Материалдар / Шапқанда шалдықпайтын кең тынысты Құлагер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шапқанда шалдықпайтын кең тынысты Құлагер

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстанның атын шығарған желаяқ Әмин Тұяқовтың туған күніне орай өткізілген тәрбие сағаты.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
342
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады









Shape1


ТАҚЫРЫБЫ:

ШАПҚАНДА ШАЛДЫҚПАЙТЫН КЕҢ ТЫНЫСТЫ ҚҰЛАГЕР





















Семей қаласы

2017 жыл

ТАҚЫРЫБЫ: Шапқанда шалдықпайтын кең тынысты құлагер.

Мақсаты: Қазақтың ұлы спортшысы, қазақты танытқан чемпион – Әмин Тұяқов жайлы мағлұмат беру.

Міндеті:

білімділік: - білім алушыларға тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп, тиянақтау, жеңіл атлетикаға қызығушылығын арттыру.

дамытушылық:- тақырып бойынша достарымен спорттың түрлері мен сүйікті спортшылары  туралы пікір алысу білуге дағдыландыру.  Жеңіл атлетикамен айналысуға қызығушылығын арттыру

тәрбиелік: спортшының өмірі мен жетістіктерінен үлгі ала отырып, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.

Білімділік: оқушылардың білімдерін жүйелеу, бекіту, үйлестіру, тақырыпқа байланысты өз ойын айта білуге үйрету.Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Дамытушылық: оқушылардың өз ойын тиянақты, дәл жеткізуге үйрету, сөздік қорып байытып, қызығушылық белсенділіктерін арттыру, сөйлеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік:Отанын сүюге, Қазақстанның азаматы екендігін мақтан тұтуға тәрбиелеу, еліміздің атақты спортшыларын білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнектілігі: слайд, видео, сурет.

Тәрбие сағатының түрі: ашық тәрбие сағаты.

ӨТІЛУ БАРЫСЫ:

І. ҰЙЫМДАСТЫРУ.

1.Психологиялық даярлық.

2. Тәрбие сағатының тақырыбы және мақсаттарымен таныстыру.

3. Келген қонақтарды таныстырып өту. (кезең бойынша таныстыру)

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

3. Кіріспе сөз.

Мұғалім: ............................................

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

3. Әдеби монтаж.

І-жүргізуші:

Өздеріңмен  өлшеусіз нарқым менің,

Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.

...............................................ақ  ниетпен,

Қош келдің, айналайын, көрермендерім.

ІІ-жүргізуші:

1-студент:

Әмин Елемесұлы Тұяқов 1937 жылы 12 ақпанда қазіргі Маңғыстау облысындағы Маңғыстау ауданына қарасты Шайыр ауылында дүниеге келген. Оның әкесі Елемес, анасы Жәнияш та сол өздері тұрған аймаққа сыйлы кісілер-ді. Бірақ, Әмин аға әжесінің бауырында өсіп, соның тәрбиесін көрді. Сондықтан да өзінен жөн сұрағандарға қашан да мен әжемнің баласымын дейтін. Жалпы, Мақпал әжеміздің Елемес және Едіге деп аталатын қос ұлы болды. Алайда, ол осы аяулы кісі қазақтың салты бойынша кіші перзенті Едігенің қолында тұрды. Уақыт өте ол өзінің ата-анасымен де араласып, сыйласты. Мұның өзінен кейін Жаңабай, Әнебай, Әбділ, Әлхан, Әліби, Киікбай секілді інілері мен Қарлығаш есімді қарындасы болды.

2-студент:

Негізінде Әмин аға әу баста спортшы боламын, оның ішінде жүгірумен айналысамын деп ешқашан да ойлаған емес-ті. Бәрі де Атырау қаласындағы педагогикалық институтта оқып жүрген кезінде басталды. Сол жылы бұларға Алматы медициналық институтының түлегі Анжелика Куликова деген бойжеткен қызметке келді. Өзі спортқа өте ден қойған кісі  болып шықты. Содан ол бұларға жаттықтырушы атанып, спортқа икемі бар студенттердің басын қосып, топ құрды. Сонымен не керек, алты-жеті баладан тұратын команда өздерінің шеберліктерінің арқасында бұрынғы Гурьев (қазіргі Атырау) облысының құрамына кірді. Мұның бойындағы талпынысы сол кездің өзінде айқын көрінді. Алғашқы жарыста-ақ  3-ші разрядтың нормасын орындады.

3-студент:

Атыраудағы (Гурьевтегі) екі жылдық мұғалімдер институтына түсіп, бір жылдан кейін ол педагогикалық институт болып, кейін құрылғанда соның физика – математика факультетіне түсіп, 1960 жылы үздік дипломмен бітіріп шығады. Ол сабақтарын өте жақсы оқумен қатар институттың және факультеттің қоғамдық жұмыстарын жауапкершілікпен орындап, оның ішінде, спорттың жеңіл атлетика түрінен елеулі табыстарға қол жеткізеді.

Осы жетістіктерінің арқасында 1957 жылы Қазақстан құрама командасының мүшесі болып қабылданады.

4-студент:

1959 жылы Бүкілқазақстандық IX спартакиадада 100, 200, 400 метрге жүгіруден Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанған. 1960 жылы Одессада өткен Бүкілодақтық «Буревестник» ерікті спорт қоғамының жеңімпазы атанады. Осы жетістігінің арқасында КСРО спорт шебері (100 м – 10,4 секунд) нормасын орындап қана қоймай, Кеңес Одағының құрама командасына мүше болып қабылданады.

5-студент:

Әмин Елемесұлы 1960 жылдан 1968 жылдың аяғына дейін КСРО құрама командасының сапында тек Кеңес Одағының ғана емес, қазақ халқының да даңқын аспандата түскен. Әмин Тұяқовқа 1963-1967 жылдар аралығында 200 метрге жүгіруден тең келер ешкім болмады. 1965 жылы Киевте өткен Кеңес Одағының чемпионатында осы қашықтықты бағындыруда жасаған соңғы КСРО рекордын (Ә.Тұяқов 6 рет рекорд жаңартқан) – 20,6 секундты тек 1968 жылы жеңіл атлет В.Борзов қана 0,1 секундқа жаңартқаны  көп жайды аңғартуға тиіс.

І-жүргізуші:

Әмин Тұяқов туралы бейнематериал көрсету.

6-студент:

Ә.Тұяқов 31 жасында үлкен спортпен қоштасқанға дейінгі аралықта 100 метр, 200 метр қашықтыққа жүгіруден және 100х4, 200х4 эстафетаға жүгіруден 8 рет КСРО чемпионы атанып, 10 мәрте күміс, қола жүлдеге ие болды. Соңғы рет 30 жасында, 1967 жылы КСРО халықтарының IV спартакиадасында 200 метрлік қашықтықта алтын, ал 100 метрге жүрігуден күміс медальдарды иеленді.

7-студент:

Еуропа кубогының жеңімпазы (1965 жыл), Еуропа біріншілігінің күміс жүлдегері (1966 жыл), 50-ге тарта ірі халықаралық жарыстардың жеңімпазы әрі жүлдегері болды. 1965 жылы оған КСРО спортына еңбегі сіңген шебер жоғарғы атағы берілді. Және сол жылы спорттың жеңіл атлетика саласында қазақ халқының даңқын әлемге аспандатқан желаяқ «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.

8-студент:

Отбасында өзіне әрдайым демеуші әрі қолдаушы. Қызы – Сұлушаш, ұлы – Арман, немерелері – Әміржан, Әлнұр, Амалдарды жанынан артық көреді. Балалардың өмірден өз орындарын табуына барын салды. Олар да әкелерінің жүзін жерге қаратқан жоқ. Міне, Әмин аға зейнеткер болса да үйде қарап отырған жоқ. Өзінің спорттағы бай тәжірибесін кейінгі жастарға айтып, желаяқ болудың қыры мен сырларын әрбір кездесулерде олардың рухын көтеретіндей етіп, қызықтыра баяндайды.

