Материалдар / Сәндік қолданбалы өнер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сәндік қолданбалы өнер

Материал туралы қысқаша түсінік
Көптеген бүйымдар жасау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Мамыр 2021
447
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Айжан Атымтаева





Кім патша?

( Музыкалы ертегі фантазия )





Ағила Сауранын Кім патша болғысы келеді? ертегісінің желісі бойынша инсценировкасын жазған Айжан Атымтаева



Кейіпкерлер:

Арыстан

Түлкі

Қасқыр

Қоян

Ақ тиын

Аю

Жапалақ

Кірпі



Бірінші сурет

Жайқалған орманның ортасында орналасқан Орман патшалығы. Музыка ырғағына қосылып би билеп, ән айтып жүрген хайуандар әлемі.



Қалың орман, жасыл қорған

Аң да, құс та асыр салған.

Ән саламыз би билеп,

Орманымыз әркез думан.

Орман, орман, орманым,

Мәңгі жасыл қорғаным.



Бұл орманда тату – тәтті,

Аю, Түлкі, Қасқыр, Қоян.

Жапалақ пен Тиын, Кірпі,

Мәз мейрам боп өмір сүрді.



Орман, орман, орманым,

Мәңгі жасыл қорғаным.



Даналық сабыр иесі

Аң патшасы Арыстан,

Аңдардың асыл киесі,

Билік айтып, басқарған.



Орман, орман, орманым,

Мәңгі жасыл қорғаным.



Ән аяқталғанда дәу Емен ағашына орналасқан үйшігінен Жапалақ шығады да, қолына дыбыс ұлғайтқышын алып хабар таратады. Аңдар тыңдап тұрып қалады.

Жапалақ: Тыңданыздар! Тыңдаңыздар! Орман патшалығынын патшасы Арыстан мырза аяқ астынан сал тартып жатып қалды!

Аңдар: Сал тартқаны қалай? Мынау не деп мыңқылдап тұр? Жатып қалды дейді? Енді қайттік? Патшалықты кім басқарады?

Жапалақ: Болды! Даурықпандар, бостан босқа! Науқасы мендеп асқынып бара жатқан соң, патшалығындағы аңдарға былай деп бұйырды! Тыңдандар мұқият!

Түлкі: Мыңқылдамай дұрыстап, анықтап оқы бұйрықты. Болмаса маған бер мен оқиын.

Жапалақ: Патшалықтын ғылыми хатшысы кім?

Қасқыр: Окінішке орай сен!

Жапалақ: Өкін, өкін бе бұл қызмет сенің қолынан келмейді.

Кірпі: Әй, құрметті хатшы! Мыңқылдап айтыса бергенше бұйрықты оқышы!

Жапалақ: Тыңдандар! Орман патшалығынын патшасы Арыстанның соңғы бұйрығы! Құрметті аңдар мен хайуандар! Науқасым меңдеп сал тартып жатқандықтан мынандай шешімге келдім! Бастарынды қосып, өз ара жиын жасап патшалықты бұдан ары қарай кім басқаратының ойлап пішіп, таласпай тартыспай бір шешімге келіндер! Мен басқарған кезде кімге қиянат жасап, қатты сөйлесем кешірім өтінемін. Патшалықтың тағдыры енді өз қолдарыңда! Аң патшасы Арыстан!

Қоян: Патша құласа, патша туады! Ендігі жерде билік өз қолымызда! Қане жиынға жинал! Дауысқа сал! Кім патша?

Аю: Тоқта! Даурықпа! Бұндайда дауруғуға болмайды. Бәрін байыппен шешу қажет.

Кірпі: Аюбай дұрыс айтады. Бұл мәселені май шаммен қарау қажет!

Ақ тиын: Маған бәрібір! Май шаммен қарайсын ба, май шамсыз қарайсын ба, менің шаруам шамалы. Жаңғағымды жинап, қыстың қамын жасасам жарап жатыр. Патша болғысы келгендерге жол ашық!

Ақ тиын өз ұясына кіріп ғайып болады.

Қасқыр: Патшалықты күш қайраты мол азулы аң басқару керек!

