Материалдар / Шамдардың барлық түрлерін қосу, және орнату
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шамдардың барлық түрлерін қосу, және орнату

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім алушыларға шамдарды бекітіп, оларды І басқышты, ІІ басқышты, ІІІ басқышты ажыратқыштарға қосу жұмыстарын меңгерту. Электр шамдардың орнатылуын, олардың арасындағы кабель каналдарын өлшеп кесу, орнатуды үйренеді.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2021 жылғы 16 қыркүйектегі

472 бұйрығына 4-қосымша


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Алматы қаласы Білім басқармасының

«Алматы электрмеханикалық колледжі» КМҚК



Бекітемін

Басшының оқу - өндірістік

жұмысы жөніндегі орынбасары

______________________ Асгат Р



- өндірістік оқыту сабақтың

ЖОСПАРЫ

Сабақтың тақырыбы: Шамдардың барлық түрлерін қосу, және орнату.

Модуль: КМ 02. Монтаж жұмыстарын орындау

Пән атауы: Тәжірибелік сабақ

Педагог(өндірістік оқыту шебері): Рахимова Динара Аманкелдіқызы

20_ жылғы "__" ___

  1. Жалпы мәліметтер

Курс, топ: ЭМ 116 топ, 1- курс

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

      2. Мақсаты, міндеттері:

  • Білімділік: Білім алушыларға шамдарды бекітіп, оларды І басқышты, ІІ басқышты, ІІІ басқышты ажыратқыштарға қосу жұмыстарын меңгерту.

  • Дамытушылық: Білім алушылардың жұмыстарына жауапкершілікпен қарап, бір-бірлерінің ойларын тыңдап, топпен жұмыс жасауға бағыттау.

  • Тәрбиелік: Жұмыс жасау кезінде тиянақтылықты, нақтылықты, жауапкершілікті, білім алушылар бойында қалыптастыру және жылдам, әрі сапалы жұмыс істеуге баулу.

3. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі:

  1. Шамдар (жасанды жарық көздері). Қыздыру шамдары.

  2. Жарық өткізгіштік элементтеріне қарай шамдардың түрлерімен танысады.

  3. Жарықтандыру электр қондырғылары.

  4. Бөлмелерге электр сымдарын жүргізу, (ток жүйесін жүргізу, жасанды жарық көздерін қосу, шамдарды)

  5. Электр шамдардың орнатылуын, олардың арасындағы кабель каналдарын өлшеп кесу, орнатуды үйренеді.

4. Қажетті ресурстар: презентация, видео, үлестірмелі қағаздар

Сабақтың барысы:

  1. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ - 5 МИНУТ

  1. Сабаққа қатысуын тексеру: білім алушылардың сабаққа қатысуын тексеру, тәжірибелік сабаққа дайындықтарын тексеру (арнайы киімдерін).

  2. Сыртқы келбетін тексеру: Сыртқы түрін тексеру (арнайы киімнің болуы) , оқу құралдарын тексеру;

  3. ТҚ – мен таныстыру, техника қауіпсізік журналына қол қойдыру

II. КІРІСПЕ НҰСҚАУ (- 40 МИНУТ)

  1. Сабақтың өту барысымен танысу: Сабақтың тақырыбын хабарлау, жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесімен таныстыру.

  2. Өткен сабақ бойынша студенттің білімі мен дағдысын тексеру: Сұрақ жауап, яғни ойын әдістері арқылы.

  3. Тәжірибелік жұмыс туралы толық мағлұмат беру. Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесімен таныстыру, технологиялық нұсқау картасы бойынша жұмыс жасап үйренеді.


ӨТКЕН ТАҚЫРЫПТЫ ҚАЙТАЛАУ (СҰРАҚ – ЖАУАП )

1. Сөндіргіштерді қосып үйрену әдістері. Сөндіргіштер дегеніміз не? (Шамдарға берілетін электр тоғын қосып сөндіруге арналған құрал);

2. Сөндіргіштердің қандай түрлерін білесіздер?




I басқышты II басқышты III басқышты




3. Тарату қорабы дегеніміз не?





Жауабы: (Сөндіргіштен, шамдардан, розеткалардан, күштік сөндіргіштен келген сымдарды бір ортаға жинақтайтын, сыртқы қалпақшасы бар пласмассадан жасалған қондырғы).


