Материалдар / Шәмшіні еске алу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шәмшіні еске алу

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал музыка пәнінің мұғалімдері үшін. Сыныптан тыс шара Шәмшінің өмірбаяны мен шығармашылығы туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Маусым 2019
681
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ән сұңқары–Шәмші аға»- атты

Шәмші Қалдаяқов еске алуға арналған ән кешін

өткізу туралы сценарий

МАҚСАТЫ: Қазақтың «Вальс королі» атанған, қазақ халық әртисі, қазақ совет композиторы,қазақ музыкасының ән жанрын өлшеусіз құнды шығармаларымен толықтырған Шәмші Қалдаяқовтай ұлы тұлғаныеске алып, әндерін дәріптеп, өмірбаянымен таныстырып, шығармашылығы туралы оқушыларға мол мағлұматтар беру.

(Сахнада жәйлі музыка қосылады,жүргізуші сахна сыртынан Ш.Қалдаяқовтың өмірбаяны туралы оқып береді.)

(Сахнаға екі жүргізуші шығады.)

1–жүргізуші:

Армысыздар құрметті де қадірлі,өнерді бағалай білетін, әсем әнді тамсанып тыңдай білетін,

-ал Шәмші ағаның әндеріне қосылып шырқай білетін қадірменді қонақтар.


2 жүргізуші:

Бүгін ауылымыздың сахнасында қазақтың «Вальс корольі» атанған, қазақ халық әртисі, қазақ совет композиторы,қазақ музыкасының ән жанрына өлшеусіз құнды шығармалар қосқан, Шәмші Қалдаяқовтай ұлы тұлғаны еске алып, әндерін дәріптеп, өмірбаянымен таныстырып, шығармашылығы туралы, оның әндерінің шығу тарихы туралы мағлұматтар беру жолында өткізілгелі отырған «Ән сұңқары – Шәмші аға» - атты мектеп оқушылары дайындаған ән кешімізді бастауға.......... рұқсат етіңіздер!

1-жүргізуші:

Шәмші 1950 жылдан бастап шығармашылық жұмыстармен айналысты. Қазақ совет жастарының бақытты өмірін жырлады, оның әндерінің біразы вальс ырғағында болғандықтан халық оны сүйіп « Вальс корольі» деп атады. Ол аз уақыттың ішінде 300 жуық шығарма жазған. Осы әндерінің біразын қазір ауылымыздың мектеп ішіндегі өнерпаздар сіздерге орындап береді, ал сіздер тамсана, сүйсіне қосылып шырқай отырыңыздар.

2–жүргізуші:

1986 жылы Алматыда Желтоқсан оқиғасында қазақ жастары халық әні «Елім ай» мен Шәмшінің «Менің Қазақстаным» әнін ұран етіп орындап алаңға шыққан екен.

Ел сүйіктісі Шәмші ағаның «Менің Қазақстаным» әні 2006 жылдың 7 қаңтарында Президент жарлығымен мемлекеттің әнұраны болып бекітілгенін баршамыз білеміз. Дегенмен ол ән қалай туындағаны туралы, мұрағаттан алынған Шәмші ағаның өз сөзімен айтылған бейнебаянда қарап тамашалап өтсек.

(Экраннан бейнебаян қосылады.)

Ендеше осы кешімізді Шәмшінің әніне жазылған әнұранмен аяқтағалы отырған жайымыз бар.

(Әнұран қосылады)

2 жүргізуші:

Кешімізді үлкендеріміз жалынды жастық шақтарын еске ала отырсын деген ниетпенен сөзі Мұхтар Шахановқа жазылған, Шәмші ағаның халыққа кең таралған әні «Ақбантик» әнімен бастағалы отырмыз. Ендеше алдарыңызда ......Ғазизов Есім .........................«Ақбантик» әнімен..........................................

Қарсы алыңыздар.

1 жүргізуші:

Шәмші ағаның әндерінің қалай дүниеге келгендігі туралы көбіміз біле бермейміз. Сондықтан бұл кеште Шәмші ағаның кейбір әндерінің шығу тарихын айтып өткенді жөн санап отырмыз.

(Ендеше баршаңыздың сүйікті «Ана туралы жыр» әндеріңіздіңдүниеге келуі туралы айтып өтсек.)

