Материалдар / САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖАҒДАЙЫНДА КӨРКЕМ ЕҢБЕК САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖАҒДАЙЫНДА КӨРКЕМ ЕҢБЕК САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі күнгі білім беру бағдарламасының басты бағыты - әрбір оқушыға нәтижеге бағытталған білім беру, дәстүрлі мәдениеттің негіздерін үйрету, оқушығы қолайлы жағдай жасау. Мектепте жүргізілетін көркем еңбек сабағының басты міндеті - жас ұрпақты келешекте кеңінен тараған кәсіптерді меңгеруіне көмектесу. Баяндамада функционалдық сауаттылық деген не, оның маңызы қандай, оны қалай жүзеге асыруға болады деген сұрақтарға жауап беріледі және көркем еңбек сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер, мұғалімнің өз тәжірибесінен алынған тұжырымдар кеңінен сөз етіледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қаңтар 2022
609
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖАҒДАЙЫНДА КӨРКЕМ ЕҢБЕК САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ


Айткожин Мейрамбек Кенжебаевич

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

Көркем еңбек және технология пәндерінің оқытушысы



Аннотация. Бүгінгі күнгі білім беру бағдарламасының басты бағыты - әрбір оқушыға нәтижеге бағытталған білім беру, дәстүрлі мәдениеттің негіздерін үйрету, оқушығы қолайлы жағдай жасау. Мектепте жүргізілетін көркем еңбек сабағының басты міндеті - жас ұрпақты келешекте кеңінен тараған кәсіптерді меңгеруіне көмектесу.

Баяндамада функционалдық сауаттылық деген не, оның маңызы қандай, оны қалай жүзеге асыруға болады деген сұрақтарға жауап беріледі және көркем еңбек сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер, мұғалімнің өз тәжірибесінен алынған тұжырымдар кеңінен сөз етіледі.


Аннотация. В настоящее время очень большая роль в процессе обучения школьников отводится азвитию функциональной грамотности.Современные исследователи определяют функциональную грамотность как социально-экономическое явление и связывают уровень ее сформированности с уровнем благосостояния населения и государства в целом.

Функциональная грамотность – это уровень образованности, который может быть, достигнут учащимися за время обучения в школе и предполагает способность человека решать стандартные жизненные задачи в различных сферах жизни. В статье рассматривается все эти вопросы и что это дает возможность самовыражения и самореализаций.


ҚР Президентінің «Ұлт жоспары –бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасының мақсаты - Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау. Қазіргі уақытта білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығы, ең алдымен, үйден отбасынан басталады. Өйткені, ата - аналардың балаларды оқытуы және тәрбиелеуі ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың негізгі тетіктерінің (механизмдерінің) бірі болып көрсетілген.
Біріншіден, функционалдық сауаттылық дегеніміз - адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге араласуы. Біз экономикамыздағы, әлеуметтік – саяси және рухани өміріміздегі жетістіктерді заңды түрде мақтан етеміз. Тіпті «экономика» деген сөздің өзін сөзбе-сөз аударсақ, «үй шаруашылығы» дегенді білдіреді. Сондықтан да отбасындағы экономиканы мемлекеттік экономиканың құрамдас бөлігі ретінде қарауға тура келеді. Демек, оған байыпты түрде біліммен әрі шаруақорлықпен қарау керек.
Жаңартылған білім беру аясында дүниеге келген «Көркем еңбек» пәнін оқытуда білім беру ұйымдары оқушылардың қалай «білім алуды үйрену» керектігін білетін, дербес, ынталы, қызығушылығы жоғары, сенімді, жауапты, зерделі, дамыған шығармашыл тұллға болу қағидасын ұстанады.

«Технология және өнер» білім беру саласы бойынша оқытудың күтілетін нәтижелерінде «бастауыш білім беру аяқталғанда білімалушы Қазақстанның сәндік-көркем өнеріндегі ұлттық салт-дәстүрлердің ерекшеліктері мен маңызын; қазақ халқының мәдениеті мен басқа да халықтардың мәдениеті мен басқа да халықтардың мәдениеттеріндегі өнер туындыларының маңызын түсінеді» делінген[1].

Бүгінгі күнгі білім беру бағдарламасының басты бағыты-әрбір оқушыға нәтижеге бағытталған білім беру, яғни функционалдық сауаттылығы жоғары, дәстүрлі мәдениеттің негіздерін үйрету, оқушыға қолайлы жаңдай асау.