9-студент:

«Әминиаданың» басты мақсаты мықтыларды анықтап, Республикалық жарыстарға жол ашу. Кейін әлем чемпиондарын дайындау. «Нағыз чемпиондар ауылдан шығады. Бұл жарыс оларға зор мүмкіндік», - дейді «Әминиаданың» сегізінші ашылу салтанатында сөз алған Әмин Тұяқов. Әминиада міне осымен сегізінші рет өтіп жатыр. Бұл Республикада өтетін үлкен жарыс. Қазір бұл жарысқа аудан азаматтары, көршілес облыстардың балдары келеді. Бірақ бұл келешекте біздің жастарымыз үшін үлкен Халықаралық жарыстарға айналады деп ойлаймын.

ІІ-жүргізуші:

Бүгін бізге қонаққа Әмин атамыздың досы Рахимтай Абакович келіп отыр. ....................................................

І-жүргізуші:

Саңылақ ол анасымен естіргендей санатты ер,

Жүйрігіңе жүзден жүйрік деген сөзге балап көр.

Біліміде таң қалардай адам айтпас тереңде,

Спорттада сан жүйрікті артта тастар қанатты ер,- дегендей студенттеріміздің Әмин Тұяқовтың ерен еңбегіне байланысты жүрек жарды ән-жырын тарту етеміз.

10-студент:

Әмин ата ел ағасы қашанда,

Жел аяғы қазағымның бас алға.

Бүгін міне 80-ге келіп ағамыз,

Шабыт келді бүгін тағы мағанда.

Міне ағам 80-ді де жайратты

Қарап тұрмын ағам неткен қайратты.

Алдыңызда 100 жыл деген асу бар,

Әкетіңіз жүз жыл деген байрақты.

Аты ғана жеңіл деген спорттың

Чемпион болу арманы ғой бұл жұрттың.

Әмин атам жетті ғой сол арманға

Басталды ғой қазағыма азат күн.

11-студент:

Ұлы дала талай, талай өмірге әкеп дарынды,

Өрге қарай өрлеткендей ұлттық ұлы бағымды.

Елім үшін ерте жастан белін буған ұлдарым,

Барша әлемге үйреткендей қазақ ұлтын тануды.

Қазақ халқы көп тусада әнші, ақын батыр да

Бәйге шауып, көкпар тартып жауыңдыда тақымда.

Ұлтымыздың атын тағы шығарған бір спорттан,

Жел аяқпен заманында шыққан ұлан атыда.

12-студент:

Өмірін ол құрған емес мақсат қылып баюға,

Ұлттық мүдде жүретұғын әр қашанда ойында.

Маңғыстаудай қасиетті мұнайлы ол өлкемде,

Туған еді шашасына шаң жұқбас боп Шайырда.

Мың әулие туған өлке Маңғыстауға мұрагер,

Ел намысы түскен жерді айтқызбастан ұғады ер.

Ресейдің рекортын сан мың мәртеге жаңартқан ,

Қазағымның топырағынан шыққан жүйрік құлагер.

13-студент:

Ардақ тұту азаматты жұрт ісі...

Екі миллиард мұсылманы, түркісі...

Жирма, отыз арасында бір жігіт,

Сілкіндірді миллиартарды, бір кісі!..

Бақыты да, азабы да аяқтан,

Тегі Тұяқ, жанарлары жай атқан!..

Бас мақсаты Отан атты ананы

Сүйе беру: қысы-жазы, май-ақпан!..

Шарлап ӛтті Әмин аты әлемді,

"Жеңіс, намыс" жанға солай ән енді.

Туы болып қалды аты жеңістің,

Желбірейді намыс атты кемеңде!..

14-студент:

Сен де ойнадың біздермен бала болып,

Тай жарыста мақталдың дара келіп.

Бас бәйгеге құмарлық атаңыздан,

Ат мінгенді жаратып қара керік.

