Материалдар / Сақшының міндеттері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сақшының міндеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзіме керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қараша 2020
487
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

"АКАДЕМИК С.А. ДЖИЕНКУЛОВ АТЫНДАҒЫ БАЙҚОҢЫР КОЛЛЕДЖІ"

БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ


«КЕЛІСІЛДІ»

Директордың оқу-әдістемелік

жөніндегі орынбасары

___________ Р.А. Турмаханова

«_____»_____________2019ж.

.

«БЕКІТЕМІН»

Директордың оқу-ісі

жөніндегі орынбасары

___­­________ Ш.А. Дауленбаева

«___» ________2019 жыл







АШЫҚ САБАҚ


Сабақтың тақырыбы: «Сақшының міндеттері»


Өткізілетін күні: 26.11.2019ж

Өткізілетен орны: 306 дәрісхана

Оқу тобы: А-191

Курсы: 1

Пән мұғалімі: Құрманбеков С.С.






"Жалпы пәндер" бірлестігінің жетекшісі Темирханова С.Т.










Байқоңыр қаласы 2018-2019 жыл


Сабақ өткізілетін күні:

Сабақ өткізілетін орны: 306 дәрісхана

Сабақ тақырыбы: Сақшының міндеттері

Білімділік мақсаты: Сақшының міндеттерімен таныстыра отырып, оларды қолдана білу.

Дамытушылық мақсаты: Жауапкершілік сезімін дамыту, әскери білім дағдыларын жетілдіру.


Тәрбиелік мақсаты: Отанды қорғауда әскери қызметшілердің жеке басының өз еліне, халқына қызмет етуіне моральдық жауынгерлік қасиеттерді студенттер бойына қалыптастыруға тәрбиелеу

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Кредиттік - модульдік технология бойынша сабақ барысын ойын арқылы, студентердің өзіндік ізденістерін арттыру. Студенттің өзіндік жұмысы студенттердің жаңа сабаққа өзіндік дайындықтарын көру

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, видео таспа, сұрақ-жауап слайдтары.

Сабақ барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

1.     Взводты саптық тұрысқа тұрғызу.

2.     Бөлімше командирінің баяндауы.

3.     Бөлімшемен сәлемдесу.

4.     Бөлімшенің сырт бейнесін тексеру.

5.     Бөлімшенің сап даярлығын қадағалау.


II Өткен сабақты сұрау

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдардың Гарнизондық және қарауылдық қызмет жарғысы

Қарауылдық қызметті атқару жауынгерлік тапсырманы орындау болып табылады және жеке құрамнан осы жарғының барлық ережелерін дәл орындауды, мейлінше қырағылықты, батыл шешім мен бастама қабылдай білуді талап етеді.

Қарауылды қызметтің талаптарын бұзуға кінәлі адамдар тәртіптік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Қарауылдық қызметті атқару үшін қарауылдар тағайындалады.

Жауынгерлік туларды, әскери және мемлекеттік объектілерді күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ. гауптвахтада және тәртіптік батальонда ұсталатын адамдарды күзету үшін тағайындалған қаруланған бөлімше қарауыл деп аталады.



Shape1

Қарауылдар:



Shape3 Shape2




Shape5 Shape4

Ішкі

Ганизондық




Гарнизондың қарауыл жалпы гарнизондық маңызы бар объектілерді, құрамалар объектілерін немесе бір-біріне жақын орналасқан бірнеше әскери бөлімдердің объектілерін күзету үшін, сондай-ақ гарнизондық гауптвахтада ұсталып отырған адамдарды күзету үшін тағайындалады.

Ішкі (кемелік) қарауыл бір әскери бөлімнің (кеменің) объектілерін күзету мен қорғау үшін тағайындалады. Әуежайдағы авиациялық бөлімнің ұшақтары (тік ұшақтары) мен басқа объектілерін авиациялық-техникалық бөлімнен тағайындалатын ішкі қарауыл күзетіп, қорғайды.

Қарауыл құрамына:

-қарауыл бастығы,

-постылар мен ауысым саны бойынша қарауылдар,

-жұмысқа таратушылар, ал қажет болғанда, қарауыл бастығының көмекшісі,

-техникалық күзет құралдары жөніндегі қарауыл бастығының көмекшісі (оператор) немесе операторлар ауысымы (екі-үш адам, оның бірі қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшісі болып тағайындалуы мүмкін),

-қарауыл иттерінің қызметі жөніндегі қарауыл бастығының көмекшісі және көлік құралдарының жүр-гізушілері тағайындалады.