Түлкі: Азуын біліп, күшке салатын бұл саған өткен заман емес. Қазір патшалықты қулықпен басқару абзал! Қулықтың құйрығын бұландатып отырып, алдап, арбау, патшалықты басқарудың ең басты құралы болу қажет.

Қоян: Қулық сұмдығынды қолданып ел басқарсан ертең ақ патшалығың құрдымға кетеді. Ең бастысы ормандағы хайуандардың қарны тоқ болу керек. Оларды азық түлікпен қамтамасыз ету басты міндет болу керек.

Кірпі: Қулық та, сұмдық та, азулы күш қайрат та, қарны тоқтық та, орманның тыныштығына кепілдік бола алмайды.

Түлкі: Ал сеніңше кепілдік неде?

Аю: Айтып айтпай не керек. Орманның ұйқысы тыныш болуды ойлау қажет.

Қоян: Ой, маубас! Қашан болса айтатыны ұйқы. Ұйықтап ұйықтап шаршадық қой. Қазір қимыл әрекет қерек! Оян, Орман!

Кірпі: Кепілдік білім мен ғылымда! Орманға білімді аңдар керек. Әрбір аң біткен ғылыммен айналысса, орманның көсегісі, істеген ісі де бәрімізге тиімді болар еді.

Қасқыр: Оқы, оқы және оқы! Біз бұндайдан өтіп кеткенбіз! Қазіргі заман білектің заманы! Тындамай ма? Шапалақ! Қарсы шыға ма? Шапалақ!

Кірпі: Туу, қасқырдың осы шатақ адуын мінезі ай! Ендеше былай болсын. Бәріміз дауысқа салып, патшалықты әрқайсымыз бір бір күннен басқарып көрейік!

Қоян: Дұрыс! Құптаймын!

Аю: Міне тапқыр шешім. Шешен десе шешенсің ғой, Кірпігім!

Қасқыр: мен де келістім! Бір күн болса да патша болғанға не жетсін!

Түлкі: Бопты бомаса! Ендеше Жапалақ төреші болсын. Бірінші болып, кім басқаратынын, Кірпінің инелерін суырып алыып, жеребе тартып сайлаймыз!

Қасқыр: Керемет! Кірпі суыр инелерінді! Жапалақ сыңдыр иненің бірін! Сынық инені тапқан хайуан аң патшасы болады бір күнге!

Жапалақ басындағы ши қалпағын шешіп оған Кірпі инелерін салады да, біринені Қасқыр қолына алып қақ ортасынан қақ бөліп қалпаққа тастайды да, Жапалақ оны араластырып араластырып аңдарға ұсынады. Аңдар шетінен бір бірлеп суырып алады да, сынық ине Қоянның қолына түседі. Ол қуанып шаттанып музыка ырғағымен би билеп, ән айтып асыр салады.



Қоян:

Жаужүрек мен ноянмын,

Ақылы асқан Қоянмын

Патша болдым бүгін мен,

Сәбізге енді тоярмын.



Кім патша? кім патша?

Бүгін болдым мен патша!

Алғаш берер жарлығым:

Таңға, түске, кешке де.

Сәбіз боллсын тағамың.

Орындайсын барлығын.



Кім патша? кім патша?

Бұл орманда мен патша!



Ән аяқталған соң Қоян арнайы рәсіммен патша тағына отырады.

Қоян: Алғашқы жарлығыма құлақ салындар! Әрбір аңның үңгіріне себет себет сәбіз жеткізілсін! Үш мезгіл тамақ мәзірінде тек сәбірден жасалған тағамдар болатын болсын! Кімде кім жарлығыма қарсы болса патшалықтан қуылатын болады.



Екінші сурет

Музыка ырғағымен жарық сөңіп қайта жаңғанда аңдардың бәрі тақтың алдында жиналып Қоянның келуін күтіп тұрғанын көреміз. Олардың жүзінде ашу ыза бар. Қоян масаттанып ән айтып, би билеп кіреді.

Қоян: Қымбатты аңдарым қалдарың қалай? Қарыңдарын тоқ, қайғыларын жоқ па?

