Материалдар / Сәлем, саған мектебім.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сәлем, саған мектебім.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тілашар іс шарасының сценарийі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2019
1770
5 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тілашар

Мақсаты: Алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді білім алуға, оқуға шақыру.

Оқушылардың оқуға ынтасын,қызығушылығын арттыру.

Қоршаған дүниені танып білуге жетелеу

Көрнекілігі: Қанатты сөздер,барнер,кітапша Тілашар,шақыру қағазы,мәжіліс залы шарлармен безендірілген.


Мұғалім:  Армысыздар ардақты ата-аналар және қадірлі ұстаздар! Міне, бүгін сіздер кеше ғана білім баспалдағына алғаш рет қадам басқан, бүгінгі 1-сынып оқушыларының мерекесіне жиналып, «Тілашар» тойының куәгері болып отырсыздар.


Қуаныш бүгін мереке,

Шуағын шашып тұр әлем,

Тілашарға келген қуанып,

Қонақтарға мың сәлем!


Бала деген, шіркін-ай, балдай екен,
Тәттілігі жая мен жалдай екен.
Арып-ашып даладан келгеніңде,
Бал иісін таттырып алдайды екен,-деп Кенен Әзірбаев атамыз айтқандай кішкентай бүлдіршіндеріміздің бал тіліне құлақ салайық !

Ортаға оқушылар шығады.


Мұғалім

Жақсы білім көрімдік,

Болсын сізге халайық,

Не үйреніп,не білдік

Қане, ортаға салайық!


Жанболат.

- Ассалаумағалейкум халайық!
Еңлік

- Армысыздар құрметті қонақтар. Сәлем бердік.
Рауан.

Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға

Мейрамбек
Қош келіпсіз ұстаздар ата-аналар
Біздің Тілашар тойымызға.

Айғаным: Олай болса, бүгінгі «Тілашар» кешіне арнаған бағдарламаны бізбен бірге тамашалаңыздар!

Бейбіт

Мен, қазақпын, ұланымын елімнің,

Мен қазақпын, тірегімін жерімнің

Сұлтанхан

Көз тойғысыз қазағымның жері бар,

Ну орманы, тау, өзені, көлі бар.

Еміл

Қазағымның жерін,елін қорғайтын,

Жас жеткіншек ұланы бар, ері бар

Тамила

Міне, осындай егеменді еліміз,

Кең жазира, ұлан – байтақ жеріміз.

Әлібек

Туған елін, туған жерін сүйетін,

Біз қазақтың ұланымыз, еріміз


Ән: Біз мектепке барамыз



Мұғалім: Айналайын балалар,
Алдыңда Мектеп-Ана бар!
Өздеріңнен өседі,
Өнерлілер,даналар.
Өтті қызық көп күндер,
Жеті жасқа жеттіңдер.

Құтты болсын қадамың
Құтты болсын талабың
Мағжан атам айтқандай
Білім отын жаға біл.


(Ұлдар өз тақпақтарын айтады.)


Нұрдос

Оқуды көп ойлаймыз

Қызығына тоймаймыз

Әріптерді үйреніп

Өлең айтып, би билеп

Өнерден де қалмаймыз


Арсен

Мектеп үлкен бағдаршам

Ұстаз шырақ ұстаушы

Екеуі де аңғарсақ

Бағыт жолын нұсқаушы


Ернар

Тақпағымды жаттаймын

Сабағымдыы аптаймын

Бңздңкңндей мектепті

Ешбір жерден таппаймын


Мейрамбек

Кіп кішкентай баламын

Алтыдан асып барамын

Сөмке алып мойныма

Мектепке мен барамын


Мейіржан

Озат оқушы боламын

Жақсы баға аламын

Таудай үлкен талабым

Содан жақсы сабағым


Даурен

Еркеңіздің мойнына

Ақ жағасы жарасар

Кел , келіңіз тойыма

Тойымның аты тілашар


Ерканат

Мен мектепке барамын

Маржан сүзіп табамын

Жарқыратып кеудеме

Жұлдыз етіп жағамын


Ернар

Кешегі сәби балаңыз

Жарады міне қараңыз

Ғылым, білім жолына

Енді қайық саламыз


Досхан

Анашым аяулы адам сен едің

Серігі болған біздердің

Түн ұйқысын төрт бөлген

Қамқоршы менің анашым


Жанболат

Анашым менің анашым

Мәпелеп өсірген сен едің

Мейірімің қандай керемет

Анашым менің анашым


Шахсұлтан

Мектеп қамқор анамыз

Оқып білім аламыз

Өнерпаз боп өсетін

Біз оқушы боламыз


Мұғалім:

Құтты болсың, тойларың

Балғын шақты балдырған,

Ортаға шығып билейді

Кіп-кішкентай балапан.


