Материалдар / Салт-дәстүрді сақтап жүрміз бе?
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Салт-дәстүрді сақтап жүрміз бе?

Материал туралы қысқаша түсінік
Салт-дәстүрді сақтап жүрміз бе? Атты дебат өткіздім 10 сынып оқушыларымен,өз ой-пікірлерін ортаға салды,әділ қазылар өз бағаларын берді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қараша 2021
1182
6 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 29.10.2021ж

Сыныптар:10 «А», 11 «Б»

Тақырыбы:Салт-дәстүрді сақтап жүрмізбе?
Мақсаты:
Оқушылардың бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіре отырып ата - дәстүрін танып білуге, ардақтауға құрметтеп, мақтан тұтуға тәрбиелеу;
Имандылық пен адамгершілікке, аталы сөзден ғибрат алуға, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Түрі: дебат
Әдіс тәсілі: сөз жарыс
Көрнекілігі: Қазақтың ұлттық бұйымдарына арналған презентация,бейне роликтер салт - дәстүрге арналған,суреттер
Кіріспе сөз
1.Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар, Бүгінгі «Салт-дәстүрді сақтап жүрмізбе? » атты дөңгелек үстелімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат – міндеттердің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы, ұрпақ тәрбиелеу. Тәрбие үрдісінде ғана адам рухани жетіледі. Жасөспірімдерді жан - жақты қабілетті, әдепті азамат етіп өсіруде халықтық салт - дәстүрлердің, тыйым сөздердің тәлім - тәрбиелік, білім - танымдық рөлі орасан зор. Ұлттық тәрбие салт - дәстүр, әдет - ғұрыптарды сақтап, мейірімді парасатты болуға, адамгершілікке, имандылыққа баулиды. Қазақ халқы - рухани зор байлықтың мұрагері. Ежелгі ата - бабаларымыздың салт - дәстүрлері, даналық сөздері және әдеп ережелері сан ғасыр бойы өз ұрпағын өнегелі де өнерлі, ар - ожданы жоғары, намысқой азамат етіп тәрбиелеп келгені тарихи шындық. Міне, осының бәрін ой таразысына сала отырып келесі кезегімізді оқушыларға берсек.

2.Видеоролик көрсетіледі және оқушылар өз ойларын ортаға салады.

3.Тайм-спикер: Тілеміс Аружан

-Армысыздар құрметті оқушылар, көрермендер! Бүгінгі жиналған қауым, оқушылардың қоғамдағы білім беру мәселелері туралы ақпараттық тұрғыдағы ой қозғауы мен сөз шеберлігін, өз пікірін анық айтып, дәлелдеме келтіру қабілеттерін дамыту, сөз бен ой еркіндігін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған « Салт-дәстүрді сақтап жүрмізбе?» тақырыбындағы дебатымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Дебат екі қарсыласушы топ арасындағы пікірталас арқылы өтеді.

Аружан: Салт дәстүр дегеніміз не?

Қазақ халқы – салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл – оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер Н.Шайкенов: «Ұлт дәстүрі – заңнан биік», - деген. Демек, салт-дәстүрлі ел – мықты әрі тұғыры берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, өнегені  әдет-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен, әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Ұлттық тәлім, салт-сана сабағы адамгершілік тәрбиесінің аса сенімді әрі ғажайып жол екенін көрсетті. Отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, қайырымдылық, жоғары адамгершілік қасиеттер осы жол арқылы дарыған. Батыр жазушы Б.Момышұлы Ұлы Отан соғысы жылдарында: «Мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен солдаттың басында жауынгерлік қасиетті тәрбиелеуде халықтардың басынан өткен жауынгерлік жолдары мен ұлттық дәстүрлердің маңызы зор екеніне көзім жетті», - деп жазды. Олай болса, әдет-ғұрып – қазақ халқының мызғымас заңы деп қабылдаған жөн.

Дана халықтың өзі жасаған осы әдет-ғұрып пен жөн-жосықты біліп, үйрену және өмірде қолдану – ағайынды адастырмас сара жол. Мұны отбасында ата-ана, мектепте ұстаз, көпшілік ортада ақсақалдар жастарға үйретіп, айтып отырса, ұтарымыз көп болар еді.

Дебатымызға қатысушы 10 – 11 сыныптар арасынан құрылған 2 топты ортаға шақырамыз.

