Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Сабақтың
мақсаты:
а)
Білімділік:
Оқушылардың өтілген
тақырыптары бойынша білімін пысықтау. Сан есімнің сөйлемдегі
қызметін меңгерту;
ә)Дамытушылық:
Оқушылардың сөздік қорын
молайту. Ынта қойып тыңдау, жазу, талдау машықтарын
қалыптастыру. Өз ойын жүйелі түрде
жеткізе білуге дағдыландыру
б)
Тәрбиелік:
Оқушыларды ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке баулу. Топпен бірігіп
жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: аралас
сабақ
Сабақтың
әдісі: сыни-тұрғыдан ойлау,
сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын, сергіту
жаттығулары.
Сабақтың
көрнекілігі: слайдтар, үлестірме
қағаздар, семантикалық
карта.
Пәнаралық байланыс:
математика
Сабақтың
барысы:
I.Қызығушылықты
ояту 1.Тренинг
өткізу. Жақсы қасиеттер туралы
әңгімелеп, балалардың зейінін сабаққа аудару. Сөз таптарына
байланысты сыныпты төрт топқа бөлу.
2. Үй жұмысын тексеру. 5-жаттығуды әр топқа
оқыта отырып,цифрларды сөзбен жазған сан есімді
тексеру.
3. «Ұяшықты таңдау» ойыны арқылы сөз таптарын пысықтау.
Балалар ұяшықтан сандар
таңдайды. 
-Зат есім дегеніміз не? Зат есімнің түрлері.
- Сын есім дегеніміз не?
-Сан есім дегеніміз не?
-Етістік дегеніміз не?
-Реттік сан есімді ата?
-Есептік сан есімді ата?
II. Мағынаны тану.
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу. Бір таңбалы сандарды бір бөлек, екі таңбалы сөздерді бір бөлек сөзбен жазу. 8, 21, 5, 101, 7, 77, 4, 10, 19.

Екі таңбалы сандар қалай жазылады? Екі таңбалы сандардың ішінде бір сөзбен ғана берілген қандай сан?
Сергіту сәті
2-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастырып жаз.
Құрастырған әңгімеңнен сан есімдерді тап.Оларға сұрақ қой.
4-жаттығу.Өлеңді оқып,мағынасын түсіндір.
Қос жастыққа шынтақтап, Қонақ төрде көсілер. Орден, медаль жүр топтап, Екі – екіден төсіне ер.
Қос деген сөзді қандай сөзбен ауыстыруға болады? Оған сұрақ қой. Сан есімдерге сұрақ қой.
Сергіту сәті.

«Қос қарлығаш» әні бойынша қимылдар жасап бой сергіту. Қос сөзінің мағынасын ашу.
5- жаттығу.Ребусты шеш.
Ребустың шешуін білдіретін сөзге сұрақ қой.Ол қай сөз табына жатады?
Топпен жұмыс жасау
1-тапсырма. 1-топ Сан есім дегеніміз -------------
Оның сұрақтары ----------------------
2-топ Сан есімнің түрлері -----------------
3-топ Мына сан есімдерді реттік сан есімге айналдыр
Үш.... күн, тоғыз..... вагон, екі..... орын, жиырма сегіз.....
пәтер.
( қалай жасалғанын дәлелдеу)
4-топ Терме диктант( сан есімдерді табу)
Елу метр есіктен,
Еңкеюмен шақ кірдім.
Жүз қасқырды өшіккен,
Бір қозыға бақтырдым.
2-тапсырма. 1-топ Мына сөздерді сәйкестендір
Б
ір асым қамыр
Б
ір жұтым тұз
Б
ір
ауыз бұлт
Бір шымшым өлең
Бір шөкім су
Бір жайым ет
2-топ Сөздер ойлап құрастыр. 100-ік, 100-ім, 1 қазан, жел 90, 6 бақан, тү-1
(Бірқазан,жүзік,жүзім,желтоқсан,алтыбақан,түбір.)
3-топ Мақалдарды толықтыр
1.Досыңды үш күн сынама, ..... жыл сына.
2.Ат баспаймын деген жерін .... рет басады.
3.Отыз тістен шыққан сөз ..... рулы елге тарайды.
4.Бір кісі қазған құдықтан .... кісі су ішеді.
5. .... ай аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа.
6.Ер .... рет өледі,
Қорқақ .... рет өледі.
4-топ Саусақпен өлшенетін қазақы ұғымдарды қолдың
қимылымен көрсет.
Елі, қарыс, тұтам, шынтақ, құлаш, уыс.
Төмендегі сұрақтарға жауап жаз.
1.Бір жылда неше ай бар?
2.Бір айда қанша күн бар?
3.Бір сағатта қанша минут бар?
4.Бір метрде неше сантиметр бар?
Ойын «Жина, таңда»
Оқушыларға карточкалар таратылып беріледі .Сөздерді үлгі бойынша сөз таптарына бөліп жазу.
-
-
-
Зат есім
Етістік
Сын есім
Сан есім
құлпынай
жүгірді
Дәмді
елу бес
сағат
барды
аласа
бес жүз
-
-
Рефлексия:Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін ортаға сала отырып тақтаға смайликтер арқылы өз көңіл-күйлерін орналастырады.
Сабақты қорытындылау.
Сабақтың жүргізілу жүйесінде формативті бағалау қолданылады.Топты бағалау барысында әр топтың жеңімпаздары анықталады.
Бағалау.Сабақта белсене қатынасқан оқушыларды мадақтау, мақтау және бағалау.
-
№
Оқушының аты,жөні
Бағасы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
-Бүгінгі сабақта не білдік? Не ұнады? ( оқушылардың пікірін
тыңдау).
Үйге тапсырма. 3 – жаттығу. Сұрақтарға жауап жаз
1. Отбасыңдағы адам саны нешеу?
2. Сен нешінші баласың?
3.Неше әпкең бар?
4. Неше інің ( сіңлің, қарындасың) бар?
«Қараөзек» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Бекітемін»
Мектеп директоры: Қ.Абдуллаев
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Сан есім»
Пән мұғалімі: Ишанкулова Рыскул
Пәні: қазақ тілі
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Сан есім" ашық сабақ

шағым қалдыра аласыз