Материалдар / Сарқан өңіріндегі Жетісу,Жоңғар Алатауында орналасқан Аманбөктер және Жасылкөл өңірлеріңің туристік маңыздылығын көрсету
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сарқан өңіріндегі Жетісу,Жоңғар Алатауында орналасқан Аманбөктер және Жасылкөл өңірлеріңің туристік маңыздылығын көрсету

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл өте құнды дерек деп ойлаймын оқушыларға,ұстаздар қауымынада, себебі:әр азамат өз тұратын өлкесін білуі тиіс,Жер жанаты жетісу Алатауына туристік нысандарды көруі тиіс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қараша 2020
587
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сарқан өңіріндегі Жетісу (Жоңғар) Алатауында орналасқан Аманбөктер және Жасылкөл өңірлерінің туристік маңыздылығын көрсету

Урумбазарова Д. М., география пәнінің мұғалімі

Педагок зерттеуші

Абай атындағы мектеп гимназиясы

Сарқан қ.



Бағыты: Өлкетану- ұлттық жаңғыру ретінде.

Мақсаты: Сарқан өңіріндегі Жетісу (Жоңғар) Алатауында орналасқан Аманбөктер және Жасылкөл өңірлерінің туристік маңыздылығын көрсете отырып, туған жеріміздің тұмса табиғатын барша қазақстандықтарға таныту.

Мендеттері: 1. Теория мен практиканы ұштастыру

2. "Өлкетану" бағытындағы пәндерді салыстыра оқу арқылы білімді кеңейту.

3. Практикалық маңызын қолдана отырып, білім деңгейін көтеру.



Табиғаты асқар таулармен астасып, қарағайлы орман-тоғайлармен кестеленген көркем өңірде қоныс тепкен Сарқан қаласы Жетісу Алатауы тау сілемдерінің етегінде орналасқан ерекше мекен. Осы сонау ұлан байтақ еліміздің шығысымен оңтүстігін байланыстырған Жетісу (Жоңғар) Алатауының географиясына тоқталатын болсақ - Қазақстандағы ірі, әрі құрылымы жағынан күрделі тау жүйелерінің бірі. Жетісу тау жүйесінің солтүстік және солтүстік-батыс жалғасы. Ол солтүстік-шығысында Алакөл қазаншұңқыры мен оңтүстік-батысында Іле өзені аңғары аралығында созыла орналасқан. Ұзындығы 450 км, ені 100-250 км. Жетісу Алатауын батыста Көксу, шығыста Боротола өзендері бөліп жатады. Осы екі бөлік Солтүстік және Оңтүстік Жетісу Алатауы болып, екі үлкен тау жотасын құрайды.[1:1]

















