Материалдар / Салыстырмалы елтану 10 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Салыстырмалы елтану 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары 10 сынып география пәні бойынша құрастырылған. Тақырыбы: "Салыстырмалы елтану". Сабақ барысында ұлттық құндылықтар, нейрожаттығу және әр түрлі оқушыларға қызықты әдіс -тәсілдер арқылы жасалған тапсырмалар бар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қырқүйек 2024
137
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Астана қаласы , Байқоңыр ауданы №5 гимназия КММ

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім

6.Елтану

Педагогтың аты-жөні

Муканова Ж.А

Күні

25.04.2024

Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы


Салыстырмалы елтану

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.6.2.5 жиынтық көрсеткіштер бойынша есептелінетін дүниежүзі елдерінің рейтингтерін графикалық түрде көрсету

Сабақтың мақсаты


Жиынтық көрсеткіштер бойынша есептелінетін дүниежүзі елдерінің рейтингтерін графикалық түрде көрсету


Бағалау критерииі

Білу және түсіну:Мемлекеттердің экономикаларын салыстырудағы көрсеткіштердің есептеу жолын біледі

Қолдану:

Мемлекеттердің экономикаларын салыстырудағы көрсеткіштерді анықтайды

Әлем елдері экономикаларының статистикалық көрсеткіштерін анықтайды

Статистикалық деректер негізінде график құрайды

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы 0-3 мин














5 мин












2 мин











Біз сабақты бастамас бұрын, мен бүгін қанша жұмыс істеуге және жаңа ақпаратты қабылдауға дайын екеніңізді көргім келеді.Сол себепті, психологиялық климат орнату мақсатында мен сіздерге дайындалуды, еркін отыруды, демалуды, көзіңізді жұмуды ұсынамын.
Менің сигналым бойынша сіздер бір уақытта санай бастайсыздар,

яғни 60-қа дейін санаңыз. Командадан кейін " бітті!"Әркім санды есте сақтайды.

Егер санауыңыз сандармен аяқталса:

  • 40-56 бұл төмен өнімділікті көрсетеді;

  • 57-63 қазіргі уақытта сізде жоғары өнімділік бар және сіз жұмысқа дайынсыз;

  • 63 және одан жоғары-сіз күйзеліске ұшырайсыз, сондықтан қазір күлімсіреп, өз ойларыңызды ретке келтіріп, жұмысқа бейімделуіңіз керек.

Өткен тақырыптарға шолу. Сандық дөңгелек әдісі арқылы , «Сұрақ-жауап» айдары

«Ми шабуылы»: Мемлекет экономикаларын қалай салыстыруға болады? Салыстыруда қандай көрсеткіштер қолданылады? Жан басына шаққандағы ЖІӨ қалай есептеуге болады ? АДИ дегеніміз не? Осы индекс арқылы мемлкеттің дамуына баға беруге бола ма.


«Бейнебаян» көрсетіледі


Амандасады.


Сабаққа дайын екендерін білдіреді.




























«Миға шабуыл» әдісі арқылы сабаққа кіріспе орындайды









Қол шапалақ





















Дескриптор:

Сандық дөңгелек әдісі арқылы сұрақ- жауап орындайды

Қалыптастырушы бағалау: «Бәрекелді, әттеген-ай»

Слайд 6-7
























Ашық сұрап-жауаптар













Бейнебаянға сілтеме:

https://youtu.be/tY0sTwJ7sxs?si=f3vOZsUcwuj9eDvB

Ортасы

5- мин






























1 мин









2 мин










10 мин































































































8 минут




1 минут



5 мин



















Оқушыларды топқа бөлу. «Байрақтар»

Құндылық

Бала Төле би жасы жүзге келіп отырған Әнет бабамен кездесіп ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме өрбітеді. Әңгіме қалай өрбиді? Әңгіме не жайлы болады? Шешімі қандай болды?


Топтық жұмыс 1- топ «Ойлан, бірік, бөліс!»

Бағалау критерийлері:

  1. ҚР халық санын жазады

  2. ҚР ЖІӨ жазады

  3. 2021-2024 жылдар аралығындағы жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіштерін анықтайды.

  4. Жан басына шаққандағы ЖІӨ өсуіне әсер етуші факторларды талдайды.

  5. Жинақталған ақпарат негізінде график құрастыра алады.



  1. Топ . «DEAL» әдісі арқылы мәтінге талдау.

D – Describe – баяндау, суреттеу (оқығанды, көргенді сипаттау, сынау, өлшеу).

