400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Саналы азамат болу өз қолыңда

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп оқушыларына отбасындағы тәрбиенің рөлін түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:


Мақсаты:

1.Оқушылардың бойына адамгершілік, рухани қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, қайырымдылық асыл қасиеттерді игеруге, әдепті болуға үйрету. Саналы азамат болуға тәрбиелеу.

2. Жақсы қасиеттерді өз бойына сіңірту .

3. Адамгершілікке тәрбиелеу.

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ Мұғалім:

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»
Н.Ә.Назарбаев

Адам бойындағы жақсы қасиеттер рухтан туындайды. Ал жаман қасиеттер іштерлық, жаман қасиеттерден болады.Адамның ішкі сұлулығы – жүрегі, ар-ұят, қайрат, адамгершілік осы қасиеттер жүректің тазалығынан қалыптасады.

Абайдың қара сөздерін тыңдау.

Үлкенді сыйлау- адамгершіліктің бір негізі. Қазақ халқының өмірінде үлкенді сыйлау үлттік дәстүрге айналған.Халқымыздың ежелдне келе жатқан әдет-ғұрпы бойынша кісіні сыйлау, құрметтеуәрібір адамның парызы болып саналған.

Адам құдіреттілігіне ой жете бермейтін, саналылығының, даналығының, қабілеттілігінің шегі, теңі мен телісі жоқ, киелі де қасиетті, аса күрделі жаратылыс. Әлемдік кеңістікте жасампаз тіршілік иесі – адамзат, биоәлеуметтік шеңберде жеке тұлға. Сезімтал, пайымды, болжамды. Амалы мен тәсілі мың сан. Бүгінгісін ертең қанағат тұтпайтын талғампаз, ізденімпаз, талапты, қажетін таңдай білетін, жоғын таба, барын жаңарта, жасандыра, жетілдіре беретін жаһандағы баламасыз, ішкі жан-дүниесінің тылсымды рухани күші мен сыры әлі түгел ашылып үлгерілмеген жер жүзіндегі кемел кемеңгер.

Адамның дүние-өмір танымдық қуат көзі, нағыз адамдықтың негізі нәзік болмыс –ақыл, ес, ой – өріс, жад, түйсік және сезім. Мінез-саналы өмір жүйесінде нәзік болмыспен қабаттас дарыған, адамның табиғи қалпы, сыр-сипат, іс-әрекет, бет-бағдар ерекшеліктерінің психологиялық жиынтығы. Ақыл мен мінез кісіліктің парқын, парасаттылығы мен бітім-келбетін, өмірге жарасымдылығы мен қабілеттілігін анықтаушы, сондай-ақ бірін-бірі толықтырушы, жетілдіруші саналық категория.

 

«Адам ұят, ар, мейірім, әділдік, алдамау деген қасиеттерінен айырыла бастағалы екінші ғасыр. Оның орнына жауыздық, ашқарақтық, озбырлық, опасыздық, кісі өлтіру сияқты көне қалыптағы тағылық жаңа өнерлі түрін тауып, өрлеп барады», - деп ұлы жазушы Ғабит Мүсірепов айтқандай қазіргі заман мен бұрыңғы заман арасында үлкен айырмашылық бар.

Ел болашағы – жастар деп қарайтын заманымыздың кейде құлдырап бара жатқанын көреміз. Жастарымыздың бойынан жігерлік, адамгершілік, қайсарлық пен батылдық, шешендік, адалдық пен адамгершілік қасиеттерінің азайып бара жатқандығына куәміз.

Көркем мінез – адамның эстетикалық-этикалық сәні мен мәні. Бұл ретте әдептілікті, ұяттылықты, намыстылықты және маңғаздықты ерекше атаған жөн. Қазақ халқының әдеп-қалпы көшпенділер мәдениетінің, салт-дәстүрінің уақыт ілгері жылжыған сайын кезеңімен өзгерген, әр дәуірде, әр қоғамдық құрылымда өмір елегінде екшеліп, талғамына сай сұрыпталып, ұлттық сипатын сақтай отырып жетілдірілген мінез-құлықтың ақ адал үлгісі. Әрбір адамның жетістікке жетуі оның тек ақылымен жектелмейді, сондай-ақ оның мінезіне де байланысты. Үлкен істің басын алып жүру үшінде сол ақылды адамға көркем мінез де қажет. Ақыл мен мінез жарасса ғана адам көп жетістікке жетеді.

Балалар, атамыз қазақ «Баланы жастан» деп бала тәрбиесіне қылығына жас кезінен көңіл бөлген. Ұлы ғұламалар да тәрбиелік, шыншылдық, еңбексүйгіштік бала кезден бойға сіңетін қасиет дейді. Қатты тәртіп көрсе бала күнінде өнерімен қуантады түбінде» деп Жүсіп Баласағұни айтқандай келешектерін жарқын болсын.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.01.2021
564
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі