Ашық тәрбие
сағаты
Мукамбетказина
Г.Н
Сабақтың тақырыбы: Шаңырағын
күн сүйген Қазақстан! Сабақтың мақсаты: Оқушылар
Елбасы,Елорда,Тәуелсіз Қазақстан тарихы туралы мәліметтер айтады.Өз
Отанын сақтау үшін білімді болу керек екенін түсінеді.Отанын
сүю,елге деген сүйіспеншілігі артады,патриоттық сезімдері оянады.
Көрнекілігі: Н.Назарбаев суреті,рәміздер суреті,Астана
буклеті,карта,үнтаспа,гүл,шар, бейнебаян.
Сабақтың барысы: 1.Алғашқы
ұйымдастыру
Шаттық
шеңбері:
Отан деген-
атамекен
Отан деген – туған
жер
Отан -
үлкен
Қазақстан туған ел «Біздің бір
ғана Отанымыз бар.Ол – тәуелсіз Қазақстан»
Әнұраным,жан
ұраным
Айтар әнім,сөйлер
сөзім
Туған жерім
сағынарым
Мәңгі - бақи
шырқалады
Республика әнұраны Әнұран
орындалады.
Біздің Отанымыз
-Қазақстан.Бүгінде Қазақстан егеменді ел болып,дүние жүзіне танылып
отыр.ҚР-сы Евразия деп аталатын құрлықтар кеңістігінің дәл ортаңғы
бөлігінде орналасқан ел.Жерінің аумағы жөнінен бүкіл дүние жүзінде
9 орында тұр.Жеріміз өте бай.Қазақстанда 14 облыс,28 қала
бар.Мемлекетіміз Ресей,Өзбекстан,Қырғызстан,Қытай елдерімен
шектеседі.
1995 жыл 30 тамыз Қазақстан
Республикасының Конституциясы-Ата Заңымыз қабылданған күн.Ата
Заңымыз 98 баптан тұрады.Ақша бірлігі теңге.1993 жылы 15 қарашада
енгізілген.Мемлекетік тіл-қазақ тілі.Елімізде 130-дан астам ұлт
тұрады,халқының саны 16 млн-нан астам.
-Отан деген не?Оны қалай
түсінесіңдер?
Отан-өз
үйім,ата-анам,достарым,бауырым,тау-тас,өзен-көл,туған жер бәрі
менің Отаным.
Отан!Құдіретті сөз!Бұл
елім,жерім,ұям,Қазақстан Республикасы деген
сөз.
-Қазақстан дегенде көз
алдарыңа не елестейді,не айта аласыңдар? –Я,балалар біздің Отанымыз
шаңырағын күн сүйген Қазақстан!Біздің өз алдымызға тәуелсіз
мемлекет атануымыз оңай болды ма?
Жоқ,тәуелсіздік оңай
келмеді.Алматы қаласындағы Республика алаңы – тәуелсіздіктің тал
бесігі.Осы жерде 1986 жылы 16,17,18 желтоқсанда зор оқиға
болды.Қаншама қазақ жастары Қазақстанды ұзақ жылдар басқарып келген
Д.Қонаевтың орнына Ресейлік Г.Колбиннің тағайындалуына қарсылық
білдірді.
Желтоқсанның ызғарына қарамай
Бас алаңда жастар жүрді тарамай Кеуделерін намыс оты кернеді
Азаттықты қолдарына ала алмай
Тәуелсіздік еді көптің қалауы
Желтоқсанның жалындады алауы Ағалар мен апалардың ерлігі
Еркіндіктің желбіреген жалауы
Келер күнге мен де қанат
сермедім Тербеледі бейбіт өмір есігі Қайрат,Ербол,Ләззат сынды
ерлердің Ел есінде сақталады есімі
Бейнеролик: «Желтоқсан
шеруі»
Мінеки балалар қанша жыл,қанша
ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады.Ұмытылмайтын себебі ол
оқиғалардың халық тағдырымен
байланыстылығында.
Сөйтіп 1991 жылы 16
желтоқсанда еліміз өз тәуелсіздігін алып,дербес мемлекет
болды.Тәуелсіз еліміздің тұңғыш президенті болып Н.Ә.Назарбаев
сайланды.Биыл тәуелсіздігімізге 25 жыл толады.Мен қазақ болып
туғаныма қуанамын.Өйткені мен тәуелсіз,еркін елдің
ұланымын!
Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап
күн Бізге оңай келген жоқ қой азат күн Еркіндіктің желбіретер көк
туын Біз жастармыз,болашағы қазақтың
Көрініс: «Тәуелсіздік деген
не?»
