Материалдар / «Сәндік – қолданбалы өнер»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Сәндік – қолданбалы өнер»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға қосымша білім беруде оқушының білімін, шеберлігін көрсету. Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту. Қолөнер үйірмесі өнер мен білім беру ісін бір-бірімен ұштастырып, бала санасына ұялатуда үлкен жүрек, мол мейірімділікпен қоса кәсіби дарын, іздемпаздық, іскерлік екендігі адамның адамгершілік дүние танымын қалыптастырып үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Желтоқсан 2021
711
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Түсінік хат


Бағдарламаның мақсаты:

Балаларға қосымша білім беруде оқушының білімін, шеберлігін көрсету. Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту. Қолөнер үйірмесі өнер мен білім беру ісін бір-бірімен ұштастырып, бала санасына ұялатуда үлкен жүрек, мол мейірімділікпен қоса кәсіби дарын, іздемпаздық, іскерлік екендігі адамның адамгершілік дүние танымын қалыптастырып үйрету. Қазір ел болып егемендік алып, көк туымыз желбіреп, әлемдегі тұғұры биік елдермен терезесі тең өмір сүріп келеміз. Қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Елімізді – 2030 жылы «Ақ барысқа» айналдыратын күш – бүгінгі оқушы балалар екені де анық.


Бағдарламаның міндеті:

Оқушыларды шығармашылыққа тарта отырып жобаны тани білуге, он саусағынан өнері тамған баланы тәрбиелеу. Шәкіртердің шеберлігін, білім мен еңбегін көрсету. Іскерлік, икемдік қабілеттерін арттыру. Тәрбиелік дағдысын жеткізіп, еңбектену жұмысына төзімділік жеткізу. «Сәндік - қолданбалы өнер» үйірмесінің бағдарламасы оқушыларға тәрбиелік мәні бар, көркемдік шеберліктің үлгісі. Бүгінгі шәкірттерді, еңбекқор, жан-жақты икемділік қабілеттері жетілген азамат етіп тәрбиелеуді көздейді.

Сапалы білім берумен қатар еңбекке баулу, үйрету аса қажет. Жастарымыздың өнерлі болуы қоғамдық өмірімізге үлкен әсерін тигізеді деп ойлаймын. Олай болса, біздің басты міндетіміз жаңа заман ғылымының мол жетістіктерімен қаруланған, мәдени дүние танымы, қөзқарасы қалыптасқан бәсекеге қабілетті маман жастарды тәрбиелеу.

Бағдарлама оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жазылды. Сабақтың түрлері: баяндама, пікірталас, әңгімелесу, талдау, теориялық, машықтық, жеке, топтық, сауалнама, кездесулер түрінде, технологиялық нұсқау карталар, үлгі суреттер арқылы орындалуы жүзеге асырылады.


«Сәндік - қолданбалы өнер» үйірмесі мынадай бөлімдерден тұрады:


  • жапсырмалау жұмысы бөлімінде қағаз, мата, былғары, түрлі-түсті қағаздан ертегілер әлемінен көрініс құрастыруға үйретіледі.

  • былғарымен жұмыс жасау бөлімінде былғарыны тазалау, бояу, пішу, одан әртүрлі бұйымдар жасау үйретіледі.

  • тоқыма-өнер бөлімінде тоқу әдістеріне үйретіледі.

  • ою-өрнек бастырмалар бөлімінде ою-өрнектің үлгілерін жасау, ою жиегін кестелеу әдістері үйретіледі.

















Күтілетін нәтиже:

Бағдарлама нәтижесінде оқушылар түрлі материалдарды өңдеп, өз қол күшімен еңбек етіп, сәнді бұйымдар жасап үйренеді. Сонымен қатар тәрбиелік мәні бар алуан түрлі бұйымдардың кешегісі мен бүгінгісін салыстыра отырып, ұлттық өнерді насихаттау арқылы өз халқының салт-дәстүрін сүйетін, жан-жақты еңбекқор азамат болып шығады.

Сәндік - қолданбалы өнер үйірмесі сабағының негізгі бағыты үйрету, оқыту, игеру болып табылады. Әр сабақта оқушы қолөнер бұйымдар жасаумен қатар, ұлттық тәлім-тәрбиені бойына сіңіреді. Бағдарлама бойынша жас ерекшеліктеріне, орта 5– 6 сыныпта, ересек 7-9 сыныпта оқитын оқушылармен сабақты ұйымдастыру әдістемесін, теориялық сабақтар мен практикалық жұмыстар үшін уақытты дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге оқушы салт-дәстүріміздегі қолөнеріміздің адам айтқысыз қымбат, замандар бойы тарих жасап қалдырған асыл мұра екендігін жете түсіне білуі керек. Сәндік - қолданбалы өнер үйірмесінде халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасқан өміршең қолөнерін жасап үйренеді. Бұрынғы ата-бабамыздың қолөнерін жоғалтпай ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру бүгінгі күнгі басты міндетіміз. Сондықтан сәндік - қолданбалы өнер үйірмесіне қатысушы оқушылардың алған білімдерін, өнерлерін тек өздері біліп қана қоймай, кейінгілерге үйретеді. Шығармашылық іздеудің нәтижесінде тұрмысқа керек заттардың жаңа сан алуан мата, қағаз, былғары, бисер, тоқыма құрастыру т.б. түрлі бұйымдарын жасауға қызығады.