E – Explain – түсіндіру (құбылыс немесе оқиға бойынша не білетіндерін, түсінгендерін суреттеу).

A – Anallуse – талдау (ақпаратты талдау, қорытынды жасау, себептерін атау).

L – Links – байланыс (болжамдар немесе қорытынды жасау, өзінде бар біліммен байланыстыру)

Елдердің салалар бойынша (дүниежүзі елдері арасындағы орны) рейтингтері


Елдер

білім беру

өмір ұзақтығы

ЖІӨ

1

Норвегия

6

4

30

2

Дания

16

16

37

3

Швеция

12

14

27

4

Австралия

2

17

14

5

Қазақстан

32

60

52

Бағалау критерийлері:

-Мәтіндегі ақпараттарды суреттейді, түсіндіреді және талдайды.

- Дүниежүзі елдерінің АДИ көрсеткіші бойынша рейтингтерін графикалық түрде көрсете алады.


3-топ «Данышпан үкілер» әдісі арқылы Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингісінің нәтижелерін талдайды.

Тапсырма:

Оқушылар зерттеу жұмысын келесі жоспар бойынша жүргізеді:

  1. Жаңа ұғымдармен танысады

  2. Таныс –таныс емес ақпаратпен бөліседі

  3. Қазақстанның Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтіінгіндегі алатыын орнын атап, мысал келтіреді.

  4. Бір көрсеткішті таңдап , рейтінгін жазып , график немесе кесте құрады.

Бағалау критерийі:

-Мәтінді оқып, жаңа ұғымдарды жаза алады.

-Таныс, таныс емес ақпаратпен бөліседі.

-Қазақстанның Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтіінгіндегі алатыын орнын атап, мысал келтіре алады.

- Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингісінің нәтижелерін график түрінде немесе таблица түрінде жасап, қорытынды ойын айтады.

Зерттеу жұмысының нәтижесін ұсыну, жұмыстарын қорғау

  • Әр топ өздеріне берілген мәтінді талдай отырып, қосымша мәліметтерді пайдалана отырып, өз жұмыстарын қорғайды.



Нейрожаттығу 1 минут



Жұптық жұмыс. Төменде көрсетілген елдердегі адами әлеуеттің даму индекстерін анықтап жазыңдар.

1-топтағы жұптар (Канада, Сауд Арабиясы, Қазақстан, Қытай )

2-топтағы жұптар ( Ливия, ОАР, Үндістан, Судан)

3-Топтағы жұптар (Мадагаскар, Ауғанстан , Чад, Нигер)

Бағалау критерийлері:

-Картадан берілген елдердің АӘДИ анықтайды, елдерді индексінің өсу ретімен орналастырады.

Бағалау парағындағы көрсеткіштер бойынша оқушылар барлық сабақ кезеңдерінде алған ұпайларымен бағаланады.

Слайдта көрсетілген ресурстарды талқылайды



Видеороликтан тақырыпқа сай берілген түсініктерді дамыту арқылы, мәтіндегі тапсырмаларды орындау барысында ой өрісін жетілдіру арқылы бәсекелеседі













Оқушылар, Әнет баба мен бала Төле бидің әңгімесін өрбітеді. Әңгіменің мәнін түсіндіреді. Бірлік болмай, тірлік болмайды -дегендей өз ойларымен бөліседі(басқа да мақалдар мен өз ойларын айтады)

Бірігіп топтық жұмысқа кіріседі.








Тақырыпқа сай берілген мәтінмен жұмыс жасау арқылы, флипчартта тапсырмаларды орындау барысында, ой өрісін жетілдіру арқылы бәсекелеседі

















































































Топта оқушылар бірлесіп, тапсырманы орындап, топпен өздері талдаған тақырыптарын келесі топ мүшелеріне түсіндіреді. Өз тапсырмаларын қорғайды.
















Барлық топ жұмытарын қорғап болған соң, әр топтан бір оқушы , басқа топтың жұмысына өз ойын айтады.


Екі қолмен, музыка әуенінің ырғағымен суретті қайталайды.



Оқушылар жұптасып, картаданғы түстер мен шартты белгілердің көмегімен адами әлеуеттің даму индекстерін анықтайды.












