Материалдар / Сары алтын күз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сары алтын күз

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Тамыз 2018
528
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қарағанды обылысы

Шет ауданы 

Алтайбаев негізіг орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Мукашева Мейрамкул Саулебек қызы



«Аяулы Күз , Алтын Күз!»

Тәрбие сағатының мақсаты:

Оқушыларға күзгі табиғаттағы ерекшеліктері туралы түсінік беру.Оқушылардың күз байлықтары:

астық, көкөніс, жеміс-жидектер туралы білімдерін кеңейту. Алтын күздің адамға берер пайдасын түсіндіру және табиғатты сүюуге тәрбиелеу.

Тәрбие сағаттың көрнекіліктері:

Күз туралы суреттер мен даналық сөздер, күзгі ағаш, күз көкөністері, жеміс-жидектері, жапырақтар және музыкалық аспаптар.

Армысыздар, халайық,
Бармысыздар халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық

 

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар және ұстаздар! Бүгін міне мектебімізде болғалы жатырған бастауыш сынып оқушыларының дайындаған  «Аяулы күз, алтын күз!» атты күз кешіне қош келдіңіздер.

Біздерде ойын сауық басталады,

Тамаша күй тартылып ән салады.

Ұмытармыз күні бойы шаршағанды.

Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,

 

     Туған табиғаттың тамаша бір көрінісі — күз мезгілі. Күзде табиғат көрінісі жиі өзгереді, аспанды бұлт торлап, ағаш жапырақтары жерге түседі, жаңбыр жауады. Құстар жылы жаққа қайтады, астық жинаймыз. Айнала сұлуланып, түрлі-түстерге боялып құлпыра түседі. Ағаштардың және басқа өсімдіктердің жапырақтары қызыл, қоңыр, сары болып өзгереді. Көктем мен жаз бойы тер төгіп еткен еңбектің нәтижесінде уылжып піскен, пайдалы түрлі жеміс жидектер — дастарханымыздың сәні, өміріміздің мәні екені сөзсіз. Олай болса, құрметті қонақтар, бүгінгі күз кеші осы жеміс жидектерге арналмақ.

Бүгінгі сайыс түрінде өткелі отырған мерекелік кешімізге мектебіміздің бастауыш 2-3, және 4 сыныптарының арасындағы ұл, қыздарымыз қатыспақшы.

       Сайыскерлерге сәттілік тілей отырып, сайысқа төрелік етуші әділқазы алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!

1. Директор жанындағы тәрбие ісінің орынбасары: Мукашева Ж.Т

2.Орыс тілі мұғалімі: Қалиева Ж.

3.Кітапханашы: Кәрибекова Ә


     Әділқазылармен танысып болсақ, кешімізді бастамас бұрын «Аяулы күз, алтын күз!» атты кешіміздің шарттарымен танысып алайық.

 

Алғашқы сайыс кезеңі: Таныстыру.

 

     Шарттары:

А) таңдаған жемістерін қатыстырып, өлеңдетіп таныстыру;

Ә) таңдаған жемістерін бейнелейтін киім үлгісін көрсету;

Б) таңдаған жемістері туралы қабырға газетін дайындау.

(Сайыскерлер өздерін таныстырады. Әділқазы алқасы бағалайды.)

 

Сайыстың келесі кезеңі:     Білім сайысы

 

А) Жұмбақ шешу

Ә) Мақал-мәтелдің жалғасын табу

Б) Логикалық тапсырманы орындау.

 


Өнер сайысы.

   Бұл сайыста сайыскерлеріміздің ән айтуына немесе би билеуіне, сондай-ақ көркем сөз оқуына болады.

 

«Күзгі дастархан»

 

«Сән үлгісі »

 

     Ал енді ортаға жеміс-жидектерімізді шақырайық, қарсы алыңыздар!

Алғашқы боп ортаға 1сыныбы келе жатыр. Қарсы алыңыздар! Жүргізуші:

Жемістермен таныс болу үшін сөзді өздеріне береміз.

……………………………1сыныбы…………………………………………

……………………………3 сыныбы

                              4сыныптары

 

Ғалымдардың айтуы бойынша жемістердің ішінен ең пайдалысы, ол — алма. Алма — өте кең тараған жеміс ағашы. Алманың жаздық, күздік, қыстық сорттары бар. Өмір сүру ұзақтығы 20 — 100 жыл. Оны ежелден ем – дәмдік тағам ретінде және ас қорытуы бұзылуын реттейтін амал ретінде қолданған. Алма тәнге күш беріп, ағзаның әртүрлі аурулармен күресуіне көмектеседі. Сырқатқа шалдыққандарға да, сау адамдарға да алманы жеу пайдалы. Алманың құрамында А, С, В1, В2, Р, Е дәрумендері бар. Ал ең бастысы – алма темірге бай. Темір қан айналымы жүйесіне өте қажет. Ол жүрек, бауыр, бүйрек, асқазан, ішек жолдарының жұмыстарын жақсартады. Бактерия мен әртүрлі вирустардан сақтану үшін күніне бір алма жеу қажет екен.

Жүргізуш

Өседі екен топтанып,

Өседі екен шоқтанып.

Жүр оңтүстік қазағы,

Жүзімімен мақтанып, дей отырып, ортамызға жүзімдерді шақырамыз! 4………………………..

………………………………………………………………………………………………………………………………………..

     Жүзім құрамындағы дәрумендер миға өте пайдалы. Түстен кейін қос уыс жүзім немесе жүзімнің бір кесе таза сығынды шырынын ішу денеге де, ми жасушаларына да өте пайдалы. Бұған қоса, емдік қасиеті бар амин қышқылы, А және В дәрумені (В1, В2), калий, магний, кальций, силиций, йод, цинк, күкірт және маргенец секілді микро элементтері де жүзімнің құрамында кездеседі. Жүзім адамның иммунитетін күшейтеді, жүйкені тыныштандырады. Жүзім ағзаны токсиндерден тазартады және жасартады. Жүзімнен эфир майы,сірке су алынады.

Жүргізуші:

Оңтүстік Америкадан келген ананастар бүгінгі кешіміздің басты қонақтарының бірі. Олай болса, қарсы алыңыздар! 4

Жүргізуші:

Келесі жемісіміз қияр тобын қарсыалыныздар.

 

Жүргізуші:

Алғашқы сайыс кезеңі: Таныстыру.

Жүргізуші:

 

 

Сайыстың келесі кезеңі: Білім сайысы

Ал енді балалар мен сендерге мынандай сұрақ қояйын.

 

Шықса – жасыл,
Түссе – сары. Бұл не?
                               (Балалар: Жапырақ) 

Тәрбиеші Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар!

   Қане, менің «жемістерім», енді білімдеріңді тексеріп көрейік.

Мына алдарыңыздағы теректегі әр жапырақта өздеріңе дайындаған тапсырмаларым бар. Әр жапырақтағы тапсырманы өз жұбыңызбен бірігіп орындап, ортаға шығып жауап берулеріңіз керек! Қане, бастайық!


Жұмбақтар

Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні,
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні.
(Сәбіз)

Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр.
(Қызылша)

Жайлы, жұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін,
Қабат – қабат тоным бар,
Қалай оны шешемін?
(Қырыққабат)

Көмдің тағы түйірлеп,
Қазып алдың «үйірлеп».
(Картоп)

«Қызыл қырман ойнайтын»
Қай мезгіл деп ойлайсың.(Күз)

Қызыл, сары кемелер,
Су бетінде қалқиды.
Соқса егер салқын жел,
Ырғалады, толқиды.
(Жапырақ)

 

Алтын сары тоны бар.
Қойынында дәні бар. (бидай)

Әрі қызыл әрі тәтті
Татқан жанды таңырқатты. (алма)

Қызыл жасыл кемелер
Су бетінде қалқиды.
Соқса егер салқын жел
Ырғалады толқиды. (жапырақ)

Аласа ғана бойы бар
Қабат-қабат тоны бар (қырыққабат)

Көк лағым көгенде жатып семіреді.(қарбыз)

 

Көзіңе көрінбейді,

Қаңғуға ерінбейді.

Шалғынды жапырады,

Жол бойын сыпырады.   Жел

 

 

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады       Күн

 

Әкеміз ала баспақ асырады, 
Күз келсе соямын деп асығыды.
Баспағым бойын шөпке жасырады.
Еті қызыл, терісі жасыл әлі.             (Қарбыз)

 

Мақал мәтелдер

 

 

Батыр туса ел ырысы
Жаңбыр жауса жер ырысы

 

Ағаш — жапырағымен,
Жер — топырағымен.

Егініңді күн суар,
Күн суарма, түн суар.

Ырыс алды – ынтымак.

 

Ас адамның – аркауы.

 

Сабыр түбі сары алтын.

 

Арпа, бидай – ас екен,
Алтын, күміс – тас екен.

 

Жаңбыр жауса, жерге сый,
Жігіт туса, елге сый.

 

Шебердің қолы — ортақ,
Шешеннің сөзі — ортақ.

 

Ағаш көркі жапырақ

Адам көркі шүберек

 

Жас жемісті жұлма,

Жас баланы ұрма.

Сәуір болмай, тәуір болмас.

Жазда не ексең-күзде соны орасың

 

Нөсер алдында найзағай ойнайды. 

 

 

 

Мына сөздерден сөз құрау

Амал  
Ларұмт
Арна
Рабқзы

 

Əріптерден сөз жина:
өкз, лоқ, мала, оыйн.

 

Логикалық ойын     

         Екі  сиырдың мүйізі қанша?

         Бір мысықтың  аяғы қанша?

         

Логикалық ойын     

               Бес қойдың басы нешеу?

               Үш адамның  қолы нешеу?

 

Құрамында сан келтірілген, сөз бен жаз.
тү+1, к+3+ік, жел+90, 6+бақан. 

 

Қара түстен басталатын қаланы ата.

 

Есептер шығару.
– Наргизада 5 ойыншық бар, Адияда да сонша.

           Барлығы қанша? 
– Сырғанақта 5 бала сырғанақ теуіп жүр еді, екеуі кетіп қалды. Нешеуі қалды?

                      

 

 

   Алдымен сары жапырақтар, (жұмбақтар) қызыл жапырақтар, (мақал- мәтел) жасыл жапырақтар (логикалық тапсырмалар)

 

А) Жұмбақ шешу

Ә) Мақал-мәтелдің жалғасын табу

Б) Логикалық тапсырманы орындау.

 

(Сайыскерлер жауап береді. Жауап бергендер келесі сайыс бөліміне арнап киіне береді. Әділқазы алқасының бағасы тыңдалады.)

 

Өнер сайысы.

   Бұл сайыста сайыскерлеріміздің ән айтуына немесе би билеуіне, сондай-ақ көркем сөз оқуына болады.

(Сайыскерлер өнер көрсетеді. Әділқазы алқасының бағасы тыңдалады.)

 

«Күзгі дастархан»

Сайыстың бұл бөлімінде құрамында таңдаған жемістері бар тағам түрін дайындап әкелу тапсырылған болатын. Дастарханымыздан молшылық кетпесін дей отырып, сайыскерлерге сөз береміз.

(Сайыскерлер дайындап әкелген тағам түрін көрсетеді де, келесі бөлімге арнап киінуге кетеді.Әділқазы алқасының бағасы тыңдалады.)

 

Бүгін мейрам,бүгін той,

Қуаныш күн, біліп қой.

Күзгі бақтай сыңғырлап

Алақанды соғып қой, — дей отырып, күзгі киім үлгісін көрсетуге келген сайыскерлерімізді қошеметтеп отырайық. Сайыстың соңғы бөлімі сән үлгісіне кезек келді.

 

(Сайыскерлер сән үлгісін көрсетеді. Әділқазы алқасының бағасы тыңдалады.)

 

Өңі қашқан бәрінің Оңып кеткен атырап,

Қолдарындай кәрінің Қалтырайды жапырақ,

Соңғы кезде жерге күн Қырын қарап алыпты,

Қара бұлттар жөргегін Кептіре алмай қалыпты, — демекші, міне, балалар, жылдың қай мезгілінде болмасын барлығыңыздың амандықтарыңызды тілеймін. Балалар, білімді болыңыздар, өнерлі болыңыздар!

 

 

Күзге айтарымыз, берер сыйың жылдан-жылға көп болсын, елде тыныштық болсын дейміз.

 

Ал енді кешіміздің қорытындылау үшін, әділқазы алқасына сөз береміз.

 

   Осымен кешіміз аяқталды, қатысқан сынып оқушылары мен сынып жетекшілеріне, көңіл қойып тыңдаған көрермендерге көп-көп рахмет.Сау болыңыздар









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!