Материалдар / Саңырауқұлақтар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Саңырауқұлақтар

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Маусым 2021
522
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ортаңғы топтың ұйымдастырылған оқу қызметінің конспекті Конспект организованной учебной деятельности средней группе

Өткізу мерзімі/Дата проведения: 01.10.19 Тәрбиеші/Воспитатель: Алимханова А.А

Білім беру саласы/Образовательная область: «Шығармашылық».

Пән/Предмет: Сурет салу.

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Табиғаттағы жанды жансыз»

Тақырыбы/Тема:«Саңырауқұлақтар»

Мақсаты/Цели:

1. Танымын кеңейту,эстетикалық талғамын арттыру.

2. Саңырауқұлақтар туралы түсініктерін қалыптастыру.

3. Сопақша және жартылай дөңгелек пішіндерден тұратын бейненің суретін салуға үйрету.

Педагогикалық технологиялар/ педагогические технологий:АҚТ,ойын технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету/ Ресурсное обеспечение: Қажетті құрал жабдықтар мен Көрнекіліктер: дайын аппликация үлгілері, сүрткіш, қуыршақ Қарақат.

Билингвалдық компонент/билингвальный компонент: саңырауқұлақ-гриб, саңырауқұлақтар-грибы.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

I. Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент: Топқа қолында себеті бар қуыршақ Қарақат кіріп келеді.

Әдеп сақтап аманда

Әрбір адал адамға

Жасайық бір жақсылық,

Ынтымаққа қосыл да.

Ар – мақсатың нақ болсын,

Ақылыңнан тосылма.

Балалар бәріміз бізге қонаққа келген апайлармен амандасайық.


Білер қазақ баласы,

Сәлем сөздің анасы.

Жасы үлкенді сыйлаған,

Өсер елдің баласы.

Тәрбиелі баламыз,

Жетілген ой-санамыз.

Жасы үлкенге ізетпен,

Біздер сәлем береміз!


II. Негізі бөлім/основная часть:

1.Әңгіме :

2. Көрсету:

-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер шешуін тапсаңдар,онда біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы табылады.

Тіреумен тіреп ақырын,

Көтеріп тұр шатырын.

Бұл не?

-Дұрыс балалар біздер бүгін сурет сабағында саңырауқұлақтың суретін саламыз. Алдымен саңырауқұлақпен танысып өтейік.Осы кезде саз әуенімен екі саңырауқұлақ билеп кіреді де балалармен амандасады.

-Саламатсыңдар ма балалар,біз сендерге қонаққа келдік.Сендерге базарлыққа саңырауқұлақтар туралы түрлі қызықты суреттер ала келдік.

Саңырауқұлақтар туралы иллюстрациялық суреттерді көрсетеді.Тәрбиеші ормандағы саңырауқұлақ түрлерімен таныстырады.

Қараңдаршы балалар,суретте көп саңырауқұлақтар бар. Бұлар түлкішек,ақ саңырауқұлақ,шыбыпжұт деп аталады. Саңырауқұлақтар жеуге жарамды және улы болып екіге бөлінеді.Біздің жақтағы саңырауқұлақтар улы саңырауқұлақтар,оларды жеуге болмайды.Кәне кім саңырауқұлақтардың түрі,түсі туталы әңгімелеп береді.

-Балалар, біз бүгін сурет сабағында «саңырауқұлақтар» тақырыбында екі түрлі жұмыс жасаймыз.

.саңырауқұлақтың суретін саламыз.

.саңырауқұлақтарды жапырақтардан жапсырып бейнелейміз.

Жұмыс барысы. Көрсету:

Саңырауқұлақты акварельмен салу тәсілі.

Ақ саңырауқұлақты бояу тәсілі.

.губканы қоңыр түсті бояуға малып алып,жарты шеңбер ішін сызықтан шығарып алмай бояймыз.

.губканы ақ түсті бояуға малып алып саңырауқұлақтың сирағын бояимыз.

Түлкішек.

.губканы қызыл түске малып алып, жиегі иректелген сопақша сызықты шығармай бояимыз.

.сирағын қызғылт сары түспен бояймыз.

Қауісіздік ережесі,гигиеналық шаралар.

Саңырауқұлақты жапсыру тәсілі.

.саңырауқұлақ қалпағына және түбіріне ұқсайтын жапырақтар таңдап алып,сол қолменұтап тұрып үстіне қылқаламмен желім жағып жапсырамыз.

Сергіту сәті:

Орманда кірпі келеді,

Саңырауқұлақ тереді.

Кездесті, міне, керегі,

Екеуі қайың астынан,

Біреуі терек астынан,

Қанша болды есепте,

Сал тоқылған себетке.

Дидактикалық пантомимо ойыны:

«Сурет саламыз»

Ақ саңырауқұлақ саламыз –дейді.балалар ауада саңырауқұлақ салады.

Бояймыз дегенде алдарындағы жолақшалардан саңырауқұлақ түсін тауып ауаға көтеріп бояйды.

Түлкішек саламыз дегенде де ойын солай қайталанып отырады.

III. Қорытынды бөлім/итоговая часть: Саңырауқұлақтардың қайда өсетінін, саңырауқұлақтардың жеуге болатын және болмайтын түрлері бар екенін,жартылай дөңгелек және сопақша пішіндер арқылы саңырауқұлақ салуды және бояуды біледі

Балалар жұмыстарынан көрме жасап балаларды мадақтап,оқу іс-әрекетін қорытындылау

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!