2 жүргізуші:

Шәмші өзінің анасын құдайдай сыйлап, жанындай жақсы көретін. Ол әкесі қайтқан соң басына үлкен кешене ғимарат салдырды. Жамшид Шәмші атанып, оның композиторлық атағы шартарапты шарлап кеткенде, оның ғазиз анасы айықпас дертке ұшырайды. Өзінің О дүниелік екенін сезген анасы Алматыдағы ұлы Шәмшіні шақыртады.

1- жүргізуші:

-Балам, дейді кіреуке тартқан көздеріне қос тамшы үйіріліп. Бұл өмірден жас кеттім демеймін, жазмыш маған келіннің қызығын көруді, немере сүюді бұйыртпапты. Тағдыр солайда........ қайтейін. Жалғыз тілеуім сен аман бол....Бұл өмірде салған әнің айтылмай жатып үзілмесін. Әндерің ұзаққа жетсін..... Бақытты бол, балам - деп соңғы тілегін айтыпты.

-Анасының ақтық лебізін естігенде ғана Шәмші өзінің жасы 30ға тақап қалғанын, ән соңында жүріп үйлі – жайлы болуды ойламағанын бір-ақ біледі. Ойлап қараса анасы оған әлемнің жарығын сыйлапты, даланың ең әсем гүлдерін жинапты, самғаған құстардың қанатын беріпті, мол дүние жаннатын ұсыныпты. О, Ана! Ана! Бұл өмірдегі өзінің ең жақын, ең асыл адамынан айырылғалы тұрғанын сезген Шәмші оның ыстық төсіне басын қойып, еркінен тыс өксіп жылап жібергенін сезбейде қалады.

2 жүргізуші:

-Қарыздармын апа, қарыздармын ...... апа! Сенің басыңы мовзалей орнату менің қолымнан келмес, бірақ саған әсем әннің ең сұлуы, ең нәзігінен ешқашан ұмыт болмайтын ескерткіш қалдырамын...- деді. Шәмші үзілді-кесілді дауысы шығып,көз алдындағы дүние тұманға сүңгіп.

1- жүргізуші:

Бұл 1957 жылдың 4 ші қыркүйегі болатын.Шәмші анасына берген уәдесін 1961 жылы орындады. Осы жылы «Ана туралы жыр» - деген әнді дүниеге әкелді. Бұл ән қазақ музыкасындағы тұңғыш аналарға жазылған ән еді.Бұл аналар туралы гимн еді.Қазір «Ана туралы жырды» білмейтін бірде-бір қазақ жоқ десем оным өтірік болмас. Бұл ән тіпті Татар, Башқұрт ағайындардың төл әніндей болып кеткен. Монғолиядағы қазақ мектептерінің оқушылары сабақ алдында әуелі гимнді содан соң осы әнді айтады екен.

Сөзі Ғафу Қайырбековке жазылып, осылай дүниеге келген « Ана туралы жыр » әнін қазір жас әнші қос бүлдіршін қыздарыңыз Залмұқанова Айша мен Бисенова Камиланың орындауында қабыл алыңыздар.

2 жүргізуші:

Шәміл – ау, Шәмші қайда? Шәмші қайда?
Шәмшіге айт, тағы да бір таңдандырсын,
Жындандырсын жүректі, жандандырсын.
Мәңгі өлмес махаббатым айта жүрер
Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырсын! -деп Мұқағали ағамызда Шәмшіге арнап өлең шумақтарын арнаған екен.Ендеше келесі әсем халыққа кең таралған сөзі Нұрсұлтан Әлімқұловқа жазылған ағамыздың әні
«Қайдасың». Сахнада дуэт Ильясова Жанар Адилова Данагүл қошеметпен қарсы алайық.

1-жүргізуші:

Мен өзіңдей болсам деймін ұқсап-бағып,

Ән көгінде ұшсам деймін қанат қағып.

Ұмытпасын Шәмшідей жас ұрпақ ұлысын деп,

Әуелеттім әндеріңді адамзатқа бір жарсалып.

Бірде бір қуаныш дастарханы әуезді әндерінсіз өтпейтін, ешкімді тосырқамайтын кең пейілді Шәмшінің тағдыры қаталдау болды. Үй – күйсіз жүрген кездері де болған. Шәмші Қалдаяқовтың Жамбылдың түбіндегі дүнгендер ауылында тұрған кезінде СөзіСабырхан Асановқа жазылған «Дүнген қызы» атты әнібар. Бұл әнді орындау үшін ортамызға мектебіміздің 5а сынып ұлдары Мұғалімов Нұрлыбек, Қапсиқов Нұрсұлтан, Салимов Эльдардың орындауында ..қабыл алыңыздар.