Мектепте жүргізілетін көркем еңбек сабағының басты міндеті - жас ұрпақты келешекте кеңінен тараған кәсіптерді меңгеруіне көмектесу. Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сай мектептегі оқытудың негізгі міндеттері- білім беріп қана қою емес, білім мазмұны арқылы зерделі, білімді, ұлтымыздың болашағы үшін өз бетімен іс-әрекет ете алатын шәкірттер дайындау.

Оқыту мен тәрбие бір-бірімен байланысты үрдіс болғандықтан, көркем еңбек пәнінің тәрбиелік мазмұнын анықтай отырып, сабақ барысында оқу мен тәрбие міндеттерін қатар ұштастыру қажет. Қазіргі кезде мектепте көркем еңбек пәнінде ұлдар ұсталық, ағаш өнерімен танысса, қыз балалар тоқыма, кесте тігу, тамақ пісіру, киім тігу сияқты жұмыстарды үйрене отырып, олардың тарихымен танысады және өңдеу, жасалу технологиясын оқып-біліп, әртүрлі бұйымдарды жасауды, түрлі ас даярлауды үйреніп, жұмыс түрін дер кезінде аяқтауды толық меңгереді.

Сабақ барысында бұл өнерлерді үйрену сызу, бейнелеу өнері, математика, геометрия, биология пәндерімен тығыз байланыста жүргізіледі. Оқушы өзінің қабілетіне қарай өнердің белгілі бір түрін меңгеруге табандылығы, таланты, қилымен алдына мақсат қоя білуі арқылы сән үлгісіне деген қызығушылығын, эсетиткалық сезімін арттырып, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, үнемді білуге, іскерлікке тәрбиелеу болса, тамақ дайындау бөлімінде аспаздық өнердің қыр-сырын үйрету-басты мақсат.

Ою-өрнектік жапсырмалау жұмыстарын орындауда қазақ ою-өрнектерінің атаулары, мағынасы туралы әрбір ою-өрнектердің бір-бірімен үйлесімділігін айыра білуге үйренеді. Оқушылар геометриялық фигураларды, гүлдерді, жапырақтарды қолданып, өрнектік жұмыстарды орындауды үйренеді. Жапсырмалау жұмыстары оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес беріліп бірте-бірте күрделене түседі. Жапсырмалау жұмысы кезінде ең бірінші, фондық түсті сәйкес ала отырып, орындайтын жұмыстың түр-түсін сәйкестендіріп, орындай білуге қалыптасу керек. Сабақ барысында оқушылар композиция, колорит, ырғак, симметрия деген сөз мағынасын айыра білу үшін түсініктемелер беріледі. Оқушылардың салатын ою-өрнектерін кіріспе әңгімеде қол өнер туындыларынан көрсетіп, жасалу жолдарын түсіндіріп, композициялық шешімін тауып, оның келешекте қолданудағы маңызды жақтарына зейін аударып отыру қажет», — деп көрсетеді [2].

Біліммен қарау деген түсінікті, ал шаруақорлықпен қарау деген не нәрсе? Шаруақорлықпен қарау дегеніміз мынау: Үйде желінбей қалған нанның үзінділерін, қабықтарын және кеуіп қалған нанды ешқашан лақтырып тастамау. Нанның біздің өміріміздегі маңызы туралы – бұл тамаққа ата - ана баласын ізгі құрметпен қарауға тәрбиелеу керек. Халқымыз нанды ежелден қастерлеп, құрметтеп келеді. Алайда нанның бар екеніне әрі оның әрқашан болатынына деген сенімділік. Адамға жалғыз нан ғана қажет емес, бірақ нанда минералды заттар бар. Мысалы, калий орталық нерв жүйесінің қалыпты жұмыс істеуінде жетекші роль атқарады, темір – қан түзетін элемент және т. б. Бидай мен қара бидайдың дәнінде витаминдердің едәуір мөлшері бар. Әсіресе, ол В тобындағы витаминдерге: тиамин (В1), рибофлавин (В2), никотин қышқылына (РР) бай. Балалардың тамақтануында В2 және РР витаминдерінің ролі өте зор. Баланың бойының өсуіне ықпал етеді. Бұл жерде нанға деген құрмет, шаруақорлықпен пайдалану туралы әңгіме тіпті де төтенше жағдайға байланысты туып отырған жоқ. Жалпы, бұл жерде ата - ананың функционалдық сауаттылығы, соның ішінде баланың нанға деген ұқыптылықпен қарауы болып отыр[3].
Отбасында әрбір грамды, ватты, минутты есептей алмайтын және де есептегісі келмейтін баланың үй шаруасына да қыры болмайды. Баланың бойына рухани құндылықтарды қалыптастыруға, жағымсыз мінез - құлық әдеттерден арылтуға көмек беретін функционалдық сауаттылық ата - ана бойында да болуға тиіс. Ата – аналар баланың ұғынуына көмектесулері керек. Үйде жарық пен тұрмыстық приборларды дер кезінде сөндіру, токтан ажырату қажеттігін, есік алдағы су құбырының краны арқылы тамшыдан өзен құралып қайта ағып кетіп жатқанын бала білуге тиіс. Еңбектің бағасын білген бала оның нәтижесін де жақсы бағалай біледі. Осының бәрінде аса терең ата - ананың функционалдық сауаттылығы тұр. Баласының бойына адамгершілік проблемасын және тәуелсіздік еліміздің байлығына үнемділікпен, ыждаһаттылықпен қарауға, адам еңбегімен жасалған нәрсенің бәрін бағалай білетін азаматтық ең жақсы қасиеттерді дарыту. Ата – ана баланың ең әуелі өздері істей алатынды үйретуі тиіс. Әкесі дәнекерлей білсе – баласын да үйретсін. Анасы: он саусағынан өнер тамған шебер екен, әрине қызын өнеріне сөзсіз үйретеді.
Екіншіден, функционалдық сауаттылық дегеніміз – өмір бойы білім алуына ықпал ететін, авторлық база жасау. Өмір бойы іздену, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп отыру. Оқушылардың функционалдық сауаттылығы мектептен басталады.
Мектеп - үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Оқушының бойына білім нәрін дарытуға көмек беретін функционалдық сауаттылық мұғалім бойында да болуы тиіс. Барлық елде балаға білім беру ерекше орын алып келеді. Балалардың ойлау қабілетін дамытуға, байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуге оқушыларды тәрбиелеу мұғалімдердің басты борышы. Мұғалім сабақты түрлендіріп, өмірмен байланыстырып өтуінде, пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және сауаттылығына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру негізінде жүзеге асады[4].
Тек білім ғана бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыра алады. Сондықтан да мұғалім сапалы білім, салиқалы ой - өрісі кең тұлғаны қалыптастыруы үшін 45 минуттық сабағын қазіргі заманғы білім берудің жаңа технологияларын қолдана отырып өту керек. Осы жерде орыс педагогы А.С.Макаренконың «45 жыл мұғалім болса да 45 минуттық сабағына дайындалып келу керек» деген нақыл сөзін еске алуға болады. Мұғалім оқушыны тек қана мектептің бағдарламасымен шектеліп қалдырмай, теориялық білімдерін практикалық жұмыстармен, өмірмен байланыстыра білуге үйрету керек. Осындай әдіс - тәсілдерді түрлендіріп, жүйелі түрде пайдаланып мұғалімнің шәкірттері өз бетімен жұмыс істеуге тез үйренеде

