Материалдар / "Сан есім" 2-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Сан есім" 2-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Мамыр 2021
662
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Алғы сөз

Ұсынылып отырған оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы 1080 Қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған «Қазақ тілі» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламаларына (Астана, 2013) негізделіп жасалды.

Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Мемлекеттік тілдің қасиетін жас ұрпақтың бойына сіңіру бастауыш сыныпта басталады.Қазақ тілі сабағынан алған білімдерін тереңдету үшін «Қызықты грамматика» курсы бойынша тереңдетілген бағдарлама жасалды. .Бұл курс арқылы оқушылар негізгі пән «Қазақ тілінде» меңгерген білім, білік, дағдыларын жетілдіре түседі. Оқушылардың дүниетанымы кеңіп, дұрыс, байланыстырып сөйлеуге үйренеді. Грамматикалық сауаттылықтары артады. «Қазақ тілі» пәніндегі сияқты қазақ тілінің дыбыстық, лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын меңгеру үдерісі қарастырылады.
Сонымен
қатар оқушылардың «Сауат ашу» оқу пәнін тереңдетіп оқытуға дайындау үшін «Дыбыс пен әріп», «Сөз», «Сөйлем» деген бөлімдер күрделендіріледі. Оқушыларға орындауға берілген әр түрлі жаттығулар мен тапсырамалар оқушылардың қазақ тілінен алған білімдерін бекіте түседі.
Оқушылардан ауызша дұрыс сөйлеуді, сауатты жазуды, сөзді мағынасына сай дұрыс қолдануды талап етеді.Халық ауыз әдебиетінің үлгілері арқылы оқушылардың ой қорыту қабілетін, тіл байлықтарын, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін арттыру басты мақсат. Сонымен қатар, бағдарламада оқушылардың грамматикалық, фонетикалық, синтаксистік, морфологиялық білімдерін жетілдіру үшін берілетін тапсырмалар жүйелі түрде ұсынылған.
Бағдарламаны құрастыру барысында оқушылардың грамматикалық білім, білік, дағдыларын, оқу қабілеттерін деңгейлей отырып көтеру ескерілген. Оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдері, формалары қарастырылған. Берілетін тапсырмалар әр оқушының деңгейі мен қабілетіне сәйкестендіріліп, өз бетімен ізденушілік жұмыстары да қамтылған.

.















Мақсаты:

Оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін жетілдіре отырып, тіл байлықтарын, өз ойларын нақты,терең мағыналы әрі көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту.Олардың білімге деген құштарлығын, еңбексүйгіштігін, орындалатын жұмысқа деген жауапкершілігін арттыру, қиындықтарды жеңе білуге баулу.
Міндеттері:
- балалардың бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасай білуге және табысқа жетуге үйрету;
- байланыстырып сөйлеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету;

Күтілетін нәтиже:


  • Оқушылар жылдам әрі жүйелі талдау дағдысына қалыптасады.


  • Сөздердің дұрыс жазылу ,сауатты әрі әдемі жазуға дағдыланады.


  • Грамматикалық тапсырмалардың мағанасына қарай дұрыс,әрі қатесіз орындауға үйренеді.

  • Талдау түрлерін үйрене отырып,қызығушылығы артады


  • Оқушылар жылдам әрі жүйелі талдау дағдысына қалыптасады.


  • Сөздердің дұрыс жазылу ,сауатты әрі әдемі жазуға дағдыланады.


  • Грамматикалық тапсырмалардың мағанасына қарай дұрыс,әрі қатесіз орындауға үйренеді.

  • Талдау түрлерін үйрене отырып,қызығушылығы артады
















2-сынып


р/с

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

Жұмыстың түрі

Тіл және сөйлеу – 3 сағат

1

Мектеп - білім ордасы.

1


Топтық жұмыс, жекеленген үлестірмелі парақшалармен жұмыс.

2

Біздің сынып.

1


Жалпылай тапсырмалар беру, пікірталас, жұппен жұмыс.

3

Мен және менің достарым.

1


Жекелей жұмыс, үлестірмелі парақшалармен жұмыс жасау.

Дыбыс пен әріп – 10 сағат

4

Дауысты дыбыстар. Оның түрлері.

1


Жекелей, жалпылай жұмыстар жүргізу.

5

Жуан дауысты дыбыстар.

1


Топпен сөзжұмбақтар шешу, жекелей пікір білдіру.

6

Жіңішке дауыты дыбыстар.

1


Жекелей, жұптық жұмыстар жүргізу.