2–жүргізуші:
Көкек құс көктем кезде көкілдейді,

Аласапыран найзағай дүркірейді.

Асығып ынтық болған ғашық жандар,

Шәмші әнімен бір- біріне еркелейді. - Дей келе келесі кезекті ағамыздың тағы бір сүйкімді әні сөзі Сабырхан Асановқа жазылған « Сағынышым менің » әніне берейік. Бұл әнді орындау үшін ортаға Ильясова Жанарды ортаға шақырайық ағайын.

1–жүргізуші:
Адам жылап туады,
Жұрт жатады жұбатып.
Адам жылап өтеді,
Өзгені де жылатып.
Жылайтыны туа сап,
Жамандар бар қинайтын.
Жылайтыны өлгенде,
Жақсылар бар қимайтын- деп Қадыр Мырза әли ағамыз айтқандай, халқының сүйікті ұлына айналған Шәмші ағамыздың сөзі Қадыр Мырзалиевке жазылған

«Сыған серенадасы» атты әсем әні бар. Ал, қазір сол ді орындау үшін сүйікті әнші ұлдарыңыз Ғазизов Есімді сахнаға қошеметпен шақырайық.


2- жүргізуші. Қазақтың біртуар өнерпаздары көп. Соның ішінде Шәмші Ахмет Жұбановты өзіне пір тұтатын.Шәмші оның қызы Ғазиза Жұбанованы Мәскеудегі оқуын бітіріп, Алматыға қайта келген шағында тұңғыш көргенде, әкесі сияқты өмірге бір ақ рет келетін адамның тал шыбықтай бұралған қызын көріп, тіпті өнерпаз қазақ қыздарына деген құрметі бірден оянған еді. Ғазиза пианино тартып, өзі шығарған музыкалық этюдтерді орындаған кезде сол бір шағын шығармалардан үлкен дүниенің көш басы сезіліп тұрған еді. Ғазиза музыка бөлмесінде оңаша қалған бір сәтін тауып, оған барып өзінің

« Шынарым» әнін орындап, бұл әнді сізге арнаймын, апатай – деді Шәмші.

  • Рахмет, - деді Ғазиза дауысы үздік-создық шығып.

«Шынарым» әні осылай дүниеге келген еді. Келесі тыңдайтын әндеріңіз сөзі Исрайл Сапарбаевқа жазылған « Шынарым» әні. Ортада аудандық байқаулардың жеңімпаздары «Жас қыран» триосы. Қошеметпен қарсы алайық.


1 – жүргізуші: Аяулы ана, мөлдір махаббат, шынайы бақыт туралы тамаша әндер жазып, ән әлемінің падишасы атанған бірегей талант иесі, қазақ халқының ұлы мақтанышы, өзі елеусіз де аянышты тірлік кешкен қайран Шәмші!. Оның әндері республикамыздың қай өңірі болмасын жиі айтылып, ән сүйер қауым арасына барынша кең тараған. Ән өнерімізде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айырықша із қалдырған Ш.Қалдаяқов күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышы сазгердің серісі. Еліміздің кең байтақ даласымен аспанында қалықтаған, махаббат пен сағыныш сезіміне толық қайталанбас Шәмші әуендері енді ХХІғасыр әлеміне бет алып әуелей беретіні ақиқат. Табиғат ерекше дарын иесі еткен дара тұлға Шәмші Қалдаяқовты қазақ баласы есінен шығармас. Өмір – өзен өткінші, өтеді де кетеді, деседе соңына өлмейтұғын ән қалдырған ағамыздың «Өмір өзен» әнін Абрышева Салтанаттың орындауында тамашалап көрелік.

2- жүргізуші

Тұманбай Молдағалиевтікі «Әнім сен едің» әні. Орындайтын ағалы – қарындасты Ильясовтар. Сонымен Бақберген мен Жанарды қарсы алыңыздар.

