Материалдар / "Сәндік-қолданбалы өнер" тақырыбына 5 сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Сәндік-қолданбалы өнер" тақырыбына 5 сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
"Сәндік-қолданбалы өнер" тақырыбына 5 сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2018
5167
36 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақ жоспары. Көркем еңбек


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сәндік-қолданбалы өнер

Күні:

Сынып: 5 сынып (қыздар)

Сабақ: 40 минут

Мұғалімнің аты-жөні: Аждар А.С.

Сабақ тақырыбы

Сәндік- қолданбалы өнер, Ою-өрнектің қысқаша тарихы мен түрлері.

Қазақтың ұлттық ою-өрнектері (түрлері, стилизация мен мотивтері).

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

*Тарих, мәдениет және дәстүр туралы білім мен түсінік

*Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және зерделеу.

Сабақ мақсаттары


  • Қазақтың ұлттық ою-өрнектерін зерттейді (ою-өрнек түрлері, мотивтері, қазақ халқының шығармашылығындағы ою-өрнек композициясының ерекшеліктері).

  • Оқушылар қазақ және ҚР басқа халықтарының сәндік-қолданбалы өнерінің негізгі түрлерімен танысады.

Бағалау

критерийлері









  1. Қазақтың ұлттық ою-өрегінің бір түрін қағаз бетіне түсіреді;

  2. Симметрия заңдылығын ұстанады;

  3. Фетр материалын пайдаланып, өрнекті қырқып алады;

  4. Кесіп алынған өрнекті мата бетіне түсіріп, жастықша дайындайды;

  5. Қауіпсіздік ережесін ұстанады;

Тілдік мақсаттар


Сәндік-қолданбалы өнер, бұйым, жасау технологиясы, пішін, нобай, құрамы, ырғақ, сызық, динамика, кесте, инешаншым, тігім, тігістер, өру

Құндылықтарды

дарыту




- сұрақтарға жауап беру барысында оқушылар ойын ашық айту арқылы ашықтық құндылығын арттыра түседі:

- ынтымақтастықпен жұмыс жасай отырып, бір-бірлерінің ойын сыйластықпен тыңдай біледі;

- өмір ойы еңбектену арқылы өзіне бай және қажетті қор жинақтайды;

- шығармашылық жұмыс жасай отырып қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік құндылықтары артады.

Пәнаралық

байланыстар

Бұл сабақ жаратылыстану және қазақ әдебиеті пәнімен тығыз байланысты. Дәстүрмен қазақ ұлттық ою-өрнек түрлерін осы пәндер арқылы дамыта алады.

АКТ қолдану

дағдылары

- Сабақ барысында презентация көрсету үшін интерактивті тақта қолданылады. Атақты суретшілердің жұмыстарын қарау үшін және зерттеу жүргізу үшін оқушылар ноутбук қолданады,оқушылар суретшілердің жұмыстарын зерттеу барысында түрлі сайттармен жұмыс жасап, АКТ дағдыларын дамытады.

- Оқушылар өз дағдыларын дамытады, жетілдіреді, көбінесе ғаламтор сайттарымен жұмыс жасап , суретшілердің шығармашылығын зерттеу арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытады.

Презентациялар және видеобейнелер көрсетіледі.







Сабақ барысы

Сабақтың жоспарлан

ған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут








































Сабақ ортасы

8 Мин







































Сабақтың ортасы

Шығармашылық жұмыс

20 минут



























Дифференциациялық тапсырма

Оқушылардың ойына шабуыл жасау мақсатында олар үшін таныс емес видеобейне көрсетіледі. Видеобейне көрсетіліп болған соң, бүгінгі өтілетін тақырыппен оқу мақсатының қандай екендігін біліп алу үшін «Бояуды қуып жет » деген белсенді оқыту әдісін қолданып,сабақтың тақырыбымен мақсатын ашып аламыз. Ойында екі түрлі түстегі бояу беріледі.Бірі сары түс, екіншісі қызыл түс.



Сары гуашь видеобейне туралы сұрақ қойса, екінші бояу яғни қызыл гуашь жауап береді. Қойылатын сұрақтар төмендегіше болуы мүмкін:

  • Қандай ұлттық ою-өрнек атауларын білесіздер?

  • Кілем тоқымашылығында және киім үлгілерінде ою-өрнектердің қандай түрлері қолданылады?

  • Ою-өрнектерді жасаудың қандай тәсілдерін білесіздер?

  • Ою-өрнек өнері саласында жұмыс істейтін Қазақстан суретшілері мен қолөнершілерін атаңыздар?

Осы сынды сұрақтарға жауаптар да айтылып, соңғы нәтиже біз сабақтың тақырыбымен сабаққа қойылған мақсаттарға оқушылармен бірге келеміз::

Сабақ тақырыбы: Ою-өрнектің қысқаша тарихы мен түрлері.Қазақтың ұлттық ою-өрнектері (түрлері, стилизация мен мотивтері).

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

  • Қазақтың ұлттық ою-өрнектерін зерттейді (ою-өрнек түрлері, мотивтері, қазақ халқының шығармашылығындағы ою-өрнек композициясының ерекшеліктері).

