Материалдар / Сараланған тапсырмаларды қолдану арқылы математика сабақтарында оқушыларының зерттеу дағдыларын дамыту
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сараланған тапсырмаларды қолдану арқылы математика сабақтарында оқушыларының зерттеу дағдыларын дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Зерттеудің мақсаты – оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік тәсілдерін әзірлеу және оларды деңгейлік саралау процесінде өз тәжірибемде қолдану. Зерттеудің мақсатына сүйене отырып, келесі міндеттер қойылды: осы мәселе бойынша жарық көрген жұмыстарды қарастыру және математика сабақтарында оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастырудың дидактикалық құралдарын жасау.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Аманбеков Султан Мырзабекович

Қарағанды қаласының ХББ НЗМ математика пәні мұғалімі, Қарағанды, Қазақстан

(E-mail: amanbekov_s@krg.nis.edu.kz)


Сараланған тапсырмаларды қолдану арқылы математика сабақтарында оқушыларының зерттеу дағдыларын дамыту


Аннотация


Зерттеудің мақсаты – оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік тәсілдерін әзірлеу және оларды деңгейлік саралау процесінде өз тәжірибемде қолдану. Зерттеудің мақсатына сүйене отырып, келесі міндеттер қойылды: осы мәселе бойынша жарық көрген жұмыстарды қарастыру және математика сабақтарында оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастырудың дидактикалық құралдарын жасау.


Мектепті реформалау және білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу жағдайында оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту өзекті міндеттердің біріне айналуда. В.В. Давыдов, Л. В. Занков, Д. Б. Элькониннің еңбектерінде зерттеу бағыты бар оқу іс-әрекетінде оқушылардың ойлау ерекшелігі, шығармашылығы барынша толық көрінетіні, оқушылардың зерттеу дағдылары дамитыны дәлелденген. «Білім беруді ізгілендіру, оқу процесін саралау мәселесін күн тәртібіне қойды, оның жетекші нысандарының бірі деңгейлік саралау болып табылады.» [3]. Оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастырудың маңыздылығы мен қажеттілігін мойындайтын көптеген мұғалімдер, оқытудың деңгейлік саралануы жағдайын ұйымдастыруда қиындықтарға тап болады. Нәтижесінде, «мектеп оқушыларының көпшілігінде репродуктивті іс-әрекет продуктивтіге қарағанда басым болады, проблеманың шешімін өз бетінше іздеу қажеттілігі қалыптаспайды, оқушылар өз іс-әрекеттерінің мақсаттарын анықтауда, тапсырманың шарттарын өз бетінше талдауда, гипотезалар ұсынуда және оларды негіздеуде қиындықтарға тап болады» [3].

Жоғарыда айтылғандардың барлығы зерттеу жүргізу қажеттілігіне әкелді, оның негізгі проблемасы: «Математиканы оқыту процесін, оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететіндей, қалай ұйымдастыруға болады?» деген сұраққа жауап іздеу. Зерттеудің мақсаты – оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік тәсілдерін әзірлеу және оларды деңгейлік саралау процесінде өз тәжірибемде қолдану. Зерттеудің мақсатына сүйене отырып, келесі міндеттер қойылды: осы мәселе бойынша жарық көрген жұмыстарды қарастыру және математика сабақтарында оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастырудың дидактикалық құралдарын жасау.

Зерттеу үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде зерттеу мәселесі бойынша әдеби дереккөздерге шолу, іріктеу және оларды тиімді талдау жүргізілді. Екінші кезеңде оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастырудың дидактикалық құралдары және оларды деңгейлік саралау процесінде қолдану әдістемесі жасалды. Үшінші кезеңде деректерді жинау, оларды талдау және бағалау бойынша жұмыстар жүргізілді, зерттеу нәтижелері ресімделді.

Зерттеудің алғашқы қадамында: проблемалық оқыту теориясы, оқу процесіне іс-әрекетке және тұлғаға бағытталған тәсілдер теориясы, оқытуды деңгейлік саралау теориясы, оқушыларды зерттеуді ұйымдастырудың ғылыми-педагогикалық тұжырымдамалары (Дж. Дьюи, А.С. Обухов), математиканы оқыту кезінде оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыру бойынша жұмыстар (Е.В. Позднякова, Е.Г. Шинкаренко), өнертапқыштық есептерді шешу теориясы (ТРИЗ-педагогика) қарастырылды. Талдау нәтижесі, жалпы зерттеу дағдыларының келесі құрылымдық элементтерін ерекшелеуге әкелді, олар:

  1. жұмыстың мақсатын қоя білу;

  2. берілген жағдайдың шарттарын талдай білу;

  3. гипотезаларды ұсына және негіздей білу;

  4. мәселені шешуді жоспарлай білу;

  5. нәтижені талдай білу.