1 – жүргізуші:
Кім білсін, қаншама әлі шырқарымды,
Кім білсін, қай күні сен қырқарынды.
Мұқағали жоғалса қайтер дейсің,
Жоғалтпасам болғаны ұрпағымды, - деп
Мұқағали ақын жырлаған ұрпақтары мына сіздер мен біздер. Мұқағалидің ұрпағы Шәмшінің ұрпағы емес пе? Осылар тұрғанда ұлы адамдардың аттары еш уақытта өшпек емес. Келесі кезекті сөзі Қосжан Мүсіреповке жазылған Шәмшінің әсем әні
«Бақыттымын Құрбылар» әнін жас әншіміз Гумарова Бибинұрдың орындауында қарсы алайық
2 – жүргізуші:

Табады асыл сөзді ер данасы,
Шығады білімдіден сөз сарасы.
Салшы бір әсем әнге шарықтатып,
Тыңдасын мына халық шабыттанып- дей келе 5а сынып оқушылары Абхина Азиза,Жиенбаева Анель, Утяпова Рамзия, Мұғалімова Айкүмістің орындауында
«Қуаныш вальсі» әніне кезек берсек. Қошеметпен қарсы алыңыздар.

1 – жүргізуші:

О, заманда ашқан қазақ өнер сырын,
Шақырған кештеріне бірін – бірін.
Шақырайық ортамызға Мұғалімов Нұрлыбекті

Шырқасын Теріскейін тағы бүгін- деп жұртшылықты тамаша дауысымен таңқалдырып жүрген сүйікті ұлдарыңызға кезек кеп тұр. Келесі тыңдалар ән сөзі Сабырхан Асановтікі ән «Теріскей» орындайтын Мұғалімв Нұрлыбек. Қанеки қошеметтеп отыралық.

2–жүргізуші:

«Әнде адам секілді өз тағдырымен туады» деген рас. Егер тамылжытып айтатын әншісі болмаса ән оп-оңай қор болады.1963 жылы Шәмші ағамызды арнайы сыр бойына арнап ән шығарсын деп шақырту бойынша келгенде, Шәмші ағамыз «Сыр сұлуы» әнін шығарған екен. Сөзі Закария Шүкіровтікі ән «Сыр сұлуы». Осы әнді орындау үшін ортамызға Адилова Данагүлді шақырсақ дейміз.

Қошеметтеп қарсы алыңыздар.

1 – жүргізуші.

Шәмші аға тек вальс ырғағында емес, сонымен қоса көптеген балалар әндерінде жазған екен. Қазір қазақ даласындағы барлық бала білетін «Бейбіт күн тілегі»әні де осы Шәмші ағамыздікі екенін біріңіз білсеңіз, біріңіз білмессіз. Сөзі қазіргі әнұранымыздың авторы Жұмекен Нәжімеденовке жазылған осы «Бейбіт күн тілегі»әнін орындау үшін ортаға Мұхитов Мансурды шақырғалы отырмыз. Ендеше ортада Мұхитов Мансур. Қошеметтеп қарсы алыңыздар.

2 – жүргізуші:
Компазитор Шәмші ағаның достары көп еді. Сол достарының арасында әндерін халық сүйіп орындайтын Әблахат Еспаев компазитор ағамыз

Кәрімбаевта - «Мен көрдім»

Қапан Мусин –«Жайлауда»

«Қыз қуу» - Еспаевта

Қалдаяқов –«Қайықта» - деп әзілдеген екен. Сонымен қазір тыңдайтын әндеріңіз сөзі Нұрсұлтан Әлімқұловқа жазылған «Қайықта» әні. Ол әнді орындауға ортаға...................Абрышева Салтанатты.........шақырайық.

2 жүргізуші:Бірде Шәмші ағаның өнеріне Жамбыл халқы риза болып үстіне жаңа кастюм кигізіпті. Содан сол костюмі жуып үйіне кері қайтып келе жатса, алдынан үш жігіт кезігіп

  • Үстіңдегіні шеш, бері әкел - деген екен.

  • -Ей, бұларың не, мен Шәмші Қалдаяқовпынғой, мұны маған өткенде жамбылдық жігіттер сыйға беріп еді десе

  • Сонда тонаушының бірі –онда тіпті қатып кетті, біз сені емес елден алған табысыңды алып жатырмыз -деп су жаңа костюмді шешіп әкеткен екен.

