Материалдар / Сандық білім ресурстарын тиімді қолдану
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сандық білім ресурстарын тиімді қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада білім беру үдерісінде цифрлық білім беру ресурстарын қолданудағы маңызы, әдістемелік ерекшеліктердің сипаттамасы, электронды оқыту жүйесі жобасы аясында жасалған ЦБР мазмұны мен құрылымын талдау қарастырлған. Сонымен қатар, ЦБР-ге қойылатын талаптар, қағидалар, топтамалардың мазмұны, және оны қолданудың әдістері көрсетілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2020
1365
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұқан Г.С.

Нұр-Сұлтан қаласы, 62 мектеп-лицейі

Сандық білім ресурстарын тиімді қолдану


Сандық білім беру ресурстарының интерактивтілігі оқу үдерісін оңтайландыру, оны барынша дараландыру мүмкіндігін көздейді. Сандық білім беру ресурсы материалдарының гипермәтіндік белгілерінің болуы оқушыларға өздерінің қызығушылықтарына, қабілеттеріне, дайындық деңгейіне қарай оқу материалының көлемін, зерттеу қарқынын, оқу қызметінің режимін және т.с.с. өз еркімен реттеуге мүмкіндік ашады.

Оқушының сандық білім беру ресурстарымен компьютерде дербес жұмыс істеуі қолайлы жағдайлар тудырады: әрбір бала өзіне ыңғайлы қарқындылықта және өзіне түсетін жүктеменің оңтайлы мөлшерінде жұмыс істейді; қиын мәселелерге бірнеше мәрте айналып келуге мүмкіндігі болады. Сандық білім беру ресурстарындағы ақпарат көздері алуан түрлі: мәтіндер, есептер мен жаттығулар жинағы, видеобейнелер, фотосуреттер, аудиожазбалар, интерактивті модельдер мен карталар, сандық энциклопедиялар мен анықтамалықтар, тестілер, үй жұмысына арналған материалдар, сыртқы ақпарат көздеріне арналған сілтемелер және т.б.

Bilimland платформасында мектебіміздің 102 сыныбын енгізіп, сынып жетекшілері тағайындалды. әр сыныпқа оқушылар қосылды. Мұғалімдер мен оқушыларға логин мен құпия сөздері таратылды. Әр сыныптың кестесі құрылды. Әр мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспарларын енгізді. Оқуды бастау үшін кестедегі сабақты таңдап, алдымен сабаққа шолу, яғни, сабақ мазмұнымен және мақсатымен танысу қажет. Кейін "Алға" батырмасын басып, теориялық бөлімге көшеді. Теориялық бөлімде бейнетүсіндірме, конспект немесе өзге материалдар болуы мүмкін. Теориялық бөліммен танысқаннан кейін оқушыға әртүрлі қиындықтағы жаттығулар беріледі. Оқушы қате жауап берсе, қатемен жұмыс жасауға мүмкіндік бар. Барлық тапсырма орындалғаннан кейін әрбір бөлімнің нәтижесін, ал оң жақтағы "Сабақ қорытындысы" бөлімінде алған бағаны көруге болады.

Мұғалім "Чат" бөліміне кіріп, сынып оқушыларына хабарлама жаза алады. Одан бөлек, белгілі бір оқушыны таңдап, "Жеке хабарлама" батырмасын басу арқылы жеке хабарлама жібере алады. Сол жақ мәзірдегі "Оқушымен байланыс" бөлімшесінде жеке оқушыны таңдап, кері байланыс жасауға болады.

Ал оқушы мұғаліммен байланысу үшін сабақ кестесінен сол мұғалім сабақ беретін пәнді таңдап, "Чат" бөліміне кіру арқылы хабарлама жазады. Сондай-ақ, сол жақ мәзірдегі "Мұғаліммен байланыс" батырмасын басып, қажет мұғалімді таңдап, жеке хабарлама жібереді немесе жаңа хабарлама батырмасын басып, мұғалімді таңдау арқылы жеке хабарлама жазу мүмкіндігі бар.

Осы платформаны мұғалім сабақта тиімді қолдана отырып өз жұмысын жүйелі түрде жоспарлай алады. Мұғалім оқушыларға әртүрлі материалдар жүктей алады. Тіпті ТЖБ, БЖБ құрастыра алады.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!