Оңтүстік Жетісу тау жүйесінің Сарышоқы мен Борохоро жоталары түгелдей дерлік Қытай жерінде жатыр. Қазақстан шекарасына таянған жерде Орқашар Барлық тауымен (3300 м) жалғаса отырып, Жайыр Майлы атты аласа жотаға ауысады. Осы жоталардың арасында кезінде тектоникалық козғалыстардан пайда болған үлкен аңғар бар. Ол кей жерлерде батпақты, қамысты, кей жерде құрғақ дала боп кетеді. Аңғар бойында үйінді тастар көп. Жергілікті халық оны қорым дейді. Осы аңғар аркылы Ебінұр көлінің қазаншұңқыры (Қытайда) Алакөл қазаншұңқырымен шектеседі. Осы алкап Жетісу (Жоңғар) қақпасы деп аталады. Ерте замандардан бастап осы қақпа арқылы Шығыс Еуропа мен Азияны, Қазақстанды жалғастырған Жібек жолы өткен, онымен Шыңғыс хан жаулаушылары, Жоңғар шапқыншылары жүрген. Жетісу Алатауының қазақстандык бөлігі осы қақпаның батысынан басталады да, батыска қарай Боротола өзеніне дейін Қытай-Қазақстан шекарасы бойымен созылады. Осы жерде Жетісу Алатауы асимметриялық құрылымдағы алып таулы жотаға айналады. Көксу өзенінің екі жағын алып жатқан Жетісу Алатауының солтүстік, оңтүстік жоталарының да өзара ерекшеліктері бар. Солтүстік жотаның ең биік нүктесі Бесбақан (биіктігі 4622 м), оңтүстік жотаның биік нүктесі Мұзтау (4370). Солтүстік Жетісу жотасы сатылап, солтүстік-шығысқа қарай аласарып, кең жазыққа айналады. Оның алғашқы сатысы - Тастау, Ақан жайлау, Қотыртас, Мыңшұңқыр жоталары (2800-3000 м). Бұлардың араларында тау аралық қысқа аңғарлар мен қазаншұңқырлар орналасқан. Оның ең ірісі - Ойжайлау қазаншұңқыры. Екінші саты Ойжайлаудан солтүстікке қараған Күнгей, Ешкіөлмес, Суықтay, Қарашоқы, Желдіқарағай тaу жүйелері (2000 м). Үшінші саты Шыбынды, Қарасарық, Қырықкөл (1500-1600 м) тау алды алқаптары, олардың солтүстік шығысына Текелі мен Сайқан таулары (1100 м), Баянжүрек, Қойтас, Малайсары жоталары да кіреді. Оңтүстік Жетісу жотасының жер бедері де сатылы келеді, бірақ солтүстік жотаға қарағанда күшті тілімделген. Оның батысы мен оңтүстік батысында Итшоқы, Қотырқайың, Алтынемел, Суаттау тау алды жоталары орналасқан. Бұлар Іле өзені аңғарына жақындап келеді. Солтүстік беткейдің жер бедері жазық, көлбеу келеді, тау қыраттарының төбесі тегіс. Тау қыраттарын бөліп жататын алаптары тік беткейлі, тілімделген, оңтүстік беткейлері құламалы. Солтүстікке қарағанда тау төбелері жазық емес, көтеріңкі. Жетісу Алатауының құрылымы кембрийге дейінгі жыныстар мен палеозой жыныстарынан тұрады. Оның жоталары кембрийге дейінгі граниттер мен кристалды тақтатастардан түзілген. Каледон қатпарлығында алғаш көтерілген Жетісу Алатауының солтүстік және солтүстік-батыс бөліктерінде силур мен девон құмтастары мен сазды тақтатастардан тұратын негізгі жыныстармен бірге палеозой шөгінділері де мол. Таудың оңтүстік және оңтүстік-батыс бөліктерінде жоғарғы палеозойдың жыныстары көп. Олар карбон мен пермьнің құмтастары мен тақтатастарынан, әктас пен конгломераттардан түзілген. Тау аралық аңғарлар мен қазаншұңқырларда, тау етектерінде палеоген мен неоген шөгінділері кездеседі. Жетісу Алатауы каледон мен герциндегі тау түзілуі кезінде қатпарлы тауға айналса, ал мезозой мен төменгі кайнозойда сыртқы күштің әсерінен мүжіліп, аласарып тегістелсе, кейінгі Альпі қатпарлығының күшті болуына байланысты қатпарлы-жақпарлы биік таулы өлкеге айналған. Жер бедерінің қалыптасуына ертедегі және осы күнгі мұз басулар да ықпал жасаған. Мұз басудың ізі әр жерде-ақ байқалады. Ағысы қатты болғандықтан өзендердің табан эрозиялық әрекеті де күшті, сондықтан өзен аңғарлары шатқалды, құзды болып келеді. Жетісу Алатауы Сібір мен Орта Азия тауларының аралығында жатқандықтан екі арадағы өткел қызметін атқарады. Оның солтүстігінде сібірлік шалғынды орман, оңтүстігінде далаға тән ландшафт калыптасқан. Таудың биіктік белдеулері шөл, шөлейт зоналарынан (300-600 м-ден 1200-1400 м-гe дейін) басталады. Мұнда егіндік жерлер мен мал жайылымдары алып жатыр. Егістікке көкөніс, бау-бақша, жеміс ағаштары, екпе шөп және дәнді дақылдар өсіріледі. Одан жоғары дала зонасы (1000-1400 м-ден 1800-2000 м-ге дейін) жатады. Онда шырша, самырсын ағаштары өседі. Жануарлардан бұғы, аю, елік, т. б. кездеседі. Шалғындары мал жайылымына қолайлы. Таудың биік белдеуі солтүстікте 2200-2400 м-ден, оңтүстікте 2400-2500 м-ден жоғары басталады. Онда субальпілік шалғындар, омбы қарлар, мұздықтар кездеседі. Биік тау сілемдерін малшылар жайылым есебінде пайдаланады. [2:16]