Сонда Шәмші, «Өздері киіндіріп, өздері шешіндірген халқымнан айналайын»- деген екен дейді

Шәмші ағамыз көптеген ақындардың өлеңіне әндер жазды. Соның ішінде ел аралап жүргенде өзінің рухтас інісі Төлеген Айбергеновтың сөзіне жазылған

«Ақ ерке Ақжайық» әнін шығарған екен. Сол әнде ел арасына жақсы танылды. Ендеше келесі тыңдалар ән «Ақ ерке Ақжайық». Орындайтын 7а сынып оқушылары Мұғалімова Гүлназ, Қабсиқова Аида, Ғазиз Аяна, Алмешова Айнаш. Қошеметтеп қарсы алайық.

1–жүргізуші:«Арыс жағасында» әнінің тууы.

Бір күні маған бір қара торы, дембелше жігіт жолықты да «Мен Қалқожа Жолдықпаевпын» деді –деп бастады әңгімесін Шәмші.
- Е, болсаң бол. Оны маған несін, айтып отырсын?-дедім.
- Екеуміз де Арыстың бойында туыппыз. Бір өзеннің суын ішіппіз. Артымда Арыс тұрғанда алдымда сескенбеймін. Осы өзеннің жағасында мен өзімнің ең сұлу нақ сүйерімді тауыппын. Шәмші деген атыңыз бар, қалайша осы өзеннің бойында бір сұлу жолықпады сізге?
- Неге олай дейсің? Ондай сұлу менің қиялымда осы Арыстың бойында туды.
- Олай болса, әндеріңізде неге Арыс жоқ ? Айналайын ерке өзеннің аруларын неге ән етпедіңіз? Оларды әлде жақтырмайсыз ба?
- Әй, бала, сен қалай – қалай сөйлейсің? Мен кімді ән қылам, кімді....онда не шаруаң бар?
- Шаруам бар! Өскен жеріңіздің сұлуларын неге жырламайсыз? Мен Қалқожа, соны айтуға келдім – деді де тайып тұрды.
- Өй, әлгі ит не деп кетті? – деді Қасымдағылар.
- Ол менің нағыз ауру жерімді түртіп кетті, - дедім мен. Шәмшінің
«Арыс жағасында» әннің жазылуына әлгі жігіт себеп болды. Оның көз алдындағы небір аруларды келтіріпті.Ол әнді шығарғанмен радио басшылары «Бұлда Вальс»-деп, оны радиоға өткізу Шәмшіге зор қиынға түсіпті. Әннің табиғатын, көркемдігін, зор болашағын түсінген әнші ағаларымыз Нұрғали Нүсіпжанов пен Ескендір Хасанғалиев дуэт етіп шырқап әупірімдеп радиоға өткізеді.. Қазақ даласына Нұрғали Нүсіпжанов пен Ескендір Хасанғалиевтердің арқасында танылған, сөзі Мұхтар Шахановқа жазылған, Шәмші ағаның тағы бір керемет әні
«Арыс жағасында» өмірге осылай келді.

Ендеше осы бір «Арыс жағасында» әнін бүкіл зал болып қосылып бір шырқап өткенді қалап отырмыз. Қане бәріміз қосыла отырайық.

2–жүргізуші:

Қазақ дастарханнан соң әркез бата береді емеспе, сондай кезде отырғандар Шәмшіден бата сұрайды. Ал Шәмші ағамыз әр жерде бір-біріне ұқсамайтын бата береді екен. Сол Шәмші ағаның бір батасын оқып берсек деп отырмыз!

Көргенің рахат болсын,

Жүрген жерің рабат болсын.

Екі тойың қабат болсын,

Дастарханың берекелі болсын,

Әр күнің мерекелі болсын.

Шайың қызыл болсын,

Ғұмырың ұзын болсын.

Несібең таса берсін,

Дұшпаның қаша берсін.

Шаңырағың кремльдің сарайындай биік болсын,

Босағаң-Ақсақ Темірдің дарбазасындай берік болсын.

Беттеріңе түскен әжім қасірет табы емес,

Шаттық күлкінің ізі болсын. Әумин!

1 жүргізуші:

Келесі тыңдайтын әндеріңіз сөзі Мұхтар Шахановтікі ән «Кешікпей келем деп ең» орындайтын дуэт. Болашағынан зор үміт күттіретін қос бірдей әншілеріңіз Салтанат пен Есімнің орындауында қабыл алыңыздар.