Штабтарды, бірлестіктер мен одан жоғарыларын басқару пункттерін күзету жөніндегі, сондай-ақ мекемелерді күзету жөніндегі қарауылдарға аталған адамдардан басқа бақылау-өткізу пунктінің қарауылдары, ал гауптвахта жанындағы қарауылға — шығарушылар мен айдауылдар тағайындалады.

Объектілерді тікелей күзету және қорғау үшін қарауылдар құрамына сақшылар бөлінеді.

Сақшы дегеніміз — өзіне тапсырылған постыны күзету және қорғау жөніндегі жауынгерлік тапсырманы орындайтын қаруланған қарауыл.

Сақшының өз міндеттерін орындайтын белгілі бір орын немесе учаске пост деп аталады.

Постыға сондай-ақ қарауылдың техникалық күзет жабдықтары арқылы күзететін, сол жабдықтар орнатылған объектілері мен жергілікті жер учаскілері де жатады.

Сақшылар объектілерді қорғауды объектілер маңындағы сыртқы және ішкі қоршаулар арасын немесе егер объектіде қоршау біреу болса, қоршау бойын ішкі жағынан патрульдеу жолымен, сондай-ақ мұнарадан бақылау әдісімен жүргізіледі.

 






Постыдағы сақшының қаруын ұстау ережесі:



а— тұрып   атуға дайындалған кездегі сақшының автоматты ұстау күйі;

ә — белдікті қолданып тұрып атуға дайындалған кездегі сақшының автоматты ұстау күйі







III Сергіту сәті (5 мин)

«Қолтырауын» ойыны шапшаң ойлауды, тапқырлықты қажет етеді.
Ойынды бастамас бұрын екі топқа бөлініп аламыз. Әр топқа жазулар бар парақшалар таратылады. Сол парақшалардағы жазылған нәрсені бір-біріңе түсіндірулерің керек. Тек басты шарты: сөзбен емес, іс-қимылмен. Мысалы, саған қоян деп жазылса. Онда қоянның кейпіне еніп, іс-қимылмен көрсетуің керексің. Тапқан адамға – 1 ұпай 30 секундт уақыт беріледі. Қай топтың ұпайы көп болса, сол жеңімпаз болады

IV Жаңа материалдарды меңгерту

Сақшының міндеттері.

Сақшы қол сұғылмайтын адам болып табылады.

Сақшыға қол сұғылмайтындығы мыналардан көрінеді:

  • оның құқығы мен жеке басының қадір-қасиеттері айырықша қорғалатындығында;

  • оның белгілі бір тұлғаларға ғана - қарауыл бастығына, қарауыл бастығының көмекшісіне және өзінің жұмысқа таратушысына бағынатындығы;

  • қарауыл бастығының, қарауыл бастығының көмекшісінің және өзінің жұмысқа таратушысының сақшы қызметі бойынша айқындалған талаптарын сөзсіз орындауға міндеттілігі.

  • Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысының баптарында көрсетілген жағдайларда оған қару қолдану құқығы берілетіндігі.




Сақшыны тұрған постысынан алу құқығына қарауыл бастығы, қарауыл бастығының көмекшісі және сақшы тікелей бағынатын таратушы ғана ие.

Егер физикалық мүмкіндіктеріне байланысты қарауыл бастығы, қарауыл бастығының көмекшісі және таратушы сақшыны ауыстыра алмайтындай болса, оны әскери бөлімнің қарауыл жөніндегі кезекшісі рота немесе батальон командирінің қатысуымен ғана ауыстыра алады.

Постыға түсер алдында сақшы таратушының қатысуымен және өзі ауыстырған сақшымен бірге өзі күзететін объектілерді постылар табеліне сәйкес қабылдап алуға міндетті.


Сақшынң міндеттері:

  • өз постысын қырағы күзетуге және табанды қорғауға;

  • қызметін сергек, еш нәрсеге алаңдамай атқаруға, қаруын қолынан шығармауға және оны ешкімге, өзі бағынытындарға да бермеуге;

  • көрсетілген бағыттар бойынша жылжый отырып немесе бақылау мұнарасында тұрып постыға кіре берісті, қоршауларды мұхият қарау және байланыс құралдары арқылы қызметті өтеу барысы жайында табельмен белгіленген уақыттарда баяндап тұруға;

  • ГжҚҚЖ-ның 117-бабында көрсетілген ереже бойынша постыда оқталған қару болуы және әрдайым әркетке дайын болуға;

  • тіпті өз өміріне қауіп төнсе де, сақшы ауыстырылғанша не алынғанша, постыны тастамауға міндетті. Постыны өз еркімен тастап кету - әскери қылмыс болып саналады.

  • постыларға табельде көрсетілген және тыйым салынған шекара көрсеткіші тұрған жерге жақын қашықтыққа қарауыл бастығы, қарауыл бастығының көмекшісі, өзінің жұмысқа таратушысы мен оларға ілесіп жүретін тұлғалардан басқа ешкімді жібермеуге;

  • қарауылдың көлік құралдарының бағдары мен графигін, олардың тану белгілері мен сигналдарын білуге;

  • постыдағы өрт сөндіру құралдарын қолдана білуге.

  • Объект қоршауынан ақау тапқанда және өз постысынан жақын жерде не көрші постыда тәртіп бұзушылықты анықтаған кезде қарауыл бастығын шақыруға.

  • Қарауыл иттерінің үргенін естіген кезде немесе техникалық күзет құралдары іске қосылғанда, бұл туралы қарауыл үй-жайына дереу хабар беруге міндетті


Сақшыға: ұйықтауға, отыруға, бір нәрсеге сүйеніп тұруға, оқуға, ән айтуға, сөйлесуге, тамақ жеуге, су ішуге, темекі шегуге, табиғи қажеттілігін өтеуге, қандай да бір затты әлдекімге беруге немесе одан алуға, қажеттілік болмаса патронды оқжатарға жіберуге тыйым салынады.

Сақшы тек қарауыл бастығының, оның көмекшісінің, өзінің қарауылды жұмысқа таратушысының және тексеруге келген тұлғалардың сұрағына жауап беруі керек.

Қарауыл бастығы немесе қарауылды жұмысқа таратушылар қарауылдың міндеттерін нақты білуін тексереді, қаруды қолдану тәртібіне ерекше назар аудара отырып, қарауылдарға әр постыда қызмет атқару міндеттерін естеріне салады, ауысымды қарауыл үй – жайларынан шығарады да, қаруды оқтайтын алаңда сапқа тұрғызады.

Қару постыға шығар алдында оқталады.

Осындай тәртіпте басқа қарауылды жұмысқа таратушылар мен қарауылдар қаруды кезектесіп оқтайды.

Постыдан оралған соң қарудың оғы алынады. Қарудың оғын алдымен қарауылды жұмысқа таратушы алады, содан кейін таратушы: «Ауысым, оң жақтан бір – бірлеп оқты алып таста!» - деп пәрмен береді.

Осы пәрмен бойынша оң қанаттағы әскери қызметші алға қарай бір адым басып, таратушының бақылауымен өз қаруының оғын алады, жабдықталған оқжатарды сөмкеге салады да, «Қарудың оғы алынды!» – деп баяндайды, содан соң бекіту тетігін артқа тартып, қаруын тексеруге ұсынады. Таратушы қаруды тексерген соң, қарудың бекіту тетігін алға қарай қозғап, қарудың шүріппесін түсіреді, қаруды сақтандырғышқа қояды, сүңгіні алып тастап, қаруды «Белдікке!» күйіне ұстап, артқа қарай бір адым шегінеді де, өз орныныа барып тұрады.

Осындай ретпен қалған қарауыл ауысымдары кезектесіп өз қаруларының оғын алып тастайды. Одан кейін аға бастықтың пәрмені бойынша қарауылдар қарауыл орналасқан жерге, ал таратушылар – қарауыл үй - жайларына барады.


Сақшыларды ауыстыру әрбір 2 сағаттан кейін, жұп немесе тақ сағаттарда жүргізіледі.

Сақшыларды ауыстыру ауаның температурасы –20 градустан төмен, +30 градустан жоғары болған кезде 1сағат сайын ауыстырылады. Қарауыл үй – жайларына кіре берісте сақшыларды қарауыл бастығы әрбір 30 мин сайын ауыстырып отырады.

Ауысым сақшыға 10 – 15 адымға жақын келгенде, қарауылды жұмысқа таратушы«Ауысым тоқта!» деп пәрмен береді де, бір қарауылға пост пен оның маңайын бақылауды бұйырады. Мысалы: «Қатардағы сарбаз Құмаров, пост пен оның маңайына бақылау жаса!»

Сақшы ауысым жақындағанда оларға бет бұрып, өздігінен автоматты «белдікке»күйінде ұстайды. Сақшы қарауылды жұмысқа таратушысының пәрмені бойынша, мысалы: «Қатардағы сарбаз Құмаров, постыға қарай адымда!» дегенде, тік тұрып оң жаққа бір адым жасайды, ал қарауыл сақшыға жақындап келіп, оның орнына қарсы бағытта бұрылып тұрады.Бұрыңғы және жаңа қарауылдың жұмысқа таратушылары сақшы мен қарауылдың екі жағында 1-2 қадам арақашықтықта бір - біріне қарап тұрады. Бұрынғы қарауылдың жұмысқа тарарушысының : «Сақшы посты тапсыр!» -деген пәрмені бойынша сақшы посты ауызша тапсырады. Бұл ретте сақшы мен қарауыл бір – біріне қарай бастарын бұрады. Постыны ауызша тапсыру кезінде сақшы постының нөмірін, постыдағы күзетуге жататын барлық объектілерді, байқалған кемшіліктерді атайды.

Постыны тапсыруды және қабылдауды аяқтаған соң, сақшы мен қарауыл өздерінің жұмысқа таратушыларына қарап тұрып, кезектесіп баяндайды. Мысалы: «Сержант мырза! Қатардағы сарбаз Құмаров нөмірі мынадай посты тапсырды». «Аға сержант мырза! Қатардағы сарбаз Иманбаев нөмірі мынадай посты қабылдап алды».

Қарауылдың сақшы орнына (сақшының қарауыл орнына) ауысуы оның жұмысқа таратушысының «Қатардағы сарбаз Құмаров! Постан алға адымда!» деген пәрменінен кейін анықталады. Бұл пәрмен бойынша қарауыл ауысымның соңына барып тұрады да, өздігінен қаруын «белдікке» күйінде ұстайды.

Осыдан кейін жаңа қарауылдың жұмысқа таратушысы «Ауысым, менің соңымнан ер!» деп пәрмен береді де, ауысымды келесі постқа алып барады.

Постыда өрт болған жағдайда – сақшы бұл туралы қарауыл үй-жайына шұғыл хабар береді, күзету объектісін бақылау жасауды тоқтатпастан, өрт сөндіру шараларын қолданады. Күзетілетін объектінің сыртқы және ішкі қоршаулары бар техникалық аумағы, сондай-ақ пост маңы өртенген кезде, ол бұл туралы қарауыл үй-жайына хабарлап, қарауыл бастығының нұсқауы бойынша әрекет етеді.



IV Өтілген материал бойынша студент білімін тексеру


IV Қорытындылау


V Бағалау


VI Үйге тапсырма

  • Сақшы дегеніміз кім?

  • Сақшының қол сұғылмайтындығы

  • Сақшының міндеттері

  • Сақшыға не істеуге болмайды?

  • Қарауылдың ауысуы. Қарауылдағы қаруды оқтау және оғын алу тәртібі

  • Сақшыны ауыстыру

  • Сақшының қаруды қолдану реті. Постыға немесе күзетілуші объектіге қабылдау кезіндегі сақшының іс-әрекеті.


























Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Алғашқы әскери дайындық оқулығы 10 сынып Гуманитарлық бағытта Алматы «Мектеп» 2006 жыл Қ.Р. Аманжолов А.Б. Тасболатов

  2. Алғашқы әскери дайындық оқулығы 10 сынып Алматы «Мектеп» 2014 жыл Қ.Р. Аманжолов А.Б. Тасболатов

  3. Алғашқы әскери дайындық 11сынып. 2003жыл.

  4. Общевоинские уставы ВС РК, 1993 г.

  5. Ашық сабақ факультативті сабақтар №1(39) №5-6(43-44) 2015жыл.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!