Дәл осы Жетісу Алатауы тау сілемдеріне қарасты 2010 жылы Үкімет қаулысымен Сарқан қаласында Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы ашылған болатын. Дәл осы саябаққа қарасты біздің ауданымызда туристік қызығушылық мақсатында ойластырылып отырған 8 нысан бар. Олар:

  1. Қарыпша шатқалындағы орналасқан ерте темір дәуірінің «Петроглифтері»;

  2. «Әулие тас» - жергілікті халықтың киелісі, таулы аймақта қызығушылардың көздерінен таса жасырын тұрған үлкен тас. «Әулие тас» Екіаша ауылдық округінен 8 шақырымда орналасқан.

  3. «Үйгентас» қорымы – шекара бекетінен солтүстігіне қарай, Тентек өзенінің оң жақ жағалауында ерте орта және темір дәуіріне жатқызылады.Үйгентас қорымына 150 қорғандар кіреді, Тентек өзенінің бірінші терассасы алаңында 500х1000м аумақты алып жатыр. Дәуірі б.з.д. І мыңжлдыққа жатқызылады.

  4. «Шумский мұздығы» - теңіз деңгейінен 4442м биіктікте орналасқан әдемі мұздықтардың бірі. Аманбөктер демалыс орны арқылы барады. Халық арасында оны «сәукеле» деп атайды. Себебі, пішіні қалыңдықтың бас киіміне ұқсайды.

  5. «Жоғарғы Жасылкөл» - 2262м биіктікте орналасқан. Көлдің жағалауы тік жартасты, суы өте суық болып келеді.

  6. « Төменгі Жасылкөл» - Жоңғар Алатуының інжуі болып табылатын көл теңіз деңгейінен 1630м биіктікте орналасқан. Жағалауы тік жартасты және суы суық.

  7. Сарқан бөлімшесінің «Орман тәлімбағы».

  8. Лепсі бөлімшесінің «Орман тәлімбағы». [3:Чек-Лист]

Дәл осы нысандардың бағыттары бойынша Жоңғар Алатауы әртүрлі сипаттағы және ұзақтықтағы саяхатты ұйымдастыру бойынша негізгі 5 серіктестері бар:

  1. «Жоңғар Алатауы» ҰМТП, келесідей турларды жүзеге асырады: 1) Жоңғар Алатауының тарихи орындары бойынша этнографиялық тур, 2) Сиверс алмаларының жабайы тұқымды көшеттерінің табиғи өсу орындары бойынша ғылыми танымдық туры, 3) Лепсі филиалының орман тәлімбағы, 4) Сарқан филиалының орман тәлімбағы, 5) Қара өзен шатқалы, 6) Жақстар, 7) Көкжар шатқалы, 8) Карбушка және оның әсемдігі, 9) Шумский мұздығы, 10) Жасылкөл көлі, 11) Жоғарғы Жасылкөл көлі.

  2. «АСТ Қазақстан» компаниясы (Алматы қаласы, А.Байтұрсынов көшесі, 113, «Астана Интеротель» қонақ үйі, 2 қабат; тел. +7 727 3131867, +7 727 2900777; info@city-tour.kz; www.city-tour.kz) Жоңғар Алатауы бойынша төмендегідей қызметтерді ұсынады: 1) Қора өзені бассейні бойынша 4 күннен 9 күнге дейінгі, әуесқойлықтан өте күрделіге дейінгі яғни әртүрлі қиындықтардағы трекингтік маршурттар; 2) Лепсі ауылының маңында атпен жүру; 3) Джип-турлардың бірнеше түрлері; 4) Хелиски-таулары.

  3. «Adventure Life» АҚ және «Штурм» мотоклубы ( Текелі қаласы, тел. +7 705 4488088, +7 705 7001402; travel@mail.ry www.instagram.com/adventure_kz_) Жоңғар Алатауы бойынша қызықты мото-,авто-, және квадротурларды ұсынады.

