Материалдар / Салыстырмалы атомдық және молекулалық масса Зат мөлшері. Стехиометриялық заңдар 10 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Салыстырмалы атомдық және молекулалық масса Зат мөлшері. Стехиометриялық заңдар 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Салыстырмалы атомдық және молекулалық масса Зат мөлшері. Стехиометриялық заңдар тақырыбына берілген сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2021
698
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім:

10.1 D Стехиометрия

Педагогтің аты-жөні:

Жолдасова Н.Ф.

Күні:


Сыныбы: 10

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Салыстырмалы атомдық және молекулалық масса

Зат мөлшері. Стехиометриялық заңдар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

10.1.1.2 «салыстырмалы атомдық масса», «салыстырмалы молекулалық масса» және «молярлық масса» ұғымдарының физикалық мәнін түсіндіру

10.1.1.3 зат мөлшері ұғымын және стехиометриялық заңдарды қолданып есептеулер жүргізу

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

  • «салыстырмалы атомдық масса», «салыстырмалы молекулалық масса» және «молярлық масса» ұғымдарының физикалық мәнін түсінеді;

  • зат мөлшері ұғымымен және оның өлшем бірліктерімен түсінеді;

Көпшілік оқушылар үшін:

-Салыстырмалы атомдық, молекулалық массаларды салыстырады;

-массаның зат мөлшерімен, бөлшектер санымен өзара қатысын көрсетеді;

Кейбір оқушылар үшін:

  • Қосылыстардың молярлық массасын есептейді;

  • зат мөлшерін және стехиометриялық заңдарды қолдана отырып есептер шығарады;

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

3 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Психиологиялық ахуал тудыру


Оқу құралдарын дайындау


Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Оқулық, жұмыс дәптері

Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы


(Қазіргі жағдайда) ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе

7 мин

(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Өзгенің пікірін толықтырады.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

  1. Зат массасының сақталу заңының заманауи тұжырымдамасы қандай?

  2. Химиялық теңдеулер не себепті теңестірілген болуы тиіс?

  3. Авогадро заңын қандай жағдайларда қолдануға болады?

  4. Химиялық элементтердің орташа салыстырмалы атомдық массасын қалай анықтаймыз.

  5. Салыстырмалы молярлық масса мен салыстырмалы молекулалық масса айырмашылығы мен ұқсастығы қандай?

  6. Зат мөлшері дегеніміз не? Моль ұғымын түсіндір. Сәйкес формулаларды атап көрсет.


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.


Дескриптор:

- Берілген сұрақтарға толық жауап береді [1 балл];


Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

10мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Салыстырмалы молекулалық масса дегеніміз – көміртек атомы массасының1/12 бөлігінен берілген молекула массасы неше есе ауыр екенін көрсететін шама.

Салыстырмалы молекулалық масса берілген қосылыстың бір молекуласының құрамындағы барлық атомдардың салыстырмалы атомдық массаларының қосындысына тең. Салыстырмалы молекулалық масса Mr арқылы белгіленеді. Ол өлшемсіз шама

Зат мөлшері –зат құрамындағы біртипті құрылымдық бөлшектердің (атомдар, молекулалар, иондар, электрондар және басқа кез келген бөлшектер) санын сипаттайтын физикалық шама.

Зат мөлшерінің өлшем бірлігі-моль


Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1.Зат мөлшері.Авогадро саны бойынша есептер шығарады.

Презентация

Жеке жұмыс

10 мин

Берілген заттардың формулаларын жазып, зат мөлшерін есептеңдер.

? моль Fe = 6,02*1023

? моль C = 3,01*1023

? моль Al2O3 = 12,04 *1023

? моль NaCl = 9,03 *1023

? моль Na = 15,05 *1023

? моль Ca = 18,06 *1023

? моль K = 1,204 *1023

? моль KOH = 3,01*1023


Дескриптор:

  • Берілген бөлшектер санын пайдаланып, қосылыстардың зат мөлшерін анықтайды [1 балл];


ДК экраны

10-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Жеке жұмыс

10 мин

Тапсырмалар айдарындағы 2- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

Дескриптор:

  • Кестедегі бос орындарға қажетті шамалар мен тірліктерді енгізеді [1 балл];



Дескриптор:

  • Берілген бөлшектер санын пайдаланып, қосылыстардың зат мөлшерін анықтайды [2 балл];





ДК экраны

10-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

5 мин.

«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Үй тапсырмасы:

97 бет, №1-8 тапсырмалары

Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Дескриптор:

  • Берілген бөлшектер санын пайдаланып, қосылыстардың зат мөлшерін анықтайды [3 балл];


Рисунок 23



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!