Материалдар / «Салтым-санам, дәстүрім-дәулетім»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Салтым-санам, дәстүрім-дәулетім»

Материал туралы қысқаша түсінік
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы бойынша ашық сынып сағаты
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағаты : «Салтым-санам, дәстүрім-дәулетім»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың халық дәстүрі туралы ұғымдарын кеңейту. Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт-дәстүрлерімен сабақтастығын түсіндіру; Тәрбиелік мәні бар салт –дәстүрлерді бойына сіңіру.
Міндеттері:

  1. Оқушыларды салт — дәстүрді құрметтеуге, сақтауға, қонақжайлылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

  2. Қазақ халқының салт-дәстүрін одан әрі ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге үйрету, сана –сезімдеріне ұялату.

 Сабақтың құндылығы: біртұтас тәрбие,ұлттық құндылықты дәріптеу
Күтілетін нәтижелер:
Халық дәстүрінің маңыздылығы туралы түсінеді. Халық дәстүрінің мәнін түсініп, оны қадірлеп, бағалай білу дағдылары қалыптасады.
Сабақтың түрі: танымдық
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрініс көрсету
Көрнекілігі: салт–дәстүрге байланысты суреттер, мақал – мәтелдер , даналардан шыққан сөз, қолөнер бұйымдары, ою-өрнек түрлері, интерактивті тақта, слайд.
Қанатты сөздер: «Алты жыл аш болсаң да, ата салтыңды ұмытпа.», «Салтын, тілін, дінін ұмыту – мәңгүрттікке бастар жол», «Аспалы сөзге арсыз да тоқтайды», «Ант бұзған оңбайды, салт бұзған сорлайды»; «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» ; «Қазақтар - әдет-ғұрып, салт-сана, тіл жағынан біртұтас ұлт» ,«Алтын емес, ата салтым қымбат»;
Барысы:
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Қызығушылық ояту
Қазақтың салт-дәстүрлері туралы бейнебаян қарау.
-бейнебаян не туралы айтылған?
Сабақтың тақырыбын ашу, мақсатын айқындау.

-Балалар қалай ойлайсыңдар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болады,

-Біз қазақ халқының тұрмысы, салт – дәстүрі туралы әңгімелейміз.

Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Салтым-санам,дәстүрім -дәулетім» деп аталады. Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері болатыны белгілі.
Салт дегеніміздің өзі – адам өмірінің күнделікті тіршілігінде (отбасынан бастап қоғамдық өмірдегі қатынаста) жиі қолданылатын мінез-құлық, қарым-қатынас ережелері мен жол-жора, рәсім, заңдарының жиынтығы.
Ал дәстүр – қоғамдық сананың барлық салаларымен байланыста дамыған. Топтасқан қауымның қалыптасқан бірыңғай көзқарасын, әдет, заңын марапаттайтын рәсім. Сонымен қатар дәстүр – тарихи тұрақтанған. Қоғамдық қарым-қатынастың нормада бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғасып жататын, көпшілік қоғам мүшелеріне ортақ әдет-ғұрыптардың жинақталған түрі.
Ұлттық тәрбие қағидасы бойынша әрбір ұрпақ ең кемінде жеті атасына дейінгі ата тегін білуі міндетті. Егер жеті атасына дейін ата тегін, тарихын білмейтін ұрпақ болса, оны «Жеті атасын білмейтін жетесіз», — деп халық кінәлайды, айыптайды. «Шыншыл, әділетті, иманды болу – сонау арғы ата-бабамыздан бері қалыптасып келе жатқан дәстүріміз», — дейді де, халық сол игі дәстүрді бұзған ұрпаққа айып тартқызады. «Ат тұяғын тай басар», — деп, кейінгі ұрпақтың ата салтын бұзбауын талап етеді, әулеттік тағылымдар ата дәстүріне айналып, санаға сіңіп, салтқа тірек болады. Сол себепті өз салт-дәстүрімізді білу үшін 2 «Б» сынып оқушыларының шығармашылық ізденістерін ортаға салып көрейік.
1-оқушы :Нұрмұхаммед

Ата салтым –асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,

Өткенімді бүгін менен жалғадым.

2-оқушы:Гауһар

Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.

Салт-дәстүрді ардақтайық, ағайын.

Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.

3- оқушы Елдар            
Ата-бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ  тұтып  үлкенді,
Ата жолын жалғапты.

4-оқушы Адина
Бауырласқа тәнтіміз,

Бұзылмаған антымыз.
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
5-оқушы Жансен

Жиналыппыз,сәтті күні бәріміз де,

Үлкен, кіші, жасымыз,кәріміз де.

Төрлетіңіз,қадірменді қонақтар,

Гүл-гүл жайнап мына біздің төріміз.
6-оқушы Құндыз
Шашу, шашу, шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке ,бұл тойда
Керемет салт-дәстүрді жасайық!
Шашу шашылады.

1.Қазақ халқының салт-дәстүрлері
Қасиетті қазақ халқының салт-дәстүрлері өте көп. Соның ішінде қазіргі балалар біле бермейтіндеріне тоқталып кетсем деймін.
Қазақ халқының әлеуметтік тұрмыстық жағдайына байланысты қалыптасқан қастерлі дәстүрдің бір түрі-қонақжайлылық. Қонақ десе, қоң етін кесіп беретін қазақпыз.

Қазан шегелеу (салт) өздері жақсы танитын, әзіл-қалжыңы жарасқан адамдар бір-бірінің үйіне бас қосып барып, « осы үйдің қазанын шегелей келдік» -дейді. Үй иесі әзілмен жауап қайырып  «жақсы болды ғой, қазан шегелегіш шебер іздеп отыр едік»,- деп қонақжайлық танытып, оларға қонақасы береді. Демек «қазан шегелеу» қонақ бола келдік деген ұғымды білдіреді.

Сатып алу

Отбасының балалары тұрмай шетіней берген жағдайда келесі туған баланы «сатып алу» ырымын жасаған. Жаңа туған нәрестенің үйіне емші (тәуіп) келіп: «сендер менің баламды ұрладыңдар, оны өзіме беріңдер» — деп ата анасының қарсылығына қарамай тартып алып кететін болған. Бір күн өткенде нәрестенің ата-анасы баланы емшіден сатып алады. Емші сатып алушыларға баланы керегенің астынан берген. Нәрестенің өмірі ұзақ болсын деп жеті әйелдің аяқтарының арасынан өткізетін ырым да болған. Қазақ халқы бала ата- анасының бақыты, өмірінің жалғасы деп сеніп олардың тәрбиесіне өте коп көңіл бөлген , жақсы адам болып өссе деп армандаған.
2. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» бөлімі.
Қазақ халқы – сөзге шешен халық. Қай кезде де сөз құдіретін түсініп, оны қастерлеп отырған. Сөзге шешен халқымыз әр кезде тапқыр сөзбен сөз тауып кеткен. Осындай даналық пен даралықтың дәнін бойларына сіңірген оқушыларымыз келесі бөлімде өздерінің сөзге тапқыр, тілге шешен екендіктерін дәлелдейді.

Жігіт:

Ата-баба  дәстүрін
Үйренуден қашпаймыз
«Айтыс» десе сәнденіп
Қыздар іздей бастаймыз
Қыз: Кәусар
Біржан болып сен келсең
Ақын Сараң мен болам
Сәйгүлік болып сен шапсаң
Аққу құсың мен болам
Жігіт:
Біздің топтың ұлдары
Шеттерінен ақылды –ақ
Жұмбақ, тақпақ бұл тойға
Айтып берер тақылдап
Қыз:
Үй жабдығын бұл тойға
Біздің қыздар сәнденді
Қонақ күтіп, ән салды
Ұлдарынан кем бе еді
Жігіт:                                                                                                                                             
Түрлендіріп қамшы өрсем                                                                                    
Қыздарың таң қалады
Күмбірлетіп күй шертсем
Мұнда думан болады  
Қыз:
Мақтандың ғой жігітім 
Өнеріңді көрейік 
Көрсет сәнді қамшыңды 
Біздер баға берейік  
Жігіт:
Тойға барам деген соң
Домбыра ұстап жетіп ем
Шашақталған қамшымды
Үйге тастап кетіп ем
Қыз:
Қалып қойса қамшыңыз
Тағы тойға келерсіз
Сол қамшыны мына бізге
Сонда сыйға берерсіз.
Көрініс «Әжесі мен немересі»  «Дүниеде не қымбат?»  

Немересі: Санжар -Әже деймін, әже,
Сұрақ қойғым келеді сізге.
Мен түсінбейтін бір жәйт бар.
Түсіндірші соны бізге.
Бірінші сұрағым сізге:
Дүниеде не қымбат?
Әжесі:Ақерке Ж -Адам қымбат, қалқам.
Немересі: -Адамға не қымбат?
Әжесі: -Бала қымбат, қалқам.
Немересі :-Балаға не қымбат?
Әжесі: -Ана қымбат, қалқам.
Немересі: -Иә, десеңші әже!
Түсінбеппін осы жайды.
Тағы бір сұрағым бар сізге,
Қатты мен жұмсақ жайлы.
Әжесі: -Сұрай ғой, қалқам.Не сұрасаң да жауап берейін.
Немересі: -Әже дүниеде не тәтті?
Әжесі: Ананың сүті тәтті.
Немересі: -Дүниеде не қатты?
Әжесі: -Атаның жүрегі қатты.
Қарағым, сауал қойдың көп маған.
Бір ақыл айтайын саған
Тату болса –ағайын жақын,
Ақылшы болса-апайың жақын.
Бауырмал болса-інің жақын,
Алдыңа тартқан адал асың,
Қимас жақын қарыңдасын.
Немересі:-Түсіндім,  әже. «Дүниеде не қымбат екенін?» енді мен айтайын:
Алтын ұяң - Отан қымбат,
Құт берекең - атаң қымбат.
Аймалайтын - анаң қымбат.
Мейірімді - әжең қымбат.
Асқар тауың - әкең қымбат.
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат!

Дана

Ата дәстүр абырой көтергенде,

О, бұл сөздер сүйектен өтер демде!

Тоқталамыз енді біз, ал, халайық,

Қанатты сөз, мақал мен мәтелдерге.

«Сөздің көркі –мақал»деген ұғым бар.Біздің ойынымыз қыза түскен тәрізді. Мақалдап сөйлеу жарысына да кезек берейік. Қане екі жақтан жарысқа кім шығады?

1.Сұлтан
-Ассалаумағалейкүм, қарсыласым. «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді» деген, сәлем беруге келдім.

2.Нұрсұлтан
-Амансың ба, достым? «қуыс үйден құр шықпа» деген, тізеңді бүгіп дәм ауыз ти.

3. Ақжүніс
— «Сыйлап берген су, сатып алған балдан артық»дегендей жайғассақ жайғасайық.

4.Айару
– «Сыйға сый, сыраға бал» демекші өткенде өздеріңе де риза болып қайттық қой.

5. Медина
–«Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа жетер» демекші татулық пен ауызбіршілікке не жетсін.

6. Амилия
-«Төртеу түгел болса алар, алтау ала болса алдырар» деген ғой, о не дегеніңіз.

7. Ерсұлтан
-«Бірлік түбі – тірлік» деген ғой бабаларымыз, бірлік болсын.

8. Қайырбекқызы А
-«Биік төбеге шықсаң, көзің ашылады, жақсымен сөйлессең, көңілің ашылады» дегендей көңіліміз марқайып қалды ғой.

9. Ақтілек
— «Әңгіме әңгіме дегізер, әңгіме бұзау емізер» демекші қой қайтатын, мал келетін уақыт болды.

10.Адильжан
— “Тау
 тауға косылмас, адамға адам косылар” деген, әлі кездесерміз, cay бол!

3.«Ата салтың-ұлттық қалпың»

Бұл бөлімде көрініс арқылы сұрақ қояды. Бейнелеп көрсеткен салт-дәстүр көріністерін келесіміз қалай аталатындығы оның мән- мағынасын түсіндіруі қажет.

1-көрініс

Қақпанда түлкі жатады. Тымақ киген екі адам келе жатып қақпандағы түлкіні көреді.

Санжар:
— Мынау түлкі ғой.

Әлибек:
— Ия, қақпанға түсіп қалыпты. Осы маңдағы аңшылардың қойған қақпаны ғой.

Санжар:
— Алсақ қалай болады?

Әлибек:
— Алсақ алайық. Бірақ ырымын жасап, қақпанға ақша салып кетейік.


Сұрақ: Бұл бейнеленген көріністегі салт қалай аталады мәні неде?

Жауабы: Бұл – «баутағар» деп аталады. Қақпандағы олжаны немесе аңнан келе жатқан аңшы байлаған олжаны, яғни аңды алған адам аңшыға алғыс ретінде ақша немесе бір затты ұсынуы керек «баутағар» бермеген адамның малы шығынға ұшырайды деген сенім болған.

2- көрінісі

Кілем үстінде тымақ киген ақсақал отыр. Бір кезде жанына жас жігіт келеді.

Мирас
Жас жігіт: - Ассалаумағалейкум?

Нұрхан
Ақсақал: - Уағалекум! Оу, жиен келіп қалдың ба? Мал басы, ошақ қасы аман ба?

Мирас
Жас жігіт:  Аманбыз, нағашы

Нұрхан
Ақсақал: — Иә, әңгімеңді айта отыр. Ел аман, жұрт тынышта не жүріс?

Мирас
Жас жігіт: — Баяғы сол қырық серкештің жыры ғой бітпей жүрген.

Нұрхан
Ақсақал: — Жиеннің қырық серкешін бермеске болмас. Әуелі төргі үйге барып, тынығып ал, қырық серкеш мәселесін содан соң жайластырамыз.

Мирас
Жас жігіт:  Жақсы, нағашы. Өзімнің айтпағым да осы еді. Жүріңіз.


Сұрақ: Бұл бейнеленген көріністегі салт қалай аталады мәні неде?

Жауабы:  Қыздан туған бала «жиен» деп аталады. Халық дәстүрі бойынша жиен нағашы ларынан қалаған затын алуға тиіс. Мұны «жиенқұрық» деп атайды. Халық жиенді ренжітпей «жиен назасы жаман» деп еркелетіп ұстаған.

«Қазақы дастарханым» Хор

Сөзін жазған Ж. Боранбаев
Әнін жазған М. Ілиясов
Бүгінгі ел ішінде
Дәстүрді жалғастырған.
Татулық белгісі ме?
Жағалай малдас құрған.
Қайырмасы:
Ей, менің асқар тауым!
Қазақы дастарқаным.
Өзіңсің бақ-берекем,
Ақ қайнар бастауларым.
Анаға ақ пейілді
Иілсе келін-балаң.
Ықылас, ізет еткен
Сыйластық елін табам.
Қайырмасы.
Дәм татар талай ғасыр,
Ұрпақтар абай болсын.
Кірлетпей таза ұстасын,
Халықтың шар айнасын!
Қайырмасы.

Ата – бабамыздан келе жатқан салт – дәстүрімізді үйреніп, халқымыздың рухани байлығын бойымызға сіңіру, ұлтымыздың  дәстүрлерінен  үлгі алуымыз  қажет. « Өткенді білмей келешекті білу мүмкін емес. Бұрынғының парқын білгендер ғана бүгінгінің нарқын ұғады» -  деген  болатын  атақты жазушы  Ғ. Мүсірепов. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт-дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін.

Тоғыз жасар Жетес тоқсандағы Төле биге сәлем бере барыпты: сонда Төле би былай деген екен: — Бата — басқа, қына — тасқа, ақыл — жасқа, не қалайсың, балам? — депті. Сонда Жетес бала: — О, қасиетті, баба! — Ат берсеңіз өліп қалады, тон берсеңіз тозып қалады. Ат, тонға бергісіз өлмейтін, өшпейтін, өмірі естен кетпейтін бір өсиет айтсаңыз соған ризамын, — депті. Онда қолыңды жай, балам, — деп Төле би:
Ансар:
Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің санасы бол!
Бір елдің атасы болма,
Бар елдің данасы бол!
Бір тонның жағасы болма,
Көп көлдың ағасы бол!
Ақты ақ деп бағала, аумин,
Қараны карала
Өзегің талса өзен бойын жағала,
Басыңа іс түссе көпшілікті шағала.
Өзіңе-өзің кәміл бол.
— Халқыңа әділ бол,
Жауыңа қатал бол!
Досыңа адал бол!
Қорытынды

Туған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең,

Жұрт айтады надан деп.

Ашық болса күніміз,

Ашылады нұрымыз.

Бай тұлғалы өңірде,

Айтылады жырымыз! – деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.





































Материалды жүктеу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!