Қасқыр: Әй, Қоян патша! Орманды бір күн болсада биледіңіз. Сіздің арқанызда тәулік бойы сәбізден көз ашпадық. Тойдық! Үйде жеп тойған сәбізімді далаға шығып ағаштың басынан көрген кезде жүрегіміз лоқсып... кеткенін жасыра алмаймын. Қамқорлығыңызға мың да бір рахмет!

Кірпі: Аса құрметті патша Қоянымыз! Қасқырдың сөзін құптаймын. Кеше кешке дейін үш мезгіл сәбізден тағам жасап жүрегіміз күпті болды. Сап сары сүп сүйкімді сәбізіңізге тойып жыл бойы жемейтіндей дәрежеге жеттік! Рахмет!

Аю: Әй! Қоян патша! Босат орнынды! Енді біздің кезегіміз! Ал енді бүгін кім патша?

Түлкі: Енді мен болайын! Мен сіздерді құстын мамық етімен баптаймын. Тәулік бойы құстың мамығына жатып ұйықтайтын жағдай жасаймын!

Аю: Жарайсын, Түлкішек! Мамыққа жатып ұйықтайтың болсам болды. Онда мен сені қолдаймын! Қане бәріміз Түлкіні бір ауыздан патша сайлайық! Қане, қол көтеріп дауыс беріңдер!

Қасқыр: Мен ең бірінші болып қол көтеремін! Құс еті сәбіз емес қой!

Тиын: Маған бәрібір! Қол көтересің бе, көтермейсің бе менің есебім түгел. Мен сәбіз де, еттте жемеймін! Сондықтан билікке кім келсе де қарсылығым жоқ! Тыныштық болып, жаңғағымды жинап алсам болды.

Кірпі: Мен де ет жемеймін, бірақ Түлкінің де патшплық құрғанын көргім келіп қызығып отырмын. Сондықтан мен де дауысымды соған беремін.

Кірпінің сөзінен кейін бәрі қол көтереді де Түлкіні патша сайлап ол рәсіммен таққа отырады. Соңан соң ол да музыка ырғағымен әі айтып, бәрі қосылып би билейді.



Түлкі:

Патша болдым, мінекеи!

Сап түзейік қанеки!

Орман енді гүлденед

Орман енді түрленед!



Мен патшайым патшамын!

Түлкі болды патша қыз!

Жарлығымды беремін,

Орындаудан қашпаңыз!



Ән аяқталғанда Түлкі Жапалаққа белгі береді. Жапалақ қасына ұшып келеді.

Түлкі: Жапалақ мырза! Жарлығымды жария ет аңдарға!

Жапалақ құжаттар салыңған папкіде аппақ қағазды алып оқи бастайды.

Жапалақ: Жарлық! Аңдардың әр қайсысы орман патшалығына алыс жақын орналасқан адамдар патшалығынан бес тауық, бес үйрек, бес күркетауық, бес қаз, бес балапан ұрлап патшаның азық түлік қоймасын құстың етімен толтырсын. Кімде кім жардыққа қарсы болса соғын басы айбалтамен шабылсын!

Түлкі: Ал қане не тұрыс? Алға аңдарым!

Аңдар естерін жиып тұра жөнеледі. Жан жаққа безіп кете барады. Түлкі әң салып би билеп ғайып болады.



Үшінші сурет

Сахна қараңғылана түседі де, қолында ұялы телефоны бар Жапалақ шығып біреуге телефон соғады.

Жапалақ: Бәрі жоспар бойынша істеліп жатыр. Бүгінгі билік Түлкіге тиді. Ақырын күтеміз. Саспаңыз бәрі ойдағыдай болып жатыр.

Телефонды сөңдіріп емен ағашына еніп ғайып болады. Жарық сөнеді де қайта жаңғанда Түлкіні қуалап Қасқыр шығады.

Қасқыр: Тоқта деймін қу тұмсық! Сен кімді алдамақшысың? Жанынды жыһанамға жөнелтемін!

Түлкі: Мен әлі патшамын. Менің билігім әлі күшінде. Патшаға тіл тигізіп, балағаттағанын үшін жазаға тартыласың! Аю! Аюбай!

Аю: Ләббай, хан ием! Не бұйырасыз?