«Мұрагер» тобы -10 «А» сынып оқушылары.

«Құлагер» тобы – 11 «Б» сынып оқушылары.

  1. Топтардың амандасуына кезек береміз.

  2. Палата лидерлері, сараптамашылар үстелінен барып жеребе алыңыздар, өз позицияларын жеребе арқылы таңдауына кезек береміз. Қанеки, жариялаймыз. Палаталар орындарыңызға жайғасыңыздар.

Сонымен бірге дебатымызға арнайы шақырылған сараптамашылармен танысыңыздар.

  1. Мектеп психологі-Балжан

  2. Мектеп директоры- Эльмира Серікқызы

  3. Директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары- Гүлжахан Есенбекқызы

  4. Талдау-болжамдау орынбасары- Жазира Нүрелқызы

4.Тайм спикер:

Негізгі ережелермен таныс болыңыздар: дебат өткізу құрылымын сақтау, әр топта 4 оқушының болуы, сөйлеу мәдениеті, шыдамдылық,  шындық, сыйластық, уақыт регламенті.

5.Дебатымызды бастаймыз!

І кезең: Палата лидері спикерлерімен және кейстерімен таныстырады.

Әр спикердің дәлелдемелермен сөйлеу уақыты- 3 минут.

Жақтаушы « » палата. Уақыт басталды! Уақыт аяқталды! Сұрақ бар ма ?

Даттаушы « » палата. Уақыт басталды! Уақыт аяқталды! Сұрақ бар ма ?
Айым: Құрсақ шашу— ұлттық салт-дәстүр. "Құрсақ шашу" немесе "құрсақ тойы" - аяғы ауыр әйелге қатысты ертеден келе жатқан дәстүр. Түрлі салт-дәстүрлерді білетін ақ жаулықты аналарымыздың айтар өсиеті мол. Келін үйге түскеннен соң, ененің одан күтетін үміті зор. Сондықтан, аяғының ауырлағанын байқаған өнегелі ене құрсақ шашу деген кішігірім той думан ұйымдастырады. Оның мақсаты – қуанышты атап өту және жүкті әйелдің күтіміне аса назар аудару. Бұл, біріншіден,ертеңгі күні дүниеге келер нәрестенің алғашқы тойы болса, екінші жағынан аяғы ауыр ананың да қамын ойлап, соған жағдай жасаудың амалы. Думанды дастарқан жайылып, үлкен әйелдер жағы жас келінге батасын береді, ал құрбылары, абысындары білгенін айтып, ақыл-кеңес беріп, келіннің көңілін аулайды. Бойына бала бітісімен-ақ кейбір ананың асқа тәбеті шаппай, жерік болады. Оны "итжерік" деп атайды.

Жанар, Ақерке.Әр топ өз ойларын айтады сұрақ қояды.

Ерулік беру — дәстүрлі халықтық жоралғының жарқын үлгісі. Жаңадан көшіп келген, жапсарлас қонған отбасына бұрыннан отырған көршілері қонақасы береді, дәм-тұз татырып, ықылас-пейіл білдіреді. Ерулік беру арқылы ауыл тұрғындары жаңа көршілерінөздеріне етене жақындастыруды, бөтенсітпеуді де көздейді. Ерулік қысқы соғымның сүбелі мүшелерінен (қазы-қартажал-жая, т.б.) пісіріледі немесе қой сойылып шақырылады.

Айя: Сүндет тойы
Егер нәрестесі ұл бала болса, ол төрт - бес жасқа толғанда сүндетке отырғызу тойы жасалған. Бұл - бала өміріндегі ең бір айтулы кезең, қуаныш болып есептелген. Мұнда да қазан көтеріп, ағайын - туғандар, дос жарандар бас қосып, той – думан болған.
Тоқым қағу. Ашамайға мінген соң іле – шала бәсіресін мінген бала бірінші рет үйінен алысқа жолаушылағанда әке – шешесі бір малын сойып, оның тоқым қағарын өткізеді. Міне, осыдан кейін қазақ бұл балаға арнайы айыл – тұрман, ер – тоқым, жүген - ноқта, шідер мен кісен, арқан дайындайды. Былайша айтқанда бәсірені жабдықтау шарт. Сүйетіні осыдан бастап баланы баулу, еңбекке тәрбиелеу - анығырақ айтқанда оқыту басталады. Біз осы тоқым қағарға дейін баланың он жас айналасындағы кезін сөз еттік. Бұған дейінгінің бәрін қазақ балалық кез дейді. Жүген - құрықсыз дербес шақ дейді де, оннан аса еңбек мектебіне кіргізеді, оқытады. Біз бұны қазақтың жасты бөлуімен түсіндірейік.