Күтілетін нәтижелер: оқушылар өздерінің бағдарламаға сай жасаған туындыларының нәтижесін мектепшілік, аудандық көрмеде көруі.

Бағдарламаны жүзеге асырудың қорытынды түрі мектепшілік, аудандық көрмеге жұмыстарын шығару.


Бағдарлама түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асырылады:


Әрбір жетекші мұғалім өз пәнін жақсы біліп қана қоймай, үнемі ізденіс үстінде болу керек, жұмыс жасауға қажетті материалдарды көркем әдебиеттерден, баспа сөз беттерден, ақпарат құралдарынан іздестіре отырып, тақырыпқа байланысты элементтерін, дайын бұйым түрлерін, слайд-фильмдерді, әсіресе компьютер арқылы фото туындылары т.б.с.с. көрнекі материалдарды барынша пайдаланып, көп еңбектенуге тура келеді.

Оқушыларға арналған мектептің оқу жоспарына сай үйірмесінің күнтізбелік жоспарының құрылымы 34 сағатқа, аптасына 1 сағат

























«Сәндік – қолданбалы өнер»

күнтізбелік – тақырыптық жоспар


Тақырыптар

Сабақтың түрі

Сағат саны

Мерзімі

теория

практика


1

Ұйымдастыру жұмыстары

Теория, практика


1


2

Кіріспе. Техникалық қауіпсіздік ереже-лерімен таныстыру.

Теория, практика

1

1


3

Қазақтың ұлттық ою - өрнектері және аппликациялық кестесі

ою түрлерін салу, қию, жабыстыру


1


4

Қағазды бүктеу арқылы құрастырылған бұйымдар

қағаздан дайындалған бұйымдарды көрсетіп, жасалу жолдарын түсіндіру


1


5

Қағазды бүктеу өнері

қағазды бүктеу өнерінен мағлұматтар беру


1


6

Былғарымен жұмыс

Былғары туралы түсінік

1

1


7

«Киіз үй»

Ағаш және аралас материалдармен жұмыс

1

1


8

«Домбыра»

Ағаш және аралас материалдармен жұмыс


1


9

«Шаңырақ»

Ағаш және аралас материалдармен жұмыс

1

1


10

«Ғажайып сарқырама»

Ағаш және аралас материалдармен жұмыс

1

1


11

Ілмек бізбен тоқу технологиясы. Тоқу тәсілдері

Тоқу тәсілдерін меңгеру

1

1


12

«Алқа,білезік,сырға»

Былғары, аралас материалдармен жұмыс

1

1


13

«Қара шаңырақ»

ПВХ материалынан киіз үй жасау технологиясы

1

1


14

«Тұмар»

Былғары, аралас материалдармен жұмыс


1


15

«Тұрмыстық бұйым»


Былғары, аралас материалдармен жұмыс

1

1


16

«Саз әлемі»


Былғары, аралас материалдармен жұмыс

1

1


17

«Жауынгер»

Былғары, аралас материалдармен жұмыс

1

1


18

«Сарқырама»

Былғары, аралас материалдармен жұмыс

1

1


19

«Таң»

Былғары, аралас материалдармен жұмыс


1


20

Ұялы телефонға чехол тігу

Былғары, аралас материалдармен жұмыс


1


21

Көрмеге арналған жұмыстарды дайындау

Заттарды реттеу


1


22

Көрме

көрме


1



Барлығы:


12

22

34


Пайдалынған әдебиеттер:


  1. Балаларға арналған «Бала би» танымдық журналы.


  1. Маргулан А.Х. казахское народное Прикладное искусство Алма-Ата: Өнер 1986


  1. Қоғамдық – саяси, әдеби – көркем және суретті «Қазақстан әйелдері» журналы.


  1. «Технология» Республикалық әдістемелік журналы.


  1. Шоқпарұлы Д. Тері өңдеу өнері, Мектептегі технология.


  1. Аруана баспасы «Сен білесіңбе?» атты тарихи этнографиялық кітаптар топтамасы


  1. Бейнелеу өнері оқыту әдістемесі. Алматы «Атамұра»


  1. оқушыларды сәндік қолданбалы өнерге үйрету әдістемесі. Алматы «Рауан»


  1. Нурбекова С. «Бисер тоқу» Мектеп технология


  1. Г. П. Чимпоем «Плетение «фенечек» из бисера и ткани» Ростов на Дону.


  1. Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі ,жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу әдістемелік кабинеті – Орал, 2017.



























4


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!