"Сақтар" 5 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Сақтар" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Қазақстан тарихы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:5.2.B Сақтар

Мектеп: № 28 орта мектебі

Күні:04.12.2017ж

Сынып: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар: Мұғалім аты-жөні: Балмуратова А.Б.

Сабақ тақырыбы

Сақтар туралы тарихи мәліметтер.

Қандай дереккөздер сақтар туралы тарихи мәлімет береді?

Оқу мақсаты

5.3.1.1. -Картадан тайпалық одақтардың орналасуын көрсету;

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

  • Ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуы жайында біледі;

  • Сақтар туралы жалпы ақпарат алады;

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Сақтардың мекендеген ортасына байланысты атауларын ажыратады;

Кейбір оқушылар:

  • Картадан тайпалық одақтардың орналасуын көрсетеді.

Кретериалды бағалау

  • Сақтар туралы жалпы ақпарат алады; (білу)

  • Сақтардың мекендеген ортасына байланысты атауларын анықтайды; (түсіну)

  • Картадан тайпалық одақтардың орналасуын көрсетеді. (қолдану)

Тілдік мақсаттар

Негізгі сөздер:Сақ,тиграхауда,парадарайа,хаумаварга

Талқылауға арналған тармақтар:

  • Тақырып бойынша мәтінді оқиды және жұппен талқылайды. (оқылым, тыңдалым, айтылым)

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Картадан тайпалық одақтардың орналасуын көрсетіп белгілейді.

Құндылықтарға баулу

Қазақстандық патриотизм, азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық.

Пәнаралық байланыс

Сақтардың парсы деректеріндегі атауларын ажыратып,олардың мекендеген жерлерін картадан көрсете отырып география пәнімен байланыс.

Алдыңғы білім


5.2.1.2.-ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау;

«Миға шабуыл» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарлаған кезеңдері

Сабақтағы жоспарлаған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы








Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

карта

Сабақтың ортасы












1 – тапсырма: Жеке жұмыс.

Жаңа материалға ену мақсатында оқушыларға «Ой қозғау» әдісі бойынша сұрақтар қойылады.

1.Қадам бас аға сүрінбей

Болашақ кілті –білімде.

Қандай мағына береді,

«Сақ» сөзі парсы тілінде

(Құдіретті еркектер)

2.Басынан кешкен шақтарды

Тарих тізіп ақтарды

Кімдер деп атады,

Грек, Геродот сақтарды?

(Массагеттер )

3.Көгенге құлын байладым,

Бес қаруын да сайлады.

Айтып берші, қай сақтар,

Арал мен Сырды жайлады?

(Парадарайа )

4.Білімді алтынға теңедік,

Достарға ашық,кең едік.

Әйгілі сусын жасаушы,

Сақтарды кімдер деп едік?

(Хаомаварга)

  2 – тапсырма: Жұппен жұмыс. Сақ тайпаларының қоныстануын анықтаңдар.

Бірлесе отырып берілген тақырыптарына байланысты оқып, қағаз бетіне түсіріп, өз ойларын жазып өтеді.

1- Сақтар туралы дереккөздер

2. Сақ тайпаларының қоныстануы

1.Сақтар туралы дереккөздер.

 Біздің заманымыздан бұрынғы V-ІІ ғасырларда, яғни темір дәуірінде Қазақстан аумағын «сақ тайпалары» мекендеді. Сақтар - б.з.б. I мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен ежелгі тайпа. «Сақ» сөзінің мағынасын парсы жазбаларында «құдіретті еркектер» деп түсіндіреді, ал иран жазбаларында «жүйрік атты турлар» дейді. Ежелгі грек авторлары сақтарды «азиялық скифтер» деп атайды.

       2. Сақ тайпаларының қоныстануы. Сақ тайпалары мен тайпа одақтары негізгі 3 топқа бөлінеді. Олардың бір тобы Жетісуда, Тянь-Шань тауларында, Сырдария өзенінің орта ағысында тұрған. Сақтардың бұл түрі шошақ бөрікті сақтар (тиграхауда) деп аталады. Олардың бет әлпеті монғолоидтық нәсіл тектес. Жетісу алқабы «шошақ бөрікті сақтардың» жиі қоныстанған орталығы болған.   Сақ тайпалардың екінші бір тобы Арал теңізінің маңында, Сырдария мен Әмударияның төменгі ағысын мекен еткен. Парсылар оларды теңіздің арғы жағындағы сақтар (парадарайа) деп атаған. Сақтардың үшінші тобы Мұрғаб өзенінің аңғарында өмір сүрген.  Оларды хаома сусынын дайындайтын сақтар (хаомаварга) деп атаған. Олар жылқының сүтінен ашытып хаома атты ерекше сусын дайындай білген.


Дескриптор:

1- Сақтар туралы дереккөздерді атайды

2. Сақ тайпаларының қоныстануын анықтайды

 Бағалау. Бас бармақ арқылы бірін бірі бағалайды.


3-тапсырма. Кескін картамен жұмыс.

Кескін картаға, сақ тайпаларының Қазақстан территориясында орналасуын көрсетіп белгілеңіздер.

М ақсаты: оқушылардың көзбен көріп есте сақтау қабілетін жақсарту..

Дескрипторлар:

  1. сақ-массагет

  2. сақ-исседон

  3. сақ-аргиппийлер

  4. сақ-аримаспылар тайпаларының орналасуын көрсетеді

Бағалау. Бас бармақ арқылы бірін бірі бағалайды.

























A4 формат қағаздары

Сабақтың соңы



Кері байланыс «Бес саусақ» әдісі

Үйге тапсырма: «Сақтар туралы тарихи мәліметтер» қосымша деректер жинау

Саралау-Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Барлық оқушылар:

Ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуы жайында білді;

Оқушылардың басым бөлігі:

Сақтардың мекендеген ортасына байланысты атауларын ажыратты;

Кейбір оқушылар:

Картадан тайпалық одақтардың орналасуын көрсетті.

«Бас бармақ» арқылы бірін бірі бағалайды

Кері байланыс «Бес саусақ» әдісі

-Қандай жетістікке жеттің?

-Не үйрендің?

-Неден қиналдың?

-Кімге көмектестің?


Сыныптағы санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау. Оқушылардың өзара қатынасын үнемі бақылау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер























































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.01.2018
1170
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі