Сандық білім беру ресурсы –
қазіргі заман талабы
Бүгінде цифрландыру
процесі әлемдегі барлық елдерге әсер етіп отыр. Сонымен қатар әрбір
ел цифрлық дамудың басымдықтарын өзі айқындайды. Әлемдегі 15-тен
астам мемлекет қазіргі уақытта ұлттық цифрландыру бағдарламаларын
іске асыруда. Қытай, Сингапур, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Корея және
Дания ұлттық экономикаларды цифрландыру бойынша алдыңғы қатардағы
елдер болып табылады. Қытай өзінің «Интернет плюс» бағдарламасында
цифрлық индустрияны дәстүрлімен біріктірді, Сингапур драйвері АКТ
болып табылатын «Ақылды экономиканы» қалыптастырды, Оңтүстік Корея
«Креативті экономика» бағдарламасында адами капиталды,
кәсіпкерлікті дамытуға және АКТ саласындағы жетістіктерді таратуға
бағдарланды, ал Дания мемлекеттік секторды цифрландыруға баса назар
аударуда. Ал еліміз өзінің ішкі «Ақылды» қалаларын (Астана мен
Алматы) 2012 жылы паш еткен болатын. «Тіршілік қызметін кешенді
қамтамасыз ету жүйесі» жобасы іске асырылып, оның шеңберінде
бейнебақылау жүйелерін дамыту, құқық бұзушылықтарды фото-бейне
тіркеуді енгізу, деректерді өңдеу орталығын, жедел басқару
орталығын және зияткерлік байланыс орталығын құру сегменттері жұмыс
істеп жатыр. «Smart мектеп» (88 мектептің 29-ы қосылды), «Smart
көше жарығы», «Smart емхана» (10 емхананың 8-і қосылды) бағыттары
бойынша бастамалар іске асырылуда. Алматы қаласында құқық
бұзушылықты фото-бейне тіркеу жүйесі енгізілді, ал 2015 жылы «Оңай»
қоғамдық көлікте электрондық билет беру жүйесі іске қосылған
болатын. Сондықтан «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасы тұрғындары өмірінің барлық салаларын қамти
отырып, мемлекетіміздің әрбір азаматының өмір сүру деңгейін
көтеруді мақсат тұтқандықтан бағдарлама пайдасын халық, кәсіпкерлік
субьектілері және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары
байқап жатыр деп ойлаймын.
«Цифрлық Қазақстан» атты
мемлекеттік бағдарламада білім беру жүйесіде тыс қалмады. Заманауи
технологияларды пайдалану — заман талабы. XXI ғасыр — озық
технологиялар ғасыры болғандықтан білім беру жүйесінде жаңа
технологияларды тиімді пайдалану заман талабына айналып отыр.
Мектеп оқушылары үшін озық технологияларды сабақ кезінде дұрыс
пайдалану бұл мұғалім шеберлігіне байланысты. Жаңа білім
парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын
ғана емес, оның жеке бас тұлғасын, білім алу арқылы азамат ретінде
дамуын қойып отыр.
Оқыту процесін оның барлық
кезеңдерінде арнайы цифрлық жүйеге көшіру процесі білім беру ортасы
маңызды бағыттардың, тенденциялардың, векторлардың бірі болып
табылады. Сандық білім беру ресурсы - қазіргі заманғы білім берудің
мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған графикалық,
мәтіндік, цифрлық, сөйлеу, музыка, бейне, фото және басқа да
ақпаратты қамтитын ақпарат көзі. Білім беруге сандық білім беру
ресурстарын енгізудің мақсаты қандай? деген сұраққа жауап іздеп
көрейік. Ең алдымен, бұл интеллектуалдық қабілеттердің әлеуетін
арттыру жолы. Сандық білім берудің басты мақсаты - әр оқушыға оның
қызығушылықтары мен бейімділіктеріне сәйкес сапалы білім беру,
оқушыларды дамыту және тәрбиелеу, білім беру процесінде олардың
белсенді позициясын қалыптастыру, сонымен қатар оқушылардың
заманауи ойлауын, танымдық қабілеттерін қалыптастыру. Жоғарыда
айтылған мақсатқа жету үшін, цифрлық ресурстарды пайдалану
процесіне дейін білім беру ресурстары мынадай міндеттерге
ие:
-Пәндер мазмұнына кіріктіру,
оқушылардың оқу үдерісіне деген ынтасын арттыру, пәнаралық
байланысты дамыту, ақпаратты іздеу, алмасу және игеру процестерін
жеделдету; оқушылардың танымдық процестерін
белсендіру;
- Оқушылардың жеке тұлғасын
белсенді түрде дамыту, оларды практикалық жұмысқа кезең-кезеңімен
дайындау жағдайларда алған білімдерін одан әрі дербес іс-әрекетте
қолдану тиімділігін арттыру, қарым-қатынас дағдылары, әртүрлі
ақпарат түрлерімен жұмыс істей білу, қажеттіліктер өзін-өзі жүзеге
асыру және өзін-өзі тәрбиелеу, тұлғаның эстетикалық жағын
тәрбиелеу.
Сандық білім беру ресурстары
пән бойынша типтік оқу бағдарламасына сәйкес нақты оқу тақырыбына
арналған дидактикалық материалдар болып табылады. Олар оқу пәнінің
белгілі бір тақырыбы бойынша мультимедиалық түсіндіруді,
интерактивтік тапсырмаларды және тестілік сұрақтарды қамтиды.Сандық
білім беру ресурстарының құрылымын мұғалім оқыту үдерісі кезінде
(жаңа материалды түсіндірген кезде, материалды бекіту және меңгеру
деңгейін бағалау кезінде, өз бетімен оқу, орындау және өз-өзін
бағалау кезінде) қолдана алады. Сандық білім беру ресурстарымен үй
тапсырмаларын орындау кезінде жұмыс істеуде терең ойлау, өткен
эпизодтарға қайта оралу мүмкіндіктері тән – бұл материалды толық
түсіну мен есте сақтауға көмектеседі.Сандық білім беру ресурстарын
қолдану сабақты түрлендіруге, оны мазмұны жағынан қанықтыра түсуге,
оқытудың көрнекілігін қамтамасыз етуге, сабақтың қарқынын
арттыруға, оқуға деген уәждемені туындатуға, оқушылардың дербес
жұмыстарын жаңа ұйымдастырушылық деңгейде басқаруға, оқытудың
дараландырылуын арттыруға; оқушылардың жұмыс нәтижелерін
компьютерлік тестілеудің көмегімен бағалауға, жауаптарды тексеру
үдерісін автоматтандыруға, мұғалімнің субъективті пікірін барынша
азайтуға мүмкіндік береді.
Сандық білім беру ресурстарын
пайдалану оқушылардың жеке дербес қызметін жүзеге асыруы үшін,
өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыруға, өзін-өзі жетілдіруге
қолайлы жағдайлар тудыра алады. Мысалы:
Flippity Random Name Picker
мүмкіндігі: сабақ барысында уақытты үнемдеу барысында бұл нұсқаулық
арқылы оқушыларды автоматты түрде жұпқа,топқа бөлуге
болады.
Kahoot-білім беру жобаларына
арналған қосымша. Оның көмегімен тест, сұрау, оқу ойынын немесе
білім марафонын жасауға болады. Қолданба үстел нұсқасында да,
смартфондарда да жұмыс істейді. Оқушылармен тығыз қарым — қатынас
орнатуға, сонымен жаңа матералды тереңдете түсу үшін Kahoot
қосымшасын кең көлемде қолдануға болады.
Қорытындылай келе,ақпараттандыру отандық білім
беру жүйесін жаңғыртудың басым бағыттарының бірі болып табылады
және оны ақпараттық – коммуникациялық технологиялар (АКТ)
құралдарымен байыту негізінде инновациялық білім беру ортасын
қалыптастыруды, білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру
міндеттерін шешу, оқытуды саралау мен дараландыруды күшейту үшін
оларды біртұтас білім беру процесіне белсенді қосуды
көздейді.