2 жүргізуші:Шәмшінің дүрілдеп тұрған кезінде «мен мықтымын» деген талай ақын оның әндеріне өлең жаздырғандары белгілі. Өлең жаза бастаған 50-жылдардың ортасында оны қазақ радиосының музыка редакциясы батыл қолдап, әндерін жиі эфирден шығарып жүрді.Бірақ ол 1937 жылы «халық жауы» атанып атылып кеткен қазақтың аяулы азаматы Мағжан Жұмабаевтың өлеңіне ән жазады екен деген ой келген емес. Себебі, Мағжанның өлеңіне ән жазбақ түгілі оның атын атау, өзін-өзі орға жығумен бірдей болатын. Ол оқиға былай болды.

Қазақ радиосының музыка редакциясында Мақсұт Майшекин деген қартаң редактор болды. Сол кісі бір күні

  • Мен бір текст берейін, соған ән жазып бересіңбе? – деді. Күні түсіп тұрған адамға «жоқ» деп айтарлықтай қауқары жоқ Шәмші әкеліңіз- деді. Майшекин өлеңді отыра салып жатқа жазып берді. Бұның бұл шапшаңдығына сәл күдіктенген Шәмші, өлеңді сезіктене оқи бастаса, О,...ғажап ...өлеңде еш мін жоқ... Бір сұлуға шын ғашық болған жігіт: «Аспандағы айда сұлу, жарқырап атқан таңда сұлу, бұрқырап аққан бұлақта сұлу, мүлгіп тұрған орманда сұлу, бәрі,бәрі,бәрі сұлу». Майшекиннен ондай әнді күтпеген Шәмші оған таңдана қараған еді.

  • Немене, өлеңді маған қимай тұрсыңба? – деді.

Ұтқыр сөз айтуға табиғатынан тапқыр Шәмші аяқ асты қалжыңдап

жоқ,керісінше, сізді өлеңге қимай тұрмындеді

«Бәріненде сен сұлу» әні осылай жазылып ел арасына таралған еді. Әннің жұртқа ұнағанына таудай болған Шәмші бір күні консерваторияда келе жатса, қасынан өтіп бара жатқан Ахмет Жұбанов тоқтай қалып.

  • «Сен сұлу» әнінің сөзін кім берді деп сұрады.

  • Майшекин –деді Шәмші.

  • Өтірік! Бұл ұрлық өлең, оның авторы басқа адам, әйтпесе әнің тәуір екен деді де, әрі жүріп кетті.

Шәмші біреу-міреулер кезігіп қалып, әнің ұрлық екен – деп ұялтама деп қорқып біраз жүріп, шыдамай Майшекинге телефон соқты.

-Ағай шыныңызды айтыңызшы, біздің әннің авторы кім деді.

-Әй бала, мұндай әңгімені телефонмен сөйлеспейді, кешке үйге кел – деп үйіне шақырды. Кешке келген Шәмшіге ол, әннің авторы Мағжан Жұмабаев. Естіппедің ондай кісіні? – деді.

-Әй, бала, Мағжанның әр сөзі алтын секілді қымбат едіғой. Сәбит Мұқановтың өзі «Абай ақылдың ақыны, Мағжан ақынның ақыны» деген болатын. Мейлі мені жұрт «ұры» дей берсін, бірақ, сондай адамның бір өлеңін тірілтіп, кейінгі ұрпаққа тастап кеткенім ұрлық емес, ерлік деймін! Деген екен қазіргі кезде әннің авторы атанып жүрген Мақсұт Майшекин. Бұл 60 жылдародағы оқиға. Осылай дүниеге келген «Бәріненде сен сұлу» әнін орындау үшін сахнаға Ғазизов Есім, Елеу Бақтияр, Сергеев Бақбергеннен құралған «Жас қыран» триосын ортаға шақырамыз.

2–жүргізуші:

Шәмші ағамыздың компазиторлық қабілетін баршамызда жақсы білеміз. Ал ақындық өнерін көбіміз біле бермейміз. Ол өз жанынан суырып салма тапқыр сөздерімен барша адамдарды таңқалдырған. Деседе ол өзі өлең жазып, сол сөзге ән жазды.