Түлкі: Мына жынданған жынды қасқырды қоғамнан алыстап зыңданға таста!

Қасқыр: Кім жынды? Мен бе жынды? Маңайдағы елді мекеннен жұртты зар қақсатып, басымызды қатерге тігіп жинаған құстың етін қоймаңа кіргізіп алып, бір жілік етін еліңе таттырмаған биліктен сенің есің ауған болар? Қане босат тақты! Мен саған қарсымын!

Аю: Қаскірдікі тағы да дұрыс! Бұл неткен бассыздық! Қойманды сен толтырасын, қарнынды сен тойдырасын! Ал біз аш құрсақ болып жүреміз бе?

Түлкі: Неге ашуланасындар? Қазір болмаса кейін бөлісеміз ғой...

Қасқыр: Оттапсың! Биліктен түскен соң түлкі бұланға салып ұстатарсың сен! Босат тақты!

Кірпі: Мырзалар! Сабыр сақтайық! Сабыр түбі сары алтын! Түлкінің паишалық құрған бір тәулігін сараптап көрейік. Түлкі бикеш түлкі бұлаңына салып билікті қолданып бәрімізді жұрт алдында ұрлықшы атандырды. Бұл бір! Абыройдан айрылып жиған азық түлігімізді жеке басына пайдаланып, таққа отырарда берген уәдесінен тайпақ етті. Бұл екі! Сондықтан бұл патша бізге лайықты патша емес екен!

Қоян: Бұған сеніп дауыс берген, ел жұрттың аштан қалдырған патша патша ма? Мен сәбізбен болса да қарындарыңын қамын ойлаған едім, ал мынау болса өзіңің ғана қарнын ойлап арамза тірлік істеп отыр. Түлкі бикеш, патша тағынан тайдырылсын! Деп қояндар әулетіңің атынан талап етем!

Аю: Мен де осы талапты қолдаймын!

Қасқыр: Тақтан түскен сәтте мойнын бұрып, басын жұлып аламын!

Кірпі: Сабыр Қасеке, Сабыр! Дүние кезек деген бар. Әліптің артын бағыныз.

Тиын: Маған бәрібір! Бірің өліп, бірің қал! Орманда тыныштық болса болды. Жаңғағымды жинап, жанымды сақтасам маған жетіп жатыр!

Кірпі: Енді кім паиша? Билікті кімге береміз?

Аю: Енді мен болайын!

Қоян: Қой, қой! Сен бола алмайсың. Мен үзілді кесілді қарсымын.

Аю: Қоянжан сен патша болғанда мен патша болуға лайық емеспін бе?

Қоян: Сен қалай патша боласын? Қыс түскен соң апаныңа кіріп алып терең ұйқыға кетесің. Солай ма?

Аю: Енді... солайы солай ғой...

Қоян: Сонда, бізді қалай басқармақсың? Сен ұйықтағанда сенің орнынды кім басады?

Аю: Аң патшасы болсам ұйықтамауға уәде беремін.

Кірпі: Аюжан Қоянның айтқаны дұрыс. Сен өз табиғатына қарсы келе алмайсын.

Аю: Неге? Менің күш қуатым жетерлік, билік құруға дайынмын. Денемнің саулығы туралы Жапалақта анықтама қағазым бар. Көрсетші хатшы мырза!

Жапалақ: Анықтама қағаз. Аюбайдың ұлы Аюжаннын дені сау, жүрегі таза. Қан қысымы да келісті. Қызмет істеуге дайын!

Кірпі: Мәселе онда емес. Қыс мезгілінде ұйықтамауға сен қарсы келе алмайсың. Себебі маңдайыңа солай жазылған, табиғатың солай қалыптасқан. Алты ай қыста сен міндетті түрде ұйықтауын керек өйтпесең ауырып қаласың. Сондықтан сенің тақтан бас тартқанын жөн.

Аю: Қап! Алты ай қыс бойы ұйықтайтын ұйқыдан қалай арылсам екен?

Қасқыр: Ендеше менен артық патша таппайсындар! Қәне бәрін дауыс беріңдер маған!

