Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Шашыратқының емдік қасиеттері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Шашыратқының емдік қасиеттері
МАЗМҰНЫ
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Шашыратқы туралы жалпы мәлімет
2. 2 Шашыратқының шипасы
2. 3 Шашыратқының химиялық құрамы
2. 4 Шашыратқының пайдалануы
ІІІ.
Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
«Адамзат баласы әсемдікке құштар». Адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің маңызы өте айрықша. Бағзы заманнан-ақ ата-бабаларымыз өсімдіктерді зерттеп, танып-біліп, оларға ат қойып, жеміс-жидектерін, дәндерін азыққа, жапырақ, гүл, тамырларын дәрі-дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселерді бояуға пайдаланған. Өсімдіктер – оттегіні бөлуші, табиғат көркі, дәрілік шикізат, мал азығы, тағамдық өнім.
Республика территориясынан 6000-ға жуық өсімдік
түрлерін кездестіруге болады. Оның 500-дейі дәрілік өсімдіктерге
жатады. Олардың түрлерінің көптігі жөнінен Қазақстан ТМД елдері
арасында бірінші орында тұр. Өсімдіктер дүниесінің осындай
молдығына байланысты олардың ішіндегі өсімдіктің зерттеудің
маңыздылығы айтпаса да түсінікті.
Мал бағумен ықылым заманнан айналысқан қазақ халқы шөптердің, жалпы
өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген. Сөйтіп, ел арасында
ауруға шалдыққан адамдарды дәрілік өсімдіктермен емдеу ілгеріден –
ақ тараған.
Әр облыстың, аймақтың халқы дәрілік өсімдіктердің әр түрлі
қасиеттерін
Өздерінше пайдалануы да мүмкін.
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ және тағы басқа түрінде қолданады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.
Ежелгі қытайлықтарда халықтық медицина жақсы
дамыды. Олар өз денсаулықтарына қатты көңіл бөлген. Қытайлық
емшілер емдеудің көп түрін меңгеріп, оны өз тәжірибелерінде де
қолданып отырды. Олар көптеген емдік қасиеті бар шөптерден дәрі
дайындап, адамдарды сонымен емдеп отырған.
Биология, медицина, фармакология және фармакокнозия ғылымдарынан
хабары жоқ кезде де халық өздеріне белгілі өсімдіктердің тамырлары
мен жапырақтарын және буын-бұтақтарын дәрі-дәрмек орнына пайдаланып
келген.
Жер бетінде өсетін барлық өсімдіктердің пайдасы жағына көз жіберіп қарасақ, жүрек ауруларын емдейтін дәрі-дәрмектердің 78%, ішек, қарын, бауыр, жүрек дәрілерінің 75%, жатыр ауруларының шипалы дәрі- дәрмектерінің 80%, қақырық түсіретін дәрілердің 80%, қант тыятын дәрілердің 65%, тек өсімдіктерден алынады. Орман-тоғайлар әр-түрлі шөптер адамға қанша пайда әкелетінін түгел санап шығу мүмкін емес. Адам баласы ақылы мен еңбегінің арқасында жабайы өсімдіктерден тұқым алып, 20000 астам мәдени өсімдік түрлері 5000-нан асады. Мұның көпшілігі Қазақстанның таулы аудандарында кездеседі. Соның 500-дейінен әр түрлі аурудан айықтыратын шипалы дәрі-дәрмек жасалады. Өз өңірімізде осылардың ішінде адыраспан, кәдімгі жантақ, сарымсақ, шеңгел, шашыратқы, өгейшөп, жусан, мия, андыз, сусамыр, және т.б. толып жатқан өсімдіктер бар. Осынша табиғат байлығын игерумен бірге дәрілік өсімдіктерді зерттеудің, оны танып білудің маңызы зор. Мысалы, өзіміздің ауданымызда өсетін көптеген жергілікті дәрілік өсімдіктердің ішінде – шашыратқы өсімдігің алар орны ерекше. Қазіргі кезде шөппен емдеу фитотерапия,үй жағдайында кеңінен қолдануға мүмкіндік жеткілікті.Ол үшін дәрісіз «ем –домды» дәрілік өсімдіктен іздеуіміз керек. Бұған дәлел халық нақылы:
«Сенің денеңнің қуаты – өсімдіктің шырынында»
«Дана көптен шығады – дәрі шөптен шығады» деп біз өзіміз табиғат берген байлыққа көңіл аудара бермейміз.
Шашыратқы туралы халық арасындағы аңыз
Көне заманда Сыр бойындағы ауылдардың бірінде Шашыратқы атты бақташы бала өмір сүрді.
Ол таң бозынан оянатын. Ерте тұру күнделікті әдеті еді. Дегенмен де, қозы-лақтарды өргізгенше ет пісірімдей мезгіл бар. Шашыратқы бұл екі арада қол қусырып отырмайды. Бос уақытты – ұтымды, игілікті өткізгенді жақсы көрді. Өзі еңбекқор, ұқыпты болғандықтан ба, өзгелердің салдыр-салақ, аяқсыз қалдырған ісіне тіпті төзбейтін.
Өздеріне тапсырылған шаруаны жарым-жартылай атқарып немесе кейінге ысыра беретіндер көбінше салақ, еріншек, жалқау балалар болады емес пе?
Кейде тез шаршап-шалдығып қалатын сырқат, жасы келген қарт кісілердің де ісі ақсап жатады. Сол істерді Шашыратқы ешкімнің көзіне түспей, әп-сәтте тап-тұйнақтай етіп дөңгелетіп тастайды.
Шашыратқы бүгін де таң сыз бере тұрды. Кеше ауыл шетіндегі жалғызілікті кемпірдің бір қап тезегін белі шойырылып, жарым жолда қалдырып кеткенін көрген. Әуелі соны арқалап әкеліп, қорсына кіргізіп қойды.
Шашыратқының екінші қолға алған шаруасы – кеше көрші үйдің салақ қызы «қолым тисе, ертең пісермін» деп жылы жауып қойған күбісі. Оны әй-шүйге келтірмей, сүт пісірім мезгілде шайқап тастады. Майын сүзіп алып, таза ыдысқа салып, ит-құс тимейтіндей текшенің үстіне жайғастырды.
Шашыратқының үшінші кіріскен шаруасы – егінші шалдың ауыл іргесіндегі азын-аулақ жері болатын. Еріншек немересі сол жерді жарым-жартылай аударып, тастап кеткен. Шашыратқы оны белкүрекпен «лып-лып» еткізіп аударып, тырмалап, шай қайнатым мезгілде бітірді.
Содан соң қозы-лақтарын өргізіп, бозторғайлармен жарыса ысқырып, өріске беттеді.
Осы кезде ауыл шетіндегі жалғызілікті шешей тысқа шықты. Кеше жолда қалдырып кеткен отынын қорасынан көріп, өз көзіне өзі сенбеді. Қолымен ұстап байқап жатыр. Дәл сол қабы. Бірақ қорасына қалай келіп қалғанын білмейді. Шашыратқы атты баланың қайырымды ісі екенін ол қайдан білсін. Жебеуші періштенің ісі деп ойлады. Риза болып, қапты алып келген кім болса да соған алғысын жаудырды.
Көрші үйдің салақ қызы да сиырын саууға шықты. Текше үстіндегі айырулы тұрған майын көріп, аузы ашылды да қалды. Оны Шашыратқы құрдасы шайқағанын қайдан білсін, періштенің ісі деп ойлады. Беті дуылдап қоя берді. Өзі-ақ атқара салатын шаруаға өзге біреуді араластырғанына қатты қысылды.
Егінші шалдың еріншек немересі де жерінің тап-тұйнақтай жыртылып, өңделгенін көріп, көзі шарасынан шыға жаздады. Оны Шашыратқы құрдасы аударып қойғанын қайдан білсін, періштенің ісі деп ойлады. Қол-аяғы балғадай өзі тұрғанда, бөгде біреудің мұның шала-шарпы ісіне араласқаны ар–ұятына ауыр жүк. Ол да қызарған жүзін қайда жасырарын білмей, жерге қарап, желкесін қасыды.
Шашыратқы бұл қайырымды істеріне ақы тілемейді. Егер бірдеме дәмететін болса, құпиясы баяғыда-ақ ашылып қалар еді ғой. Ал ол ойына алған шаруаны елеусіз ғана істеп тастағанды ұнатады. Сырттай айтылған алғыстың өзі оның мейірбан жүрегі үшін ақыдан да зор мәртебе. Аялы да, сырлы, ұяңдау жанары күлім-күлім етіп, әуезді әннің ырғағын ыңылдай салып, қозы-лағын бағып жүре береді.. Осы көтеріңкі көңілі күні бойы басылмайды, қайта мейір-шуақ болып, кеудесіне жинала береді.