  1. Тарату қорабы төбеден қанша см қашықтықта орналасуы керек? (15 см)

  2. Сөндіргіштің орналасқан орнының еденнен арақашықтығы қанша см болуы керек? (90 см)

  3. Розетканың орналасқан орнының еденнен арақашықтығы қанша см болу керек? (30 см










2) СӨЗЖҰМБАҚ ойыны


1












ш


















2.


а











3.






м











4.






д













5.





а














6.





р






1. Электр жетегін қорғайтын аппарат? (Сақтандырғыш)

2. Электр энергиясын беру және тарату, сонымен қатар электр қондырғыларының элементтерін бір-біріне жалғастыру үшін қолданылатын зат қалай аталады? (кабель)

3. Кернеуді өлшеу құралы қалай аталады? (вольтметр)

4. Бұйымның қаттылығын, механикалық мықтылығын, ылғалға төзімділігін және басқа қасиеттерін арттыратын пигменттелген заттар қосылған лактар? (эмальдар)

5. Нормалар мен ережелер қолданылатын, материал туралы анықтамалар, механизмдер мен құрал-саймандар көрсетілетін белгілі бір технологиялық кешенді орындауға арналған талаптар қалай аталады? (нұсқау)

6. Ротордың айналу жиілігі мен статордың магнит өрісінің айналу жиілігі сәйкес келсе, ол қандай қозғалтқыш? (синхронды)


ЖАҢА ТАҚЫРЫП: ШАМДАРДЫ БЕКІТУ ӘДІСТЕРІ. ( 70 минут)

Шамдар (жасанды жарық көздері) туралы жалпы мағлұмат. Қыздыру шамдары.

Жарық беру электр қондырғыларының негізгі элементі - электр энергиясын жарық сәулесіне түрлендіруші шам (лампа) болып табылады.

ШАМДАР:

1. Қуатына

2. Кернеуіне

3. Жарық ағынына

4. Өлшеміне

5. Сыртқы түріне

6. Газ түріне (толтырылатын)

7. Баллондардың жарықты шағылыстыруы мен жарық өткізгіштік элементтеріне қарай бөлінеді.

ЖPicture 2 асанды жарық көздері көбінесе жарықтандыруға пайдаланылады. Сонымен қатар, соңғы жылдарда жасанды жарық көздері сәулемен емдейтін құралдар мен аппараттарында кең қолданылуда. Оларда көрінетін сәулелермен қатар, ульракүлгін және инфрақызыл сәулелердің де әр түрлі қасиеттері пайдаланылады.

Қазіргі өндірістерде жетік меңгерілген және халық шаруашылығында кең тараған жасанды жарық көзі - электрлік қыздыру шамдары. Қыздыру шамдарының кең тарауына төмендегідей себептер байланысты:

  • Сәуле шығару спектрінің жұмыс орнына жалпы жарық беруге жарайтындығы;

  • Қолданылуының әмбебаптығы (универсалдылығы);

  • Құрылысының қарапайымдылығы;

  • Пайдалануға ыңғайлылығы.

Бөлімді   оқып үйренуі қазіргі  жарық көздердің қосу сұлбаларымен, жарықтандыру аспаптар конструкциялармен және тағайындаумен, құралдармен, әсер ету принциптерімен танысуынан басталады.

Жарықтандыру аспаптардың, жарықтандыру желілердің, штепсельды розеткалардың, ажыратқыштардың, топтық және тарату қалқандардың монтаждау ережелерін қажетті түрде оқып үйрену керек, осыларды сақтау кезінде пайдалану қауіпсіздігі және электр қондырғылардың сапасы мәнді түрде тәуелді болады.

Монтаждық қораптарда және аспалы төбе ойықтарында кронштейдерде немесе ұстатпаларда, түйрегіш немесе ілмек арқылы жарықтандыру аспаптар қалай орнатылатынын және люминесценті және қыздыру шамдармен жасалынған шырақтардың монтаждау ерекшіліктері қандай болатынын оқып үйрену керек. Электр энергия санағыштармен таратқыш пунктердің, жарықтандыру топтық, қабаттық және пәтердік  қалқандардың монтаждаудың ережелерлерін және әдістерін бiлу керек.

Жарықтандыру және сәулелендіру құрамына кіретін аппараттардың оқып үйренуі аяқталғаннан кейін олардың басқару сұлбаларына арналған материалдармен жұмыс істеу керек.

Қорғайтын  аппаратураға және сөндiргiштерге фаза және нөлдiк өткiзгiштердiң қосудың ережелерiнiң осындай қондырғыларда  қорғаныш жерге қосу (нөлге теңестiру) орындау ережелеріне қатысты материалмен осыған байланысты мұқият жұмыс iстеу  керек.

Бөлмелерді, аймақтарды, құрылыстарды және ғимараттарды жарықтандыру үшін арналған арнайы электр техникалық қондырғыларды жарықтандыру электр қондырғылар деп аталады.

Жарықтандыру электр қондырғылар күрделі жинақ ретінде көрсетілген, ол тарату қондырғылардан, магистралды және топтық электр желілерден, әр түрлі электр тұрақты аспаптардан, жарықтандыру арматуралардан (шырақтардан)  және жарық көзінен және ұстап тұратын конструкциялардан және бекіту бөлшектерден тұрады.

Жарықтандыру қондырғылардың шырақтары тағайындау бойынша жалпы, жергілікті, аралас, жұмысшы және апаттық болып ажыратылады.

Жарық түсіруге қойылатын негізгі талап ретінде жарықтандырудың нормаланатын мәнімен қамтамасыз етіледі.

Жарықтандырудың  нормаланатын мәні көз жұмысы шартымен анықталады, соның ішінде: ажырату зат мөлшерлермен, олардың фонның шағылу коэффициеті және фон қарсыластығымен; жанасу үшін қауіпті заттардың  қолайлы болуымен; 

Жарықтандырғыш электр қондырғылардың монтаждау кезінде  жарықтандырудың  нормаланатын мәнін сақтауы жарықтандыру үшін шығындаған электр энергияны үнемдеуіне, дайындалатын өнімнің сапасын жоғарылатуына, қызметкерлердiң көз көруінің шаршағыштығының төмендетуі, еңбек өнiмдiлiгін жоғарылатуға және еңбек жағдайларының жақсартуына әкеледі.

Ең алыстаған шамдардың кернеуі:

  • номиналдықтан 95% – шырақтармен орындалатын апатты және сыртқы жарықтандыру желiлерi үшiн;

  • номиналдықтан 97,5%–сыртқы жарықтандырудың прожекторлық қондырғылар және өндірістік кәсіпорынның бөлмелерінің ішіндегі жұмысшы жарықтандыру желiлерi үшiн;

  • шамдардың кернеу қалыпты тәртіпте 102,5% кем болмау керек.

Электр қондырғылардың жарықтандыру шырақтары және аспаптары, электрлік жарық көздері болып табылады.

Қыздыру шамдар, төмен қысымды люминесценттiк шамдар және жоғары қысымды сынапты шамдар электрлік  жарық көздері ретінде қызмет көрсетеді.

Қыздыру шамдардың жұмыс істеу принципі көрінетін сәулелену энергиясының жібіне келетін, электр энергияны түрлендіруіне негізделген, адамның көру мүшесіне ақ жарыққа жақын, әсер ететін және оның жарықты сезінуді шығаруына байланысты.

Қыздыру шамдардың орташа қызмет көрсету уақыты – 1000…1200 сағат.

Колбадан   ауа шығарылған  қыздыру шамдарды вакуумдық, ал  инерт газдармен толтырылған колбаларды – газ толтырылған деп атайды.

Вакуумдық шамдарға қарағанда газ  толтырылған шамдарда жарық беру қайтарымы жоғары болады. Қыздыру шамдардың негізгі кемшіліктері – төмен жарық беруі.  Люминесцентті  шам (ЛШ) – тығыз жабылған шыны түтік, ішкі беті люминоформен (электрлік разрядтан әсер ететін заттан шырақ шығады) жабылған (герметикалы) зат.

Түтіктен ауа шығарылып, оған сынаптың булары және аргон газдары толтырылған. Арнайы патрон арқылы электр желіге шамдарды қосу үшін арналған цокольмен вольфрамнан жасалынған биспиральды электродтар түтіктің ұштарында шыны аяқтарында бекітілген. Процесс электродтардың арасында шамға кернеудi беруде  сынап буларында электр дәрежесi пайда болуымен, содан кейін шам жарық ағындарын сәулесін таратылуымен анықталады. Төмен  қысымды люминесцентік шамдар газ тәрізді жарық көздері болып саналады. Люминесценттiк шамдардың қызмет мерзiмi - 5000 сағ. Ең көп   жоғары қысымды қолдану ДРЛ (ДСШ ) доғалы сынапты шамдар. Доғалы сынап шамдар кварц  оттығынан,  колбадан және бұрандалы цокольден тұрады. Оттықтың  ұштарына вольфрам сы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!