  4. «45 параллель» туристік клубы (Талдықорған қаласы,www.instagram.com/turklyb45) Жоңғар Алатауы таулары бойынша тұрақты түрде жаяу турларды ұйымдастырады.

  5. «Jetysu Extreme Travel» ЖШС (Талдықорған қаласы; тел. +7 771 9888899, +7 777 2346281; jetysuextreme@gmail.com, www.instagram.com/jetysu_extreme_travel) Батыс Жоңғар Алатуы бойынша: Бан-жүрек және Қалақай ғибадатханалары, ежелгі қоныстар, Тасбас жартасты шатқалы және т.т. автакөлік,велосипедтік және жау маршуттар мен экскурсияларды, ұзақтығы 1 күннен 3 күнге дейінгі туристік маршуттарды ұйымдастырады. [4:Чек-Лист]

Осы жоғарыда аталып өтілген Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағындағы Жасылкөл және Аманбөктер, Яғни Кіші Басқан мен Шумский мұздығы маршурттарын таныстыратын боламын.

Жасылкөл көлінің өзі жоғарғы және төменгі деп екіге бөлінеді.

1 туристік маршрут «Жасылкөл»

Маршруттың бағыты: Сарқан қ. – Лепсі а. – «Жаланаш» орманшы үйі. – Жасылкөл көліне өрлеу – шатырлы қалашық – «Жаланаш» орманшы үйі – Лепсі ауылы.

Маршруттың жалпы ұзындығы: 193км.

Биік тау аңғарында, Жоңғар Алатауының әдемі көрінісі, теңіз денгейінен 1630м биіктікте орналасқан – Жасылкөл көлі. Аумағы – 100га, ұзындығы - 1800м, ені - 400м, тереңдігі -89м. Көлдің шығыс және батыс жағасы құламалы, таулы- тасты, суы өте салқын. [1:66]









2 туристік маршрут «Жоғарғы Жасылкөл»

Маршруттың бағыты: Лепсі ауылы - «Жалаңаш» орманшы үйі - Ағынықатты өзен алқабы (жоғарғы Жасылкөлге дейін), Қора өзенінің жоғарғы шатқалдары арқылы Үлкен Басқан өзен алқаптарынан өтіп, парктің төменгі шекарасындағы Үлкен Басқан оманшы үйіне дейін.

Маршруттың ұзындығы: 84,8 км.

Жоғарғы Жасылкөл Екіаша өзеніне келіп құятын Кеңөзен өзенінің бойында орналасқан. Жоғары және Төменгі Жасылкөл бір-бірінен 18 км ара қашықтығы орналасқан. Жоғарғы Жасылкөл теңіз деңгейінен 2262 м биіктікте жатыр. Ұзындығы – 3200м, ені – 300м, тереңдігі – 109м. [1:71]



















3 туристік маршрут «Шумский мұздығы» (Аманбөктер)







Маршруттың бағыты: Сарқан қ.–Аманбөктер а. – «Кіші Басқан» орманшы үйі - Кіші Басқан өзен алқабы парктің төменгі шекарасынан, жоғарғы шекарасына дейін (Ертайсай, Амансай, Суырлы шатқалдары, Шумский мұздығы).

Маршруттың ұзындығы: 158,8 км.

Маршрут бойынша негізгі көрініс нысаны өсімдік түрлеріне бай Кіші Басқан өзенінің шатқалы болып табылады. Маршруттың жоғарғы (Шумский мұздығы теңіз деңгейінен 4000 м) және төменгі (1500 м) биіктік белгілерінің айырмашылығы 2500 м құрайды.





Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Омаров.Е.Е, Игембаев. С.Б. «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі. Сарқан,2020 жыл.

  2. Игіман.Ж. Саялы төрім Сарқаным – Алматы: «Үш Қиян»,2006-544бет+32 бет жапсырма сурет.

  3. Чек-Лист: Экологиялық туризм.Алматы облысының мемлекеттік ұлттық табиғи парктері.

  4. Чек-Лист: Жоңғар Алатауы туристік нысандардың шолу сызба-картасы.Талдықорғанның,Сарқанның, Текелі мен Қапалдың пландары таулы сілемнің батыс бөлігінің және ұлттық парктің карталары.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!