз бен тіндерімізді жаңартуға мүмкіндік береді. Дұрыс тамақтану жүрек-қантамыр, асқазан-ішек жолдары, қант диабеті, остеопороз, онкологиялық аурулардың алдын алу үшін, сыртқы орта әсеріне қарсы тұру үшін, ағзаның жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін, белсенді ұзақ өмір сүру үшін қажет. [«Тағам туралы толғау» 89-бет] Дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары: тағамның құрамында негізгі қоректік заттар (белок, көмірсу, май) болуы тиіс; тамақ рационында дәрумендер, тағамдық талшықтар болуы тиіс; тәулік бойы тамақтану тәртібін, мөлшерін сақтау; тағамдар санитарлық-гигиена талаптарына сәйкеас болуы керек. Салауатты тамақтану және жоғары дене белсенділігі, спортпен шұғылдану, күйзеліспен күресе білу, темекі және ішімдіктен бас тарту жолымен салауатты өмір салтын ұстану арқылы аурулардың алдын алып, денсаулықты және тартымды келбетті сақтап, сұлу да сымбатты, белсенді болып жүруіңізге болады.





2





Практикалық бөлім

Халықты тамақтандыру әлдеқашан аса маңызды әлеуметтік проблемаға айналған. Адам өмір үшін жаралды, тамақтанбай өмір сүру мүмкін емес. Адамзат ғасырлар бойы тамақ табу үшін күресумен келеді. Ал көптеген елдердегі ұдайы аштық әлі күнге дейін миллиондаған адамдардың қыр соңынан қалмай, түбіне жетуде. Бүгінгі таңда теледидар арқылы берілетін тарихи шындықтарға көзіміз жетуде. Кеңес Одағы құрамына енген Қазақстан халқы өткен ғасырдың отызыншы жылдары аштықтан қырылып, жапа шеккен. Осы ұлы нәубаттың басты себебі неде? Тек қана мал шаруашылығымен айналысуды білетін, өсімдік өсіруден хабары жоқ көшпенді адамдар аштан өлген.

Халықты тамақтандыру әлдеқашан аса маңызды әлеуметтік проблемаға айналды.

  • Тамаққа жарымай тіршілік ететіндер кездеседі ме?

  • Адамдар жеткілікті мөлшерде тойып тамақтанады ма?

Осындай сұрақтар қатты толғандырғандықтан мен сауалнама сұрақтарын құрастырып, сараптамалық талдау жасадым.

Сауалнамада келтірілген мәселелер:

  • Тәулігіне тамақтану реті [1-қосымша]

  • Тамақтанудағы мәзір түрі [2-қосымша]

  • Тамақтанудағы тағам түрлерінің көпшілігі [3-қосымша]

  • Тәулігіне ыстық тағаммен қоректену [4-қосымша]











3



Тәулігіне тамақтану реті [1-қосымша]



  1. Тәулігіне 3 рет тамақтану

  2. Тәулігіне 2 рет тамақтану

  3. Тәулігіне 4 рет тамақтану

  4. Ретсіз тамақтану

  5. Аз тамақтану

Сауалнамаға бастауыш сынып және орта буын оқушылары қатысып, жалпы нәтижелік көрсеткіші төмендегідей болды (150 оқушыдан жауаптар алынды)

Оқушылар ретсіз тамақтанатыны анықталды: үш рет тамақтанушылар-15%, екі рет-40%, төрт рет-5%, ретсіз -45%, тіпті сапалы тамақ ішпейміз дегендерде кездесті.

Мәзір туралы талдаудың нәтижесінде үнемі біркелкі тағамдармен қоректенушілер- 60%, кейде ғана ас мәзіріне өзгеріс енеді деушілер- 30%, әртүрлі ас мәзірі, арасында-12%, ас мәзірі түрлері қалыпқа сай-10%, ас мәзірі әр түрлі 9% көрсетті.





Тамақтанудан тағам түрлерінің әр түрлілігі жайлы ақпарат талдауы:

81%- ұн тағамдары, 12%- ет тағамдары, 6%- көкеніс салаттары, 0,3%- жеміс-жидек жеушілер.





