Тақырыбы: «Шалқан» ертегісі.
Мақсаты: Шалқан ертегісін сахналау
арқыла балалардыңақыл –ойын, қиялын дамыту.Есте сақтау қабілеттерін
жеткізу. Үй жануарлары жайында түсініктерін
толтыру.
Көрнекіліктер: «Шалқан» ертегісінің
суреттері, көрніске керекті құралдар.
Ертегінің
барысы:
Залда музыка ойнап тұрады,
залға кірген балалар қонақтармен
амандасады.
Есік
қағылады.
Тәрбиеші: Балалар, қанекей кім есік
қағып тұрған, соны қарайықшы есікті ашып. Тәрбиеші есік
ашады.
Қоян: Саламатсыңдар ма, балалар! Мен
бүгін сендерге әдейі орманнан «Ертегілер еліне» қонаққа келіп
тұрмын. Даярлық тобының бүлдіршіндері «Шалқан» ертегісін сахналайды
деп, орманда жүріп сауысқаннан естіп, арнайы
келдім.
Тәрбиеші: Қоян, сіз дәл уақытында
келдіңіз, олай болса балалармен қосылып, ертегіні тамашалауға
шақырамыз, балалардың арасынан орын алып, орналаса
қойыңыз.
Әуенмен шалқан ертегісі
басталады.
Тәрбиеші: Ерте, ерте, ертеде. Бір кемпір
мен шал өмір сүріпті. Олар үй шаруашылығына, ата есіктің алдында
шалқан егіпті. Күндердің бір күнінде Шалқан күннің ыстық сәулесімен
үлкен болып өсіпті . Осы кезде ата шалқанына тамсанып
қарайды.
Ата: Ой, бәрекелді, менің еккен
шалқаным үлкен болып өсіпті. Бәріне жететін
болды.
Тәрбиеші: Осылай ата еңбегіне қуанып
шалқанды тартпақшы болады. Әрі тартады, бері тартады, шалқанды жұла
алмай қояды. Сөйтіп көмекке кемпірді
шақырады.
---- Кемпірім, кемпірім,
көмекке келші, қарашы, шалқанымыз үлкен болып өсіпті. Жалғыз өзім
тарта алмай қойдым. Кел, екеуміз бірге
тартайық!
Кемпір: Ой, шынында үлкен болып өсіпті
ғой! Кел, тартсақ тартайық!
Тәрбиеші: Осылайша атаның артыннан ұстап
әрі тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды орныннан қозғалта
алмайды. Кемпір қызын көмекке шақырады.
Кемпір: Қызым, қызым, бізге көмекке
келші. Атаң еккен шалқанды жұла алмай
жатырмыз.
Қыз: арайды апа сізге
көмектесемін.
Тәрбиеші: Сонымен қызы көмекке келіп,
шалқанды рет – ретімен тартады. Бірақ күштері жетпейді. Сонымен қыз
көмекке итін шақырады.
Қыз: Итім, итім көмекке
келші.
Ит: Аф – аф – аф көмектес десеңдер
көмектесемін.
Тәрбиеші: Ит қыздың етегінен, қыз
кемпірдің етегінен, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап ары тартады,
бері тартады, бірақ шалқанды суыра алмайды. Енді ит көмекке мысықты
шақырады.
Ит: Мысық, мысық бізге көмекке
келші, атам еккен шалқанды жұла алмай
жатырмыз.
Мысық: Мяу – мяу, көмектесіп
жіберейін.
Тәрбиеші: Мысық иттің құйрығынан ит
қыздың етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап
әрі жұлқылайды, бері жұлқылайды, бірақ шалқан шықпайды. Енді мысық
көмекке тышқанды шақырады.
Мысық: Тышқан, тышқан, маған
көмектесіп жіберші.
Тышқан: Әріне көмектесіп
жіберемін.
Олар тарта – тарта
шалқанды суырып алады.