Саптық тұрыс әдістері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Саптық тұрыс әдістері

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы орта білім беру мектебінде 10 сыныпқа арналған Алғашқы әскери дайындық және технологиялық дайындық пәнінен сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы
«Бекітемін»
______________
Мектеп директоры
1. Сабақтың тақырыбы: Саптық тұрыс. «Саптал», «Түзел», «Тіктел», «Еркін тұр »,
«Бас киімді шеш», «Бас киімді ки» пәрмендерін орындау.
2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды саптық тұрысты қабылдау пәрмендеріне
үйрету.
3. Уақыты: 45 минут.
4. Өткізілетін орны: 10 сынып, Саптық алаң.
5. Көрнекілік ұүралдар: Саптық жарғы, АӘД оқулығы.
6. Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді,
амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздікке ие болу тарихын
қысқаша айтып беріңдер.
Егемен Қазақстанның даму бағдары қандай?
б) Негізгі бөлім – 25 мин.
Саптық тұрыс. «Саптал!», «Түзел!», «Тіктел!»,
«Еркін тұр!», «Реттел!» пәрмендерін орындау.
Саптық тұрыс «Саптал!» немесе «Тіктел!» пәрмендері бойынша қабылданады.
Осы пәрмен бойынша тығыздалмай, тік тұру керек, өкшелерді қосып, аяқтың ұшын
маңдайшептің сызығы бойынша, оларды табанның еніне қойып түзеу керек;
иықтарды жазып, ішті тартып, кеудені тік ұстап, денені біршама алға ұмсыну кер ек;
саусақтарды жартылай бүгіп жамбасқа тигізіп төмен жіберу керек; басты жоғары
және тік ұстап иекті алға шығармай ұстау керек.
«Еркін тұр! » пәрмені бойынша оң немесе сол аяқтың тізелерін бос ұстап,
орнынан кетпей, сөйлеспей еркін тұру керек. 29. «ЕРКІН ТҰР» командасы бойынша
еркін тұрып, оң немесе сол тізені бос ұстау, бірақ орнынан кетпеу, назарды
әлсіретпеу және сөйлеспеу керек.
«РЕТТЕЛ» командасы бойынша саптағы өз орнын тастамай, қаруды, киімкешек пен жабдықты түзеу керек; қажет болған кезде рұқсат алу үшін саптан шығып
тікелей бастыққа өтініш жасау керек.
«РЕТТЕЛ» командасы алдында «ЕРКІН ТҰР» командасы беріледі.

30. Бас киімді шешу үшін «Бас киімді – ШЕШ», ал кию үшін –
киімді – КИ» деген команда беріледі.

«Бас

Шешілген бас киім кокардасы алға каратылып, сол қолдың шынтағы бүгілген
күйде ұсталады (2-сурет).
Қарусыз немесе қарумен «арқаға» күйінде бас киім оң қолмен, ал қарумен
«қарубауға», «кеудеге» және «аяққа» күйлерінде сол қолмен шешіледі және киіледі.
Карабинмен «иыққа» күйінде бас киімді шешкен кезде карабин алдын ала «аяққа»
күйіне түсіріледі.

«Реттел!» пәрмені бойынша саптағы әз орнын тастап кетпей, қаруын, киімдер ін,
жабдықтарын түзеу керек. жинақталу бас киімнен басталады.
«Жинақтал!» пәрменінің алдында «Еркін тұр! » пәрмені беріледі.
Бас киімдерді шешу немесе кию үшін «Бас киімді шеш», «Бас киімді ки»
пәрмендері беріледі.
Шешілген бас киім күнқағарымен алға ұсталып, еркін түсірілген сол қолға
ұсталады.
Қарумен «арқаға» күйінде бас киім оң, ал қарумен «бауға», «кеудеге», «аяққа»
күйінде сол қолмен шешіледі.
Карабинмен «иыққа» күйінде бас киімді шешкен кезде, карабин алдын ала аяққа
түсіріледі.
Бөлімшелердің сапқа тұруы алдымен сапқа тұру тәртібі көрсетіліп, «Саптал!»
пәрмені бойынша жүргізіледі.
Мысалы: «Бөлімше, бір қатарға – саптал».
Бұл пәрмен бойынша әскери қызметші саптағы өз орнына белгіленген аралықты
және арақашықтықты сақтап, саптық тұрысты қабылдайды.
в) Қорытынды бөлім – 10 мин.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
-

саптық тұрыс қалай және қай уақытта орындалады?

-

саптық тұрысты орындау үшін қандай пәрмендер беріледі?

«Алғашқы әскери дайындық» пәнінің
ұйымдастырушы

оқытушысы: ____________
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
22.11.2021
413
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі