Материалдар / "Салт-дәстүрді білесіз бе?"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Салт-дәстүрді білесіз бе?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Салт-дәстүрге байланысты қажет ақпарат
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1) Бәсіре. Шаңырақта ұл бала дүниеге келгенде, сол күндері туған құлынды немесе ботаны "нәрестенің бәсіресі" деп атау салты болған. Қазақ халқының ұғымында дүниеге келген баланың болашағы өзіне атаған бәсіремен тығыз байланысты. Сондықтан оны мінбейді, сатпайды. Бәсіре мүмкіндігінше жүйрік, жорға болғаны дұрыс. Бәсірені баламен бірге қадағалайды, бұла қып өсіреді. Қазақ халқы бәсіресі бар баланың да есейе келе малға деген ықыласы, пейілі түзу болады деп пайымдаған.


2)Сыралғы. "Батырдан – сауға, аңшыдан – сыралғы" деген мәтел бар. Сыралғы – олжалы, қанжығасы қанданып келе жатқан аңшыдан немесе саятшыдан кездескенде сұралатын дәстүрлі, кәделі жол әрі ырым. Мәрт аңшылар мұндайда "сыралғы" сұрағанның сөзін жерге тастамайды. Есте болатын бір әдет-ғұрып – міндет. Бірақ атып алған аң сыйлыққа жатпайды.


3) «Ашамайға мінгізу» (салт). Баланың сана - сезімін жетілдіру үшін жасалатын тәрбиелік салттың бірі- осы ашамайға мінгізу салтанаты болып табылады. Жас бала есі кіріп 6-7 жасқа келген соң оған жеке тай атап, ашамай істетіп қамшы өріп «сен азамат болдың» деген сенім ұялатып, үйретілген жуас тайға әсем ашамай ерттеп мінгізіп, жүргізеді. Бұл баланың көңілін өсіреді, басқа балалар алдында мерейі көтеріліп, мақтаныш сезімде болады, тез есейеді.


4)Тұсау кесер. Тұсау кесу- сәби қаз тұрғаннан кейін тез жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін деп, болашағы жарқын болсын деген тілекпен жасалатын дәстүр. Арнайы дайындалған ала жіппен баланың аяғын тұсап байлайды. Жіпті қадірлі, ісі алға басып тұрған әрі жылдам, сүрінбей жүретін адам кеседі. Бұл бала осы адамға тартсын деген тілекпен туған рәсім.

Қаз- қаз балам, қаз балам

Қадамыңды бас балам.

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін , - деп тілек айтады.

5)Көрімдік — қазақ салтында жаңа киім киіп, мүлік aлғанда, жаңа үйге кіргенде, жетістікке қол жеткізгенде туған-туысқан, жора-жолдастарының жасайтын кәдесі.

Жаңа туған балаға, жас келінге, ботаға тағы басқа алғаш көрген сәтте көрімдік сұрау халықтың ежелгі және лайықты дәстүрі. Мұның маңызы алып, беруде ғана емес жақын-жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашыққолдығын да танытудың белгісі ретінде қаралады. Байғазы мен көрімдік екеуі екі басқа ұғым. Көрімдік адамға, жандыға, байғазы көбінесе жансыз дүниелерге қатысты айтылады.



6)Сүйінші – жағымды жаңалықты көпшілікке тарату. Қуанышты хабарды жеткізген адам алыстан «сүйінші, сүйінші», – деп келіп, сүйіншіге не бересің деп сұрайды. Жақсы жаңалықты естуші екінші тарап не сұраса соны берген: ақша не болмаса бағалы зат. Ертеде тіпті астындағы атын, үстіндегі киімін не сауыт-сайманын сыйға тартқан. Оған түрлі себептер болуы мүмкін: нәресте дүниеге келгенде, жаңадан келін түскен сәтте, алыстан арбалатып жақындары келгенде, жоғары лауазымға ие болған кезде сүйінші сұралған. Әсіресе бір отбасы көптен бері бала көре алмай, араға уақыт салып, үйіне бақыт нұры шашылса, сүйінші сұраған. Мұндай қуанышты хабарлардың сұрауы да құнды болған. Ата-бабаларымыз сүйіншінің ақысын сұраған адамның ешқашан да бетін кері қайтармаған. Керісінше, олар: «Қалағаныңды ал», – деген. Сүйіншіге сыйлық сұраудың еш әбестігі жоқ.


7)Байғазы үлкен кісілердің өздерінен кішіге беретін сый-сыяпаты. Байғазы жансыз затқа сұралады. Сондай-ақ бала ең алғаш рет атқа отырған кезде де байғазы сұраған. Көбінде бұл салт жасөспірім балақайлар жаңа киім алғанда орындалады. Жаңа киімді болған балаға ата-аналары: «Барып, байғазыңды алып қайт», – деп көрші-қолаң мен жақын тұратын ағайын-туыстарына жүгіртіп жіберген. Сонда әлгі бала: «Киімімді көріңіз, Етегіме төгіңіз. Барар жерім әлі көп Байғазымды беріңіз!», – деген сияқты өлең-шумақтарын жаудырып, үй аралайды. Үлкен кісілер балақайға жаңа киімнің жарасып тұрғанын айтады. Байғазыға қолында барын берген: теңге, тана, маржандар. Халқымыз байғазы сұрап келген жеткіншектердің бетін қайтармаған. Ештеңесі болмай бара жатса, қолына бауырсақ, кәмпит не басқа тәттілерді ұстатып, «байғазың мойнымда», – деп жіберген. Байғазы сұрап келген ұл болса, «байғазыға байдың қызы», – деп қайтарады. Мұның барлығы жерде қалмай, артынан міндетті түрде бір сыйлық беріледі. Көне заманда байғазы ретінде ұл балаға қамшы, жүген-ноқта, мүлік беріліп, қыздарға түрлі әшекей бұйымдар, моншақ сыйға тартылған.

8) Сыбаға – құрметті қонаққа немесе жақын-жуыққа арнап сақталған кәделі ет мүшелері, тағам.

Мәселен ақсақалдарғақұдаларға, т.б. жолы үлкен адамдарға бас, жамбас, жая, ірі малдың омыртқалары сияқты мүшелері тартылады. Сондай-ақ құдағилардың жамбас, қыздар мен күйеулердің төс, балалардың құлақ, бүйрекжүрек сияқты сыбағалары болады. Өзі келе алмайтын қарт адамдардың сыбағасын беріп жібереді. Үлкен адамдарға ірі мал жамбасының шұқыршағын, жауырынын, кәрі жілігін аспайды. Қыздарға кәрі жілік, өкпе бермейді. Қолдың жіліктері құрметті адамдарға тартылмайды.[1] Сыбағаның, төркін сыбаға, қара сыбаға, өлі сыбаға, су сыбаға түрлері бөлінеді.

9) «Базарлық» (дәстүр). Алыс сапарға саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көрші – көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі және ескерткіш ретінде қабылданады.



10) Ерулік[1] — дәстүрлі халықтық жоралғының жарқын үлгісі. Жаңадан көшіп келген, жапсарлас қонған отбасына бұрыннан отырған көршілері қонақасы береді, дәм-тұз татырып, ықылас-пейіл білдіреді. Ерулік беру арқылы ауыл тұрғындары жаңа көршілерін өздеріне етене жақындастыруды, бөтенсітпеуді де көздейді. Ерулік қысқы соғымның сүбелі мүшелерінен (қазы-қартажал-жая, т.б.) пісіріледі немесе қой сойылып шақырылады.[2]



11) Енші. Бұрынғы қазақ қоғамында үйленген екі жасқа отбасын құруға көмектесетін бірегей жүйе болған. Ол – енші деп аталған. Енші дегеніміз – үйленген жігіттің әкесінен бөлек отау болып шыққанда көтеріп беретін үйі, арнайы бөліп, бөлектеп беретін мал дәулеті деген сөз. Әрбір ата-ана үйленген ұлына «енші», қызына «жасау» беріп іргесін бөліп отырады да, кенже ұлына енші бермей, қара шаңыраққа мұрагер етеді. Қазақ халқы «енші» деп ұлы үйленіп, бөлек отау болған кезде «мынау сенің еншің» деп ата дәулетінен бөліп беретін мал-дүниені айтады. «Енші» алған ұл мен «жасау» алған қыздың енші мен жасауларын алған күннен бастап ата-анасының мал-дүниесіне қол сұғуға құқығы болмайды. Енші алмай қара шаңырақта қалған ұл (мейлі ол кенжесі, мейлі ортаншы, мейлі үлкені болсын) ата дәулетіне ие болады да, ата-ананы бағып-қағу жауапкершілігін сол арқалайды.

12)Бастаңғы — қазақ жастарының дәстүрлі сауықтарының бірі. Үйдің үлкендері жолаушылап кеткенде ауылдың қыз-келіншектері сол үйге жиналып, Бастаңғы жасалады.

