Материалдар / Сана (сознание)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сана (сознание)

Материал туралы қысқаша түсінік
Сана (сознание) - адамның қоршаған ортадағы шындықты бейнелеуінің ең жоғарғы түрі. Адамзатты жан-жануарлардан ажырататын қоғамдық еңбегінің жемісі, нәтижесі. Жеке психикалық процесс.Сана (сознание) - адамның қоршаған ортадағы шындықты бейнелеуінің ең жоғарғы түрі. Адамзатты жан-жануарлардан ажырататын қоғамдық еңбегінің жемісі, нәтижесі. Жеке психикалық процесс.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Ақпан 2022
357
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

. Сана (сознание) - адамның қоршаған ортадағы шындықты бейнелеуінің ең жоғарғы түрі. Адамзатты жан-жануарлардан ажырататын қоғамдық еңбегінің жемісі, нәтижесі. Жеке психикалық процесс.

Тұлға туралы көзқарасымызды одан әрі жалғастырсақ, тұлға тек қана танып білу, сезім, қимыл-жігер және санадан ғана тұрмайтынын білеміз , бұларға қосымша:

Темперамент – туа бітетін қасиет, өмір бойы егер бастың қатты жарақаты болмаса, қатты уланбаса өзгеріссіз қалатын құзыреттілік. И.П.Павловтың еңбектерінде темперамент:

-сангвиниктік (күшті, ұстамды, пысық);

-флегматиктік (күшті, ұстамды бірақ ынтасыз, жігерсіз)

-холериктік (күшті, ұстамсыз және ұшқалақ);

-меланхоликтік (әлсіз, ұстамсыз және шалағай, жасық) болып төртке бөлініп көрсетілген.

Мінез– белгілі бір адамға ғана тән қасиет (характер).

Тұлғаның басқа адамдарға, қоғамға деген көзқарасы, қарым-қатынасын білдіреді. Өмір өткелдерінде өзгеріске ұшырап отыратын, тәрбие мен үйретуге байланысты, өскен ортасына қарай қалыптасатын құлық.

Мақсат – адамның алдына қойған ақ тілегі. Осындай болсам, осыған жетсем деген арман, болмаса да ұқсап бағу, біреудің ойында баю болса, біреулер оқып, білуге құмар.

Осы тұлғаға тән қасиеттерге адамды қоршаған ортаның зиянды әрекеттерінен (стресс) қорғайтын қасиетін психикалық қорғау жүйесін қоссақ, тұлға дегеніміз – танып-білу, сезім, қозғалыс-жігер, сана, темперамент, мінез, мақсат, психикалық қорғау жүйесі болады немесе қысқаша:

Тұлға=ТБ.С.ҚЖ.С+ТММ+ПҚЖ.

Денсаулық дегеніміз – тән менен жанның,әлеуметтік өмірдің тепе теңдігі.

Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымдастығының дерегі бойынша психикалық денсаулық дегеніміз:

- тән мен жанның тұтастығының бұзылмауы, тұрақтылығы;

- өзіне-өзі сын көзбен қарай алуы;

- өмірде кездесетін неше түрлі қиындықтарға

психикалық қорғаныс жүйесінің төтеп бере алуы;

- қоғамға, өскен ортаға, әлеуметтік жағдайдағы заң,

тәртіпке сай бола білу;

алға қойған мақсатқа жете білу.

Осы жоғарыда көрсетілген дені сау тұлғаларға тән қасиеттері бар адамдарды, азаматтарды қоғамда психикалық ауру деп табу –заңды бұзу болып табылады. Психикалық ауруларды тек арнайы білімі бар дәрігерлер ғана анықтап, ем қолдана алады.

1994 жылы психиатрлардың кәсіби этикалық Кодексі қабылданып, онда негізгі этикалық қалып, ережелер қабылданды:

автономиялық принцип – тұлғаны сыйлау, оның тәуелсіздігіне, таңдаған жолына араласпау.

залал келтірмеу принципі – арнайы тіке және басқа біреулер арқылы ауруға кесел келтірмеу.

қамқорлық принципі – әрқашан аурудың мүддесін қорғау.

әділеттілік принципі – дәрі-дәрмектерді ауруларға алаламай бөлу, тең бөлу.

