«Шаттық нұрын шашқан - нұр
Пайғамбар»
Жаратқан Жаббар Алла
кешірімді,
Мақтаулы қып жіберді
есіміңді.
Жаза алмасам ол жайлы лайықты
өлең,
Тозағыңнан сақта Алла кеш
мінімді.
Аллаһ өзің кеше гөр қате
бассам,
Мендегі арман халқымның көзін
ашсам,
Бар адамзат асылы
Мұхаммедті
«салаллаһу алейһи
уассаллям»,
Үлгі етсе осы жанды ғұмыры
дастан- деп, Амалхан Төлебек жырлағандай, Адамзаттың асылы болған,
Пайғамбарлар Сұлтаны, Алланың соңғы әрі ең абзал пайғамбары болған
Мұхаммед (с.а.с) өнегеге толы өмірі жайлы бірер ауыз сөз
қозғамақпын.
Он сегіз мың ғаламды жаратқан
Аллаһ Тағаланың бүкіл дүние жүзі халықтары үшін жіберген том-том
кітапқа жүк болатын өнегелі өмірінде кемел адам болуды сөзімен де,
ісімен де көрсете білген ұлы адам ол – пайғамбарымыз Мұхаммед
(с.а.с). Ол ең шыншыл, ең сабырлы, ең жомарт, ең жанашыр, ең
қамқор, ең жұмсақ жан. Кез-келген жас баланың көңілін қимай
жетегінде кете беретін. Ол көркем мінездің шыңы, батырлықтың көркем
үлгісі. Тіпті мешіт ішінде дәрет сындырған адамға жұмсақтық таныта
білген жан. Әкесінің жүзін көрмей, анасынан ерте айырылса да
бойындағы ізгі қасиеттерін жоғалтпаған ұлы тұлға. Пайғамбардың
(с.а.с) соңғы Аллаһ елшісі екені бала кезінен білініп тұратын.
Себебі ол нәресте кезінде үйіне береке сыйлаған сәби. Тіпті
Пайғамбарымыздың (с.а.с) киелілігі сүт анасы Халиманың да берекесін
кіргізген. Оның отбасына, мекеніне бір игілікпен келді. Күні кеше
ғана апшысы қуырылған боз далада бір өзгеріс байқалғандай болды.
Құдды құнарсыз жерлерге құт дарығандай қойлары өрістен тойып келіп,
мол сүт беретін болды.
Пайғамбарымыз (с.а.с) жүрегі зәм-зәммен жуылып, сайтаннан қорғалған
жан. Бұған дәлел Пайғамбарымыз (с.а.с) кішкентай бала кезінде
өзінің сүттес бауырларымен ойнап жүргенде Жәбірейіл (а.с) мен тағы
бір періште келіп Аллаһ расулының (с.а.с) кеудесін ашып, жүрегін
зәм-зәммен жуады. Мұны естіген Халиманың жүрегі аузына тығылып
қорыққанынан Пайғамбарды (с.а.с) өз үйіне апарып тастайды. Халима
баланы қанша қимай тұрса да, солай жасауға мәжбүр болады. Себебі
Пайғамбарға (с.а.с) жын-пері жабысып, соның кесірі тиеді деп
ойлады. Бірақ Халима мұның қандай ғажап екенін білмеді ғой...
Пайғамбарымыз (с.а.с) Аллаһ Тағаланың бізге дұрыс деп жіберген
Ислам дінін жеткізуші, яғни уахи етуші. Әрине, бұл Пайғамбарымыз
үшін де, осы Ислам дінін ұстанған мұсылмандар үшін де қиынға соқты.
Себебі мүшріктер Пайғамбарымызға (с.а.с) осы Ислам дінін тарату
жолында көптеген адам ойына келмейтін сөздер айтып, жан қиярлық
тірліктер жасап, тіпті өлтіруге дейін барды. Егер атап айтар болсақ
Пайғамбарымыз (с.а.с) қасиетті Қағбаға келіп өз құлшылығын жасап
жатқан кезде түйенің ішек-қарынын үстіне төгеді, тісін сындырып,
Меккеге Мұхаммедпен (с.а.с) тілдесуге келген адамдардың жолын
торуылдап, оларды барынша қайтарып жіберіп отырды. Мұхаммедті
(с.а.с) балағаттап, оны біресе «сиқыршыға», біресе «ақынға», енді
біресе «мәжнүнге» теңеді. Міне осындай кезде Пайғамбарымыздың
(с.а.с) ең ізгі қасиеттерінің бірі сабырлылықты байқаймыз. Өзіне
қанша ауыр тиіп жатса да барынша табандылық танытып әйтеуір бір
күні осы мүшріктердің өздері болмаса да, ұрпақтары Ислам дінінің
пайдасын біліп, осы дінді ұстанар деп сенді.
Пайғамбарымыздың (с.а.с) осынау кереметтей мінезін басынған
мүшріктер біртіндеп қасиетті кітап Құранға да тіл тигізе бастады.
Оны «пайдасыз жылтыр сөз», «көне ертегі» немесе «шайтан-жынның
сөзі» деп келеке қылды. Бірақ уақыт өте келе осынау қасиетті
Құранды өздері келіп тыңдайтынын білген жоқ...
Мүшріктер осыншама астамшылдыққа барса да, мұсылмандар төзім мен
сабырды серік ете білді. Барлығы Аллаһ Тағала мен Пайғамбарды
(с.а.с) көңілге медеу етіп, қандай азапқа болсын төзе білді.
Мүшріктердің істері Құран аяттарында баяндалып, айыпталып отырды.
Мінекей, енді осындай аяттар мұсылмандар үшін жұбаныш бола алды.