4





Тамақтанудағы ас мәзірі түрі [2-қосымша]





Тәулігіне ыстық тағаммен қоректенушілер жайлы сауалнама нәтижесі:















5

Тамақтанудағы тағам түрлерінің көпшілігі [3-қосымша]





Тәулігіне ыстық тағаммен қоректену [4-қосымша]













6

Диаграмма сараптамасы бойынша сұраққа жауап берушілердің бастауыш сыныптан 3«А», орта буын 5«В» сынып және жоғары сыныптан 8«А» класс оқушыларынан орта есеппен алғанда 240 оқушы: 34,5% екі рет ыстық тамақ ішеді, 18,5% көбінесе жеңіл тағам, яғни тіс басар (бутерброд, нан, тоқаш, май, қант, шай) 8,4% оқушылар ыстық тағам көп ішпеймін десе, үш рет ыстық тағам ішетіндер саны өте аз болып кездеседі. Тәжірибелік іс-әрекетім қарапайым әдіс-тәсілдерге сүйенеді. Өз деңгейім негізінде құрастырылған сұрақтарым және мәселені шешу тәсілдерім төмендегідей. Семей қаласындағы туыстарымыздың саяжайына демалуға, суға түсіп, күнге қыздырынуға барып, бір неше күн жатқандағы байқағанымда көптеген жанұялар сол маңнан мекен тауыпты. Шағын үйлерге бөлме қосып үлкейткен. Ескі үйдің орнына жаңадан үй салған, үй салған құрылыс материалдары жұпыны, әр түрлі жинап құрастырылған үйлер қалыптары көзге түседі. Менің зерттеу жұмысымның мақсаты жалпы әлеуметтік жағдай емес, нақты мәселе-тиімді тамақтану болғандықтан ең бірінші зерделеу, бақылау тәсілім сұрақ қою, интервью алу болды. Пештің маңында қызығушылықпен ойнап жүрген 4-5 жасар қыз баламен сұхбат:

-Раушан, сен не істеп жүрсің?

-Тағам әзірлеп жүрмін.

-Жарайсың, тағам дайындай аласың ба?

-Жасай аламын.

-Не тағам?

-Рожки

Осы бір диалог сараптаманы қажет етпейді-ау деймін. Саяжайдағы апайлармен интервью.

-Гүлмария апай жұмыс істейсіз бе?

-Жұмыс жоқ, үй шаруасындамын, екі күнде бір отбасыма жеті бөлке нан саламын.

-Неге жиі, неге көп?

-Төрт ұлым, жұбайым ,енем, келінім, немерем, өзіммен тоғызбыз. Бір ұл және бір қыз бала ауылдан келген жиендерім, студенттер қолымызда тұрады.

-Жұмыс істейтіндері бар ма?

-Үлкен ұлым жұмыс істейді, бірақ өз жанұясының киім-кешегінен аспайды. Келін жұмыста, бір ұлым күзетте екі күнде бір барады, жалақысы аз. Басқаларында жұмыс жоқ, ақсақалым 1958 жылғы, оны жұмысқа жарамайсың деп алмайды (ауылдан 5-6 жыл бұрын келгенбіз) қалған екі ұлым еңбек жасына жетпеген.

-Қалай тамақтанасыздар? Ренжімесеңіз, кеңірек тоқталсаңыз

. 7

-Әженің (енем) зейнетақысына ұн аламыз, басқа тағам түрлері де жарытпайды қант, рожки, макарон, өсімдік майы. Майлы ботқалар, рожки, вермишель, макарондарды майға басып, нанмен тығындап жанұя өкілдерін тойғызу. («Ұлдарды тойғызу оңай ма?»-деп күліп

қояды да, дауысын бәсеңдетіп, енем аман жүрсе екен, сол кісі асырап отырғой бүкіл жанұя мүшелерін)

Көпшілік қауымның осылай қоректенетінін шет жағасын біліп қалдым. Жұмыс орнының аздығы, жалақы мәселесі, күнкөріс денгейінің төмендігі тағам түрлерінің әр түрлі болуына кедергі келтіреді.

