Материалдар / Ш.Аманашвилидің "Күлкім меннің қайдасын "атты кітабына пікір.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ш.Аманашвилидің "Күлкім меннің қайдасын "атты кітабына пікір.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ш. Аманашвилидің "Күлкім менің қайдасың " атты кітабын оқи отырып автордың балаға деген сүйіспеншілігін ұлықтау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
786
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ш.Аманашвилидің «Күлкім менің, қайдасың?»

атты кітабына пікір


«О, Ұлы Күлкі! Мына бізге Ұлы Елдің

мұғалімдеріне, бүкіл Жер шарының мұғалімдеріне өзіңдегі өмір қуаты

мен шуағын бер».

Шалва Аманашвили

Шалва Аманашвилидің ойлары өмірдің өзінен алынған. Педагогикалық әңгімелерінде өмірдің мәні-ішкі жан дүниенің байлығында, оның рухани тазалығында. Шын мәніне келгенде, ешқандай материалдық құнды заттар оның орнын баса алмайды. Өмірдің мәні-адам баласының толассыз ізденісінде жатыр. Адам баласының керемет қасиеті бойындағы жаман қасиеттерді қызғаныш, өкпе, сараңдық, жалқаулық, араздық, жауыздық, ашу осындай мінез қылықтарды тежей, жөндей алуында. Адам баласының өз өзіне және айналасындағы адамдарға зиян тигізер мінезін ауыздықтай алуында.

Шын бақытқа жетемін деген адам, бірінші болып өзінен бастайды, ал бастау еш уақытта кеш емес. Көзі ашық, көкірегі ояу адамның қараңғылықта, қапаста қалған адамнан айырмашылығы осында. Ш. Амонашвили еңбегінде мұғалімнің рөліне тоқталсақ, ол бір қараңғы түнді жарық еткізетін алып күш іспеттес. Ол аз да болса осындай ұстаздардың бар екенін көрсетеді. Мұғалімнің мақсаты-қайнар бұлақтың көзін ашу, оқушыдан жақсы инженер, дипломат немесе ғарышкер т.б. тәрбиелеуден бұрын, нағыз адам тәрбиелеу маңызды. Ал, нағыз адамнан жақсы маман шығару - бұл таңқаларлық жәйт емес. Себебі, өзін-өзі игерген адам, кез келген мамандықты игереді. Сондықтан, мұғалімнің басты мақсаты – баланың ең жақсы қасиетіне сүйеніп, оны қанаттандырып, талпынысын оята білу.

Мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеттері балаға деген аппак көңілі, өз ісіне деген жауапкершілігі, балаға деген шынайы сезімі, өз ісіне берілгендігі.

Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам болуы тиіс. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерде жол табуға жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен, шексіз сүйіспеншілікпен қарым-қатынас жасауында. Ұлы мұғалім шабыттандырады - дейді. Ш. Амонашвили өзінің еңбегінде. Ол өзін шабыттандырған мұғалімін ерекше сүйіспеншілікпен есіне алып, керісінше екілік қойып, анасының зейнет ақысына жеке оқытып, бағасын жөндеген мұғалімді, әрине жақсы көрмегенін жазып, ұстаздар қауымына үлкен ой салады.

Шындығында күлкі - көңіл күйдің айнасы. Ендеше ұстаз балаға риясыз сүйіспеншілік нұрын шаша біліп, сол кезде көзіндегі үміт ұшқынын көріп қуаныштан шаттануы керек емес пе?

Демек,


Мұғалімнің күлкісі болмаса, оқушылардың біліп тануға қызығушылығы, риясыз сүйіспеншілігі, ынтасы болмайды.


Жүзінде күлкі ойнамаған мұғалім өз оқушылары арасында жат адам деген ойлары аса құнды.




Дайындаған:

«Жамбыл атындағы орта мектебі» КММ

Акбидаева Кулипа Токтарбековна







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!