Материалдар / Салт-дәстүрді сыйлайық!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Салт-дәстүрді сыйлайық!

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері мен мұғалімдеріне тиімді, зор көмегі бар, әрі сапалы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
551
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МКҚК №19 «Бұлақ»МДҰ-ның

қазақ тілі мұғалімі К.Р.Дуйсекешева

«Салт-дәстүрді сыйлайық!»

( мақала)


  «Тәрбие басы тал бесік», - демекші, қазақ халқында жаңа өмірдің, жарық дүниенің есігін ашқан нәрестенің өзіне сый – құрмет көрсетіліп, дәріптейтін лайықты салт – дәстүрлері бар. Әлемдік жаһандану үрдісіне қадам басқан жаңа ғасырда әр халық, ұлт дінін, тілін, мәдениетін, тарихын мейлінше сақтап қалуға әрекет етуде. Олай болса салт-дәстүр – өсіп келе жатқан баланың ой-санасын қалыптастыруға, өзінің ұлт өкілі ретінде өсіп, үлгі-өнеге алуына әсерін тигізеді.

     Отбасындағы тәрбие, үлкендердің әрбір сөзі, ісі, мерекелік рәсімдер, салт-дәстүрге байланысты ұйымдастырылған шаралар – баланың қоғамдағы өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына әсер ететін алғы шарттар деуге болады. Салт-дәстүрдің үлгісін отбасында өнеге ретінде көрсете білген ата-ана баланың отбасына, ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға алғашқы қадам жасайды. «Адам еш уақытта өзімен өзі адам болмайды, адам болуды шыр етіп дүниеге келген күнінен бастап үйренеді. Ал адамды адам ететін – жұмыр жерді мекен еткен сан толқын ұрпақтардың ақыл-ойы мен тірнектеп жинаған  тәрбиесі. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа, әкеден балаға ауысатын тарихи-әлеуметтік, қоғамдық-практикалық дәстүр сабақтастығы болмаса, адамзатта прогресс те болмақ емес. Сол тарихи-мәдени тәрбиені танып білу арқылы адам баласы өзінің парасат-болмысын шыңдайды.»

       Қазақ халқы қандай да болсын қуанышын жеке отбасы болып ғана емес, көрші-қолаңын, туған-туысын, ел-жұртын жинап атап өтетін дархан халық. Той – думанның, қуанышты хабардың жаршысы ретінде «Сүйінші» айтылады. Сүйіншіні жеткізуші адамның көңіл-күйі көтеріңкі, ерекше қуанышты жағдайда болады. «Сүйінші – қуанышты хабар жеткізушінің сөзі. Мысалы, «Сүйінші, сүйінші! Келініңіз ат ұстар (ұл) тапты» деп хабар әкелген адамға «Қалағаныңды ал» деп, аяғын қуанышты қонақасыға айналдырып жібереді.» Сүйіншіні жеткізетін адам бір отбасын қуантып, жақсы хабар әкелетін дәнекер. Оның қалағанын, сұрағанын беруге той иесі міндетті. Сүйінші дәстүрін «Шілдехана» жалғастырады. «Шілдехана – жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той. Дастархан жайылып, жастар ән салып, домбыра тартып, ұлттық ойындар ойналады.»  Жаңа туған нәрестеге азан шақырылып ат қойылып жөн-жоралғысы жасалады. Бір ескертетін жайт, салт-дәстүрлерді үлгі-өнеге етудің басы-қасында балалар да болу керек. Бала-отбасы тірегі, елінің ертеңі, шаңырақ иесі. «Бесікке салу» рәсімінде әжелердің бесік жыры тыңдалады. «Бесікке салу – халқымызда бесік – қасиетті, киелі,  құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Мұны «Туған жер – алтын бесік» деген сөз дәлелдей түседі. Бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бұл – халқымыздың елеулі үлкен дәстүрі. Бесікке салу жолы, жасы үлкен немесе елдің құрметті, өнегелі адамына жүктеледі. Бесіктің үстіне жеті бағалы заттар жабылады. Ол заттардың әрқайсының, мысалы, ел қорғайтын батыр болсын деген сияқты тілек-жоралары бар. Мерекелік дастархан жасалып, бесікке салған адамға кәде беріледі.»

       Ретімен, сәнімен келетін салт-дәстүрлердің өзіндік ерекшелігін, рухани құндылығын көріп, тыңдап отырған балаға қайталанбастай әсер қалдырады. Өсіп келе жатқан ұрпақ салт-сананы көру арқылы ата – бабасының қалдырып кеткен бай мұрасын бойына сіңіреді, қоғамның жеке тұлғасы, отбасының бір мүшесі ретінде жауапкершілігін сезінеді.

     «Тұсау кесу – сәби қаз тұра бастағанда тез жүріп кетсін деп ала жіп есіп (бұл – біреудің ала жібін аттамасын дегені), екі аяғын тұсап, сүрінбей ширақ жүретін адамға  тұсауын кестіріп, баланы қолынан ұстап тез-тез жүгіртеді. Оған қуанысып шашу шашылып, дастарқан жасалып, «тұсаукесер» кәдесі беріледі.»

     Өмір жолына аттанған сәбидің алғашқы қадамына үлкендер ақ батасын беріп, ақ жол тілейді:

                                            Қаз-қаз балам, қаз балам

                                            Қадам бассаң, мәз болам.

                                            Тағы-тағы баса ғой

                                            Тақымыңды жаз балам

                                            Қаз баса ғой қарағым,

                                            Құтты болсын қадамың. 

   

        Үлкендер мен балалардың қатысуымен болатын салт-дәстүрлердің мағынасы терең. Сәбидің тұсауын кесетін адам да еліне танымал, сыйлы, өз ортасында беделді адам болуы тиіс. Бала аяғынан тұрып, есін білгеннен кейін әке-шешесі, туған-туыстары  «сенің тұсауыңды сол адам кескен, сен соған тартып ширақ болдың, ол білімді , ақылды адам», - деп өсіп келе жатқан балаға үлгі-өнеге көретеді. Өркениетті елдер қатарына ілесуді мұрат еткен қонақжай, бауырмал, жомарт қазақ халқы ата-баба дәстүрін жалғастырып келеді. Баланы бағып-қағып, тәрбиелеу, өсіру – ата-ананың қоғам алдындағы жауапкершілігі, отбасындағы міндеті.

         Бала - бар асылымыз, мөлдір бұлақтың бастауындай тіршілік иесі. Тәлім-тәрбиені бала бойына сіңіру әрі бала санасына, қоршаған ортасына, еліне деген мақтаныш сезімін ұялту, ұлттық рухпен тәрбиелеу арқылы сатылы түрде дамитын үрдіс.

        «Қазақ халқының этнопедагогикасы» курсының бағдарламасында «Халқым қандай десең, салтымнан біл дегендей, адам баласы дүниеге келгеннен бастап, дүниеден өткенге дейінгі өмірі, сенімі, түсінігі, тұрмыс-тіршілік әрекеті мен әдет-ғұрыптарының туатындығы»











Ұстаздың, тәрбиенің әрбір игілікті ісі баланың жан әлеміне, рухани қалыптасуына бағытталады. Сабақ барысында, сабақтан тыс уақыттарда әр баламен жеке жұмыс жүргізіп, баланың танымдық қызығушылығын дамытатын әдістерді пайдалануға болады. Этнопедагогика негізінде балалардың танымдық белсенділіктерге арттыру мақсатында тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру – балалардың шығармашылығын дамытудың бір әдісі. «Бесікке салу» мен «Тұсау кесу» үлгісін тәрбие сағаты барысында көрсету, түсіндіру, фильм қолдану сияқты қызықты көріністер, көрсетілетін әрбір детальдар бала есінде ұзақ сақталады. Балалар алдында ұлттық нақышпен жабдықталған бесік, бесіктің жанында кимешек киген әже, - жанды көрініс үлгісі. Әже нәрестені бесікке салмас бұрын оқушыларға бесікті не үшін, қалай пайдалануды түсіндіреді. Бесік жырын айта отырып, оң жақтан бесікке сәбиді салып, орап, тербетеді.

          Бесік – киелі, әр баланың  ата-анасы қастерлейтін атадан балаға келе жатқан отбасының алтын қазынасы. Әженің маңына жиналған оқушылар көріністі көзбен көріп, өзінше танымдық, тағлымдық ой, көзқарасын калыптастыра алады. Сабақты ұйымдастырушы мұғалім немесе тәрбиеші оқушыларға бағыт беріп, салт-дәстүрлердің бала тәрбиесіндегі ерекшелігін жан-жақты мысалдармен, аңыз, ертегілермен түсіндіреді.

        Қай ғасырда, қай қоғамда болмасын ата-ана міндеті – өмірін жалғастыратын саналы ұрпақ тәрбиелеу. Кешегі нәресте бүгінгі ақылы толысқан, парасатты, ойы озық азамат – отбасының тәрбиесін көріп өз елінің патриоты болып қоғамның жеке  тұлғасына айналады. Ендеше ір ұлт ұрпақ үшін салт-дәстүрлердің бала тәрбиесінде алатын орны ерекше.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!