Қызға қырық үйден тыйым” деген берік қағиданы ұстанған қазақ қыздары, әдетте, мұндай басқосуға жеңгелерімен немесе іні-қарындастарымен бірге келетін болған. Кейде жиын қызықты өтуі үшін сал-сері бозбалалар да шақырылған. Бастаңғыға жиналған қыздар үйлерінен құрт-майқант-шайларын өздері әкеліп, ортақ дастархан жайған. Бастаңғының екі түрлі тәрбиелік мәні бар. Алғашқысы баласының үйде отырып томаға-тұйық болып қалмауына, елмен араласуына, замандастарымен жақын танысуына жол ашу; қонақ күте білуге баулу. Енді бірі — қызды қазан-аяқ ұстауға, дастархан жасай білуге, т.б. үйрету. Сондықтан Бастаңғыны көбіне қызы бойжете бастаған үйлер жасаған. Бірақ Бастаңғы рұқсатсыз, бақылаусыз өтпеген. Өйткені, “шешесі қыдырмашы болса, қызы бастаншыл болады” деген сөз бар. Басқосу барысында жастар әзіл-оспақ айтысып, ұлттық ойындар ойнап, ән салып, күй тартып, әр түрлі өнерлерін ортаға салған.[1][2] Әке-шешелері жол жүріп кеткенде, көрші жастар келіп, ол үйдің дастарханына бастаңғы жасатып, тағам дайындатады. 

13)Асар (салт). Қазақы ортада ауқымды да күрделі жұмыстарды ру-қауымның негізгі құрамдас бөлігі біраталардың бірлесе атқару харекетінің атауы. Мысалы, егіншілік дамыған өлкелерде арық, кәріз қазу, тазалау секілді суландыру жүйесіндегі жұмыстарды, сондай-ақ, үй тұрғызу, қора-қопсы салу сияқты құрылыс жұмыстарын асар жасау арқылы атқарған. Қазақ ауылында бір отбасының қолынан келмейтін күрделі, көлемді жұмыстарды атқару үшін бірнеше ауылдың адамдары асарға шақырылады. Асарға шақырылғандар еңбегі үшін төлемақы талап етпейді, асарға шақырушы адам оларға жақсы ас әзірлеп, дастарқан жаяды. Ұжымдасып жұмыс істеудің үлкен бір көрінісі деп қарауға болатын тағы бір үрдіс батыс қазақтары тілінде «үме» деп аталады. Шөп шабу науқаны кезінде қыз-бозбаланың және әнші-жыршының жиналатынына байланысты «Үмеге келген үндемей қалмайды» деген мақал туған.

14) Үме. Қазақстанның кей жерлерінде, көбіне маусымдық шөп шабу кезінде үмеге шақыру дәстүрі болған. Көмекке келгендерге берілетін ас "үме" деп аталған. Үмеге жақын туысқандар да мал беріп, қымызын әкеліп, тағы басқа көмек көрсеткен. Үме кезінде ұйымдастырушылар тарапынан шөп шабындығына үй тігіледі де, ас әзірленеді. Ас ішіліп, желінгеннен кейін аяқ жағы той-думанға ұласқан. Кейде үлкен үмелерде жігіттер күреске түсіп, қара жарыстар ұйымдастырылған. Үме кезінде әркім өз өнерін көрсетуге тырысқаны ел арасындағы "Үмеге келген үндемей қалмайды" деген сияқты мақалдар айғақтайды

15) Сауын айту. Қазақтың бұрыннан келе жатқан салты. Бір ауылда, елде үлкен ас, үлкен той болатын болса, алдын-ала (бірнеше ай, тіпті бір жыл бұрын) жан-жаққа хабар жіберіліп, адамдарды соған шақырады. Бұл сауын айту делінеді.Бұған әр жүз, әр ру мұндай асқа не тойға қымызын, той малын ала келіп, батыр, балуан, ақын, әнші, күйшілерімен өнер көрсетеді және бәйгеге жүйрік аттарын қосып, астың, тойдың жақсы өтуіне жан-жақты қолдау көрсетеді. бұл туралы қазақта: "Той десе қу бас домалайды" — деген мақал бар. Жиынға қымыз әкелгендердің ыдысына сойылған малдың жіліктерін салып жібереді. егер Ас беріліп жатқан болса Жілік алып қашу болады. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» кітабында: «Мырза өз әкесі Өсекеңе ас берем деп, Көкшетауға сауын айтып, елді жиды ғой» деген сөздер бар.