«Құшақ жайған қандай адам»- деп аталатын сол әнді орындау үшін республикалық «Шабыт» фестивальінің дипломанты, облыстық байқаулардың лауреаты, көрші Үлкен шаған ауылынан кеп тұрған Мерғалиев Артурды ортаға шақырайық

1–жүргізуші:

Кеше Шымкенттегі фестивальде отырсам бір жасы жетпістерге келіп қалған апа маған хат жазып жіберіпті. Хатында айтады, мен бұрын әнші болғанмын, Шәмшінің маған ұсынған бір әні бар еді, әлі еш жерде айтылмаған. Соләнді мен өзіморанжировкажасатып, айтсамболадымадепті. Олкісінідереутауыпалдық, әнінтыңдадық. Расында да тыңдүниеекен.
ЖетпісекіншіжылдарыШәмшіҚалдаяқовТорғайоблысынабарғанекен. Солкездеәнжазыпты «Арқалықтыңақтаңы» деген. Оны биылтаптық. ҚазірбұләндіЖұбанышЖексенұлыөзрепертуарынақосып, орындапжүр. Бұлән де кезіндешығып, сосынұмытылыпқалған. Оданбөлек, Шахановтыңархивініңөзіненжетіәнтабылды- дейді
Шәмшінің өмірі мен шығармашылығын зерттеп жүрген сазгер Қалдыбек Құрманәлінің айтуынша. Келесі тыңдайтын әндеріңіз Шәмшінің халық арасынан табылған әні сөзі Мұхтар Шахановқа жазылған «Арқалықтың ақ таңы » әні. Орындайтын музыка мұғалімі Гумаров Замир. Қошеметтеп қарсы алайық.

1–жүргізуші:

Әсем әндерімен халықты баурап алып, халықтың ықылас сезіміне бөленген Шәмші еді. Әрине барша халық оны ең биік атаққа, ең жоғары құрметке ие болған нағыз бақытты адам деп санаған.Бірақ, құдіретті ән иесінің осы уақытқа дейін, компазиторлар одағына мүше болмағандыған, оның еш жерде жұмыс істемегенін, оның атына ешқандай еңбек кітапшасы ашылмағандыған халық біле-білмес. Ол кісі тірі болса оған зейнетақыда тиесілі болмайды екен. Оған достары «Қазақ ССР-і өңіріне еңбегі сіңген қайраткері» атағын алып беріп, зейнетақы тағайындау үшін еңбектенседе, оған тек «Қазақ ССР-на еңбек сіңген мәдениет қайраткері» атағын берген екен. Бірақ, бұл атақпен еш адам зейнетақы ала-алмайды екен.

2–жүргізуші:

Шымкент жұртшылығы атынан Қазақстан орталық партия комитетінің сол кездегі бірінші хатшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа, Шәмшінің 60-жылдық туған күн кешіне келген, сол кездегі Алматы қалалық кеңестің төрағасы Заманбек Нұрқаділов арқылы Шәмшіге «Қазақ ССР-халық әртісі» атағы берілуі сұралды. Заманбек Нұрқаділов уәдесіне тұрып бұл атақты 1991 жылы 29 желтоқсан күні алып берді. Бұл атақ Шәмшіге берілгенде Шәмші жүрек ауруына бауыр асқынуы қосылып Алматыда ауруханада жатқан болатын. Шәмші осылайша «Қазақстанның халық әртісі» деген атақты не бары 60 –ақ күн көтеріп жүрді. Ауруханаға 1991 жылы 16 қарашада күні түскен ол, 1992 жылы 29 ақпанына дейін жатып мәңгі көз жұмды.

1–жүргізуші:

Шәмші ағамыз өзі өмірден өтседе, оның өнеріне табынушылар оған арнап көптеген әннен жыр арнады. Солардың бірі болып қазір Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығын зерттеп жүрген, кезінде Шәмшінің ерекше ықыласына бөленген сазгер Қалдыбек Құрманәлінің шығарған «Ән аға немесе Шәмшімен сырласу»-деп аталатын әсем әнін орындау үшін, ортамызға барша осы концертке қатынасушы әншілер тобын шақырсақ деп отырмыз. Ал сіздерде қосыла шырқай отырыңыздар.

2–жүргізуші:

Көкіректі тербеген әндерімен,

Әндері жүрек шөлін қандырар нәрлі өлең.

Артыңда өлмейтұғын із қалдырдың,

Шәмші аға қандай жарқын, абзал жан ең.-деп міне қадірменді өнер сүйер ауыл тұрғындары, сіздерге деп мектеп оқушыларымен дайындаған «Ән сұңқары – Шәмші аға» - атты ән кешіміз аяқталды.

1–жүргізуші

Көңіл қойып, алтын уақыттарыңызды бөліп тамашалағандар

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!