Міне, ол тағы да таңсәріде тұрып, сараң байдың сиыр қорасына беттеді. Байдың сиырларын сауып қоймақшы. Ал бір тостағандайын байдың, қол астындағы сауыншы әйелдің үйіне апармақ.
Жалшы әйелдің қолы шоққа күйіп, сиыр саууға жарамай қалған. Үйіндегі кемтар баласы екеуі осы сүтпен ғана жан асырап жүр емес пе?! Бүгін оларға жәрдем бермесе, аш қалады ғой.
Ол осындай ой жетегінде сиыр сауып отырып, бейқамдық жасады. Әдетте кеш жатып, жай тұратын сараң бай бүгін ерте оянған. Өткен түні қонақтарына қарағанда қазы-қартаны шектен тыс көбірек асап еді. Сараң адамдар қызғаншақ келеді емес пе? Содан іші ауырып ерте тұрғаны ғой.
Сараң бай сиыр сауып отырған бөтен баланы көрді де, аяғын еппен басып кеп, білегінен шап беріп ұстай алды.
–А, сумақай ұры! Жасырын сауатын сен екенсің ғой. Бәсе, соңғы кезде сиырларымның сүті неге азайып кетті десем… Жүр, көзіңнің сорасын ағызайын! – деп, Шашыратқыны сүйрелей жөнелді. Сол бойымен оны ауылдың қазысына апарды.
Ал қазы сараң байдың сыбайласы болатын. Шашыратқыға ұры–қарыларға қолданатын ауыр жазаны берді. Аяғына кісен салып, ауылдың ортасына шынжырлап байлап қоюды кесті.
Ал Шашыратқы, өздерің білесіңдер, күнәдан пәк, жаны нәзік бала. Мына қиямет жаза оның адал жүрегіне қатты батты. Бірақ амал қанша.
Ол сараң байдың сүтінің неге азайғанын білетін. Жалшы әйел ауру баласын күтіп-бағу үшін сүттен жырымдап алып жүретін. Бұл жағдайды біле тұра, мейірмді Шашыратқы тілін кессе де шағынар ма. Ал «мен ұры емеспін» деп ақталуға дәлелі де жоқ.
«Қайырымдылық жасамақшы едім» деп сараң байды сендіріп көр. Сөйте тұра, өзіне тағылған «ұры» деген қара күйемен ел көзіне де көрінгісі келмеді.
Бір қызығы, қарымтасыз атқарған істеріне айтылған алғыстар періштеге бағышталса да зая кетпей, иесін табатын. Сондықтан, Шашыратқы баланың жүрегіне де періштенің қасиеті дарыған еді. Шашыратқы жазаға кесілген сол түннің өзінде-ақ өсімдікке айналды да кетті. Ал ол өсімдік, балалар, өздерің күнде жанынан елеп-ескермей өтіп кете беретін шашыратқы еді. Бұл гүл әрқайсыңның аулаларыңда, үйлеріңнің іргесінде өсіп тұр. Оның елеусіз болатын себебі де бар. Өйткені, шашыратқы тек күн көтерілгенше шешек атады. Ал күн сәулесі түсісімен, күн тәрізді шашақты күлтелері жабылып қалады. Кейде көлеңке түсіп тұрса, ашық күндері де, бұлыңғыр күндері де ашылатыны бар. Сонда анықтап қараңдаршы, оның әдемі көгілдір гүлдері адам жанына бір түрлі көңілді, нәзік шуақ құйып тұрады.
Иа, балалар, сендердің араларыңда да еріншек, салақ, олақ балалар бар шығар. Сондай балалардың шала атқарған ұқыпсыз істерін көріп, аулаларыңдағы шашыратқы гүлдер «әй-әй-әй» деп бастарын шайқап–шайқап қоятын болар.
Одан артық не істей алар еді олар.
ІІ Негізгі бөлім
2. 1 Шашыратқы туралы жалпы мәлімет
Барлық елдерге дерлік шашыратқының (цикорий)
тамыры адамды көрінбейтіндей (невидимка) жасай алады деген наным
болған. Негіздеме жоқ.