Ел тағдырын халқыңмен бӛле кештің,

Жай қазақсың, паңданған тӛре емессің.

Әмин!.. Қазақ баласы, желаяғы!

Жігітісің намыстың, ер егестің.

Дос болдыңыз қойшымен, генералмен,

Қадір тұтты бәрі де дей алар ем.

Бірақ кейде тіл таппай қаласыз-ау,

Пысықсыған, ағажан, кей адамман.

15-студент:

Талай тарлан озбақ боп ерек шығып,

Дірілдеді алдыңда жүрексініп.

Топтан торай шалдырмай келдің неше,

Ұлт намысын жаныңа тілекші ғып!

Ақжайықтың бойында туғанменен,

Кіндік кесіп, сонда кір жуғанменен –

Тұяқовтың жел жетпес тұқтарын

Алтай, Арқа, Атырау, Шудан көрем...

Ақталды да аянбай тер тӛккенің,

Ғұмыр жасын Жеңістің келте етпедің.

"Артта қалған қазақ..." деп кемсітетін

Отаршылдың тәрк еттің ертектерін!

ІІ-жүргізуші:

Қазір қазақ жастары аз да болса жеңіл атлетикаға бет бұра бастады. Бірақ әзірге шашасына шаң жұқтырмай, топ жарып шығатын қазақтың желаяғы табылған жоқ. Әрине, еліміздің жеңіл атлеттері әлем чемпионаты мен олимпиада ойындарында жерге қаратқан емес.

І-жүргізуші:

Иә, дұрыс айтасың, Қазақстан Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін де Олимпиада ойындарында қазақстандық жеңіл атлетшілер өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көріне бастады. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері жеңіл атлетикадан қанжығамызға түскен медальдар да бар. Бүгінге дейін Қазақстан Олимпиада ойындарынан 2 алтын, 1 қолаға иелік етті. Ал әлем чемпионаттарынан екі күміс, үш қола жүлде бұйырып, әлемдік рейтингте 64-орында тұр. Азия ойындарынан да жеңіл атлетшілер құр алақан қалған жоқ. Ерлер сайысында 10 алтын, 11 күміс, 4 қола медаль болса, әйелдер арасында 10 алтын, 9 күміс, 13 қола жүлде Қазақстанның еншісінде.

І-жүргізуші:

Үш рет қарғып секіруде Олег Сокиркин, 50 шаршы шақырымға спорттық жүрісте Сергей Корепанов, алтылыққа секіруде Игорь Потапович жеңіс туын желбіретті. Ал 100 метрге жүгіруде Виталий Савин, алтылыққа секіруде Григорий Егоров, ядро серпуде Сергей Рубцов екінші орынға тұрақтаса, үш рет қарғып секіруде Сергей Арзамасов пен спорттық жүрісте Валерий Борисов қола жүлдені қанағат тұтқан болатын.

ІІ-жүргізуші: Семей қаласының :................................ дене шынықтыру бөлімінің меңгерушісі шақыру:

І-жүргізуші:

1.

сұрақ

І-жүргізуші:

Ұстанған салауатты өмір салтын,

Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,

Болашақ спортшылар келді ортаға

Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!

Спорттық би, көрініс


ІІ – жүргізуші: (аяғы)Аллам сізге бас бармақтай бақ берсін,

Алтын, күміс бриллианттай тақ берсін.

Қазағымда әрқашанда осындай

Әминдей желаяқтар көп болсын.

І-жүргізуші:

Чемпиондар әні.

6. Суреттермен жұмыс (Әмин Тұяқовтың суреттерін жариялау).

Кітап көрмесін ұйымдастыру.

ІІІ. ҚОРТЫНДЫ.

- Балалар бүгінгі тәрбие сағатымыздан не түсінгендеріңді қысқаша айтып кетсеңдер.

- Ойларыңызға рахмет осымен тәрбие сағатымыз аяқталды қатысқандарыңызға көп-көп рахмет.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!