Жалпы зерттеу дағдыларын қалыптастыру үшін ашық тапсырмаларды қолдану ұсынылады. Ашық тапсырма дегеніміз не? Ашық тапсырмалар – жабық тапсырмалардың керісі. Ашық тапсырмаларда бастапқы деректер немесе түпкі мақсат нақты көрсетілмейді. Айта кету керек, нақты өмірде біз негізінен ашық типтегі тапсырмаларға тап боламыз. Ашық тапсырмалар түрлері мен оларды қолдану кезінде күтілетін оқу нәтижелері арасындағы байланыс келесі кестеде көрсетілген:


Ашық тапсырмалардың түрлері

(В. А. Ширяева бойынша)

Оқытудың күтілетін нәтижелері

нақты шарт жоқ

оқушы берілген жағдайдың шарттарын талдай алады

нақты тұжырымдалған сұрақ жоқ

оқушы жұмыстың мақсатын қоя алады

белгілі шешім алгоритмі жоқ

оқушы гипотезаларды құруды және негіздеуді біледі; мәселені шешуді жоспарлай алады

жалғыз дұрыс шешім жоқ

оқушы гипотезаларды ұсына және негіздей алады; нәтижені талдай алады

қайшылық бар

оқушы берілген жағдайдың шарттарын талдай алады


Сабақтың тиімділігінің критерийлерінің бірі – әр оқушы үшін жетістік жағдайын жасау. Мұны тек оқушылардың жеке қабілеттерін, олардың даму және оқу деңгейін ескере отырып жүзеге асыруға болады, яғни сараланған тәсіл қажет. Бұған сараланған ашық тапсырмалар арқылы қол жеткізуге болады. Жалпы зерттеу дағдыларының бұрын анықталған негізгі құрылымдық элементтеріне сәйкес оларды қалыптастыру үшін қолданылатын ашық тапсырмалардың бес түрін ажыратуға болады. Олардың кейбірін қарастырайық.

Жұмыстың мақсатын қою қабілетін дамытатын тапсырмалар.

Мұндай тапсырмалар тұжырымға «Тапсырманың мақсаты қандай?» деген ашық сұрақ қою арқылы құрылады.

«Бір шеңберде орналасқан тең хордалар сол шеңбер центрінен бірдей қашықтықта орналасқан» дегенге кері тұжырым ақиқат па? Оқушыларға келесі мақсатты анықтауы керек: «Кері тұжырымның ақиқат екенін дәлелдеу немесе жоққа шығару», бірақ бұл үшін алдымен кері тұжырымды анықтау қажет болады.

Гипотезаны ұсыну және негіздеу қабілетін дамытатын міндеттер

Төбесінде бұрышы бар дөңгелек сектор өз осіне перпендикуляр түзу арқылы екі тең бөлікке бөлінеді. Осы бөліктердің периметрлерін салыстырыңыз.

Біз бұл тапсырма шартын ашық түрде қайта құрамыз:

Төбесінде бұрышы бар дөңгелек сектор өз осіне перпендикуляр түзу арқылы екі тең бөлікке бөлінеді. Бұл бөліктердің периметрлері арасындағы байланыс қандай?

Мәселені шешуді жоспарлау қабілетін дамытатын тапсырмалар.

Мұндай тапсырмалар «Калай?...» деген сұраққа жауап беру кезінде шешім жоспарын құруды көздейді.

ABC сүйір бұрышы және оның ішіндегі D нүктесі берілген. Осьтік симметрияны қолдана отырып, берілген бұрыштың бүйірлеріне Е және F нүктелерін DEF үшбұрышының периметрі ең кіші болатындай етіп қалай салуға болады?

Оқытудағы саралаудың негізгі әдістерінің бірі-деңгейлік саралау. Оны түсінудің бірнеше тәсілдері мен әртүрлі көзқарастары бар. Біздің зерттеуімізде оқушылар бір материалды зерттейді, бірақ оны әртүрлі деңгейлерде сіңіреді: ең төменгі, негізгі және жетілдірілген:

  • ең төменгі деңгей таныс жағдайда оқу нәтижелерін қолдану қабілетімен сипатталады;

  • негізгі деңгей кейбір ерекшеліктері бар жағдайларда оқу нәтижелерін қолдану қабілетімен анықталады;

  • жетілдірілген деңгей оқу нәтижелерін жаңа, стандартты емес жағдайда қолдана білуді қамтиды [3].