16) Қол кесер — соғым союшыларға қасапшыларға мал сойдырғанда берілетін еңбекақысы, еттен берілетін сыбаға. Дәстүр бойынша шаруашылыққа көмекке келген адамды еңбек ақысыз жібермеген. Шаруаның ауыр, жеңіліне қарамай тиісті ақысын берген «келі түбі», «қол үздік» сияқты. «Қол кесер» - соғым сойған, етті мүшелеген. Етті мүшелеген уақытта қолын кесіп алса, ақы төленген. Етті мүшелегенді «соғым соятын» отбасы жақсы біледі. Союшы адам міндетті түрде «қол кесер» алған. «Ауыз омыртқа» деген мүшені союшы адам алатын. Соғым сою – отбасы үшін қуаныш, мереке күн болған. Соғымнан алғашқы дәм «қуырдақ» болады.

17) Қой басты дәстүрі — қазақтың салт-дәстүріне жатады. Ауылда киіз басу – ауыр жұмыстардың бірі болған. Алдымен жүнді сабайды. Келесі кезеңде оны бояп, қайнатады, құрғатады, орайды. Ораудың астынан арқан өткізіп, жіптің ұшынан ұстап, аяқпен теуіп отырып, үй-үйдің арасынан өткізеді. Кез келген үйдің жанына келгенде "қой басты-қой басты" деп айқайлайды. Мұны естіген үйдегі әйелдер киіз басушыларға бауырсаққымызқұрт береді. Бұл – әзіл-қалжың ретіндегі дәстүр болғанымен, сыйластыққа негізделген. Осыған ұқсас тулақ шашу дәстүрі бар. Жүн сабау біткен кезде үй иесі көмектескен әйелдерге сый-құрметін көрсету үшін дастарханға шақырады.[1]

18) Қымызмұрындықбие байлап, алғашқы қымыз ішу рәсімі. Құлын байлап, бие сауылып, оның сүті қорланып ашытылған соң, жиналған қымызға ауыл ақсақалдары мен көршілер шақырылады. Яғни алғашқы қымыз көпке бұйырсын деген тілекпен дастарқан жайылып, бата жасалады.[1]

19) Сыңсу - қыз ұзату дәстүріне байланысты туған тұрмыс-салт жырларының бірі. Бұл - қыздың ұзатылар алдындағы ел-жүртымен, ағайын-туыс, құрбы-құрдастарымен, туып- өскен жерімен қоштасуы ретінде айтылады. Сыңсуды ұзатылатын кыздың сіңлілерімен не жеңгелерімен үй-үйді аралай жүріп белгілі әуенмен айтатын болған. Сыңсудың өлеңін ақындар немесе қыздардың өздері шығарған. Ұзатылып бара жатқан қыз сыңсу арқылы жұртқа өзінің мұңын, қайғы-қасіретін жеткізген. Сыңсуда қыздың жеке басының мұңы әлеуметтік мәселелерімен ұштасып, ескі әдет-ғұрыпты әшкерелеумен қатар қоғамдық ортаның, азаттық аңсаған әйелдер көзқарасы білдірілген. Сыңсудың өлеңі құрылысына қарай 7, 8, 11 буынды болып келген. Қазіргі кезде негізінен қыз ұзатылып кетіп бара жатып, туған-туыстарымен қоштасу барысында айтылады. Қыз өзінің ішіндегі бар сағынышын шығарып, жұртына кетеді.[



20) Тойбастар - қыз ұзатуүйлену, т. б. тойларда айтылатын өлең түрі. Үйлену тойының ең соңғы күнінде жігіттер мен қыз-келіншектер жиналып, қоштасу кешін өткізеді. Сол кеште жастар жағы әр түрлі ұлттық ойындар ойнап, көңіл көтеріп өлең айтады. Той аяқталғанда тойбастар әні айтылады. Тойбастардың мазмұн-мақсаты той иесін мадақтап, отбасы құрғалы отырған екі жасқа игі тілек, бата, ақыл-кеңестер айту. Айтушының қабілетіне қарай жаттанды өлең түрінде де, жанынан шығарылып та айтыла береді. Өлең құрылысы, ұйқасы көбінесе қара өлең, жыр үлгісінде келеді. Тойбастар шілдехана, сүндетке отырғызу тойларында, үй-ішінің, ауылдың, қаланың басқа қуаныш-қызықтарында айтылады. Тойбастар жиын-тойдың аяқталғанын, бірақ қуаныштың алда да жалғаса беретінін білдіреді. [1]



21) Қонақасы – қонаққа арналған дәммәзірДәстүрлі қазақ қоғамында үйге тосын келген немесе арнайы шақырылған қонақтың қадір-құрметіне, жас мөлшері мен туыстық қатынасына қарай сойылған малдың мүшелерінен сыбағалы табақ тартады; қонақасы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!