Оқушылар «Бағалау парағын » мұғалімге береді



















































Дескрипторлар:

1.ҚР халық санын жазады (1)

2.ҚР ЖІӨ жазады (1)

3. 2021-2024 жылдар аралығындағы жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіштерін анықтайды (1)

4.Жан басына шаққандағы ЖІӨ өсуіне әсер етуші факторларды талдайды (1)

5.Жинақталған ақпарат негізінде график құрастыра алады (1)


Дескриптор:

- 2023-2024 жылғы БҰҰ АДИ рейтінгідегі Қазақстанның орнын анықтайды (1)

- 2021/2022 рейтингімен салыстырғанда 11 орынға төмендеудің себептерін түсіндіреді (1)

- Кестедегі мәліметтерді пайдаланып ,бір сала бойынша елдердің рейтингінің графигін салады (1)

- Кестедегі ақпарттарды пайдаланып, Қазақстан қай саладан төменгі орында тұрғанын анықтап, рейтингтегі саланы көтеру жобасын ұсынады. (2)

Дескриптор:

- Жаңа ұғымдарды жазады (1)

-Таныс, таныс емес ақпаратпен бөліседі (1)

-Қазақстанның Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтіінгіндегі алатын орнын атап, мысал келтіруеді (1)

- Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингісінің нәтижелерін график түрінде немесе таблица түрінде жасап, қорытынды оймен бөліседі.(2)

Қалыптастырушы бағалау:

«Бір ой, бір түйін » 5 балл








Дескриптор:

-елдердегі адами әлеуеттің даму индекстерін анықтап жазады (2)

-елдерді индекстің өу ретімен орналастырады (2)

Қалыптастырушы бағалау:

«Дұрыс-бұрыс-толықтыр»

(жалпы -4 бал)



Слайдтар
























































Қосымша 1

























Қосымша 2






































Қосымша 3























Сабақтың соңы

3 минут



Кері байланыс «PADLET» палтформасында жүргізіледі.


Үй т а п с ы р м а с ы § 70-71, 219 бет, әңгімелеу. Оқулық қосымшасынан ЖІӨ, Интернет желісін қолдану, АДИ көрсеткіштері бойынша 10 жоғары 10 төмен елдер рейтінгін жасаңыздар. Қайталау-Елдердің шаруашылық құрылымы.

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына кері байланыс жасайды.


https://padlet.com

Қосымша 1

1-топ

Мәнмәтінмен жұмыс

Қазақстан Республикасы  — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Экономикалық көрсеткіштері бойынша дамушы экономика ретінде қарастырылады. Елдің жалпы ішкі өнімі ЖІӨ (номинал) = $205,539 млрд (2018). Экономиканың негізгі бағыты — отын-энергетика саласындағы шикізат өндіру, ауыл шаруашылығы (егіншілік). Елдің негізгі валютасы — теңге. Дүниежүзілік Банктің «2020 жылғы бизнес жүргізу» есебінде Қазақстан әлемде 25-ші орынға ие болды және миноритарлық инвесторлардың құқықтарын қорғау бойынша әлемдегі ең үздік ел атанды. 2021 жылы елдегі халық саны 18 миллион 877 мың адам , ЖІӨ 190,814 млрд.долл құрады. Халық санағын есепке алғанда Қазақстан халқының саны 2022 жылғы 1 тамызда 19 644 067 адамды, ЖІӨ 224,338млрд .долл құрады. Қазір еліміздегі халық саны 20 033 546 адамға жеткен. Қазақстан жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өсімі бойынша Орталық Азия елдері арасында бірінші орында тұр. Елдің жалпы ішкі өнімі Өзбекстан, Беларусь, Грузия, Армения, Молдова, Қырғыз Республикасынан және Тәжікстаннан асып түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) сарапшыларынының айтуынша, 2023 жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімі $259,3 млрд-қа жетті. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 15 пайызға артық. ТМД елдерінің ішінде Ресейде ғана жоғары көрсеткіш бар.

Халықаралық Валюта Қоры экономистері 2028 жылға қарай Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсімі 354,7 млрд долларға жетеді деп болжап отыр. Бұл осы жыллмен салыстырғанда құндық мәнде 36,8%-ға немесе 95,4 млрд долларға көп, - делінген жазбада.


Қосымша 2

2- топ

Мәтін

2024 жылғы 13 наурызда БҰҰ даму бағдарламасы дайындаған адам дамуы индексінің 2023/2024 нәтижелері жарияланды.

Рейтинг қорытындысы бойынша Қазақстан 0,802 мәнімен 67 орынға ие болып, 2021/2022 рейтингімен салыстырғанда 11 орынға төмендеді. 

Рейтингке 193 ел (+2 ел - Науру (122 орын) және Сомали (193 орын) қатысты.Адам дамуы ең жоғары 10 елдің қатарына Швейцария, Норвегия, Исландия, Гонконг (Қытай), Дания, Швеция, Германия, Ирландия, Сингапур және Австралия кіреді. 