Медицина қызметкерлері әрқашанда ашық, шыншыл, аурулардың жеке өміріне араласпай, олар туралы белгілі болған жәйттерді басқаларға айтпай емдеуге міндетті. Оқушылармен тәжірибе жұмыстарын өткізгенде ауруларды өздерінің еркінсіз оқу процесіне пайдалануға болмайды.

 

Психиатриялық көмек ауру адамдарға емханалар мен ауруханаларда көрсетіледі. Облыстық және қалалық психикалық денсаулық орталықтары мен кабинеттер емханалық қызметтер қатарына кіреді.

Ауруханадан тыс психиатриялық көмекті облыстық, қалалық, психоневрологиялық орталықтар мен аудандық кабинеттер көрсетеді.

Психоневрологиялық диспансерлердің негізгі мақсаты - психикалық ауруларды есепке алу, оларға диагностикалық және ем көмегін көрсету, реабилитация шараларын жүргізу, керек болған жағдайда ауруханаға жатқызу.

Психикалық ауруларды жедел түрде ауруханаға орналастыру - олар өздеріне немесе маңындағы адамдарға қауіпті болған жағдайда (өзін-өзі өлтіру қаупі, сананың бұзылуы, күшті сандырақтар) ұйымдастырылады.

Жедел көмек арқылы ауруханаға жеткізілген ауруларды дәрігерлерден құрылған комиссия қарап, психиатриялық емнің қажеттігі туралы қорытынды жасайды.

Мас адамдарды, психопаттарды, психикалық қызметі шекаралық түрде бұзылған адамдарды жедел түрде ауруханаға орналастыруға болмайды.

Ауруханаларда психиатрдан басқа терапевт, педиатр, невропатолог, нейрохирург, офтальмолог, ЛОР, хирург, тері аурулары дәрігері, сексопатолог, рентгенолог, функционалдық диагностика дәрігерлері қызмет атқаруы тиіс. Психологтар, электроэнцефалография, ине терапиясы, психотерапия кабинеттері, емдеу-еңбек шеберханалары жұмыс істейді.

Ауруханалардың жағдайы үйдің жағдайына жақын болуы керек. Ермек үшін радио, теледидар, ойындар, музыкалық аспаптар болуы қажет.

Балалар бөлімшелерінде мұғалімдер, дефектологтар, логопедтер жұмыс істейді. Әлеуметтік қауіпті адамдарға арнайы мейіркештер, олардың жүріс-тұрысын бақылайтын бөлмелер (палаталар) болады.

Невроз бөлімшелерінен басқа бөлімшелерде өткір, үшкір заттарды қолдануға тыйым салынады.

Медицина қызметкері ауру адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай білуі қажет. Ол үшін медициналық психология саласын меңгеріп, өзінің білімін үнемі жоғары дәрежеде ұстауы керек. Көп жағдайларда аурулар тамақ ішуден бас тартуы, медицина қызметкеріне бағынбауы, қашып кетуге тырысуы, өзіне немесе басқа біреулерге қауіпті әрекеттер істеуі мүмкін.

Бұл жағдайларда ауруларды мәжбүрлеп емдеуге тура келеді. Дәрі-дәрмектің көмегімен тыныштандыру, не болмаса төсекке байлап тастау шаралары қолданылғаннан кейін, аурумен түсіндіру жұмыстары жүргізілуі қажет.

Сезу ағзаларының бұзылуы психиатрияда:

а)сағым (иллюзия) деп аталады.Бұл айналадағы заттар мен құбылыстарды басқаша, қате түрде қабылдау. Кейде сау адамдарда да кездесетін қате қабылдау өмірде жиі кездеседі. Мысалы, ілулі тұрған көйлек қорыққанда кіріп келе жатқан адам деп қабылдануы, желдің ызыңы басқан аяқтың дыбысы сияқты қабылдануы мүмкін. Ауру адам бөтен адамдардың өзара сөйлесуін өзіне қатысты сөз деп бұрмалаған түрде естиді, оның есімін атағандай, оған арнап жаман сөздер айтқандай болады. Көңіл-күйдің өзгеруі және басқа да психикалық бұзылуларға байланысты сағымдар көбіне психикалық ауруларда кездеседі. Қабырғадағы сағат маскүнемдік психоз кезінде шайтан, жын болып көрінеді.