  • Оқушылар қазақ және ҚР басқа халықтарының сәндік-қолданбалы өнерінің негізгі түрлерімен танысады.



Оқушылар сабақ тақырыбы және осы сабақ барысында жетуіміз керек болатын оқу мақсатымен танысып болған соң, оларды 4 топқа біріктіру үшін, 1.2,3,4 деп санатамын да, алдын- ала столдармен парталарды 4 ке біріктіріп қойып, парта беттеріне 4 түрлі түсті қағаздардан кювертка жасап қоямын,сонымен 1-ші топтар-қызыл қағазды партаға, 2-ші топтар – жасыл қағазды партаға,3ші топ көк түстіге барса, 4-ші топ жасыл кюверткалы партаға жайғасады. Парта бетінде дайындалған ноутбук болады.Топпен зерттеу жсайды.Зерттеу үшін төмендегіше сұрақтар қойылады.

«Сұрақ –жауап» арқылы бағалау критерийлерін қоямыз :

* Қазақстан және әлем халықтарының СҚӨ-і туралы зерттеу жүргізеді;

* Қазақ халқының ою-өрнектерін зерттейді;

*Мәліметті толық зерттеп, әдемі форматта ұсына алады;

*Таныстырылымды өте жоғары деңгйде жүргізеді;

О қушылар төрт топта зерттеу жұмысын жүргізеді. Постерге топпен зерттеулері бойынша әдемі етіп, безендіріп шығады. Тапсырмаға берілген критерийлер бойынша, постерлерге мәліметті әдемі етіп безендіріп, таныстырып шығады. Қалған топтар таныстырылымды жапсырма қағаздарға бағалап шығады.

Бағалауға қойылатын талаптар:

  • Жақсы, мықты тұстарын айту;

  • Сын айтқымыз келсе, көмектесу мақсатында ұсыныс,сұрақ ретінде айту;

Зерттеу бойынша, балалар ою түрлерін зерттеп, сол ою-өрнектің бір түрін сурет дәптердің бетіне түсіруі керек, жасалынған нобай бойынша қыздар тәжірибелік іске кірісулері қажет:

  1. Қазақтың ұлттық ою-өрегінің бір түрін қағаз бетіне түсіру;

  2. Симметрия заңдылығын ұстанады;

  3. Фетр материалын пайдаланып, өрнекті қырқып алады;

  4. Кесіп алынған өрнекті мата бетіне түсіріп, жастықша дайындайды;

  5. Қауіпсіздік ережесін ұстанады;

Оқушылар тәжірибелік жұмысты аяқтап болған соң, қалыптастырушы бағалауға сәйкес өздерін-өздері бағалайды..





Аты –жөні:

5_____сынып

*/-

*/-


Бағалау критерийі



*Қазақтың ұлттық ою-өрегінің бір түрін қағаз бетіне түсіру;

*Симметрия заңдылығын ұстанады;

* Фетр материалын пайдаланып, өрнекті қырқып алады;

* Кесіп алынған өрнекті мата бетіне түсіріп, жастықша дайындайды;

* Қауіпсіздік ережесін ұстанады;

Дифференциациялық тапсырма ретінде деңгейі төмен оқушылар төмендегі тапсырманы орындайды:

1.Оқушылар зерттеу жүргізіп, дереккөздерден алып, белгілі-бір ою-өрнектерді алып, көшірме жүргізеді;

Оқушылардың ішінде деңгейі жоғары оқушылар зерттеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде өз ойынан ою-өрнектің бір түрін ойлап тауып, сол бойынша іс-тәжірибелік жұмысқа сай жастықша жасап шығуы керек.


http://www.tarmpi-innovation.kz/index.php?view=dastur&t=oyu_ornek_turleri_men_ataulari – ою-өрнектер түрлері

https://www.youtube.com/watch?v=-NNx3CS0UYU - Қазақтың ұлттық ою-өрнегі


Иллюстрациялық материалдар: ою-өрнектердің орындалу сызбасы, сандық фотосуреттері.



























Тәжірибелік тапсырманы орындауға арналған ресурстар: жұқа киіз, фетр, тығыз мата, драп және т.б. материалдар, сызғыш, қайшы, тігінші боры, сантиметрлік бау, терможелім, екі жақты флизелин.

Зерттеу жұмыстарын жүргізуге, бақылау нәітижелерін енгізуге және нобай орындауға арналған сурет дәптерлері.



Сабақтың соңы

5мин







Қорытындылау

5минут

Кері байланыс

Ресторан әдісі

Ресторан тағамының ең тәттісі (сабақтың сәттілігі)

Ресторан тағамының ең ащысы(сабақтың қиындығы)

Ресторанның мына тағамына дәмдеуіштер қосамын (сабақтың мына тұсы түсініксіз)

Оқушылардан кері байланыс алынып болған соң, міндетті түрде мұғалім сабаққа және оқушыларға кері байланыс береді. Әрбір оқушының сабақ барысында жасаған іс-әрекетін атап, жеке-жеке әрбір оқушыға тоқталып кетеді. Үлгерімі төмен оқушы болатын болса, оны сабақтан тыс уақытқа қосымша сабаққа шақырады. Үлгерімі өте жоғары бала болатын болса, сол балаға өз деңгейіне сай қосымша тапсырма береді.


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!