Кестеде берілген сұрақтың шарттарын талдау қабілетін дамытатын деңгейлік тапсырмаларды бағалау критерийлері көрсетілген.


1 деңгей

ең төменгі

2 деңгей

негізгі

3 деңгей

жетілдірілген

Оқушы тапсырманы тұжырымдауда шарт пен талапты анықтайды

Оқушы шарттар мен талаптарды қарапайым тұжырымдамаларға бөледі

Егер тапсырманың шарты «қиындықсыз» болса, оқушы қолда бар деректердің қажеттілігі мен жеткіліктілігін бағалайды

оқушы қолда бар деректердің қажеттілігі мен жеткіліктілігін бағалайды және қажет болған жағдайда артық деректерді жояды;


Оқушы қолда бар деректердің дәйектілігін бағалайды



Оқушы шарттардың әрқайсысының қажеттілігі мен жеткіліктілігін анықтайды.



Оқушы алға қойылған мақсатқа жету үшін қосымша шарттар іздейді, табады.


Көп деңгейлі ашық тапсырмаларды қолданудың тиімділігін талдау үшін ағымдағы өзіндік жұмыстар жүргізілді. Олардың мазмұнына зерттеу дағдыларының белгілі бір құрылымдық элементін дамытуға бағытталған міндеттер енгізілді, олардың өзгеру динамикасы диаграммалардың бірінде көрсетілген:



Барлық деректі диаграммаларды талдау оқушылардың зерттеу дағдыларының негізгі құрылымдық элементтерінің дамуының оң динамикасын көрсетті, бұл ашық тапсырмаларды қолданудың тиімділігін дәлелдейді.

Сонымен, «оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін математиканы оқыту процесін қалай ұйымдастыруға болады?" деген басты сұрақ жауабы ретінде келесі тұжырымдарды қарастыруға болады:

  1. Математика курсының әр тақырыбын оқу процесі зерттеу дағдыларының құрылымдық элементтерін қалыптастыруға бағытталуы керек (жұмыс мақсатын қоя білу; берілген жағдай шарттарын талдау; гипотезаларды ұсыну және негіздеу; мәселені шешуді жоспарлау; нәтижені талдау).

  2. Зерттеу дағдыларының құрылымдық элементтерін қалыптастыру үшін ашық көп деңгейлі тапсырмалардың бес түрін қолдануға болады.

  3. Мұғалім сараланған консультация-карточкалардың көмегімен оқушылардың бағдарламалық материалды өз бетінше оқуы үшін жағдай жасауы керек.

  4. Сабақтарды жоспарлау және өткізу кезінде проблемалық оқыту әдістерін қолдану қажет: проблемалық баяндау және проблемалық әңгіме.

  5. Топта эксперимент тапсырмаларын қолдану зерттеу логикасын ашуға көмектеседі, оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

Алынған нәтижелерді оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту бойынша қосымша зерттеулер жүргізу үшін, сондай ақ математика сабақтарында оқытуды саралау кезінде пайдалануға болады.

«Әрекеттегі зерттеуді алғашқылардың бірі болып білім беруде Стефен Кори (Stephen Corey) болды. Ол, нәтижесінде, біреудің тәжірибесіне сүйенгеннен гөрі, өз жаңалықтары негізінде оқытуды өзгерту оңайырақ екенін атап өтті.» [2]

Әрекеттегі зерттеу, мұғалімді өз сыныптарының мәселелеріне тартуға баса назар аударатынын тағы бір рет көрсетті, бірақ сонымен бірге мұғалімді өндірістен қол үзбей оқыту және оны дамыту бастапқы мақсат болып қала береді.


Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Ермуханова Г.К.,Жаксылыкова Г.К., Калиева З.С., Из опыта внедрения проекта ACTION RESEARCH, Библиотека ЦПМ, Алматы 2015;

  2. Кротова А.С., Отчет исследования учителя Action Research, НИШ ФМН Алматы, 2017, https://infourok.ru/otchyot-issledovaniya-uchitelya-action-researc-724704.html;

  3. Позднякова Е. В., Формирование исследовательских умений учащихся 9 класса при обучении геометрии: Методическое пособие для учителя. -Новокузнецк: Издательство РИО, 2003;

  4. Рысбекова А.А., Вовлечение учащихся в учебный процесс через дифференцию, Библиотека ЦПМ, 2017;

  5. Сагинов К.М., Исследование учителем собственной практики, Библиотека ЦПМ, Астана, 2015;

  6. Утегенова Б.М., Смаглий Т.И., Онищенко Е.А., Основы дифференциации преподавания и обучения в современной школе, Библиотека ЦПМ, 2018;

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!