Ортаға атып шығып, адуынды музыка ырғағымен ән салып би билейді.



Қасқыр:

Мен Қасқырмын, Қасқырмын!

Ашулансам тасқынмын.

Шыдағандар шыдасын,

Шыдамаған қашқынсың!



Патша болсам орманда,

Болады тәртіп, тас қамал.

Бағынасын бәрін де,

Қалмайды одан басқа амал!



Қоян: Болды! Болды! Тоқтат мына сұрқия әніңді! Мен қарсымын! Бұл патша болса онда мен орманнан үрім бұтағыммен көшіп кетемін!

Түлкі: Бұл бәрімізді ұрып өлтіреді. Жаңа ғана көрдіңдер жанымды жан алқымға келтіріп, құлағымнан тістеп қан жоса қылды.

Аю: Өткенде бұл, ана байғұс бұғыларды қуалап жүріп, жан жаққа атып ұрғанда зорға дегенде ажыратып алған едім.

Қасқар: Өй, олар өзі ғой маған мүйіздерін төсеп қарсы шыққан. Сонан соң мен қорғандым!

Аю: Ал менімен неге төбелесе кеттің? Сен барып тұрған басбұзарсың! Сенің патшалық құруына мен түбегейлі қарсымын! Сен өзіңді өзің ұстай алмайсың!

Қасқыр: Мен патша болсам патшалықта темір тәртіп болады. Ұялы қасқырлардан арнайы жасақ құрам. Бірде бір бөтен хайуан біздің орманға басып кіре алмайтын болады.

Түлкі: Бұл патша болса бәрімізді ұрып өлтірер! Керек емес! Аулақ!

Кірпі: Жоқ! Біз Қасқырға да жол беруіміз керек!

Қоян: Не үшін? Оның қандай патша болатыны айдан анық емес пе?

Қасқыр: Әй, Қоян мырза! Сен патша болам дегенде мен саған қарсы келдім бе?

Қоян: Жоқ...

Қасқыр: Ендеше үніңді өшір!

Кірпі: Сонымен Қасқыр патша болсын дегендерің дауыс беріңдер!

Қарсылық жоқ! Қалыс та жоқ! Бір ауыздан қабылданды.

Қасқыр музыка ырғағына қосылып айбарлы, екпінді ән айтып, би билейді.



Қасқыр:

Патша болды, Қасқырың!

Тыңда, айтар жарлығым:

Тәртіп орнатып орманда,

Дірдектетем барлығын!



Тәртіпсіз орман болмайды,

Аңдар оны қолдайды

Бағынбаса кімде кім,

Соры қайнап оңбайды!



Ән тәмамдалып, Қасқыр таққа барып отырады.

Қасқыр: Жапалақ! Жаз бұйрық! Орман патшалығында өмір сүрем деген хайуанат, темірдей тәртіпке бағынатын болсын! Кешкі сағат тоғыздан кейін, ешкім орманды кезіп қаңғып жұрмесін! Кімде кім бұл тәртіпке бағынбаса елу дүре соғылсын!

Аю: Бітті, сайран дәуір! Құрыдық!

Бәрі үйшіктеріне кіріп кетеді. Жарық сөнеді.



Төртінші сурет

Жарық қайта жаңған кезде, ортаға Жапалақты сүйреп Қасқыр шығады.

Жапалақ: Жібер деймін! Жаның барында жібер! Патшанын ғылыми хатшысына қол тигізгенің үшін жазаға тартыласың! Жібер!

Қасқыр: Қай патшаның? Сенің патшан құрдымға кетті! Ал менің ешқандайда ғылыми сылыми деген хатшым болған емес, болмайды да! Жазаға мен емес сен тартыласың! Көзіңді ашып қара! Кеше: түнде сандалып, жөн жозықсыз орманды кезген, әрбір хайуан ұсталып, оған елу дүре соғылсын деп жарлыққа қол қойдым. Сен сол жарлықты бұздың әдейі! Сондықтан қазір саған тиесілі дүрені соғамыз. Аю!

Жапалақ: Мен түнде ұшып жүріп ауқаттанбасам өмір сүре алмаймын! Түсінсенші ақымақ!

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!