400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Шалқан» орыс халық ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге керек ашық сабақ қолдануға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе облысы, Темір ауданы

Сарыкөл жалпы орта білім беретін мектебі КММ-нің

жанындағы шағын орталық тәрбиешісі

Әбілханова Сая Жұмагелдіқызы

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Тақырыбы: «Шалқан» орыс халық ертегісі

Мақсаты: Шалқан ертегісі туралы мағұлмат беру, шалқанға түсінік беру. «Шалқан» ертегісіне сахналық қойылым көрсету. Ертегіні сахналау арқылы ой-қиялын дамыту. «Шалқан» ертегісін көрсете отырып, бір отбасының татулығын, бірліктерін көрсету.

Сабақ барысы: Балалар қараңдаршы біздер ғажайып ертегілер еліне келдік, бізден бұрын мұнда апайлар да келіп қалған екен қош келдіңіздер  біздің ғажайып ертегілер еліне,қане балалар амандасайық.

Шаттық шеңбер:

Біз ерекше баламыз,

Біз ерекше боламыз

Қонақтарды көргенде

Сәлеметсиздерме деп

Амандасып аламыз.

(дыбыс) Сиқырлы қорап табылады.

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы мына әдемі қорапты, ішінде не бар екенін білгілерің келеме? (ой толғау) Балалар жауабы.

Тәрбиеші:Жарайсыңдар. Мұнда ертекші атайдың сендерге арнаған тапсырмалары мен сыйлығы бар екен (ертегілерден үзінді суреттер,жұлдызшалар) Сұрақ-жауап әңгіме. Кім тапсырмаларды жақсы орындап, сұрақтарға жақсы жауап берсе сол балаларға жұлдызша беремін

-Мына суретте қай ертегі бейнеленген?

-Бұл ертегіде қандай кейіпкерлер бар? Т.т

Тәрбиеші: Қане балалар осы ертегілер ішінен «Шалқан» орыс халқының ертегісін рөлдерге бөліп ойнайық.( Шалқанға сыйпаттама беріп кету.) «Шалқан» ертегісі орыс халық ертегісі балалар. Ертегінің негізінен көптеген түрлері бар, олар:

-Қиял-ғажайып ертегісі

-Шыншыл ертегі

-Жан-жануарлар туралы ертегі

-Тұрмыс –салт ертегісі болып бөлінеді екен. Ал осы «Шалқан» ертегісі балалар тұрмыс-салттуралы ертегі екен. «Шалқан» оражапырақ тұқымдасына жататын екі жылдық көкөніс. Шалқанның түсі ақ немесе сары болады екен. Шалқанның құрамында көптеген дәрумендер бар екен. Ендеше Шалқан ертегісін тамашалауды ұсынамын.

Балалар кейіпкерлерге бөлініп шалқан ертегісін сахналайды.

Тәрбиеші:

Ерте, ерте, ертеде. Бір кемпір мен шал өмір сүріпті. Олар үй шаруашылығына, ата есіктің алдында шалқан егіпті. Күндердің бір күнінде Шалқан күнні ыстық сәулесімен үлкен болып өсіпті.Осы кезде ата шалқанына тамсанып қарайды.

Ата:Ой, бәрекелді, менің еккен шалқаным үлкен болып өсіпті. Бәріне жететін болды.

Тәрбиеші:Осылай ата еңбегіне қуанып шалқанды тартпақшы болады. Әрі тартады, бері тартады, шалқанды жұла алмай қояды. Сөйтіп көмекке кемпірін шақырады.

Ата:Ойбай, шаршап кеттім, белім де ауырады. Қой көмекке кемпірді шақырайын.— Кемпірім, кемпірім, көмекке келші, қараша, шалқанымыз үлкен болып өсіпті, Жалғыз өзім тарта алмай қойдым. Кел, екеуміз бірге тартайық!

Кемпір:Ой, шынында үлкен болып өсіпті ғой! Кел, тартсақ тартайық!

Тәрбиеші:Осылайша атаның артынан ұстап әрі тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды орнынан қозғалта алмайды. Кемпір қызын көмекке шақырады.

Кемпір:Қызым, қызым, бізге көмекке келші. Атаң еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.

Қыз:Жарайды апа сізге көмектесемін.

Тәрбиеші:Сонымен қызы көмекке келіп, шалқанды рет-ретімен тартады. Бірақ күштері жетпейді. Сонымен қыз көмекке итін шақырады.

Қыз:Итім, итім көмекке келші.

Ит:Аф-аф-аф көмектес десеңдер көмектесемін

Тәрбиеші:Ит қыздың етегінен, қыз кемпірдің етегінен, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап ары тартады, бері тартады, бірақ шалқанды суыра алмайды.Енді ит көмекке мысықты шақырады.

Ит:Мысық, мысық, бізге көмекке келші, атам еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.

Мысық:Мяу-мяу, көмектесіп жіберейін.

Тәрбиеші:Мысық иттің құйрығынан ит қыздың етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап әрі жұлқылайды, бері жұлқылайды, бірақ шалқан шықпайды.Енді мысық көмекке тышқанды шақырады.

Мысық:Тышқан, тышқан, маған көмектесіп жіберші.

Тышқан:Әрине көмектесіп жіберемін.Олар тарта-тарта шалқанды суырып алады.

Фланелеграф ойыны «Шалқан» ертегі  кейіпкерлерін  орындарына  дұрыс  қою.

Тәрбиеші: Ертегідегі шалқанды кім екті?

Балалар: Ата

Тәрбиеші: Немересі көмекке нені шақырды?

Балалар: Ит

Тәрбиеші: Шалқан ертегісіндегі ең соңғы көмекке келген кім?

Балалар: Тышқан

Тәрбиеші: Шалқан қандай болып өсті?

Балалар: Үлкен болып

Тәрбиеші: Шалқанның түсі қандай?

Балалар: Сары

Тәрбиеші: Шалқанның пішіні қандай?

Балалар: Дөңгелек

Қортынды.

Балаларды мадақтау, жұлдызшамен бағалау.

-Сендерге ертегілер еліндегі саяхат ұнады ма, олай болса «Ертегілер еліндегі» орыс халқының «Шалқан» ертегісі атты ашық сабағымыз аяқталды.





































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
927
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі