«Салық» туралы ұғым беріп, оның түрлері туралы нақты мысалдар келтіре түсіндіру.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Салық» туралы ұғым беріп, оның түрлері туралы нақты мысалдар келтіре түсіндіру.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға экономикалық тәрбие беру, қазіргі негізі қаржыға, кәсіпкерлікке, бизнеске байланысты екенін түсіндіріп, осы салада білімді болуға баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 9«А»

Күні:

Сабақтың тақырыбы: «Салық.Салық жүйесі»
Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Оқушылырға «Салық» туралы ұғым беріп, оның түрлері туралы нақты мысалдар келтіре түсіндіру.
Әр түрлі есептерді шығартуға үйрету. Салықтың әлеуметтік маңызы неде, оған қатысты жағдайлар туралы кеңірек таныстыру.
Дамытушылығы: Оқушыларды қаржы пәнінің негізгі саласы болып дамудың табылатын салық тарауы бойынша түсінуге, сөйлеуге, құжаттармен жұмыс істеуге төселдіру.

 Тәрбиелік: Оқушыларға экономикалық тәрбие беру, қазіргі негізі қаржыға, кәсіпкерлікке, бизнеске байланысты екенін түсіндіріп, осы салада білімді болуға баулу.

 Сабақтың түрі: Аралас сабақ, жаңа материалды меңгеру.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,баяндау,бірлескен ұжымдық әрекет.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, есептер, үй, көлік, жер қойнауы суреттері.

 Пәнаралық байланыс: Тарих, математика.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру бөлімі.

Үй тапсырмасын сұрау.

1. Мемлекет дегеніміз не?

Мемлекеттік бюджет дегеніміз не?

Мемлекеттік қаржы дегеніміз не?

Мемлекеттік бюджеттің табыс көздерін не құрайды?

Мемлекеттік бюджеттің шығын көздерін ата.

Мемлекеттік бюджеттің неше түрін білесіңдер түрлерін ата?

Артықшылығы бар бюджет дегеніміз не?

Тапшылығы бар бюджет дегеніміз не?

Теңгерімді бюджет дегеніміз не?

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

1.Жаңа сабақты түсіндіру үшін сұрақ қоюдан бастаймыз.

2.Мемлекет жұмсау үшін ақшаны қайдан алады?

3.Салық дегеніміз не?

Салық дегеніміз – бұл азаматтар немесе фирманың жалақы немесе пайдадан мемлекет пайдасына төлейтін міндетті төлемдер.

Салықтың түрлері:

1. Жеке табыс салығы

2. Жер қойнауын пайдаланғаны үшін салық

3. Акциздер

4. Экспортталатын шикі мұнай, газ конденсатына рента салығы

5. Жер салығы

6. Көлік құралдары салығы

7. Мүлік салығы

Меншік құқығында салық салу объектісі бар жеке және заңды тұлғалар салық төлеушілер болып табылады.

Бұрынғы кездегі салықтардың түрлері.

1.Баж салығы – өңделетін жерге салынатын салық

2. Зекет – ғаріп-кемтар адамдарға үлестіру үшін мешіт жинайтын салық
3. Қалан – монғолдар билеген кезде егіншілерге салынған салық
4. Тағар – әскерді қамтамасыз ету үшін заттай алынған салық.

Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады, олар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрлысы мен саяси іс-бағытына қарамастан,ұлттық табысты қайта бөлудің басты құралы, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Қазақстан Республикасының бюджетінің 90% салықтар құрайды.

1 тапсырма:

Оқу құралының 28-бетімен жұмыс. «300 жыл бұрынғы салық» Оқушылар мәтінді оқып, 300 жыл бұрынғы салықпен қазіргі кездесетін салықтардың түрлерін салыстыру.

Бұрынғы кездегі салықтардың түрлері.

  • Баж салығы – өңделетін жерге салынатын салық

  • Зекет – ғаріп-кемтар адамдарға үлестіру үшін мешіт жинайтын салық

  • Қалан – монғолдар билеген кезде егіншілерге салынған салық

  • Тағар – әскерді қамтамасыз ету үшін заттай алынған салық.

Қазіргі кездегі салықтың түрлері:

  • Табыс салығы.

  • Мүлікке салынатын салық.

  • Көлік құралдарына салынатын салық.

  • Экспортталатын шикі мұнай, газ конденсатына рента салығы

  • Жер қойнауын пайдаланғаны үшін салық

  • Акциздік алымдар.

  • Кедендік баж салығы. Shape1

2 тапсырма:

Есептей білгеннің есесі кетпейді,
Есептей білмеген қыр басына жетпейді

  • Қорытынды: Салық – шаруашылық жүргізуші субьектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болған. Мемлекеттің өмір сүруі және дамуының негізі болып табылады. Әрбір мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізуі үшін белгілі бір мөлшерде ақша қаражаттары керек болады. Ал салықтар мемлекеттің тұрақты қаржы көзі.

Үй жұмысы:

  • Қазақстан Республикасының салық саясаты” тақырыбына эссе жазып келу.

  • Салықтың салық төлеушілерге артықшылығын және кемшіліктерін қарастырып келу.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
1398
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі