Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сарғаю синдромы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Семей» Медициналық колледжі» мекемесі
Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған
педагогінің сабақ жоспары
Сарғаю синдромы, бауыр клеткалық жетіспеушілік синдромы
Модуль/ пән атауы: Диагностика және емдеу-1/ Ішкі аурулар пропедевтикасы
«____»___________ 2023 ж.
Дайындаған педагог: Айтказина Н.Д
1. Жалпы мәліметтер
-
Курс: ІІІ.
-
Оқу жылы: 2023-2024.
-
Топ: 3 леч Д
-
Сабақ типі: Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы
2.Мақсаты: Оқытушы сұрақ-жауап, рөлдік ойын, иллюстративті түсіндіру, суреттермен жұмыс, ми шабуылы тәсілдерді қолдану арқылы теориялық білімді бекітіп, тәжірибелік дағдыны дамыту және білім алушылардың меңгерген білімдері мен дағдыларын шынайы клиникалық тәжірибеге өткізу, олардың кәсіби іс-әрекеттерінің дамып жетілуін қалыптастыру.
Міндеттері:
Білімділік: Студенттерге ас қорыту ауруларымен сырқаттанған науқастарды сұрастыру, жалпы және мүшелеп қарау, пальпация, перкуссия, аускультация әдістерінің маңыздылығын үйрету.
Тәрбиелік: білімалушылардың науқастармен қарым-қатынаста медициналық этика, деонтология қағидаларын сақтауға баулу, жауапкершілік міндеттерін жоғарғы деңгейде атқаруға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Білімалушылардың логикалық ойлау қабілетін жетілдіріп, пәнішілік, пәнаралық байланыстарды таба білуді үйрету. Білімдерін әрқашан толықтырып отыруға бағыттау, өзіндік дайындалу қабілетін жоғарлату. Жаңа технологияларды қолдана отырып, қосымша материалдармен жұмыс істей білуге дайындау.
2.1. Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі :
- Ішкі мүшелер ауруларымен науқасты сұрастыру, қарау, пальпация, перкуссия және аускультация жасауды білу;
- Ішкі мүшелер ауруларымен науқастардың лаборатолы инструментальды әдістері ажырата білу;
-Ішкі мүшелер патологияларының клиникалық синдромдары және олардың даму механизмдері туралы;
-Негізгі зерттеу әдістерін пайдалана отырып, науқасқа обьективті зерттеу жүргізу (сұрастыру, қарау,пальпация,перкуссия,аускультация)
-науқасты обьективті зерттеу нәтижелерін интерпретациялап және алғашқы синдромды болжам диагноз білу;
- минимальды науқастың лабораторлы инструментальды әдістерінің нәтижелерін интерпретациялау және бағалау.
-науқаспен қарым қатынас жасағанда негізгі коммуникативті дағдылары қолдану
-тәжірибелік сабақтарға және СӨЖ орындау кезінде барлық қол жетімді ақпарат көздерін эффективті пайдалану.
3. Сабақты жабдықтау: презентация, оқулық.
3.1. Оқу – әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:
-
Ішкі аурулар пропедевтикасы. С.Қ. Асауова, Г.Т. Нуратдинова – Кызылорда, 2009.
-
Ішкі аурулар. А.А. Оспанова. – Шымкент, 2008.
-
Ішкі аурулар пропедевтикасы. С.К. Муратбекова, А.Т. Кенжебаева. – Көкшетау, 2007.
-
Ішкі аурулар пропедевтикасы. Б.Н. Айтмембет. 2005.
-
Ішкі аурулар пропедевтикасы. 1, 2 бөлім. Қ.А. Жаманқұлов. – Ақтөбе, 2004.
-
Ішкі аурулар. 1-2 том. Б.С. Қалимурзина. – Алматы, 2000.
Қосымша әдебиеттер:
-
Внутренние болезни, Маколкин В.И., – Москва, 2000.
-
Внутренние болезни. Н.И. Федюкович. – Ростов-на-Дону, 2001
-
Основы клинической диагностики: руководство + CD. – 2-е изд., перераб. и доп. А.Г. Чучалин, Е.В. Бобков – М., 2008. – 584 с.
3.2. Техникалық құралдар, материалдар:
-
анықтамалық-нұсқаулық кестелер;
-
мультимедиялық проектор;
3. дидактикалық материалдар;
4. компьютер.
5. zoom бағдарламасы
6. Комплект тест тапсырмалары.
4. Сабақтың барысы:
4.1. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут). – Сәлеметсіздер ме? – Отырыңыздар. – Кім кезекші? – Сабақта кім жоқ?
4.2. Оқытушының кіріспе сөзі (3 минут). Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Бронх өткізгіштігінің бұзылу себептері, клиникасы, диагностикасы, емі.
Өкпе эмфиземасы этиологиясы, патогенезі, диагностикасы, клиникасы, емі.
4.3. Үй тапсырмасын тексеру (25 минут).
1. Бауыр арулары бар науқастарды сұрастыру
2. Негізгі синдромдар
Жауаптары:
1. Тексеру. Сұрастыру
Бауыр ауруларына келесі шағымдар тән:
Жалпы шағымдар: тәбеттің болмауы, шаршағыштық, ашуланғыштық, бас аурулары, еркектің қауқарының әлсіреуі және либидо, етеккір циклінің бұзылуы.
Терінің азаптаушы қышымасы, түнде асқынып, науқастың ұйқысын бұзады.
2 Бауыр белгілері үлкен және кіші болып келеді
Кіші белгілері: телеангиэктазиялар мен тамырлық жұлдызшалар, пальмарлы эритрема, теріде парехиялар мен экхимоздардың пайда болуымен жүретін геморрагиялық синдром, мұрын мен ауыз қуысының шырышты қабаттарының қанталауы, ксантомдар мен ксантелазмалар, гинекомастия және бауырдың алкогольды ауруларына тән басқа да белгілер
Үлкен белгілері: оған сарғаю және гепатомегалия жатады, олар үлкен бауыр синдромдары – портальды гипертензия, бауыр-жасушалық жетіспеушілік және бауыр энцефалоспатиясы, гепатореналды синдром, холестаз синдромымен көрінеді.
Тамырлық жұлдызшалар немесе телеангиэктазиялар- қылтамырлар мен ұсақ тамырлардың жергілікті шамадан тыс кеңеюі. Олардың саны бірден бастап, кең көлемде болуы мүмкін.
Бауырлық алақандар немесе пальмарлы эритема – үлкен саусақ пен кіші саусақтың жоғарылаған бөлігіндегі ашық-қызыл эритрема. Аталған белгілер гиперэстрегонемиямен негізделген болуы мүмкін және артерио-венозды анастомоздардың ашылуымен де болады.
Геморрагиялық белгілер – теріде петехиялар мен экхимоздар сипатталатын тері өзгерісінің жиі кездесетін өзгерістерінің бірі, кейде тамырлар өзгерістерінің жерінде кішкентай ойық жаралар болады. Әдетте бұл көрініс созылмалы қарқынды гепатит немесе циррозға тән және бауырдағы қанның ұю факторының синтезінің бұзылысымен немесе тромбоцитопениямен байланысты.
4.4. Жаңа тақырыпты түсіндіру (40 минут).
Жоспар:
1. Сарғаю синдромы
2.Сарғаюдың дифференциалдық диагностикасы
3.Қорытынды
1. Сарғаю (лат. icterus) — өт нілдерінің жиналуынан терінің, шырышты қабықтардың, көз ағының сарғыш түске боялуымен көрінетін синдром.
Себебіне қарай 3 түрін ажыратады: Гемолитикалық сарғаю – эритроциттардың шамадан тыс ыдырауынан (гемолиз салдарынан) дамиды
Механикалық сарғаю - өттің ішекке өтуіне кедергі болғанынан дамиды.
Паренхиматозды сарғаю – бауыр паренхимасы қабынғаннан, созылмалы гепатит, бауыр циррозы салдарынан дамиды.
-
Гемолитикалық сарғаю.Басты себебі болып эритроциттердің тым артық ыдырауы есептеледі. Олардың ыдырауының артуы химиялық заттармен (фенилгидразинмен, мышьякты сутегімен), биологиялық улармен (жылан, ара улары) уланғанда, тобы немесе резус факторы бойынша сәйкес емес қан құйғанда, дене күйіктері мен үсіктері кезінде, тұқым қуалайтын гемолиздік анемиялар т.б. Жағдайларда байқалады.
Эритроциттердің тым артық ыдырауы көкбауырда, сүйек кемігінде тура емес билирубиннің түзілуін арттырады. Бауыр жасушалары тура емес билирубинді қан сұйығынан сіңіріп ала алмайды және оларда глюкурон қышқылымен байланысуын арттыратын ферменттердің белсенділігі төмендейді. Барлық тура емес билирубин тура билирубинге ауыспайды.сондықтан қанда тура емес билирубин көбейеді. Ол орталық жүйке жүйесіне және бауыр жасушаларына уытты әсер етеді. Осыдан бауыр жасушаларының өт өндіру және өт шығару қызметтері әлсірейді.
Механикалық (бауыр астылық) сарғаю. Өттің жалпы өзегі сыртынан өспемен қысылып немесе ішінен таспен, құрттармен, қою өтпен бітеліп қалғанда өт ішекке түспейді, ол өзінің жолдарында іркіліп, оның қысымы 2,7 кПа астам көтеріледі, өт қылтамырлары керіліп, жыртылады. Содан өт қанға тікелей немесе лимфамен түседі. Осыдан қанда тура билирубиннің мөлшері көтеріледі, адамның терісі мен шырышты қабықтары сарғыштанады; қанда өт қышқылы(қалыпты: 8-80 мкмоль/л), холестериннің мөлшері (қалыпты: 150-250 мг%) көбейеді. Зәрмен билирубин және өт қышқылы шығарыла бастайды. Сондықтан зәрдің түсі қою қоңыр болады.
Бауырлық сарғаю. Себептері:
Жұқпалар (А, В, С, Е, D – гепатиттерінің вирустары, сепсис, іш сүзегі)
Улы заттардың әсерлерінен бауыр жасушаларының тікелей бүліністері
Ұзақ мерзім өттің бауырда іркіліп тұрып қалуы
Тура емес билирубиннің қаннан бауыр жасушаларының қабықтары арқылы тасымалдануын, олардың ішінде глюкурон қышқылымен байланысуын және тура билирубиннің бауыр жасушаларынан өт қылтамырларына шығарылуын қамтамасыз ететін ферменттердің тектік ақаулары.
Бауыр жасушаларының бүліністері нәтижесінде өт жолдары мен қан және лимфалық тамырлардың арасында тікелей байланыстар пайда болады. Осы байланыстар арқылы өттің бір бөлшегі өт шығаратын өзектерге, екінші бөлшегі қанға түседі. Қабынудың нәтижесінде ісінген бауыр жасушалары өт өзектерін қысып, оның ішеке қарай өтуін бұзады, қанға кері сіңірілуін ұлғайтады.
Дифференциалдық диагностикасы.
Негізгі клиникалық-лабораториялық критериилер:
I гемолитикалық сарғаюға тән:
Шартты түрде тура емес гипербилирубинемияға негізделген сарғаюдың ерте басталуы
Билирубин санының жылдам жоғарылауы
Тері жабындыларының түсі ашық сары түстен лимонды-сары түске дейін өзгеруі
Нормохромды гиперрегенераторлы анемияның болуы – ретикулоцитоз, нормо-және эритробластоз
Гепатоспленомегалия
6. нәжіс түсі қалыпты
зәр түсі қалыпты
Билирубиннің мүшелерге токсикалық әсер етуі
II Бауырлық сарғаюға тән
Тура емес билирубині бар гипербилирубинемия
Билирубин санының баяу өсуі
Сарғаюдың кеш басталуы – 3-4 тәуліктен бастап
Гемолиз белгілерінің болмауы(анемия, ретикулоцитоз)
Спленомегалия жоқ
Ұзаққа созылады
Зәр түсі, нәжіс түсі қалыпты
III Механикалық сарғаюға тән:
Тура билирубиннің жоғарылауы
Бауыр көлемінің ұлғаюы
Тері жабындыларының түсі жасыл-сары түстен жасыл түске ауысуы
Зәр түсі қою
Нәжіс түсі периодты түссізденген
Геморрагиялық синдром
Цитолиз бен мезенхималық қабынудың лабораториялық белгілері
5. Жаңа тақырыпты бекіту
1. Сарғаю синдромы
2. Механикалық сарғаю
3. Гемолтикалық сарғаю
Жауаптары:
1. Сарғаю (лат. icterus) — өт нілдерінің жиналуынан терінің, шырышты қабықтардың, көз ағының сарғыш түске боялуымен көрінетін синдром.
Себебіне қарай 3 түрін ажыратады: Гемолитикалық сарғаю – эритроциттардың шамадан тыс ыдырауынан (гемолиз салдарынан) дамиды
Механикалық сарғаю - өттің ішекке өтуіне кедергі болғанынан дамиды.
Паренхиматозды сарғаю – бауыр паренхимасы қабынғаннан, созылмалы гепатит, бауыр циррозы салдарынан дамиды.
2 Механикалық (бауыр астылық) сарғаю. Өттің жалпы өзегі сыртынан өспемен қысылып немесе ішінен таспен, құрттармен, қою өтпен бітеліп қалғанда өт ішекке түспейді, ол өзінің жолдарында іркіліп, оның қысымы 2,7 кПа астам көтеріледі, өт қылтамырлары керіліп, жыртылады. Содан өт қанға тікелей немесе лимфамен түседі.
3. 2. Гемолитикалық сарғаю.Басты себебі болып эритроциттердің тым артық ыдырауы есептеледі. Олардың ыдырауының артуы химиялық заттармен (фенилгидразинмен, мышьякты сутегімен), биологиялық улармен (жылан, ара улары) уланғанда, тобы немесе резус факторы бойынша сәйкес емес қан құйғанда, дене күйіктері мен үсіктері кезінде, тұқым қуалайтын гемолиздік анемиялар т.б. Жағдайларда байқалады.
5. Сабақ бойынша рефлексия(2 минут)
6.Баға қою(5 минут)
-
Үй тапсырмасы( 3 минут)
Сарғаю синдромы, бауыр клеткалық жетіспеушілік синдромы
Дәрісті оқу, алгоритмді жаттау. Презентация жасау