Бастаңғы: Бастаңғы — қазақ жастарының дәстүрлі сауықтарының бірі. Үйдің үлкендері жолаушылап кеткенде ауылдың қыз-келіншектері сол үйге жиналып, Бастаңғы жасалады.

Қызға қырық үйден тыйым” деген берік қағиданы ұстанған қазақ қыздары, әдетте, мұндай басқосуға жеңгелерімен немесе іні-қарындастарымен бірге келетін болған. Кейде жиын қызықты өтуі үшін сал-сері бозбалалар да шақырылған. Бастаңғыға жиналған қыздар үйлерінен құрт-майқант-шайларын өздері әкеліп, ортақ дастарқан жайған. Бастаңғының екі түрлі тәрбиелік мәні бар. Алғашқысы баласының үйде отырып томаға-тұйық болып қалмауына, елмен араласуына, замандастарымен жақын танысуына жол ашу; қонақ күте білуге баулу. Енді бірі — қызды қазан-аяқ ұстауға, дастарқан жасай білуге, т.б. үйрету. Сондықтан Бастаңғыны көбіне қызы бойжете бастаған үйлер жасаған. Бірақ Бастаңғы рұқсатсыз, бақылаусыз өтпеген. Өйткені, “шешесі қыдырмашы болса, қызы бастаншыл болады” деген сөз бар.

  1. Сараптамалық топтың палаталар жұмысына қорытындысы.

6. Сұрақ жауап:/ көрермендерге сұрақ/

1."Бастаңғы" деген дәстүрдің мағынасын түсіндір!"Бастаңғы" жастардың ата-анасы үйде жоқ кезінде өзінің қатарын шақырып, жегізетін тамағы. Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде, ауыл жастары сол үйге жиылып, "жолаушыларды" жолда басы ауырмасын деп, бастаңғы жасататын болған. Ән айтылып, ойын сауық құрған.
 
2 "Байғазы деген қандай дәстүр?«Байғазы» деп балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін ақшалай, заттай берілетін сыйды айтады.
3 "Шілдехана" деген қандай дәстүр?
Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын алғашқы тойды шілдехана тойы деп айтайды.

4.Сыбаға дегеніміз не? Сыбаға (дәстүр). Құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын-туыстарына арнап сақтаған кәделі ет мүшелері «Сыбаға» деп аталады.

5.«Көрімдік» қандай жағдайларда сұралады?

6.«Қонақжайлық» деген сөзді қалай түсінесің?

7.Тойдың түрлерін ата.

8.«Сүйінші» дегеніміз не?

7. Сөз сарапшыларға беріледі.

8. Қорытынды: Мұғалім сөз алды

Ата-бабамыздың салт-дәстүрлерін мақтан тұтамын. Халық-қалың орман,әрі пана,әрі қорған", - деп Қ.Мырзалиев ағамыз жырлағандай, әр халықтың өзінің кәсібіне,сенім-нанымына, тіршілігіне байланысты қалыптасып ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын салт-дәстүрі болады. Халықтық салт – дәстүр, мәдениет құндылығы – халық қазынасының озығын, ақылды да әдепті жан – жақты жетілген патриоттық сезімдегі азамат тәрбиелеуде пайдалансақ, қателеспейміз. Жан – жақты ел тарихын білетін, Отанын сүйетін, заман талабына сай оқушылар мен жастарды тәрбиелеу бүгінгі күн талабы! Тәрбие  біздің қасиетті  салттарымызға байланысты.Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаев  ұмыт  болып  бара  жатқан  салт-дәстүрлерді  жаңғыртуды көздеп  отыр  .  Әр   мемлекеттің  көркі  дәстүр  салтына байланысты. Сондықтан  қазақтың   асыл  мұраларын  көзіміздің  қарашығындай  сақтап  келешек ұрпаққа  жалғастырып отыруымыз  қажет. Еліміз  салт-дәстүрге бай  болсын дегім  келеді.









































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!