Функционалдық сауаттылықтың негізгі міндеті - мұғалім баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін, шығармашылық тұрғыда ойлауын қалыптастырып және де баланың өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру[5].
Осыған орай оқушылардың алған білімдері негізінде әрекет етуге қабілеттілік пен даналықты білдіретін құзыреттерді қалыптасытыру орта мектептердегі жаратылыстану бағытындағы пәндер басым бағыттарының бірі болып табылады. Ой - өрісі кең тұлғаны қалыптастыруда жаратылыстану пәндерінің орны ерекше. Жаратылыстану ғылымдарының ішінде, өзгелерінен гөрі, тезірек дамып, күнделікті өмірде кеңінен қолданыс тапқаны физика. Сондықтан да болар, бүгінгі таңдағы роль атқаратын жетекші ғылымдардың біріне айналып отыр. Жыл сайын көптеген жаңашылдардың беті ашылуда. Физика ғылымының ілгерілеген алғы шебін былай қойғанда, тіпті оның күнбе - күнгі тұрмыста жан - жақты орын тебе бастаған салаларын функционалдық сауаттылығы бар оқушылар еркін бойлап алуы керек. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру - жаратылыстану бағытындағы пәндер оқушылардың өмірлік дағдыларын дамытудың басты шарты.
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру - оқушының логикалық ойлау қабілеттерін дамытудың үйлесімді жолы[6].
Олай болса, функционалдық сауаттылық оқушының белгілі ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және білім, білік дағдыларының жиынтығы. Ол тек білім мен білік әлеміне барудың жолы ғана емес, ұлттық әлеуметтік дамуының өлшемі.
Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту үшін жаратылыстану бағытындағы пәндер оқушылардың сапалы есептерді өз бетінше шығаруына көп көңіл бөледі. Сапалы есептер оқушының логикалық ойлау қасиетін шыңдайды және пәнге деген қызығушылығын арттырады. Сабақта әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың ой - өрісін дамытуға, есептер шығару кезінде қызығушылығын арттыруға, теориялық білімдерін практикада қолдана білуге үйретеді.
Осындай мақсаттарға жету үшін мынандай міндеттерге тоқталайық.
1. Оқушының алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыра білу.
2. Оқушылардың алған сапалы білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету.
3. Кез келген проблемалық ситуациялардың шешімін таба білуге үйрету
4. Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетінше жұмыс істеуге үйрету
5. Оқушылардың білімдерін Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудағы 2011 – 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы аясындағы халықаралық зерттеулерге ( TIMS, PISA және PIRLS) қатыстыру.
Сапалы есептер шығару барысында оқушылар қажетті көлемдегі білімді игеріп қана қоймастан, өз бетінше шешім қабылдауға және болашақта мамандық таңдауына ынталандырылады. Сабақта сапалы есептер шығару арқылы алған білімдерін оқушылар күнделікті өмірмен байланыстырып отырады, өйткені оқушы ойлауға да ойлануға да қабілетті[7].
Президентіміз Н. Ә. Назарбаев биылғы Жолдауында: «Қазақстан - 2050» Стратегиясы – барлық салиқаны қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияның мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту, ортақ парыз, абыройлы міндет!» дейді. Осы ортақ парызды, абыройлы міндетті кім қалай түсінеді, кім қалай орындайды. Елбасымыздың жылқы жылындағы Жолдауын мұғалімдердің негізгі орындау міндетіне: пән сабақтарында болашақ Қазақстанның нағыз азаматының функционалдық сауаттылығын дамыту болып отыр.
Ортақ Отанымыз – Қазақстанның одан әрі Мәңгілік Ел болып өркендеуі үшін, жан – жақты дамуы үшін оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту арқасында талай асулардан абыроймен өтеміз деп және мұғалімдер тек қана адал салиқалы еңбек етіп, функционалдық сауаттылығы бар тұлға тәрбиелеп шығарымыз деп уәде етеміз
«Білімнен қымбат нәрсе жоқ.
Көңілде жатса баспай тот» дегендей, оқушылар алған сапалы білімдерін, тәрбиесін, бойға дарыған өнерлерін үнемі жаңғыртып, жетілдіріп оны ғылыми жетістіктермен толықтырып отыруы тиіс.
Қорыта айтқанда, функционалдық сауаттылықты жүзеге асырудың басты міндеті - оқушылардың теориялық білімдерін практикалық тұрғыда қолдануымен қатар тәуелсіз еліміздің келешегіне үлкен жауапкершілікпен қарауға үлестерін қосу болып табылады.




Қолданылған әдебиеттер:

  1. Әлімова А.Қ. Интербелсенді оқыту әдістемесін мектепте қолдану. Оқу құралы / «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. – 188 б.

  2. Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау басшылығы. Әдістемелік құрал. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығы, екінші басылым, 2016. – 38 б.

  3. Көркем еңбек. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сыныптарға арналған оқу бағдарламасы. –Астана, «Назарбаев зияткерлік мектептер» ДББҰ, Ы.Алтынсарин ат. Ұлттық білім беру Академиясы, 2016. – 58 б.

  4. Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқау. Әдістемелік құрал. –Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығы, екінші басылым, 2015. – 41 б.

  5. Мұғалімге арналған үлестірме материал. Әдістемелік құрал. –Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығы, екінші басылым, 2015. – 52 б.

  6. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы. Әдістемелік құрал. –Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығы, екінші басылым, 2015. – 23 б.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!