б) елестеушілік (галлюцинация), бұл нақтылы заттың болмаса да объектісіз жалған қабылдануы. Сөз болмаса да есту, зат болмаса да көру, иіс болмаса да сезу, дәмді басқаша қабылдау. Сондықтан елестеушілікті –көру, есту, иіс сезу, дәм сезу және жанасу галлюцинациясы деп сезім мүшелеріне байланысты бөледі.

Көру елестеушілігінде аурулар жанды немесе жансыз нәрселерді, қозғалатын немесе қозғалмайтын нәрселерді әр түрлі түсте, дене мүшелерін бөлек-бөлек көріп, олармен қарым-қатынаста болады. Фантазияда ғана кездесетін жан-жануарлармен, адамдармен кездесіп, осы өмірде болып жатқан құбылыстай қабылдайды. Айқын елестеушіліктер маскүнемдік психоз жағдайларында көп кездеседі. «Допился до зеленых чертиков» деген орыс сөзі осыдан қалған. Мысалы, арақтан уланған адам кешке қарай жын-шайтандардан қашып, өзіне немесе айналасындағы адамдарға қауіпті іс-қимылдар жасайды. Қорғанамын деп тарпа бас салуы мүмкін, бұл жағдайда кісі өлімі көп кездеседі.

Есту елестетушілігінде аурулар қазіргі кезде болмаған, жалған дыбыстарды (атыс-шабыс, айқай, жылау, еңіреу, ұрсу) естиді. Дауыс әйелдікі, еркектікі монолог немесе диалог қалпында болуы мүмкін. Ұзақ жылдар бойы ауырған адамдар кейде осы дауыстарға үйреніп, жұмысын істей беруі мүмкін. Есту елестеушілігінің әмірлі (императивті) түрі қауіпті болып келеді.

Бұл жағдайда дауыстар ауруға: өлтір, өрте, балконнан секір, суға түс, өлең айт, боқта т.с.с. әмірлер береді. Тамақ ішпе десе, аштан өлгенше тамақ ішпеуі мүмкін. Дереу ауруханаға жатқызылып емделмесе, қоршаған ортаға аса қауіпті. Көбіне шизофоренияда уланғанда, энцефалит, ми ісіктерінде кездесетін белгілер.

Иіс сезу елестеушілігі кезінде жиі ұнамсыз (газ, шірік, нәжіс, өлік) иістер сезіліп, аурудың қоршаған ортадан бөлектенуіне себепші болады.

Дәм сезу елестеушілігінде ауру себепсіз тамақ ішуден бас тартады. Көбіне тамақтан керосин, бензин т.с.с. жағымсыз дәм (иіс) сезініп, басқалар оны улайды деп қорқады.

Жанасу елестеушілігінің өте айқын сезілетіні сондай аурулар үстеріндегі шыбын-шіркейлерді, қоңыздарды, құрттарды, жыландарды т.с.с. жағымсыз жәндіктерді қағып түсіруге, алып тастауға бар зейінін салады.

Іштегі немесе висцеральдық елестеушілік деп ауру адамның өзінің ішінде (қарын, жатыр, өкпе, бауыр) бөгде заттар бар екенін дәлелдеуге тырысуын айтады. «Ішімде жылан, жын-шайтан бар, алып тастаңыз» деп немесе «екіқабатпын, 9-10 жылдар бойы босана алмай жүрмін» деп медициналық көмек сұрауы мүмкін.

в) Сенестопатия – жоқ ауруды өзінде бар деп есептеу.

Ауруларда елестеушіліктің бар екенін оның мінез-құлқынан, іс-қимылынан байқауға болады. Өзімен-өзі сөйлеп, қорқып, қашып немесе көмек сұрап келеді.

Галлюцинация шынайы және жалған болып екіге бөлінеді.

Егер елестеушілік бейнені ауру айналадағы шындық ретінде қабылдаса, ол кімді, қай жерде көргенін, оның бет әлпетін суреттеп бере алса, шайтанның құйрығының ұзындығын, түсін, оның қимылын, бетін суреттей алса бұл шынайы елестеушілік.

Егер ауруда жалған көру елестеушілігі болса, онда ол заттың түсін, түрін айнытпай айта алмайды. Дауыс естісе оның кімдікі, қайдан шыққанын анық айта алмайды. Елестеулер айналадағы кеңістікке байланыспай, өзінің нақтылығын жоғалтады. Мысалы, ауру дауысты басының ішінен, кеуде қуысынан естиді. Жалған елестеудің тағы бір белгісі – оның қолдан, зорлықпен жасалуы, ауру өзінің организміне сырттан теледидар арқылы, космостық сәулелер арқылы әсер етіп жатыр деп есептейді. Ауру адам ойланған кезде өзінің ойларын дыбыс түрінде естиді.

Қабылдаудың бұзылуына деперсонализация мен дереализация жатады.

Деперсонализация – аурудың өзінің «менін» жоғалтуы. Ойларында тұтастық болмай тек психикалық емес ағзалар бойынша өзгергендерін байқауы. Дене мүшелері, аяқ-қолдары, басы т.с.с. ағзалары тым үлкен немесе бойы тым ұзындығын айтып шағымданады.

Дереализация кезінде қоршаған ортадағы айқындықты қабылдау өзгереді. Таныс нәрселерді танымай, керісінше танымайтын нәрселерді «танып», кейбір бөтен адамдарды өздеріне жақын тартады.

Ойлаудың бұзылуы (мышление)

 Айналадағы заттар мен құбылыстарды қабылдап қана қоймай, оларды салыстырамыз, тұжырымдаймыз, негізгі және қосалқы жақтарын айырамыз. Сезім мүшелеріміз арқылы қабылданған мәліметтерді талдаймыз. Адамға ғана тән бұл түсінік пен қорытындылауды ойлау деп атаймыз. Ойлау сөйлеумен тығыз байланысты, ойлаудың бұзылуы ауру адамның сөйлегенінен білінеді.

Шындықтан алшақ, түзетуге болмайтын ойларды сандырақ ойлар деп атайды (бред). Сандырақ ойлы аурудың пікірін өзгерту мүмкін емес. Егер сағым мен елестеушілік кейде сау адамдарда да кездесіп отырса, ал сандырақ ойлар тек психозбен ауырған кезде ғана болады.

Маңызы жағынан сандырақтың бірнеше түрі болады.

Солардың негізгілері:

а) Соңынан түсу сандырағы (бред преследования) – жиі кездесетін қарым-қатынас, уландыру, әсер ету, кінәлау, ұрлау, қызғану, кемсіту сияқты ойлар. Ауруларға айналасындағылар нашар қарап күлетін жаман ойларды айтып, сыбырласатындай болып көрінеді. Өзіне қатысы жоқ әрекеттерді өзіне бағытталған деп есептейді. Өткен-кеткен адамдарды өздеріне қарсы жауыздық ойлап жүр деп, бағалап сескенеді, сақтанады. Улап кетеді деп қорқып, тамақ ішуден бас тартады. Гипноздар, электр тогы, радиотолқындар, теледидар, ғарыш толқындары арқылы өзіне әсер етеді деп санап еден астынан, қабырғадан оларды іздеп, әуре болады, жүдейді. Көбіне дәрігерлерден, көршілерінен, туыстарынан қауіптенеді.

б) Кінәлау сандырағында (бред обвинения), мысалы, жұмыс істейтін жерінде кейбір заттардың жоғалғанын өзінен көреді деп есептеп, жұмыстан шығаруды өтініп арыз жазады. Көптеген кемшіліктерді өзінің кесірінен деп ойлап мазасызданады, жазалауды өтінеді.

в) Қызғану сандырағыкөбіне маскүнем адамдарда кездеседі. Әйелін (күйеуін) көзіне шөп салады деп есептеп, жұмысқа барғанда, қонақтықтарда астыртын немесе ашықтан-ашық бақылауға алады. Достарына, тумаларына айтып, өзінің сандырақ ойын дәлелдеуге тырысады. Әйелін (күйеуін) балаларынан, әкесінен, тумаларынан қызғанып, өш алуға ұмтылады.

г) Ипохондриялық сандырақтаөздерін: СПИД, туберкулез,

мерез сияқты жаман аурулармен ауырамыз, әрі сол аурулардың таратушыларымыз деп есептептейді. Жын-шайтанмен байланыстымын, қоймын, жыланмын деп, әйел еркекпін, еркек әйелмін деп тез арада шара қолдануды талап етеді.