Рейтингті Орталық Африка Республикасы (191 орын), Оңтүстік Судан (192 орын) және Сомали (193 орын) аяқтайды.

Рейтинг нәтижелері бойынша Қазақстанда 2 көрсеткіш бойынша жақсартулар байқалады: «Туылған кезде күтілетін өмір сүру ұзақтығы» (69,4 жастан 69,5 жасқа дейін) және «Оқудың орташа ұзақтығы» (12,3 жастан 12,4 жасқа дейін).

Қазақстанның позицияларының төмендеуі «Білім алудың орташа күтілетін ұзақтығы» (15,8-ден 14,8 жасқа дейін) және «Жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыс» (23 943 АҚШ долларынан 22 587 АҚШ долларына дейін) көрсеткіштері бойынша мәндердің нашарлауына байланысты.





Қосымша 3

3-топ

Мәтін

Халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMD, Лозанна, Швейцария) Әлемдік бәсекеге қабілеттілікті зерттеу орталығы 2021 жылғы әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингісінің нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

IMD рейтингі – келесі факторларды бағалайтын кешенді зерттеудің нәтижесі: «Экономикалық қызмет», «Үкімет тиімділігі», «Бизнестің тиімділігі» және «Инфрақұрылым». 2021 жылы зерттеуде әлемнің 64 елі бағаланды. Рейтингте жетекші орынға Швейцария ие. Үздік 5 елге Швеция, Дания, Нидерланды және Сингапур кіреді.

2021 жылғы зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы өткен жылғы рейтингпен салыстырғанда 7 тармаққа көтеріліп, 35-орынды иеленді. Қазақстан Португалия (36 орын), Индонезия (37 орын), Латвия (38 орын), Испания (39 орын), Словения (40 орын), Үндістан (43 орын), Ресей (45 орын), Түркия (51 орын) сияқты елдерден алда келеді.

Биыл Қазақстан рейтингтің барлық факторлары бойынша өз позициясын жақсартты.

«Үкіметтің тиімділігі» факторы бойынша Қазақстан өз позициясын 8 тармаққа жақсартып, 21 орынға тұрақтады. Жақсару барлық 5 субфактор бойынша позициялардың артуымен түсіндіріледі, атап айтсақ: «Мемлекеттік қаржы» – 19 орын, «Салық саясаты» – 5 орын, «Институционалдық орта» – 46 орын, «Бизнес туралы заңнама» – 25 орын және «Қоғамдық құрылыс» – 29 орын.

«Бизнестің тиімділігі» факторы бойынша Қазақстан позициясының 6 тармаққа – 28 орынға дейін жақсарғаны байқалады. Осы фактор аясында 4 субфактор бойынша көрсеткіштер жақсарды. Қазақстанның «Еңбек нарығы» субфакторы бойынша позициясы – 20 орын, «Қаржы» – 46 орын, «Менеджмент практикасы» – 13 орын, «Қатынастар мен құндылықтар» – 23 орын.

«Экономикалық қызмет» факторы бойынша Қазақстан үш позицияға көтеріліп, 45-орынға ие болды. Жақсару барлық бес субфактор бойынша позициялардың артуымен түсіндіріледі: «Ішкі экономика» – 37-орын, «Халықаралық сауда» – 58-орын, «Сыртқы инвестициялар» – 47-орын, «Жұмыспен қамту» – 24-орын және «Бағалар» – 13-орын.

«Инфрақұрылым» факторы бойынша Қазақстан төрт позицияға көтеріліп, 47-орынды иеленді. Үш субфактор бойынша позицияларды көтеру жақсы нәтиже көрсетті: «Базалық инфрақұрылым» – 25-орын, «Ғылыми инфрақұрылым» – 57-орын, «Денсаулық сақтау және қоршаған орта» – 55-орын.

Респонденттердің пікірінше, Қазақстан Республикасы экономикасының неғұрлым тартымды бес факторының қатарына қолайлы бизнес-орта (респонденттердің 60%-ы), экономиканың серпінділігі (46,4%), қаржылық жағдайға қолжетімділік, саясаттың тұрақтылығы мен болжамдылығы (42,7%) және салық жүйесінің бәсекеге қабілеттілігі жатады (40,9%).

Бұған дейін Boston Consulting Group Sustainable Economic Development Assessment 2021 (08.06.2021 ж) жаңартылған зерттеуі шеңберінде Қазақстан экономикасының экономикалық орнықтылық, инфрақұрылым сапасы, мемлекеттік институттар мен қызметтер сияқты көрсеткіштері бойынша бағалауын арттырды.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!