Материалдар / Салқындау үдерісі 7сынып

Салқындау үдерісі 7сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
7сыныпқа арналған сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Желтоқсан 2020
1323
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ВИДЕОСАБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:

Мусина Бакыт Жунусовна

Пән/Сынып:

Химия, 7 сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

6- сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

ІІ тарау. Заттардың агрегаттық күйінің өзгеруі.

Сабақтың тақырыбы:

Салқындау үдерісі

4 зертханалық тәжірибе «Салқындау үдерісін зерттеу»

Оқу мақсаты:

7.1.1.5 салқындау үдерісін зерделеу, салқындау қисығын салу және оны талдау, бөлшектердің кинетикалық теориясына сай, өз бақылауларын түсіндіру;

Бағалау критериі:

  • Салқындау үдерісін зерделейді;

  • Салқындау қисығын салады және оны талдайды;

  • Бөлшектердің кинетикалық теориясына сай, өз бақылауларын түсіндіре алады;

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі:

Газ тәріздес заттардың конденсациясы

Заттардың кристалдануы

Заттардың салқындау қисығы

4 зертханалық тәжірибе



Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету.

1 тапсырма. Тест жұмысын орындайды.

2 тапсырма. №4 зертханалық тәжірибе орындайды.


Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Бағалау

Ресурстар

3 минут

00:00 – 03:00

Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме?

Сабақтың тақырыбына шығу. Ой қозғау

Сабақтың тақырыбын айқындау.

3-ші слайдтардағы суреттерді көрсету. Осы суреттерді көрген кезде оқушыларда қандай ассоциациялар туындайтынын сұрап, ой қозғау.

Оқушылардың бөлшектер және олардың қалпы туралы білімдеріне шолу және олардан қатты бөлшектер, сұйықтықтар мен газдар үшін нені білдіретінін ойлануды сұрау.

Бейне ролик “Табиғаттағы су айналымы”


Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

Салқындау үдерісі

4 зертханалық тәжірибе «Салқындау үдерісін зерттеу» Бүгінгі сабақта:

Сенің білетінің:

- заттардың әртүрлі агрегаттық күйлері;

- қатты, сұйық және газдардың физикалық

қасиеттері;

- қатты, сұйық заттардың және газдардың

құрылымы;

- зат күйінің өзгерістерінің атаулары.

Сенің меңгеретінің:

- заттарды салқындату процесі;

- салқындату қисығын салу және оны талдау;

- бөлшектерді кинетикалық теория тұрғысынан

салқындату процесі.





















Презентация


Слайд 1

Слайд 2

Слайд 3

Бейне ролик “Табиғаттағы су айналымы”















14 минут


03:00 – 17:00









































Жаңа сабақ

Газ тәріздес заттардың конденсациясы Сутек, оттек, озон, азот, су буы, аммиак және т.б. газ тәріздес заттар бір жағдайларда сұйық күйге ауысуы мүмкін. Мұндай ауысу тек критикалық температурада жүзеге асады. Бөлме температурасында су сұйық та, газ тәріздес күйде де болуы мүмкін, ал азот пен оттек тек газ күйінде болады. Егер газдарды ең төменгі температураға дейін салқындатса, онда газ сұйық күйге айналады. Бұл процесс конденсация процесі деп аталады.

Конденсация – булануға кері процесс және табиғаттағы су айналымы және суды тұщыландыруда маңызды процесс. Конденсация процесі дистилденген су алуда қолданылады.

Заттардың кристалдануы.

Сұйық күйден қатты затқа айналу процесі кристалдану деп аталатыны белгілі. Бұл процесс кристалдану немесе қату температурасына жеткенде жүзеге асады. Қату температурасы – қату процесі, яғни сұйық күйден қатты күйге ауысу процесі жүретін температура.

Заттардың салқындау қисығы.

Таза заттың қыздырылуы немесе суытылуы әдетте фазалық ауысуға алып келеді. Зат температурасының берілетін (жойылатын) жылу мөлшеріне тәуелді өзгерісін көрсететін қисық қыздыру (суыту) қисығы деп аталады.

1.Конденсация процесін көрсет.

а)қатты заттардың газға айналуы ә)газдың қатты затқа айналуы

б)газдың қатты күйге ауысуы в)газдың сұйыққа айналуы

2. Кристалдану процесін көрсет.

а)сұйықтықтың газға айналуы ә)қатты заттардың сұйық күйге ауысуы

б)сұйықтықтың қатты затқа айналуы в)газдың сұйыққа айналуы

3.Тапсырмада заттарды салқындату процесінің сипаттамалары берілген. Дұрыс сипаттамаларды тап.

а)Заттарды салқындатқанда температура өзгермейді.

ә)Заттарды кристалдау кезінде температура өзгермейді.

б)Заттардың қатаюы – химиялық құбылыс.

в)Заттарды салқындатқанда бөлшектер белгілі бір тәртіппен орналасады.

4. Судың салқындау қисығында көрсетілген бөліктердің аталуын көрсет.

а)AB – судың салқындауы; BC – судың қатуы (кристалдануы); CD – мұздың қатуы

ә)AB – судың қатуы (кристалдануы); BC – судың салқындауы; CD – мұздың қатуы

б)AB – судың салқындауы; BC – мұздың қатуы; CD – судың қатуы (кристалдануы)

в)AB – мұздың қатуы; BC – судың қатуы (кристалдануы); CD – судың салқындауы


Жаңа тақырыпты меңгеру















































Презентация


Слайд 4

Бейне ролик “Конденсация үрдісі»













Слайд 5

Бейне ролик “Қату үрдісі»





Слайд 6

Бейне ролик “Заттардың

салқындау

қисығы»












Слайд 7-10







6 минут


17:00-23:00
















Тәжірибе

«Салқындау үдерісін зерттеу»

Жұмыстың мақсаты:

- сапалық және сандық мәліметтер жинақтау;

- зерттеу нәтижелерін тиісінше көрсету әдісін

таңдау;

Құрал-жабдықтар: су, термометр, стақан, секундометр.

Жұмыс барысы: Практикалық жұмыс дәптеріне орындайды. Оқушылар зертханалық жұмысты орындамас бұрын мұғалім нұсқаулықты жасайды және оқушының әр қадамын бағыттап отырады. Қауіпсіздік техника ережесін естеріне салады.

Тапсырмалар.

1.Ыстық судан 200 мл алып химиялық стақанға құйыңдар. Бастапқы температурасын белгілеп(термометр көмегімен), жазып алыңдар.

2.Кристаллизаторға суытқыш қоспа салып, ішіне стақандағы суды қойып, температура өзгерісін әрбір минут сайын белгілеп, уақыт пен температура байланысын көрсететін

кестеге жазыңдар.


0

10

20

30

40

50

60

70

80

90

100















3.Бақылаулар қорытындысын графикпен өрнектеңдер:

Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру


Дескриптор:

- ҚТ ережелерді сақтап, тәжірибелерді орындады;

- Термометр көрсеткіштерінің өзгерісін дұрыс әрбір минут сайын өлшеп жазды;

- Осьтерді дұрыс таңдап процесті толық сипаттайтын график сызды.

- Өз жұмыстарын бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіреді, дәйекті

аргуметтер келтіру арқылы қорытындылай алады.








770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