Ұлдар тақпақтарын айтып болғаннан кейін би «Флешмоб».


Мұғалім

Ұрпақпен ұласады мұрат арман,

Бәйтерек бой көтерер құба талдан.

Тойлаңдар,қуаныңдар, ағайындар,

Шалқып қайт, шаттық тойында


Қыздар тақпақтарын айтады


Аяжан

Мен тәртіпті баламын

Түгел қағаз, қаламым

Бір күн қалмай сабақтан

Кілең бестік аламын


Іңкәр

Еркесімін атамның

Еркесімін анамның

Толып биыл алтыға

Мен оқушы атандым

Арқама сөмке асына

Мектепке барамын асыға


Даяна

Мектеп деген жақсы екен
Қызығы мол думанды.
Жақсы көрем бәрінен,
Әдемілеп жазғанды.

Жеті жасқа жеткенім,
Еркеліктен кеткенім.
Кітабымды қолтықтап,
Мектебіме жеткенім.




Өмірімнің көктемін,
Сенде өткізем деп келдім,
Алтын ұям – мектебім!
Оқып ғылым-білімін,
Ой аламын деп келдім,
Оттан ыстық мектебім!


Ойыншық қалды жайында,

Әріптер бөлді көңілді.

Тәбетім жоқ ойынға,

Сезінем үлкен өзімді.


Қуыршақты тастадым,

Уақыт жоқ қой ойынға.

Әріпті құрай бастадым,

Сөздерді тізіп қоюға.


Әжептеуір бойым да,

Сабақ қана ойымда.

Оны ұқпас інім тек,

Шақырады ойынға.

Дейді «Жел боп есейік»

Қайдан білсін ол менің,

Кеткенімді есейіп.



Ортаға қыздар шығады. «Қазақ биі»



Құрметті ата-аналар Балаларыңыздың осындай дәрежелерге жетулеріне сіздердің жәрдемдеріңізде өте күшті.Сіздерге де үлкен алғыс айтамыз. Ендеше келесі әнімізді Аяулы аналарымызға арнаймыз!

Анашым анажаным

- Қымбатты шәкірттерім Сіздердің білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті қадамдарың құтты болсын.
Бүгінгі кеш әр үйдің «Той басы» деп саналар
Балалардың есімі әулеттерге таралар
Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар


Мұғалім : Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізер сендердей өренді

Білімнің нәрлі сырына.

Оқитын әрі жазатын,

Білімге қол созатын.

Құтты болсын  балдырған,

Оқушы деген жаңа атың.

  • Құрметті оқушылар! «Оқушы» деген атқа лайық болып, ата-аналарыңды , ұстаздарыңды, құрбы- жолдастарыңды сыйлайтын әдепті, алғыр, зерек, тәртіпті болады деп сенім білдіремін.

  • Ертеңгілігімізді оқушыларымыздың осы кезге дейінгі мектепте түскен фотоларынан жасалған фото-шоумен аяқтағым келіп отыр. /фото-шоу/

 Қатысқандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!


















Мұғалім: Айналайын балалар,

Алдыңда Мектеп-Ана бар!

Өздеріңнен өседі,

Өнерлілер,даналар.

Өтті қызық көп күндер,

Жеті жасқа жеттіңдер.

Құтты болсын қадамың

Құтты болсын талабың

Мағжан атам айтқандай

Білім отын жаға біл.

Мұғалім: Шашу, шашу шашайық,


Ақ сандықты ашайық,

Бұл мереке, бұл тойдың

Бастаңғысын жасайық. (Ортаға әже шығып, шашу шашады, батасын береді).

Әже: Өсті міне бойларың,

Өсті міне ойларың.

Қуанышқа жиналған

Құтты болсын тойларың.

Мұғалім: Шашу шашты әжелер,

Сылдырлатып теңгелер.

Тойымыздың шашуын,

Сәт сапарға теңгерер.

Санжар: Еркеңіздің мойнына,

Ақ жағасы жарасар.

Кел, келіңіз тойыма,

Тойымның аты – тілашар.


Султан: Таудай биік талабым,

Оттай лаулап жанамын.

Салт-санасын сақтаймын,

Дала менен қаланың,

Мен мектепке барамын.

Алғатай: Қолға кітап аламын,

Маржан сүзіп табамын.

Жарқыратып кеудеме,

Жұлдыз етіп тағамын.

Мен мектепке барамын.

Гүлназ: Мен оқушы баламын –

Оқып, білім аламын.

Мектеп-ұям, өзіңе

Арналады бал әнім.






































 

Начало формы



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!