Материалдар / "Шаттыққа толы жүрекпен"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Шаттыққа толы жүрекпен"

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу, оқушылардың, жан дүниесін байыту арқылы адамгершілікке жетелеу, жақсы қасиеттерді бала бойына дарыту, жасөспірімдердің психикалық денсаулығын жақсартуға, қоғам арасында қарым-қатынасты қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2020
494
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Бекітемін_______________

Күні: 10.12.2019 жыл

Сынып: 10

Тақырыбы: «Шатыққа толы жүрекпен»

Мақсаты: оқушылар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу, оқушылардың, жан дүниесін байыту арқылы адамгершілікке жетелеу, жақсы қасиеттерді бала бойына дарыту, жасөспірімдердің психикалық денсаулығын жақсартуға, қоғам арасында қарым-қатынасты қалыптастыру.

Әдіс — тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ — жауап, ойын, тренинг, жаттығулар.


Сабақтың барысы:

Ұйымдастырушылық кезең

Кіріспе сөз.Психолог сөзі. Қайырлы күн! Құрметті әріптестер және қымбатты оқушылар сіздерді көргендерімізге қуаныштымыз! Көңіл күйлеріңіз қалай? Бүгінгі тренинг-ойын сабағымыздың тақырыбы «Шаттыққа толы жүрекпен» Біз бүгін «Шаттыққа толы жүрекпен » тақырыбы аясында жаныңда жүрген жақын адамдарды, отбасындағы ата-анаңды, туған-туысқандарыңды достарыңды сыйлауды, құрметтеуді, оларға жүрегімізден шыққан жылы лебіздеріммізді айта білуді үйренеміз. Бүгінгі біздің тренингімізге белсенді қатысуларыныңды сұраймын.Балалардың пікірін тыңдау. Балалар сіздер бұл " шатыққа толы жүрек, жылы жүрек", "жақсы тілек" сөздерінің мағанасын қалай түсінесіздер? Балалардың пікірлері тыңдалады. Бүгінгі сабақтан жақсы әсер алып, үйге көтеріңкі көңіл-күймен қайтуға тілектеспін.

«Амандасу» жаттығу. «Бір күнгі танысына қырық күн сәлем» дегендей, қарым-қатынас амандасудан басталады. Ойыншылар дөңгеленіп тұрады. Барлығы тақтаға қарайды. Егер тақтада күлкі-бейнеленсе, онда бір-бірімізге күлімдей қараймыз. Қол-бейнеленсе қолымызды қысып амандасамыз. Күн- бейнеленсе жақсы ықыласпен сәлемдесеміз. Жүрек - бейнеленсе құшақтасамыз.

3. «Қимылды көңіл-күй» сергіту сәті

1.Өтірік айту жаман қасиет дегендеріміз, қол соғайық.

2.Жақсы адам болғыларың келсе, орнымыздан тұрайық.

3.Жалқаулық жаман қасиет дегендерің, отырайық.

4. Бүгінгі сабаққа жақсы көңіл-күймен келгендеріңіз, аяқты еденге соғайық.

5. Адамгершілігі мол адамдар орнымыздан тұрайық.

6. Осы мектеп туралы жақсы ой-пікірдегі адамдар «Біз» деп айқайлаңыздар.

7. Бүгінгі кездесуге қуаныштылар қол шапалақтайық.

8. Оқушылар сабақтарын 5-4 оқысын десеңіздер бір-біріміздің  қолымызды алысайық. 


4. «Автопортрет» жаттығуы

Оқушыларға ақ парақ пен қалам беріледі. Оқушылар ортаға шығып ақ қағазды басына қойып әуен ырғағымен билей жүріп өз портретін салады.

1.Портреттерін көріп шығу.

2.Қандай қиыншылық болды?

3.Қандай сезімде болдыңыздар?


5. «Дене терапиясы»

Екі оқушыға сурет беріледі. Қалған оқушылардың денесіне саусақпен салынуы қажет. Соңындағы оқушы осы суретті таза ақ параққа түсіруі қажет.

Талдау

  1. Не сезіндіңіз?

  2. Денеңізге қандай сурет салынып жатыр деп ойладыңыз?

  3. Неліктен бұлай болды деп ойлайсыз?


6. «Қиындығыңды арманға айналдыр»

Құрметті оқушылар барлық адам баласында қиындықтар болады, мен сіздерге қазір парақтар таратып беремін. Осы парақты қиындықтарымыз деп елестетіңіздер. Барлық оқушыларға ақ парақ таратылып беріледі. Ақ парақтарды шеңберді айнала жүріп әуеннің ырғағымен жыртамыз. Барлығын жыртып болған соң шеңбер бойымен оқушыларды топқа бөлеміз. Осы топтағы мүшелер қағаз қиындыларын өздеріне керегінше жинап алады. Және де осы қиындылар арқылы еденге ойларындағы суретті құрастырады.

1 лидер оқушыны таңдап алу.

Бұл қандай сурет?

Неліктен бұл суретті салдыңыздар?

Бұл кімнің идеясы?

Рақмет оқушылар барлығыңыздың пікірлеріңізбен келісемін. Жақсы ой идеялар айтып жатырсыздар. Бұл сіздердің өз қиындықтарыңыздан жасаған кішкене ғана армандарыңыз. Барлықтарыңызға ойлаған арман мақсаттарыңызға жетулеріңізге т шын жүректен тілектеспін.


7. «Жан жүрек сыры». Қымбатты оқушылар тренинг соңында сабақ барысында алған әсерімізді бөліспес бұрын жанымыздағы оқушыларға жүрек түкпірінен шықан жылы лебізімізді білдіреміз. Жүрекшеде "Менің сен сияқты керемет оқушыға тілерім ... деп жазылған. Ол үшін қатысушыларға түрлі-түсті қағаздардан жасалған кішкентай жүректер таратылып, оған жылы, мейірімді сөздер жазулары сұралды .


8. Оқушылар  сабақ соңында өздерінің жүрек түпкіріндегі сезімдеріне  ризашылықтарын білдіреді.

Оқушылар оң қолдарымен жүрек тұсын ұстап кезегімен мынадай сөйлемдер айтады:

-Менің қайрымды  жүрегіме рақмет!

-Менің мейрімді жүрегіме рақмет!

-Менің жылы жүрегіме рақмет!

-Менің жүрегімнің адамдарды жақсы көргеніне рақмет!

-Менің жүрегімдегі жақсы көру сезіміне рақмет!

-Менің жүрегімнің  қуана білетініне рақмет!

-Менің жүрегімнің жанашырлығына рақмет!





Қорытынды бөлім

Рефлексия. Келген қонақтарға рефлексия қағазын тарату, оқушылардан бүгінгі тренинингтен алған әсерлерін сұрау. Бүгінгі тренинг-ойын сабағы ұнады ма? Қандай әсер алып, өздеріне қандайда бір сабақ алдыңыздар ма?

Қорытынды психолог сөзі: Ең бастысы қайырымды болу-ол еліне, табиғатқа, адам баласына деген махаббаттан басталады. Әр уақытта жақсы сөз айтуға, қайырымды іс жасауға бейім болу. Әр уақытта қасыңыздағы баланың пікірін, не қажет ететінін тыңдай біліңіз. Ерік беріңіз. Шыдамды бола біліңіз. Оның ісін бағалаңыз. Жасаған қателігін көре тұра, оған сенетініңізді білдіріңіз. Күлімдеп, қасында бірге болуға көңіл бөліңіз.

Құрметті оқушылар, әріптестер алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін, жерктеріңіз ылғи да шаттыққа толы болсын.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!