Әрине бұлардың ешқайсысыда Пайғамбарымызға (с.а.с) қатты тимей
жатқан жоқ. Бірақ Пайғамбарымыз (с.а.с) үмбеті үшін шыдап, басқа
мұсылмандардың имандарына Алладан түскен аяттармен қуат беріп
отырды. Мүшріктер осы Ислам діні өркендемес үшін барын салды. Тіпті
Ислам дініне бет бұрған мұсылмандарды жазықсыздан жазықсыз өлтіре
берді.
Осылай бірнеше уақыттар зымырап өте берді. Мүшріктер қанша зиян
келтіріп, тосқауыл болып жатса да Пайғамбарымыз (с.а.с) Ислам дінін
таратуын тоқтатпады. Бұл дін бір орында тұра бере
ме? Жәйлап Мәдина халықтарына да
жетті. Пайғамбарымыз (с.а.с) Мәдинаның сыйлы азаматтарымен кездесіп
оларға Ислам дінін уахи етті. Олар Ислам дінінің жақсылықтарын
біліп, сөзге келмей тілдерін кәлимаға келтіріп, сол жерде мұсылман
болады. Пайғамбарымызға (с.а.с) өз елдеріне барып Ислам дінін
ұстануға үгіттеп, өздері де осы жолдан таймауға сөз берді.
Осылай күннен-күнге мұсылмандардың саны арта берді. Бірақ Меккелік
мұсылмандардың күні азапта өте берді. Күндер артынан күндер, айлар
артынан айлар жалғасын тапты. Мұсылмандардың халі күннен-күнге
нашарлай берді. Себебі мүшріктер оларды барынша қысымға алып, қинап
жатқан еді. Шыдамы таусылған мұсылмандар Пайғамбарымызға (с.а.с)
келіп Мәдинаға көшуге рұқсат сұрайды. Байсалдылығынан таймаған
Пайғамбарымыз (с.а.с) Алладан әлі ешқандай хабар келмегенін айтып
оларды сабырға шақырады. Біраз күндер өтіп, Алладан хабар түсіп
Меккелік біраз мұсылмандар Мәдинаға қоныс аударды. Кейіннен
Пайғамбарымыз (с.а.с) мен досы әзірет Әбу Бәкір екеуі жолға шығады.
Әрине мүшріктер Пайғамбарымызбен (с.а.с) Әбу Бәкірге іздеу салады.
Тіпті осы Пайғамбарымызды (с.а.с) тапқан адамға жүз түйе беруге
уәде етеді. Оңай олжадан айырылып қалғысы келмегендер бұған
атсалыса кіріседі. Іздеген адамдардың арасында тапқандары бар,
бірақ Пайғамбарымызға (с.а.с) тәнті болып оны басқа жаулардан
қорғайды. Осылай жүре-жүре олар Мәдинаға да жетеді. Мәдина халқы
Пайғамбарымызды (с.а.с) қуаныштары қойнына сыймай қарсы алады.
Мінекей, енді осылай айта берсек Аллаһ Расулының (с.а.с) қандай
керемет адам екенін көреміз. Небары жиырма үш жыл ішінде артына
мәңгілік өшпейтін, өлмейтін киелі мұра қалдырды. Арадан қанша ғасыр
өтсе де, сағынышын жүрек түкпірінде сақтаған түрі мен тілі басқа
бір жарым миллиардтан астам үмбетінің қатары күннен күнге көбейе
түсуі-міне осының дәлелі. Мұсылман үмбеті күн сайын есімін атап,
ардақты тұлғаға салауат айтып қана қоймай, өмір жолын, мінез-құлқын
өздеріне үлгі еті келеді. Уақыт өте келе Пайғамбарымыздың (с.а.с)
дүниеден өтер уақыты да жақындайды. Мұны Пайғамбарымыздың (с.а.с)
өзі де сезетін. Себебі осы уақытқа дейін бірнеше уақыт өтті.
Пайғамбарымыз (с.а.с) өзінің пайғамбарлық міндетін атқарып болған
еді. Пайғамбарымыз (с.а.с) Ислам дінін таратуды тәмамдап, таңдалған
соң, оны насихаттаушы елшінің де міндет мерзімі аяқталары хақ.
Пайғамбарымызға (с.а.с) дүниелік қазына мен ақирет нығметтерінің
біреуін таңдауға рұқсат беріледі. Ал Пайғамбарымыз (с.а.с) ақиретті
таңдады...
Міне, осылай Пайғамбарымыз (с.а.с) уақыты да жақындап, Жәбірейіл
(а.с) мен Әзірейілде (а.с) келіп жетеді. Әзірейіл (а.с)
Пайғамбарымыздан (с.а.с) рұқсатын сұрап, жанын алды.
63 жасында Пайғамбарлар Сұлтанының мүбәрак рухы тәнінен айырылып,
көкке көтерілді. Адамзат тарихының ең ұлы тұлғасы әзірет Мұхаммед
Мұстафа саллаллаһу аләйхи уа сәлләм һижретінің он бірінші жылында
дүниеден озды...
Бүгінде Аллаға шүкір, әлемде
Ислам діні салтанат құрып, Пайғамбарымыз (с.а.с) жүрек түкпіріндегі
шапағат нұрын шашқан армандары жүзеге асуда. Өзім өмір сүріп жатқан
Отанымның жастарының имани тәрбиесі нығайып, әр жұма сайын мешітке
қарай ағылған жас жеткіншектерді көргенде,Аллаға мың сан шүкірлік
айтып, елімнің тыныштығы мен әлемнің бейбіт өмір сүруін
тілеймін.
С.Сейфуллин атындағы жалпы
орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің
8 а-сынып оқушысы Датқабай
Айида