-Ата,тәуелсіздік деген не?
-Балам,сен барлық адамдар тең өмір сүрген тәуелсіз Қазақстан
мемлекетінің азаматысың. –Аға,тәуелсіздік деген не? -Елің де,жерің
де сенікі.Тәуелсіздік деген сол.Сен қазақ баласысың.Отаның –
Қазақстан,туған елің – қазақ елі. –Ұстазым,тәуелсіздік деген не?
-Ол-тәуелсіз туған жерің,тілің,салт –дәстүрің. –Көке,тәуелсіздік
деген не? -Інім,1986 жылы еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен
желтоқсан батырларын ұмытпауымыз керек.Мен солар азат еткен елдің
шекарасын күзетіп келдім. –Ал Досым,сен тәуелсіздік үшін не
істейсің? -Ол үшін жақсы оқимын,тәуелсіз елім үшін адал еңбек
етемін.
Дұрыс,ал мелекеттік
нышан,еліміздің рәміздері туралы кім
айтады?
1992 жылы маусым айының
4-жұлдызы еліміздің Рәміздері күні.Әнұранның авторлары:Шәмші
Қалдаяқов,Жұмекен Нәжімеденов және Н.Назарбаев.Тудың авторы:Шәкен
Ниязбеков.Елтаңбаның авторлары:Шота Уалиханов,Жандарбек
Мәлібеков.
1998 жылы 6 шілдеде астанамыз
- Астана қаласы атанды.Астана Есіл өзенінің жағасында
орналасқан.Бүгінде Астана халқының саны жағынан Алматыдан кейінгі
екінші орында тұр. «Астана-Бәйтерек» символы – Астананың
мақтанышы.Астана біздің Отанымыздың тәуелсіздігін растайды және
елбасымыз айтқандай «Халықтардың достығы,ынтымақтастығы-Астананың
және жаңа Қазақстанның негізін құрайды.
Ән: «
Астана»
«Нұрсұлтан Назарбаев
атамызға»
Н-Нұрына бөлеп елдікті
Н-Намысты көкке көтердің Ұ-Ұрпаққа бөлді теңдікті А-Алпауыт елдің
шоқтығын Р-Риза болып халқымыз З-Зәмзәм судай әкелдің С-Сыйлады
сыйлы белдікті А-Адалдық ойды жіктейді Ұ-Ұлтына болып үлгілі
Р-Рахым ойы бітпейді Л-айықты болды түндігі Б-Батыры құрған бір
қала Т-Таңдандырып халықты А-Астана мәңгі көктейді А-Асудан асты
бірлігі Е-Елбасы тұрса шыңында Н-Назары түссе шет елдің В-Вашингтон
мүлде жетпейді
А-Ақырын жүріп аттады
Т-Тұлпарын күліп баптады А-Азаттықтың жүгімен М-Мұрасын түріп
сақтады Ы-Ығына басты бауырын З-Зарына қосты ауылын Ғ-Ғылымда мәңгі
өлмейді А-Атанған нұр дәуірің
Қазақ батыр ел дейміз Ұлы мен
қызы ер дейміз Ата-қоныс жерлерін Біз ешкімге
бермейміз
Өзіңдікі
еліңде,
Өзіңдікі Жерің
де,
Өзіңдікі өзің еткен
бақ,
Тәуелсіздік
төрінде.
Өзіңдікі Туың
да,
От пен ауа,суың
да
Жаса
Қазақстаным
Белді бекем буын
да
Тәуелсіздік қадірін
білейік балалар
Елбасымыз Нұрсұлтандай
ағамыз Әр ісінен қамқорлығын сезінген Расымен біз ең бақытты
баламыз
Ән: «Бақытты
балалық»
Балалар,мектебімізде
тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған көптеген іс-шаралар
өткізілуде.Бұған біздің класс оқушылары да өз үлестерін қосуда.Енді
сол жұмыстарымызға тоқталсақ.(класс оқушыларының шығармашылық
жұмыстары)
«Сен білесің бе?» бейнебаян
көрсету
Мінеки,осындай бай да байтақ
елімізді қорғау,ата-баба аңсаған тәуелсіздігімізді қорғау осы
отырған әрқайсымыздың міндетіміз.
Тауымыз бар таңырқатқан
шынымен Ұл-қызың бар,даламыз бар ұлы,кең Ынтымағы жарасқан елімізді
Құттықтаймыз тәуелсіздік күнімен
Ән: «Ел қорғауға
әзірміз»
Кері
байланыс:
Ән: «Көк тудың
желбірегені»