Тағы бір қызық жәйт — егер осы шөпті 25 июльде қазып алып таяққа
тағып сапарға шыққан жолаушыны ол, пышақтан және оқтан қыйын
қыстауларда сақтайды дегенде ұғым болған. Қазып алудың өзі ырым
шарамен жасалған екен.
Бұл күндері оны күз айларында айырмен немесе күрекпен еш ырымсыз-ақ қазып ала беретін болса керек. Айта кететін бір жәйт, Ресей бірінші дүние жүзілік соғыстың алдында шетелдерге кептірілген емдік тамырды 400 пудқа шейін тасымалдаған екен. Тамырды жинап кептіру орталығы Ярослав губерниясы болыпты.
Шашыратқы (лат. Cichorium) – Астралылар тұқымдасына жататын бір, екі және көп жылдық шөптесін өсімдіктер тегі. Дүние жүзінде қоңыржай және субтропиктік аймақтарда өсетін 8-10 түрі белгілі.
Шашыратқының отаны болып Жерорта теңізі аймақтары болып есептеледі. Өсімдік Еуразия, Солтүстік Африкада, Оңтүстік Америкада, Аустралияда, Солтүстік Америка және Жаңа Зеландияда кездеседі. Қазақстанда барлық облыстардағы шалғынды жерлерде, жолдардың жиегінде, тоғайларда, ашық алаңдар мен егістік жерлерде өсетін 1 түрі — Кәдімгі шашырақты (лат. Cichorium іntybus) бар.
Шашырақты –биіктігі 1,5 метрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Тамыры –жуан, ұзындығы 1 метрден асалы. Сабақтары тік өседі, оны сиректеу түк басқан.
2. 2 Шашыратқының шипасы
Дәрігерлер шашыратқыны ғылыми тұрғыдан зерттеу барысында оның шипалық қасиеттерін анықтады. Өсімдікте кездесетін қант түрлері денедегі пайдалы микробтарды арттырып, ішектегі ауру тудыратын бактерияларды азайтады. Құрамындағы заттардың іш қату, жүрек және қан тамырлары ауруларын емдеуде әсері мол. Тағы бір пайдасы бауырды уланудан сақтайды. Бұл қасиет осы өсімдіктің құрамындағы tetracholoride carbon атты затқа байланысты.
2. 3 Шашыратқының химиялық құрамы
Шашыратқы
тамырының құрамында ащы илік заттар, нәруіз, май, инсулин, аскорбин
қышқылы, қант, В дәрумені болады.
Шашыратқының жер үсті бөлігінің (гүлі, сабағы, жапырағы) құрамындағы макро-микро байланысты жаңа, болашағы зор дәрілік препараттарды табиғи өсімдіктерден бөлу және өндірудің әртүрлі әдістері іздестірілуде [1,3].
2. 4 Шашыратқының пайдалануы
-
Салаттық көкөніс және тамыр жемістілер ретінде өсіріледі. Шашыратқы тамырын кептіріп, қуырып және ұнтақтап үгітілген күйінде кофе сусынын әзірлеуге пайдаланады. Бұл сусын тұнбасының тіл үйіретін дәмі және қоңырқай түсі болады.
-
Шашыратқы (Цикорий) осы күні кофені алмастырғыш ретінде белгілі. Егер, таңғы асыңызды ашқарынға балмен лимон қосылған шашыратқы ішсеңіз — ағзаңызда гипертония дамымайды екен (ауруға бейім болған күннің өзінде). Шашыратқыны кофеге қосады (бір стақан суға 2 шай қасық кофе, 1/2 шай қасық шашыратқы ұнтағы).
Қорытынды
Шашыратқы шөбінен дайындалға кофе кадімгі күнделікті өміріміздегі кофеге қарағанда зиянсыз, адам ағзасына көптеген тигізетін пайдасымен ерекшеленеді. Ендігі жерде біз шашыратқының пайдалы және түрлі дертке шипа екендігін біле отырып, оны тиімді пайдалана алуымыз қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Кенесарина Н.А. Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері. Ақмола.: Аграрлық университеті, 2005. – 68 б.
2. Қасымбаева Т., Мұхамбетжанов К. Жалпы биология. Алматы.: Мектеп, 2006. – 131 б.
А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі
Шашыратқының емдік қасиеттері
4 а сынып оқушысы Қабылбек Әмина
Жетекшісі Н.Аяжанова
2020-2021ж