Менің бір жақын туысым, апам АҚШ-та болып, шетел өкілінің сұрақтарына жауап бергенде төмендегі диалог туындады:

-Қазақтар не жейді, қоректері қандай?

-Майлы ет, тұшпара, манты, бауырсақ, шелпек, тоқаш...

-Ұн тағамдары қалай дайындалады?

-Бауырсақ және шелпек майға қуырылады, тоқаш ұннан ...деп

-Бұл тағамдар асқазанға ауыр тимейді ме? -депті.

Мен өзім алдыңғы жазғы демалысымды Оңтүстік Еуропаның, Жерорта теңізі жағалауында орналасқан Италия мемлекетінде өткіздім. Ондағы ас мәзірінің бізбен айырмашылығы:шайды көп пайдаланбайды, оның орнына шырынмен суды көп пайдаланады, және де шаянның етімен пиццаны жегенді ұнатады, яғни теңіз өнімдері мен көкөніс тағамдарды өте көп мөлшерде пайдаланады. Мен онда болғандағы бір күндік ас мәзірім: таңғы асқа-сүт қосылған жүгері мен ыстық кофе, түскі асқа-макарон және көкөніс салаттары, дәріс асқа-балмұздақ, ал кешкі асқа-сүт қосылған шаян етімен әр түрлі шөптерден жасалған салаттар. Көбінесе денсаулыққа пайдалы тағамдар тұтындық.

Мен сараптамалық талдау жасадым. Қуырылған шелпек және бауырсақ, ұн тағамдары тойымды болғанымен, асқазанға ауыр, денсаулыққа пайдалы емес екендігін анықтадым. Демалыс кезіндегі ас мәзіріме енгізілген өзгеріс нәтижесінде асқазанымдағы ауырлық сезіну азайғандығын байқадым. Көкөністі, жеміс-жидектерді тойғанынша болмаса да жиі қолданған жөн екендігін ұғындым. Жоғарыдағы аталған апайға, үйлеріңіз саяжайда ғой, көкөніс мол шығар? Жанұя үлкен, үйдің көлемін кең етіп салғандықтан жер азайды, картоп салуға орын жоқ және аз жерден алынған көкөністі кімнің аузынан табамыз....-деді. Ұлттық дағдыны өзгертіп басқаша тамақтану қажет. Тағы бір маңызды байқау, 50 жастан асқан адамдардың, әсіресе, қазақ қауымының ауыруға шалдыққандар саны көбеюде. Жүрек, жүйке, буын ауруларымен қоса асқазан, бауыр, ұйқы безі, бүйрек... гастрит, холецистит, панкреатит т.б. Осындай зерделеулерден кейін мені ойландырған мәселе-тамақтану мәдениеті, яғни салауатты тамақтану. Зерттеуімнің практикалық бөлімінде тамақтанудың емдік режимінің 10 нұсқасын ұсынамын: Диета +3 сау адамның диетасы, яғни 10 пайыз дәнді дақылдар, 30 пайыз көкөніс, 10 пайыз көже, 30 пайыз ет, құс, балық, 15 пайыз жеміс-жидек, салат, 5 пайыз десерт. Диета номер 7 дәрісіз емделу, жазылу, аурудан арылу диетасы [слайдта көрсетілген].

8

Сонымен қатар практикалық бөлімімде дұрыс тамақтану туралы маманмен кеңесіп, жеткіншектерге арналған тамақтану пирамидасын ұсындым [слайдта көрсетілген], тәжірибелік жұмыс барысында мамандардығ көмегіменен балаларда кездесетін ішек құрттарды микроскопиялық зерттеудің көмегімен анықтап, олардың пайда болу жолдарын, емдеу және алдын алу жолдарын зерттеп, білімімді жетілдірдім. Ішек құрт ауруы-паразитарлық ауруға жатады. Ең көп таралғаны-домалақ құрттар, олардың ішінде көбінесе аскаридалар. Бір қарағанда ұсақ паразиттер қауіпсіз көрінгенімен, ағзаны улайтыны есте болсын. Әсіресе олар сәби ағзасына кері әсерін тигізеді. Алайда олардың тез арада құтылу амалдарын жаса

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!