400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Саралап оқыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйымда балаларды саралап оқыту негіздері туралы Ондағы қолданылатын әдістері мен түрлері.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы Шардара қаласы

"Балауса" бөбекжай балабақшасы МКҚК

тәрбиешісі: Ораз Эльмира


САРАЛАП ОҚЫТУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың ажырамас бір бөлігі болып отыр. Бала болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз орынды. Бұл жолда тәрбиешілердің қолданып жатқан әдіс-тәсілдері сан алуан. Соның ішінде саралап оқыту стратегиясының орны ерекше. Ендеше, тәрбиеленушілерге білім беру барысында саралап оқытудың маңызы қандай екенін саралап көрейік.

Саралап оқыту – әрбір баланың мақсатқа жетуіне оң ықпал етудің тиімді жолы. Себебі «саралап оқыту дегеніміз – оқыту мен оқуға қатысты анықталған ортақ қасиетті ескере отырып дайындалған, балалар тобына педагогтың оқу үрдісін ұйымдастыру нысаны» Демек, саралап оқыту – бір материалды барлық балаға әртүрлі үйрету тәсілдерін қолданып меңгерту дегенді білдіреді және тәрбиешімен әрбір бүлдіршіннің қабілетіне қарай тапсырмаларды қиындық деңгейі бойынша жіктей отырып, сабақты ұйымдастыруды талап етеді. Саралап оқытудың тиімділігі – бұл әдістің оқуда әртүрлі қиындықтары бар балалардың немесе қабілетті, дарынды бүлдіршіндердің оқуына пайдалы болуында. Барлық тәрбиеленушілердің оқып-үйрену деңгейі мен меңгеру қабілеттері бірдей болмайды. Әр баланың өзіндік оқып-үйрену стилі болады. Осы жолда бізге саралап оқыту стратегиялары көмекке келеді.

Психолог Н.А.Менчинская «Оқытудың тиімділігі оның мазмұны мен әдістеріне ғана тәуелді емес, сонымен қатар оқушы тұлғасының жеке басының ерекшеліктеріне байланысты»,– деген. Демек, балаларға оқу мақсатына жетуді көздейтін тапсырма беру барысында бүлдіршіннің жеке ерекшелігі мен қажеттілігі ескерілуі қажет.

Саралап оқытудың бірнеше стратегиясы бар. Соның біріншісі – нәтиже. Белгілі бір әрекетке сәйкес әртүрлі жұмыс атқарылады. Әр баладан әртүрлі нәтиже күтіледі. Тәрбиеші әрекетке жету үшін тапсырма береді, барлық бала бір тапсырманы орындаса да, олардың нәтижелері әртүрлі болады. Екіншісі – қызығушылық. Іс-әрекет барысында баланың қызығушылығын пайдалану. Үшіншісі – қарқын, жылдамдық, уақыт. Балаларға ортақ тапсырма беріледі, бірақ оларды аяқтауға жұмсалған уақыт олардың дағдыларына қарай анықталады. Кейбір бүлдіршіндер басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді. Ал кейбіріне түсіндіруге қосымша уақыт керек болады. Төртіншісі –түрлі қажеттіліктері мен деңгейі бар балаларға педагогтің қолдау көрсетуі. Балалардың барлығы бірдей тапсырма орындайды, бірақ олардың кейбіреуіне басқаларға қарағанда көбірек немесе азырақ қолдау көрсетіледі. Бұл жерде ерекше жауапкершілік керек. Мысалы, тәрбиеші қабілеті жоғары балаларды қолдау үшін жоғары деңгейлі сұрақтарды қолданады. Бесіншісі – ресурстарды саралау. Балалардың алдына ортақ міндет қойылады. Бірақ айтарлықтай деңгейде дамыған дағдыны талап ететін түрлі ресурстар ұсынылады. Алтыншысы –диалог, яғни сұрақтар қолдану. Педагог баланың даму деңгейіне байланысты әртүрлі сұрақтар қояды. Осылайша диалогтік қарым-қатынасқа түседі. Диалог негізінде саралау барысында тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы сұхбатқа мән беріледі. Жетіншісі – заттық кеңістіктік ортаны ұйымдастыру. Педагог баланың қажеттіліктері мен қызығушылықтарына, жас ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі оқу ортасын (бөлмеде, бөлмеден тыс) ұйымдастырады. Сегізіншісі – топтарға, рөлдерге бөлу. Балалардың алдына ортақ міндет қойылады, бірақ табысты нәтижеге жетуді қамтамасыз ететіндей балалар топтарға бөлінеді. Топ құруда тиімді көптеген тәсілдер бар: мүдделері (деңгейлері) ұқсас балалар, аралас топ, қалаулы топ, т.б.

Балаларға саралап оқыту тәсілдерін қолдану тапсырмаларды өз деңгейі бойынша және қолдау немесе көмек көрсету арқылы орындауына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, олардың деңгейі мен қабілеттерін жақсартуға жәрдемдеседі, балаларды шабыттандырып, белсенді жұмыс істеуіне ынталандырады. Тапсырманың әртүрлі деңгейде болуы бүлдіршіндердің күш-жігеріне деген сенімін нығайтады, оны табысқа жетелеп, танымдық қызығушылықтарын арттырады.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Еркегалиева Ж. Оқу үрдісінде саралап оқытудың әдіс-тәсілдері. Zkoipk.kz

  2. Ізғали Ж. Жоспарлау мен оқытуда саралау тәсілдерін қолдану. Әдістемелік құрал. – Атырау, 2019. 68-б.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 тамыз
830
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі