Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шалқан ертегісі тантамареска театрында

Материал туралы қысқаша түсінік
Шалқан ертегісі тантамареска театрында
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Сырғалым» балабақша мекемесі























«Шалқан» ертегісін тантамареска театрында сахналау




Тобы:

Тәрбиеші:





















2023-2024 оқу жылы


Күні:

Тәрбиеші:

Тобы: Ортаңғы топ

Оқу іс-әрекетінің міндеті:

Балаларды өз бетінше сөйлеуге үйрету;

Шешендікке, әдеби тілде сөйлеуге баулу;

Балалар әдебиетіне, театр әлеміне қызығушылықты қалыптастыру.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Орыс халқының «Шалқан» ертегісімен таныстыру; балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттерін, жүріс – тұрысын талдауға, оларға баға беруге үйрету; тіл байлықтарын молайту, ертегі мазмұнын, дауыс ырғағын келтіре отырып айтуға жаттықтыру.


Сөздік жұмыс

"Шалқан", "ата", "апа", "немере қыз", "мысық", "ит", "тышқан" сөздерін пайдалану.


Әдіс-тәсілдер

"Шалқан", "ата", "апа", "немере қыз", "мысық", "ит", "тышқан" сөздерін пайдалану; «Тантамареска» әдісі арқылы ертегі желісін сахналау, кері байланыс, әңгімелеу.


Ресурстар

1. Көрнекілік материалдар


Ертегі сюжеті бейнеленген суреттер.


2. Үлестірмелі материалдар


"Шалқан" ертегісің сахналауға арналған танатамареска тақтасы, ертегі кітабы.


1. КІРІСПЕ


1.1. Педагог оқу қызметі басында шеңбер құруға шақырады.

Шалқан ертегісі


Тәрбиеші: Ал, балалар, бағдарламаны бастау керек. Келіңдер, отырыңдар. Көрермендер күтіп қалды.

  • Қалай, бүгін ертегі тыңдауға дайынбыз ба?

  • Көңіл-күйлерің қалай?


Балалар: - Жақсы.

Тәрбиеші: Ендеше менде сендерге жақсы көңіл күймен , ертегі айтып берейін. Ол үшін біз, бірінші, көрермендермен амандасып алу керекпіз.

  • Амансыздар ма, көрермендер?

  • Сәлем, сәлем (балалар)

  • Ал, балалар, мен сиқырлы ертегі кітабымды ашайын.

  • Балалар, қараңдаршы, бұл не зат?


Балалар: Шалқан.

Тәрбиеші: Олай болса, біз бүгін тантамареска театрында «Шалқан» ерттегісін тамашалаймыз.

Тәрбиеші: Ерте, ерте, ертеде бір Балтабай атай болыпты. Балтабай атай шалқан егіпті. Шалқанды күнбе - күн баптап, суарып отырыпты. Шалқаны үйдей боп, үйден де дәу болып өсіпті. Балтабай атай шалқанды жерден суырып алмақ болып, шалқалай тартады. Олай тартқылайды, былай тартқылайды, суыра алмайды.


Тәрбиеші: Балтабай атай Онша әжейді көмекке шақырады.


Балтабай атай: ой, шаршап кетті, белім де ауырып кеттім, көмекке кемпірімді шақырайын.


Балтабай атай: Кемпірім-ай, кемпірім, келе ғой, бір көмегіңді бере ғой.


Онша әжей: Жарайды, көмек берсем берейін.


Тәрбиеші: Онша әжей Балтабай атайдың белбеуінен ұстайды, Балтабай атай шалқанның желегінен ұстайды. Олай тартқылайды, былай тартқылайды суыра алмайды.


Тәрбиеші: Онша әжей немере қызы Жидекті шақырады.


Онша әжей: Әй, қалқам келе ғой көмегінді бере ғой.


Тәрбиеші: Жидек Онша әжейдің белінен, Онша әжей Балтабай атайдың белбеуінен ұстайды, Балтабай атай шалқанның желегінен ұстайды Олай тартқылайды, былай тартқылайды суыра алмайды. Әлекке түседі.


Тәрбиеші: Немере қызы Жидек Ақтөс күшігін шақырады


Жидек: Күшігім менің сақ құлақ, келеді әне шапқылап. Келе ғой, бір көмегіңді бере ғой.


Күшік: Аф-аф, әрине, көмектесемін.


Тәрбиеші: Ақтөс Жидектің бұрымынан ұстайды, Жидек Онша әжейдің белінен, Онша әжей Балтабай атайдың белбеуінен ұстайды, Балтабай атай шалқанның желегінен ұстайды Олай тартқылайды, былай тартқылайды суыра алмайды.


Тәрбиеші: Ақтөс үйдегі Марғау мысықты шақырады.


Ақтөс күшік: Келе ғой мысық, көмегіңді бер ғой, кел.


Тәрбиеші: Марғау мысық Ақтөс күшіктің құйрығынан ұстайды, Ақтөс Жидектің бұрымынан ұстайды, Жидек Онша әжейдің белінен, Онша әжей Балтабай атайдың белбеуінен ұстайды, Балтабай атай шалқанның желегінен ұстайды Олай тартқылайды, былай тартқылайды суыра алмайды.


Тәрбиеші: Марғау мысықтың ойына тышқан түседі. Ол тышқанды шақырады


Марғау мысық: Тышқаным менің тышқаным, келе ғой бір көмегіңді бере ғой.


Тәрбиеші: Тышқан мысықтың құйрығынан ұстайды, Марғау мысық Ақтөс күшіктің құйрығынан ұстайды, Ақтөс Жидектің бұрымынан ұстайды, Жидек Онша әжейдің белінен, Онша әжей Балтабай атайдың белбеуінен ұстайды, Балтабай атай шалқанның желегінен ұстайды Олай тартқылап, былай тартқылап шалқанды суырып алады.

Тәрбиеші: Бірнеше жыл суыра алмаған Балтабай ата шалқанды тышқанның арқасында жерден әрең дегенде суырып алады. Тышқанға деген алғыстары шексіз.

Тәрбиеші: Ертегіні сахналаған кейіпкелерді ортаға шақырайын.

Атасы –

Әжесі –

Немере қызы –

Күшігі –

Мысығы –

Тышқаны –






































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.10.2024
236
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12