д) Ұлылық сандырағы (бред величия) – байлық, тектілік, ойлап табушылық, сұлулық, сүйіспеншілік сандырақтары. Өздерін аса бай немесе асқан сұлу, ғалым, өнертапқыш деп таныстырады. Айтқан сөздері мен істері алшақ болса да «мен маршалмын, адмиралмын, әлемде теңдесі жоқ әртіспін, емшімін» деп өзіне бағынуды, сыйлауды, табынуды талап етеді.

Сандырақ ойлардан басқа жалықтыратын

жабысқақ ойлар(навязчивые идеи) – адамның ықыласынсыз оның санасын алатын, құтылуы қиын ойлар. Маңызы аз, қисынсыз, сын көзбен қарап, олардан құтылуға тырысқанымен құтыла алмайтын ойлар бар. Мысалы, мен өлсем не болады? Неге әтештің басы біреу? Қолым неге екеу, үшеу емес? деген сияқты жабысқақ ойлардың біреуі кетсе, екіншісі келіп мезі қылады. Белгілі бір әуеннің ойдан кетпей қайталана беруін жабысқақ ойларға қосуға болады.

Жабысқақ қорқыныштарға (фобия) үйден шығарда есікті жаптым ба, үтікті өшірдім бе, өшірмедім бе т.с.с. күдіктер немесе әртістердің күнделікті сахнаға шығып жүргеніне қарамастан, күтпеген қорқынышқа тап болуы жатады. Бұл сияқты жабысқақ жағдай кейде сау адамдарда да болады. Қысқа мерзімде болып тез өтуіне байланысты адамның жұмысына, өміріне көп әсер етпейді.

Ойлаудың өзгеруі жылдамдау және баяулау түрінде кездеседі.

Жылдам ойлау процесінде ойлар жылдам әрі үнемі өтіп жатады. Бұл көңіл-күйі жоғары болған кезде байқалатын жай. Берілген сұрақтарға үстіртін және қалай солай жауап бере салған ауру, тез өз назарын басқаға аударады. Ойлау күрт жылдамдаса, ойлар секіре бастайды (скачек), аурулар ұйқастырып айтуға бейім болады, барлық ойын айтып үлгермейді.

Ойлау баяулаған кезде ойлардың пайда болуы мен өтуі

қиындыққа соғады. Берілген сұрақтарға өте баяу, аз сөзбен жауап береді. Бұл жағдай көңіл-күй төмендеген жағдайларда кездеседі (депрессия).

Сөйлем құрамында логикалық байланыстың болмауын, сөздің мәні болмауын - ойлаудың үзілуі дейді.

Аурудың сөзінде мән мен грамматикалық байланыс болмаса, жеке сөздер мен буындар қисынсыз кездесе берсе, бұл жағдай - ойлаудың қисынсыздығы деп аталады.

Ойлаудың персерверациясы – ұзақ уақыт бір сөздің басым болуы. Берілген сұраққа бір сөзді қайталай береді. Мысалы: атың кім? – Амантай, әкең бар ма? – Амантай, оқисың ба? – Амантай, әйелің бар ма? – Амантай т.с.с.

Қойылған сұрақтарға бірден жауап бермей, зорға жылжып, әріден бастап, бірнеше керек емес нәрселерді айтып, адасып жауап қайтарса, ондай жағдайды батқыш ойлау дейміз. Балшыққа батқан автокөлік секілді шақ жылжып, мысалы қайда барасың деген сөзге өзінің кім екенін, қашан дүниеге келгенін, өмірбаянын қоса айтып діңкеңді құртады. Бұл қояншық және кәрілікке байланысты психоздарда кездеседі.

 

ейін (внимание) психиканың белгілі бір объектіге

бағытталуы, зейін қою. Ол еспен тығыз байланысты.

Ерікті және еріксіз болып екіге бөлінеді.

Ерікті зейін – қалыпты жағдайдағы үйреншікті әдет. Еріксіз зейін – зорлап көңіл қою, жаттап алуға тырысу. Зейіннің бұзылуын екіге бөледі:

алаңғасарлық – зейіннің оңай бір нәрседен екіншіге ауысуы;

бірбағыттылық (қасару) – бір объектіден екіншісіне қиналып ауысу.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!