7

Жуан және жіңішке жұп дауыстылар.

1


Топтық, жұптық жұмыстар.

8

Буын.

1


Жекелей үлестірмелі парақшалармен жұмыс.

9

Дауыссыз дыбыстар.

1


Топтық, жалпылай жұмыстар.

10

Қатаң дауыссыз дыбыстар.

1


Жекелей, жұппен жұмыс.

11

Ұяң дауыссыз дыбыстар.

1


Жекеленген, топтық жұмыстар жүргізу.

12

Үнді дауыссыз дыбыстар.

1


Топпен, жекеленген жұмыстар.

13

Тасымалдау.

1


Жұптық, жекеленген жұмыстар жүргізіледі.

Сөз – 6 сағат

14

Сөз ойла, тез ойла.

1


Жекеленген үлестірмелі парақшалармен жұмыс.

15

Адасқан әріптер әлемі.

1


Жекеленген, жұптық жұмыстар.

16

Мағынасы жуық сөздер.

1



17

Қарама – қарсы мағыналы сөздер.

1


Жекеленген, топтық жұмыстар.

18

Көп мағыналы сөздер

1


Топтық жұмыстар жүргізіледі.

19

Өз біліміңді тексер.

1


Жұптық, жекеленген жұмыстар.

Сөйлем – 3 сағат

20

Сөйлемдегі сөздердің байланысы.

1


Жеке, жұппен, топтық, фронтальды.

21

Хабарлы сөйлем.

1


Жекеленген жұмыстар жүргізі.

22

Сұраулы сөйлем.

1


Жекеленген, топтық жұмыстар жүргізі.

23

Лепті сөйлем.

1


Жалпылай, жекелей тапсырмалар орындау.

Сөз таптары – 5 сағат

24

Заттың атын білдіретін сөздер – зат есім.

1


Жекеленген, топтық жұмыстар.

25

Бас әріптен басталып жазылатын сөздер.

1


Топтық, жекеленген тапсырмалар беру.

26

Заттың қимылын білдіретін сөздер – етістік.

1


Жалпылай, топтық тапсырмалар беру.

27

Заттың сынын білдіретін сөздер – сын есім.

1


Жекеленген, топтық жұмыс.

28

Заттың санын білдіретін сөздер – сан есім.

1


Топтық, жекеленген жұмыстар.

Сөйлеу мәдениеті – 3 сағат

29

Жұмбақ әріптер.

1


Жекеленген, топтық тапсырмалар беру.

30

Жыл мезгілдері.

1


Жекеленген жұмыстар.

31

Сіз деген – әдеп,

Біз деген – көмек.

1


Топтық, жекеленген жұмыстар.

Жыл бойы өткенді қайталау – 3 сағат

32

Дыбыстық талдау.

1


Жекеленген жұмыстар.

33

Өз біліміңді тексер.

1


Топтық, жекеленген жұмыстар жүргізу.

34

Қорытынды бақылау тесті.

1


Жекеленген, жұптық жұмыстар жүргізу.










Үлгі сабақ жоспарлары

Шартты белгілер:

O – жалпы дыбыс

DrawObject1 - дауысты дыбыс

DrawObject2 - дауыссыз дыбыс

Ø –жоқ деген белгі

І.2. Дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беру.

Берілгені:Халықтармен сөзінде қанша дыбыс бар,оның нешеуі дауысты,нешеуі дауыссыз

Берілгені: DrawObject3

ХDrawObject5 DrawObject4 алықтармен = қанша дыбыс бар? = нешеуі + нешеуі = ?


Берілгені:

ХDrawObject7 DrawObject6 алықтармен = O = + = ?


Шешуі:

Халықтарымен сөзінде он бір дыбыс бар.

Оның төртеуі,олар 2 а, ы, е дауысты дыбыстар.Себебі: бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешбір кедергіге ұшырамай,ауа еркін шығады.

Жетеуі, олар х , л , қ , т , р , м , н дауыссыз дыбыстар.Себебі: бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап,ауа қысылып шығады.

ШDrawObject9 DrawObject8 ешуі:

Халықтармен = 11 ° = 4 (2а, ы, е) + 7 (х ,л , қ , т , р , м , н)

ІІ.3. Буынның түрлерімен таныстыру.

Буынның түрлері:

Ашық буын Тұйық буын Бітеу буын

а-та аң тас

ә-ке ай көл

бо-та ұлт дәп-тер ә-же өрт қарт

DrawObject16 DrawObject17

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!