Материалдар / «Сақ болыңыз: нашақорлық!»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Осы тақырыптағы материалдардың барлығын көріңіз!

«Сақ болыңыз: нашақорлық!»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Сақ болыңыз: нашақорлық!» Ей, адамзат! Өмір керек саған да, маған, оған да, Есіңе сақта, осыны ұста жадыңда. Жас өмірің ерте солсын демесең, Кесірлерден бөлек жүргін алшақта!
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қазан 2021
1446
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Сақ болыңыз: нашақорлық!»


Ей, адамзат!

Өмір керек саған да, маған, оған да,

Есіңе сақта, осыны ұста жадыңда.

Жас өмірің ерте солсын демесең,

Кесірлерден бөлек жүргін алшақта!


Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі – салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі болатын.

Салауатты өмір сүру дегеніміз не ?- дейтін болсақ, ол - әлеуметтік өмірді жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды нәрселерден аулақ болу. Ал зиянды әрекеттер дегеніміз, қазіргі таңда етек алған, заманымыздың кеселді дерттері - шылым шегу, маскүнемдік, нашақорлық.

Бүгінгі уақыттағы өзекті мәселелердің бірі : «Сақ болыңыз: нашақорлық!» яғни, нашақорлық мәселесіне арналып отыр.

Оқушының бойында салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту, денсаулығын сақтау білуге үйрету, зиянды нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу, нашақорлықтың алдын алу.

Адамдардың нашаны, есірткіні қабылдауға мәжбүрлеген жағдайды, ойлап көріп пе едіңіз? Ол жағдайдың болуына кімді кінәлауға болады? .

Жасөспірімді нашақорлыққа үгіттеген, ал жасөспірімнің оған қарсы табандылық көрсете алмай қалған жағдайлары достарынан, жолдастарынан яғни қоғамнан деп білемін. Ол дегені сізбен, біздің немқұрайлығымыздан деуге болады. Жағдайды тереңдеу пайымдап зерттеп көрер болсақ:

1 – нұсқа «Сен дискотекаға барасың және онда саған әдемі таблеткаларды ұсынған балаларды кездестіресің».

2 - нұсқа: «Мектеп ауласында сені балалар шақырып алып, «шөпті» тартып көруді ұсынады».

3 - нұсқа: «Кешкісін үйге қайтқанда, үйдің алдынан көрші балаларды кездестіресің, олар темекі тартып тұр, саған да темекі ұсынады, бірақ темекінің иісі бөлек».

Есірткінің біздер білуіміз керек болған мынандай зияны бар:

1. Жылқыны сеспей қатыру үшін 7 – 8 тамшы никотин жеткілікті.

2. Егер адам күніне 1 қорап темекі тартса, 1 жылда оның өкпесіне 1 литр шамасында шайыр (смола) жиналады екен.

3. Ауаның қалыпты құрамын, өкпедегі қан айналымын бұзу үшін 1 дана темекі жетіп жатыр.

4. Бүкіл дүние жүзінде 1 млрд – тан астам адам темекі тартады екен.

5. Темекі зардабынан күніне 10000 немесе 3,5 млн адам қайтыс болады екен.

6. Қазақстан Республикасында 3,2 млн – дай, яғни 33% адам темекі тартады екен.

7. Жүректің ишемиялық ауруынан болатын өлімнің 20% қатерлі ісік ауруынан болатын өлімнің 30%, өкпе қатерлі ісігінің 90% темекінің зардабынан болады екен.

8. Ішкен адамда алкоголь зардабы 21 созылады.

9. Этил спирті сырада 5 - 7%, шарапта 15 – 20%, ликер мен коньякта 40 – 50% , арақ пен вискиде 65 - 70% бар екен, ал этил спирті аса зиянды химиялық қоспа.

10. Ішімдік адам өмірін 10 – 15 жылға қысқартады.

11. Балаларға 10г. арақ, жасөспірімдерге 40 – 50г арақ қауіпті әсер етіп, өлімге душар етеді.

12. Маскүнемдердің балалардың 38% кемтар.

13. Нашаның 0,5 граммы иіскеу үшін, ал тамырға салуға 0,1 граммы сананы улауға жеткілікті.

14. Нашақорлардың ең төмен жасы 8 – 9 жас

15. Есірткінің 130- дан астам түрі бар.

16. Ресми мәлімет бойынша Қазақстандағы нашақорлар саны өткен жылмен салыстырғанда 9,5 пайызға артқан. Бұл алаңдаушылық білдіріп отырған мамандар елде нашақорлар санының артуына әлеуметтік жағдайдың төмендеп кетуі себеп болғанын айтады. Әсіресе,12-14 жас аралығындағы жасөспірімдер нашақорлыққа бейім болғандықтан осы кезеңде мыңдаған жасөспірім жыл сайын есірткінің жетегінде кетіп жатыр.

17. Жылына елімізде 10 тоннадан астам есірткі тәркіленеді екен.

Ия, нашақорлықтың адам өміріне тигізер әсері белгілі. Оны пайдаланғаннан кейін бұзақылық жасау, зорлық көрсету т.б. жасауға итермелейді. Адам денесі қалжырап, көзі бұлдырап, өмірге не үшін келгені және не үшін жүргені де белгісіз болып қалады. Осылайша есірткіге тәуелді адамдар, әсіресе жастарымыз өз өміріне балта шабады. Нашақорлық қоғам дерті. Онымен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейтіні айдан анық. Бұл жерде заң сақшылары, нарколог мамандар, ата-аналар, және сіздер мен біздер, яғни, әр бір азамат ат салысуы керек. Ғасыр дертімен қазіргі кезде күресу керек. Дүниедегі ең қымбат нәрсе ол сенің өмірің.

Сенің өмірің –өз қолыңда екенін ұмытпа досым!


Бауыржан СЕЙДЕЛХАНОВ

Т.Бердияров атындағы №20 жалпы орта мектебінің

мұғалімі


Түркістан облысы

Келес ауданы

Ұшқын ауылы


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!